Қолдану көрсеткіштері
Эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу
Телсартан® А - 80мг/10 мг, мұны Телмисартан + Амлодипин 40 мг/10 мг немесе Телмисартан + Амлодипин 80 мг/5 мг препараттарын қабылдаған кезде қан қысымы адекватты түрде бақыланбайтын пациенттердің қабылдауына болады.
Телсартан® А, 80мг/5 мг, мұны Телмисартан + Амлодипин 40 мг/5 мг препаратын қабылдаған кезде қан қысымы адекватты түрде бақыланбайтын пациенттердің қабылдауына болады.
Телсартан® А 40мг/10 мг, мұны телмисартан + амлодипин 40 мг/5 мг препаратын қабылдаған кезде қан қысымы адекватты түрде бақыланбайтын пациенттердің қабылдауына болады.
Телсартан® А 40мг/5 мг, мұны 5 мг бір амлодипинді қабылдаған кезде қан қысымы адекватты түрде бақыланбайтын пациенттердің қабылдауына болады.
Жекелеген дозаларды компоненттермен титрлеу (мысалы, амлодипин және телмисартан) бекітілген дозалар біріктіріліміне дейін өзгертер алдында ұсынылады. Егер бұл клиникалық негізделген болса, монотерапиядан бекітілген дозалар біріктірілімімен емдеуге тікелей өзгерісті қарастыруға болады.
Амлодипин 10 мг ем қабылдап жүрген, оларда ісіну сияқты, дозаны шектейтін қандай да бір жағымсыз реакциялар пайда болған пациенттер күніне бір рет Телсартан® А 40 мг/5 мг ауыстырылуы мүмкін.
Орын басатын ем
Жеке таблеткаларда телмисартан мен амлодипин қабылдайтын пациенттер оның орнына күніне бір рет бір таблеткада бірдей дозалары бар Телсартан® А препаратының таблеткаларын қолдана алады.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер (> 65 жас): дозаны түзетуді қажет етпейді.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер: бүйрек функциясының жеңілден орташа дәрежеге дейінгі жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны өзгерту қажет емес.
Бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар немесе гемодиализ қабылдап жүрген пациенттер үшін қолдану тәжірибесі шектеулі және Телмисартан+Амлодипин біріктірілімін сақтықпен қолдану ұсынылады, өйткені амлодипин мен телмисартан гемодиализ кезінде шығарылмайды.
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер: пациенттердің осы тобы үшін қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.