daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Тайлол Хот №12 Пакетпен | Нобел Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш

Уральске қаласындағы Тайлол Хот №12 Пакетпен | Нобел Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш

Өндіруші:

Нобел Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш

Өндіруші ел:

Турция

Қаптамадағы саны:

12 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- дене температурасының жоғарылауымен, бас ауыруымен, бұлшықет ауыруымен, мұрынның бітелуімен және құрғақ жөтелмен бірге жүретін суық тиюді, ЖРВИ, тұмауды симптоматикалық емдеуде

Қарсы көрсеткіштер

препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

бүйрек функциясының ауыр бұзылулары

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

жүктілік және лактация кезеңі

Сақтық шаралары

ТАЙЛОЛ® ХОТ С тек мынадай жай-күйлерде ерекше сақтықпен немесе дәрігермен кеңескеннен кейін қолданылуы тиіс:

бүйрек функциясының бұзылуы

бауыр функциясының бұзылуы

Жильбер синдромы (Мейленграхт ауруы)

оксалатты уролитиаз

темірдің жиналуынан болатын аурулар (талассемия, гемохроматоз, орақ -жасушалы анемия)

алкогольді шамадан тыс тұтынудың ұзаққа созылуы

пилородуоденальді тарылу және өт қабы мойнының тарылуы

жабық бұрышты глаукома

асқазанның және 12 елі ішектің ойық жаралы ауруы

гипертиреоидизм

жүрек ырғағының бұзылуы (тахикардияның және экстрасистолалардың күшею қаупі)

үрейлену жағдайы (көріністерінің күшею қаупі)

Жоғары температурада, симптоматика нашарлауында, салдарлы инфекциялардың симптомдары немесе басқа да асқынулар пайда болғанда дәрігермен кеңесу қажет.

Құрамында парацетамол бар дәрілік заттар бірнеше күн бойына ғана қолданылуы тиіс және дәрігер кеңесінсіз ұсынылған дозаларынан асырып қолданылмауы тиіс.

Ауыруды басатын дәрілердің жоғары дозаларын ұзақ уақыт қолдану, сондай-ақ ұсыныстарды орындамау препарат дозасын арттырумен емдеуге болмайтын бас ауыруының дамуына әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, құрамында парацетамол бар дәрілік заттардың бәрі сияқты, ұсынылғанынан асып кететін дозаларда ТАЙЛОЛ® ХОТ С қабылдау бауырдың ауыр зақымдануына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда дереу емдеу қажет.

Препараттың артық дозалануының профилактикасы мақсатында парацетамолды (дене салмағы 43 кг аспайтын жағдайда – 4000 мг парацетамол), оның ішінде құрамында парацетамол бар басқа да препараттарды қолданғанда ең жоғары тәуліктік дозасынан асыруға болмайтынын есте сақтау керек.

Жекелеген жағдайларда глюкоза-6-фосфат дегидрогеназаның эритроцитарлық тапшылығы бар пациенттерде аскорбин қышқылын үлкен дозаларда қабылдағаннан кейін (тәулігіне ) гемолиз даму жағдайлары орын алды. Осыған байланысты ұсынылған дозасынан асыруға болмайды.

Тас түзілуіне бейім пациенттерде аскорбин қышқылын үлкен дозаларда қабылдағанда кальцийоксалатты тастардың түзілу қаупі артады.

Әрбір пакет құрамында 5,6 ммоль (128 мг) натрий бар. Бұны натрий құрамы бақыланатын диетадағы (гипонатрийлі/тұзы аз) пациенттерді емдегенде ескеру керек.

Өзара әрекеттесуі

ТАЙЛОЛ® ХОТ С жеке компоненттерімен өзара әрекеттесудің келесі түрлері белгілі:

Парацетамол

Асқазанның босатылуын баяулататын, мысалы пропантелин сияқты дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдау сіңірілуін төмендетуі, тиісінше, ацетаминофеннің әсерін баяулатуы мүмкін.

Асқазанның босатылуын жеделдететін, мысалы, метоклопрамид сияқты препараттармен бір мезгілде емдеу парацетамолдың сіңуін тездетуі және әсері басталуын жылдамдатуы мүмкін

АЗТ (зидовудин) бірге қолдану нейтропенияның даму қаупін арттырады.

Дәрігермен кеңескеннен кейін ғана зидовудинмен бір мезгілде қолдануға

болады.

Пробенецид қолдану парацетамолдың глюкурон қышқылымен байланысуын тежейді, сол арқылы парацетамол клиренсінің 2 есеге төмендеуіне апарады. Пробенецидпен бір мезгілде қолданғанда парацетамол дозасын азайту керек

Салициламидтер парацетамолдың жартылай шығарылу кезеңін ұзартуы мүмкін.

Бауыр ферменттерінің индукциясына әкелетін, сондай-ақ әлеуетті гепатоуытты компоненттері бар кез келген препаратпен бір мезгілде қабылдаған кезде ерекше сақтық қажет

ТАЙЛОЛ® ХОТ С ұзақ уақыт пайдалану (бірнеше апта бойы) антикоагулянттар әсерін күшейтеді.

Холестираминді бір мезгілде пероральді қабылдағанда пероральді парацетамолдың сіңуін елеулі төмендетеді.

Хлорфенирамин малеаты

Хлорфенирамин малеатын ОЖЖ функциясын бәсеңдететін препараттармен немесе алкогольмен бір мезгілде қолдану соңғысының тыныштандыратын әсерін күшейтеді

Кофеин

Кофеин мысалы барбитураттар, антигистаминдер және т.б. сияқты әр түрлі заттардың тыныштандырғыш әсерін әлсіретуі мүмкін

Кофеинді симпатомиметиктермен, тироксинмен бір мезгілде қабылдау соңғысының тахикардиялық әсерінің күшеюіне әкеледі

Кофеин теофиллин экскрециясын азайтуы мүмкін

Кофеин эфедринді типті заттардың аддиктивті потенциалын ұлғайтады

Кофеин және әсер ету ауқымы кең дәрілік заттардың біріктірілімі (мысалы, бензодиазепиндермен) жеке жағдайларда әр түрлі болжанбаған өзара әрекеттесуді туындатуы мүмкін.

Ішуге арналған контрацептивтер, циметидин және дисульфирам бауырда кофеиннің ыдырауын төмендетеді, ал барбитураттар және никотин күшейтеді

Хинолон-карбон типті гираза тежегіштерімен бірге қолдану кофеиннің және оның метаболиті параксантиннің шығарылуын баяулатуы мүмкін.

Аскорбин қышқылы

Ешқандай өзара әрекеттесуі белгісіз

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

ТАЙЛОЛ® ХОТ С жүктілік кезінде қолдануға болмайды, өйткені эпидемиологиялық зерттеулер хлорфенирамин балалардағы ОЖЖ және бас сүйек-ми ауытқулары мен ісіктердің даму қаупін арттыратынын көрсетті. Сондай-ақ, туылғанға дейінгі соңғы екі аптада антигистаминдік препараттың әсерінен кейін шала туылған нәрестелерде ретролентальді фиброплазия қаупінің жоғарылауы туралы мәлімдейтін зерттеу бар.

Хлорфенаминамалеаттың емшек сүтімен бөлініп шығуы белгісіз болғандықтан, ТАЙЛОЛ® ХОТ С емін бала емізу кезінде қолдануға болмайды.

Фертильділігі

Фертильділігі туралы деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Тіпті препаратты тиісінше қолданғанның өзінде реакциялар шапшаңдығы көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілеті бұзылатын дәрежеге дейін өзгеруі мүмкін. Әсіресе, бұл препаратты алкогольмен қосып қолдануға қатысты.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер күніне 3 рет 1 пакеттен қабылдауы керек.

Енгізу әдісі және жолы

Пакет ішіндегісін ауыз суы бар стақанға құяды. Түйіршіктер бір минутта араластырылмай-ақ ерітіледі.

Бір қаптаманың ішіндегісін ыдысқа төгіп, салыңыз

Стақанның 2/3 ыстық сумен толтырыңыз

Ерітіндіні бірнеше рет араластырыңыз

Ерітіндіні түгел ішіңіз

Артық дозалану

ТАЙЛОЛ® ХОТ С препаратымен артық дозалану туралы бұрын хабарланбаған.

ТАЙЛОЛ® ХОТ С артық дозалану симптомдары жекелеген компоненттермен уыттану симптомдарынан болуы мүмкін.

Парацетамол

Әсіресе егде жастағы адамдарда, жас балаларда, бауыр аурулары бар, алкогольді үнемі көп пайдаланатын, үнемі дұрыс тамақтанбайтын және ферменттердің индукциясына әкелетін дәрілерді бір уақытта қабылдайтын адамдарда уыттанудың қаупі бар. Мұндай жағдайларда артық дозалану өлімге әкелуі мүмкін.

Симптомдар әдетте 24 сағат ішінде пайда болады: жүрек айну, құсу, анорексия, бозару және іштің ауыруы. Әрі қарай бұл субъективті жағдайдың жақсаруына әкелуі мүмкін, бірақ іштің аздап ауыруы қалады, бұл бауырдың зақымдануын көрсетеді.

Ересектердегі 6 г жуық парацетамолдың бір реттік дозасымен немесе 140 мг/кг салмақтағы балаларда бір реттік дозада артық дозалануы бауыр жасушаларының некрозына әкеледі, бұл толық қайтымсыз некрозға, содан кейін гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздікке, метаболикалық ацидозға және энцефалопатияға әкелуі мүмкін. Бұл комаға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Сонымен бірге бауыр трансаминазаларының (аспартат-аминотрансфераза, аланин-трансаминаза), лактатдегидрогеназа және билирубиннің жоғары деңгейлері қолданудан кейін 12-48 сағаттан соң пайда болуы мүмкін протромбин уақытының ұлғаюымен бірге байқалды. Бауырдың зақымдануының клиникалық белгілері әдетте 2 күннен кейін көрінеді және 4-6 күннен кейін ең жоғарысына жетеді.

Бауырдың ауыр зақымдануы болмаса да, жедел тубулярлы некрозбен жедел бүйрек жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін. Парацетамолмен артық дозаланғаннан кейін байқалатын бауырға байланыссыз басқа симптомдарға миокард аномалиясы және панкреатит жатады.

Хлорфенирамин малеаты

Артық дозаланғанда бет қызаруы, атаксия, қозу, елестеулер, бұлшықет треморы, құрысулар, бір орында қатып қалған және кеңейген көз қарашықтары, ауыз құрғауын, іш қату және аномальді жоғары температураны туындатуы мүмкін. Сонымен қатар, орталық жүйке жүйесінің бұзылу белгілері пайда болуы мүмкін (елестеулер, дене қозғалысы үйлесімінің бұзылуы, құрысулар). Соңында команы, тыныс алу салдануын және жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігін бақылауға болады.

Кофеин

Қысқа уақыт ішінде 1 г немесе одан да көп кофеин қабылдау, мысалы, тремор, орталық жүйке жүйесінің, жүрек-тамыр жүйесі тарапынан реакциясы (тахикардия, миокардтың зақымдануы) улану белгілерін тудыруы мүмкін.

Аскорбин қышқылы

Гемолиз және бүйрек тастарының даму қаупі.

Бір рет 3 г немесе одан да көп қабылдағаннан кейін, асқазан-ішек симптомдарымен бірге жүретін өтпелі осмотикалық диарея әрдайым дерлік пайда болады, ол әрқашан 10 г-нан астам қабылдаған кезде дамиды.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі

4 г препараттан ПЭТ/Al/ПЭ пакеттерге салынған.

12 пакеттен медициналық қолдануы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыТайлол Хот №12 пакетпен дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube