daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Тебантин Капсулалары 300 Мг №100 | Гедеон Рихтер ОАО

Уральске қаласындағы Тебантин Капсулалары 300 Мг №100 | Гедеон Рихтер ОАО
Сипаттама:

Өлшемі № 1, корпусы сары түсті және қақпақшасы қызғылттау-қоңыр түсті, қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік кристалл ұнтақ.

Халықаралық атауы:

Габапентин

Өндіруші:

Гедеон Рихтер ОАО

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

60 мг морфин, босап шығуы ұзаққа созылатын капсулаларды қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң 600 мг габапентинді қолданғанда габапентин AUC орташа мәнінің габапентин монотерапиясына қарағанда 44%-ға ұлғаюы байқалды. Апиындар мен габапентинді бір уақытта қолданғанда ұйқышылдық, мәңгіру, тыныс алу функциясының бәсеңдеуі сияқты ОЖЖ бәсеңдеу симптомдарын уақытында анықтау үшін пациенттерді мұқият қадағалау қажет. Габапентиннің немесе апиындардың дозасын азайту керек. Эпилепсияға қарсы препараттар Габапентиннің фенобарбиталмен, фенитоинмен, вальпрой қышқылымен және карбамазепинмен өзара әрекеттесулері байқалмады. Габапентиннің тепе-тең күйдегі фармакокинетикасы құрысуға қарсы басқа дәрілерді қабылдайтын дені сау адамдар мен эпилепсиясы бар пациенттерде ұқсас. Пероральді контрацептивтер Құрамында норэтистерон және/немесе этинилэстрадиол бар габапентин мен пероральді контрацептивтік препараттарды бір уақытта қолдану осы препараттардың тепе-теңдік күйдегі фармакокинетикалық көрсеткіштеріне әсер етпейді. Антацидтер Габапентинді құрамында алюминий және магний бар антацидтермен бір уақытта қолдану габапентин биожетімділігінің шамамен 24%-ға төмендеуімен қатар жүреді. Габапентинді қабылдау антацидтер қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң бір-ақ ұсынылады. Пробенецид Габапентиннің бүйрекпен шығарылуы пробенецидтің әсерімен өзгермеді. Циметидин Циметидинмен бір уақытта қолданғанда габапентиннің бүйрекпен шығарылуының аздаған төмендеуі белгіленді; бұл әсердің клиникалық мәні жоқ сияқты. Арнайы сақтандырулар Терінің ауыр жағымсыз реакциялары Габапентинмен емдегенде Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермалық некролизді және эозинофилиясы және жүйелік реакциялары (DRESS-синдром) бар дәрілік бөртпені қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары дамығаны туралы мәлімдемелер алынды. Бұл жағымсыз реакциялар өмірге қауіп төндіреді, соның ішінде өліммен аяқталуға әкеледі. Препаратты тағайындау кезінде пациенттерді терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабардар ету және олардың пайда болуын мұқият бақылау ұсынылу керек. Егер белгілер мен симптомдары терінің ауыр реакцияларының дамуын көрсетсе, габапентинді қолдануды дереу тоқтату керек және қажет болған жағдайда балама ем тағайындауды қарастыру керек. Егер габапентинді қолданған кезде пациентте Стивенс-Джонсон, уытты эпидермалық некролиз немесе DRESS синдромы сияқты күрделі реакция дамыса, осы пациентте габапентиннің қайта қолданылуын болдырмау керек. Анафилаксиялық реакциялар Габапентин анафилаксиялық реакциялардың дамуына түрткі болуы мүмкін. Тіркелген жағдайларда келесі симптомдар мен белгілер байқалды – тыныс алудың қиындауы, еріннің, тамақтың және тілдің ісінуі, шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін артериялық қысымның айқын төмендеуі. Пациенттерге анафилаксияның даму белгілері немесе симптомдары пайда болғанда препарат қабылдауды тоқтату және медициналық көмекке жүгіну керектігін ескерту керек. Суицидтік ойлар және мінез-құлық Түрлі көрсетілімдер бойынша эпилепсияға қарсы препараттарды қабылдау кезінде суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың пайда болу оқиғалары байқалды. Қауіптің жоғарылау механизмі белгісіз. Маркетингтен кейінгі кезеңде габапентин қабылдаған пациенттерде суицидтік ойлар мен мінез-құлық жағдайлары бақыланды. Пациенттер мен оларға күтім жасайтын қамқоршылары суицидтік ойлар немесе мінез-құлық пайда болған кезде медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы білуі тиіс. Суицидтік ойлар мен мінез-құлықтарды анықтау және тиісті емді тағайындау үшін пациенттер бақылауда болуы тиіс. Суицидтік ойлар мен мінез-құлық пайда болған жағдайда, габапентинмен емді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек. Жедел панкреатит Габапентинмен емделу уақытында жедел панкреатит дамыса препаратты тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. Құрысулар Габапентинді қолдану кезінде «рикошеттік» эпилепсиялық ұстамалардың туындау мүмкіндігі дәлелденбеген, алайда эпилепсиясы бар пациенттерде құрысуға қарсы препараттарды қолдануды күрт тоқтату эпилепсиялық статустың дамуына әкелуі мүмкін. Басқа да құрысуға қарсы препараттармен болатындай, габапентинмен емделу уақытында бірқатар пациенттерде басқа типтегі құрысулар жиілігінің ұлғаюы немесе пайда болуы ықтимал. Басқа да құрысуға қарсы препараттармен болатындай, бірнеше құрысуға қарсы препараттар алатын рефрактерлік эпилепсиясы бар пациенттерде габапентинмен монотерапияға көшу үшін басқа препараттар қолдануды тоқтату әрекеттері сәттілікке сирек әкеледі. Габапентин абсанстар сияқты бастапқы жайылған ұстамалар кезінде тиімді емес және кейбір пациенттерде мұндай ұстамаларды күшейтуі мүмкін деп есептеледі. Осыған байланысты габапентинді абсанстарды қоса, аралас ұстамалары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бас айналуы, ұйқышылдық, естен тану, сананың шатасуы және ақыл-ой қызметінің бұзылуы Габапентинмен емделу уақытында бас айналуы және ұйқышылдық оқиғалары байқалды, бұл кездейсоқ жарақат (құлағанда) алу мүмкіндігін ұлғайтуы мүмкін. Сондай-ақ естен тану, сананың шатасу және ақыл-ой қызметінің бұзылу оқиғалары туралы хабарламалар алынған. Осыған байланысты пациенттерге дәрілік препараттың ықтимал әсерлері белгілі болғанға дейін аса сақтық танытуды ұсыну керек. Апиынды препараттармен және ОЖЖ қызметін бәсеңдететін басқа препараттармен бір мезгілде қолдану Апиынды анальгетиктерді қоса, орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) қызметін бәсеңдететін препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттер ұйқышылдық, тыныштандыру және тыныс алудың қиындауы сияқты ОЖЖ бәсеңдететін симптомдарды анықтау үшін бақылауда болуы тиіс. Габапентин мен морфинді бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы габапентин концентрациясының жоғарылауы бақылануы мүмкін. Габапентиннің немесе апиынды препараттарды қоса, ОЖЖ қызметін бәсеңдететін бір мезгілде қолданылатын препараттардың дозасы тиісінше төмендетілуі тиіс.

Белсенді заттың дозасы:

300 мг

Дәрілік түрі:

Капсулалар, 300 мг

Қаптамадағы саны:

100 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Эпилепсия

Габапентин ересектер мен 6 жастағы және одан үлкен балаларда салдарлы жайылған және онсыз парциальді құрысуларды емдеу үшін қосымша дәрі ретінде қолданылады.

Габапентин ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдерде салдарлы жайылған және онсыз парциальді құрысуларды емдеу үшін монотерапия түрінде қолданылады.

Шеткері нейропатиялық ауыру

Габапентин шеткері нейропатиялық ауыруды, атап айтқанда ауыру синдромы бар диабеттік нейропатияны және ересектердегі постгерпестік невралгияны емдеу үшін қолданылады.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе препараттың кез келген қосымша затына аса жоғары сезімталдық

- лактаза тапшылығы, лактоза жақпаушылығы, галактоза жақпаушылығы, глюкозо-галактоза мальабсорбциясы синдромы

- жедел панкреатит

- салдарлы жайылған және онсыз парциальді құрысуларды емдеу үшін қосымша дәрі ретінде 6 жасқа дейінгі балалар

- салдарлы жайылған және онсыз парциальді құрысуларды емдеу үшін монотерапия түрінде 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және бала емізу кезеңі

Өзара әрекеттесуі

Апиынды анальгетиктер

Апиынды препараттарды қоса, габапентинді және ОЖЖ қызметін бәсеңдететін препараттарды бір мезгілде қолданумен байланысты тыныс алудың бәсеңдеуі, седация симптомдарының пайда болуы және өлім болғаны туралы хабарламалар бар.

Кейбір мәліметтерде авторлар габапентинді апиынды препараттармен біріктірілімде қолданғанда, әсіресе әлсіреген пациенттерде, егде жастағы пациенттерде, күрделі қатарлас респираторлық аурулары бар пациенттерде, полипрагмазиясы бар пациенттерде және психикалық белсенді заттарды шамадан тыс қолдануға байланысты бұзылыстардан зардап шегетін адамдарда бұл симптомдардың пайда болу қаупі елеулі түрде артады деген қорытындыға келді.

60 мг морфин, босап шығуы ұзаққа созылатын капсулаларды қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң 600 мг габапентинді қолданғанда габапентин AUC орташа мәнінің габапентин монотерапиясына қарағанда 44%-ға ұлғаюы байқалды. Апиындар мен габапентинді бір уақытта қолданғанда ұйқышылдық, мәңгіру, тыныс алу функциясының бәсеңдеуі сияқты ОЖЖ бәсеңдеу симптомдарын уақытында анықтау үшін пациенттерді мұқият қадағалау қажет. Габапентиннің немесе апиындардың дозасын азайту керек.

Эпилепсияға қарсы препараттар

Габапентиннің фенобарбиталмен, фенитоинмен, вальпрой қышқылымен және карбамазепинмен өзара әрекеттесулері байқалмады.

Габапентиннің тепе-тең күйдегі фармакокинетикасы құрысуға қарсы басқа дәрілерді қабылдайтын дені сау адамдар мен эпилепсиясы бар пациенттерде ұқсас.

Пероральді контрацептивтер

Құрамында норэтистерон және/немесе этинилэстрадиол бар габапентин мен пероральді контрацептивтік препараттарды бір уақытта қолдану осы препараттардың тепе-теңдік күйдегі фармакокинетикалық көрсеткіштеріне әсер етпейді.

Антацидтер

Габапентинді құрамында алюминий және магний бар антацидтермен бір уақытта қолдану габапентин биожетімділігінің шамамен 24%-ға төмендеуімен қатар жүреді. Габапентинді қабылдау антацидтер қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң бір-ақ ұсынылады.

Пробенецид

Габапентиннің бүйрекпен шығарылуы пробенецидтің әсерімен өзгермеді.

Циметидин

Циметидинмен бір уақытта қолданғанда габапентиннің бүйрекпен шығарылуының аздаған төмендеуі белгіленді; бұл әсердің клиникалық мәні жоқ сияқты.

Арнайы сақтандырулар

Терінің ауыр жағымсыз реакциялары

Габапентинмен емдегенде Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермалық некролизді және эозинофилиясы және жүйелік реакциялары (DRESS-синдром) бар дәрілік бөртпені қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары дамығаны туралы мәлімдемелер алынды. Бұл жағымсыз реакциялар өмірге қауіп төндіреді, соның ішінде өліммен аяқталуға әкеледі. Препаратты тағайындау кезінде пациенттерді терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабардар ету және олардың пайда болуын мұқият бақылау ұсынылу керек. Егер белгілер мен симптомдары терінің ауыр реакцияларының дамуын көрсетсе, габапентинді қолдануды дереу тоқтату керек және қажет болған жағдайда балама ем тағайындауды қарастыру керек.

Егер габапентинді қолданған кезде пациентте Стивенс-Джонсон, уытты эпидермалық некролиз немесе DRESS синдромы сияқты күрделі реакция дамыса, осы пациентте габапентиннің қайта қолданылуын болдырмау керек.

Анафилаксиялық реакциялар

Габапентин анафилаксиялық реакциялардың дамуына түрткі болуы мүмкін. Тіркелген жағдайларда келесі симптомдар мен белгілер байқалды – тыныс алудың қиындауы, еріннің, тамақтың және тілдің ісінуі, шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін артериялық қысымның айқын төмендеуі. Пациенттерге анафилаксияның даму белгілері немесе симптомдары пайда болғанда препарат қабылдауды тоқтату және медициналық көмекке жүгіну керектігін ескерту керек.

Суицидтік ойлар және мінез-құлық

Түрлі көрсетілімдер бойынша эпилепсияға қарсы препараттарды қабылдау кезінде суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың пайда болу оқиғалары байқалды. Қауіптің жоғарылау механизмі белгісіз. Маркетингтен кейінгі кезеңде габапентин қабылдаған пациенттерде суицидтік ойлар мен мінез-құлық жағдайлары бақыланды.

Пациенттер мен оларға күтім жасайтын қамқоршылары суицидтік ойлар немесе мінез-құлық пайда болған кезде медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы білуі тиіс. Суицидтік ойлар мен мінез-құлықтарды анықтау және тиісті емді тағайындау үшін пациенттер бақылауда болуы тиіс. Суицидтік ойлар мен мінез-құлық пайда болған жағдайда, габапентинмен емді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.

Жедел панкреатит

Габапентинмен емделу уақытында жедел панкреатит дамыса препаратты тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Құрысулар

Габапентинді қолдану кезінде «рикошеттік» эпилепсиялық ұстамалардың туындау мүмкіндігі дәлелденбеген, алайда эпилепсиясы бар пациенттерде құрысуға қарсы препараттарды қолдануды күрт тоқтату эпилепсиялық статустың дамуына әкелуі мүмкін.

Басқа да құрысуға қарсы препараттармен болатындай, габапентинмен емделу уақытында бірқатар пациенттерде басқа типтегі құрысулар жиілігінің ұлғаюы немесе пайда болуы ықтимал.

Басқа да құрысуға қарсы препараттармен болатындай, бірнеше құрысуға қарсы препараттар алатын рефрактерлік эпилепсиясы бар пациенттерде габапентинмен монотерапияға көшу үшін басқа препараттар қолдануды тоқтату әрекеттері сәттілікке сирек әкеледі.

Габапентин абсанстар сияқты бастапқы жайылған ұстамалар кезінде тиімді емес және кейбір пациенттерде мұндай ұстамаларды күшейтуі мүмкін деп есептеледі. Осыған байланысты габапентинді абсанстарды қоса, аралас ұстамалары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Бас айналуы, ұйқышылдық, естен тану, сананың шатасуы және ақыл-ой қызметінің бұзылуы

Габапентинмен емделу уақытында бас айналуы және ұйқышылдық оқиғалары байқалды, бұл кездейсоқ жарақат (құлағанда) алу мүмкіндігін ұлғайтуы мүмкін. Сондай-ақ естен тану, сананың шатасу және ақыл-ой қызметінің бұзылу оқиғалары туралы хабарламалар алынған. Осыған байланысты пациенттерге дәрілік препараттың ықтимал әсерлері белгілі болғанға дейін аса сақтық танытуды ұсыну керек.

Апиынды препараттармен және ОЖЖ қызметін бәсеңдететін басқа препараттармен бір мезгілде қолдану

Апиынды анальгетиктерді қоса, орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) қызметін бәсеңдететін препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттер ұйқышылдық, тыныштандыру және тыныс алудың қиындауы сияқты ОЖЖ бәсеңдететін симптомдарды анықтау үшін бақылауда болуы тиіс. Габапентин мен морфинді бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы габапентин концентрациясының жоғарылауы бақылануы мүмкін. Габапентиннің немесе апиынды препараттарды қоса, ОЖЖ қызметін бәсеңдететін бір мезгілде қолданылатын препараттардың дозасы тиісінше төмендетілуі тиіс.

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

1-кестеде барлық көрсетілімдер бойынша қолдану кезінде ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдерде препараттың бастапқы дозасын титрлеудің ұсынылған сызбасы келтірілген.

Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларда дозалау жөніндегі нұсқаулар төмендегі осы бөлімде жекелеген тақырыпшалармен ұсынылған.

1-кесте.

Габапентинмен емдеуді тоқтату

Габапентинмен емдеуді тоқтату қажеттілігінде клиникалық практиканың қолданыстағы стандарттарына сәйкес қолдану көрсетіліміне қарамастан кемінде бір апта ішінде дозаны біртіндеп төмендеткен жөн.

Эпилепсия

Эпилепсия көптеген жағдайларда ұзақ емді талап етеді. Препарат дозасын емдеуші дәрігер препараттың жеке жағымдылығына және тиімділігіне байланысты таңдайды.

Ересектер мен жасөспірімдер (12 жастан асқан)

Тиімді доза 900–3600 мг/тәул. құрады. Емнің басында препарат 1-кестеде келтірілген бастапқы дозаны біртіндеп жоғарылату сызбасы бойынша немесе бірінші күні тәулігіне 3 рет 300 мг қолдануға болады. Әрі қарай препараттың тиімділігіне және жағымдылығына байланысты дозаның 3600 мг/тәул ең жоғары дозаға жеткенге дейін 2-3 күн сайын 300 мг/тәул. қосымша сатылы жоғарылауы ықтимал. Жекелеген пациенттерде препарат дозасының анағұрлым баяу жоғарылауын талап етуі мүмкін. 1800 мг/тәул. дозаға бір аптадан соң, 2400 мг/тәул. дозаға 2 аптадан соң, 3600 мг/тәул. дозаға 3 аптадан соң ғана жете алады.

Габапентинмен емдеу 4800 мг/тәул. дейінгі дозаларда жағымды болды. Тәуліктік доза 3 қабылдауға бөлінуі тиіс. Құрысулардың қайта басталуына жол бермеу үшін препарат дозаларын қабылдау арасындағы ең жоғары аралық 12 сағаттан аспауы тиіс.

Балалар

6 жастағы және одан үлкен балалар

Бастапқы доза 10-15 мг/кг/тәул құрайды. Тиімді дозаға шамамен 3 күн ішінде дозаны біртіндеп жоғарылату арқылы жетеді. Габапентиннің 6 жасар және одан үлкен балалардағы тиімді дозасы 25-35 мг/кг/тәул құрайды. Препарат 50 мг/кг/тәул дейінгі дозаларды қолданғанда жағымды болды. Жалпы тәуліктік доза 3 бір реттік дозаларға бөлінуі тиіс, препарат дозаларын қабылдау арасындағы ең жоғары аралық 12 сағаттан аспауы тиіс.

Ескертпе: Тебантин препаратын қолданғанда балаларда қолданылатын дозалардың барлығы алынбауы мүмкін, құрамында габапентин бар басқа препаратты қолдану керек болуы мүмкін.

Емді оңтайландыру мақсатында қан плазмасындағы габапентин концентрациясын бақылау қажеттілігі жоқ. Одан өзге, ол оның қан плазмасындағы концентрациясын немесе басқа да құрысуға қарсы препараттардың концентрацияларындағы өзгерістерді есептемей басқа да құрысуға қарсы препараттармен біріктіріп қолдануға болады.

Шеткері нейропатиялық ауыру

Ересектер

Емнің басында препарат 1-кестеде келтірілген бастапқы дозаны біртіндеп жоғарылату сызбасы бойынша қолдануға болады. Балама ретінде препаратты 3 қабылдауға бөлінген 900 мг/тәул бастапқы дозада қолдануға жол беріледі. Әрі қарай пациенттің емге деген жауабына және препараттың жағымдылығына байланысты, дозаның 3600 мг/тәул ең жоғары дозаға жеткенге дейін 2-3 күн сайын 300 мг/тәу қосымша сатылы жоғарылауы ықтимал. Жекелеген пациенттерде дозаны анағұрлым баяу жоғарылату жөн болуы мүмкін. 1800 мг/тәул дозаға бір аптадан соң, 2400 мг/тәул дозаға 2 аптадан соң, 3600 мг/тәул дозаға 3 аптадан соң ғана жете алады.

5 айдан артық мерзім бойы шеткері нейропатиялық ауыруды (атап айтқанда, ауыру синдромы бар диабеттік нейропатия және постгерпестік невралгия кезінде) емдеу үшін препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеді. Егер пациентке емді 5 айдан ұзақ жалғастыру талап етілсе, емдеуші дәрігер пациенттің клиникалық жағдайын бағалауы және қосымша ем қажеттілігін анықтауы тиіс.

Барлық көрсетілімдер бойынша нұсқаулар

Ауыр жағдайдағы пациенттерде (мысалы, дене салмағы аз, ағзалар трансплантациясынан кейін және т.б.), не препараттың төмен дозаларын пайдаланып, не дозаны арттыру арасында үлкен аралықтар жасап, дозаны баяу арттыру керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер

Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының жасқа қатысты төмендеуіне байланысты дозаны түзету керек болуы мүмкін (2-кестені қараңыз). Егде пациенттерде ұйқышылдық, шеткері ісіну және астения сияқты құбылыстар жиі кездесуі мүмкін.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған және/немесе гемодиализде жүрген пациенттерде препарат дозасын 2-кестеде сипатталғандай түзеткен жөн.

2-кесте. Бүйрек функциясының жағдайына байланысты ересектердегі габапентин дозасы

* Препараттың жалпы тәуліктік дозасы 3 тең дозаға бөлінуі тиіс. Бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі <79 мл/мин) пациенттерде препарат дозасын төмендету ұсынылады.

** 150 мг тәуліктік дозада күнара 300 мг қабылдау керек.

*** Креатинин клиренсі <15 мл/мин пациенттерде тәуліктік доза креатинин клиренсіне пропорционалды төмендетілуі тиіс (мысалы, креатинин клиренсі 7,5 мл/мин пациенттерде препараттың тәуліктік дозасы креатинин клиренсі 15 мл/мин пациенттерге қарағанда 2 есе төмен болуы тиіс).

Гемодиализдегі пациенттер

Габапентинмен ешқашан емделмеген, гемодиализде жүрген ануриясы бар пациенттерде препаратты 300-400 мг жүктеме дозада, ал сосын гемодиализдің 4-сағаттық әр сеансынан кейін 200-300 мг қолданған жөн. Диализ жоқ күндері габапентин қолданылмайды.

Гемодиализдегі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде габапентиннің демеуші дозасы 2-кестеде келтірілген нұсқауларға сәйкес анықталуы тиіс. Демеуші емге қосымша ретінде гемодиализдің 4-сағаттық әр сеансынан кейін 300 мг габапентин қолданған жөн.

Енгізу жолы және тәсілі

Ішке қабылдауға арналған.

Габапентинді тамақтануға қарамастан қолдануға болады. Капсуланы тұтастай, көп мөлшердегі сумен (мысалы, бір стақан су) жұту керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Өмірге қауіп төндіретін, жедел уытты әсерлер тәулігіне 49 г дейінгі габапентинді қабылдағанда да болған жоқ.

Артық дозалану симптомдарына бас айналуы, көзге қос көрінуі, анық сөйлемеу, ұйқышылдық, естен тану, тежелу жағдайы және жеңіл дәрежедегі диарея кіреді. Барлық пациенттерде демеуші ем жүргізу аясында сауығу басталды. Анағұрлым жоғары дозаларды қабылдағанда габапентин сіңірілуінің төмендеуі артық дозалану кезінде оның сіңірілуінің төмендеуіне ықпал етуі және осылайша, уытты әсерді барынша азайтуы мүмкін.

Габапентиннің артық дозалануы, әсіресе ОЖЖ тежейтін басқа дәрілік препараттармен біріктірілмде комаға әкелуі мүмкін.

Габапентин гемодиализ кезінде шығарылуы мүмкін болғанмен, тәжірибе бұл әдетте керек емес екенін көрсетеді. Алайда гемодиализ жүргізу ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде мақсатқа сәйкес болуы мүмкін.

Габапентинді 8000 мг/кг дейінгі дозаларда жануарларға енгізумен болған зерттеулерде препараттың пероральді летальді дозасы анықталмады. Жануарлардағы жедел уыттылық симптомдарға атаксия, тыныс алудың қиындауы, птоз, белсенділіктің төмендеуі немесе қозу жағдайы кіреді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күдіктер пайда болса емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

10 капсуладан ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

5 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыТебантин капсулалары 300 мг №100 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube