daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Терфалин Спрейі 1% 30 Мл | Нобел Илач Санаи ве Тиджарет

Уральске қаласындағы Терфалин Спрейі 1% 30 Мл | Нобел Илач Санаи ве Тиджарет

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір түссіз сұйықтық. Шығарылу түрі және қаптамасы 30 мл препараттан пластик қақпағы бар бүріккіш құрылғымен жабдықталған жоғары тығыздықтағы ақ түсті полиэтиленнен жасалған құтыға салады. Құтыға өзі желімденетін заттаңба жапсырылады. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған.

Халықаралық атауы:

Тербинафин

Өндіруші:

Нобел Илач Санаи ве Тиджарет

Өндіруші ел:

Турецкая Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: этанол 96 %, макрогол (Eumulgin B2), пропиленгликоль (монопропиленгликоль), тазартылған су.

Белсенді заттың дозасы:

1%

Қаптамадағы саны:

1 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - 0,3 г тербинафин гидрохлориді,

қосымша заттар: этанол 96 %, макрогол (Eumulgin B2), пропиленгликоль (монопропиленгликоль), тазартылған су.

Қолдану көрсеткіштері

- табан дерматомикоздарында (табан «зеңі»), «атлет табаны» немесе Tinea pedis

- Trichophyton (оның ішінде T.rubrum, T.mentagrophytes, Т.verrucosum, T.violaceum) және Epidermophyton floccosum сияқты дерматофиттер туындатқан дененің тегіс терісі (tinea cruris) мен ірі қатпарларының (tinea cruris) зеңдік зақымдануында

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- 16 жасқа дейінгі балаларға

Сақтық шаралары

ТЕРФАЛИН® жергілікті қолдануға арналған 1 % спрей тек сыртқа қолдануға арналған, оны ішке, интраназальді қолдануға, офтальмологиялық практикада және қынап ішіне қолдануға болмайды.

Деммен ішке тартудан аулақ болыңыз.

Препаратты көздің шырышты қабығына тигізіп алмау керек. Препарат көзге түскен жағдайда оны тез арада ағын сумен шаю керек және қажет болса, дәрігермен кеңесу керек.

Тітіркенген жағдайда, аллергиялық реакцияларда немес нашар сезінгенде препаратты қолдануды тоқтатып, тиісті ем тағайындау керек.

Спирт және пропиленгликоль тітіркенуді туындататындықтан терінің зақымданған жерлеріне препаратты сақтықпен жағады.

Егде жастағы адамдарға препарат дозасын өзгертуге немесе олардағы жағымсыз әсерлер жас пациенттердікінен ерекшеленеді деуге негіз жоқ. Препаратты осы жас тобындағыларға қолданғанда бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы қатар жүруі мүмкін екендігін ескерген жөн.

Инфекция жұқтырған дене бөліктері болғанда денеге жабысып тұратын тар киім киюге болмайды.

Аяғында инфекциясы бар науқастар лайықты және ауа кіретін аяқ-киім киюлері керек. Аяқ-киім және қысқа шұлықты кем дегенде күніне бір рет ауыстыру керек.

Жақсы клиникалық әсерге жету үшін емдеудің ұсынылған ұзақтығын орындау керек.

Дененің инфекция жұқтырған жерлерінен басқа жерлеріне таралуын болдырмас үшін әрбір қолданғаннан кейін қолды жуу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Тербинафиннің жергілікті қолдануға қатысты дәрілермен өзара әрекеттестігі жайлы деректері жоқ. Алайда сақтану шаралары ретінде басқа дәрілік заттарды өңделген бөлімдерге қолданбау ұсынылады.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолданылуы

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Жүкті әйелдерге тиісті және жақсы бақыланатын сынақтар жүргізілген жоқ. Жүктілік кезінде сақтықпен және қатаң көрсетілім болғанда ғана қолданылуы керек.

Тербинафин емшек сүтімен бөлінеді, сондықтан емдеу кезінде бала емізуді тоқтату керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер және 16 жастан асқан балалар.

Спрейді тәулігіне бір немесе екі рет қолданады. Қолданар алдында зақымданған бөліктерді мұқият тазалап, құрғату қажет. Препаратты зақымданған жерлерге 5-тен 10 см дейінгі аралықтан терінің өңделетін аймағы мен маңайындағы бөліктеріне жеткілікті мөлшерде бүрку керек.

Емдеу бір апта бойына созылады. Клиникалық жақсаруы емдеудің алғашқы күндерінде басталады. Тұрақты емделмегенде немесе оны уақытынан бұрын тоқтатқанда инфекцияның қайталану қаупі бар. Егер бір аптадан кейін жақсару белгілері байқалмаса, ауру қоздырғышын және оның препаратқа сезімталдығын қайтадан анықтау керек.

Егде жастағы пациенттер үшін дозалау режимін өзгертудің қажеті жоқ.

Енгізу әдісі және жолы

Сыртқа қолдануға арналған.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Артық дозалануы кездейсоқ ішке қабылдаған кезде ғана болуы мүмкін.

Симптомдары: бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, іш тұсының ауыруы, бөртпе, жиі несеп шығару. Сондай-ақ, препарат құрамында этил спирті бар (28,7 % этил спирті) екендігін ескерген жөн.

Емі: белсендірілген көмірді қабылдау және симптоматикалық, демеуші ем.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну керек.

Артық дозалану

Шығарылу түрі

30 мл препараттан пластик қақпағы бар бүріккіш құрылғымен жабдықталған жоғары тығыздықтағы ақ түсті полиэтиленнен жасалған құтыға салады.

Құтыға өзі желімденетін заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

30 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Уральск қаласындағы «Терфалин Спрейі 1% 30 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

0600120018002400300008-0313-0318-0323-0328-032-047-0412-0417-0422-0427-042-057-0512-0517-0522-0527-051-066-0611-0616-0621-0626-061-076-0711-0716-0721-0726-0731-075-0810-0815-0820-0825-0830-084-099-09
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыТерфалин Спрейі 1% 30 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube