daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Тобрадекс Көз Тамшылары 5 Мл | Alcon-Couvreur

Уральске қаласындағы Тобрадекс Көз Тамшылары 5 Мл | Alcon-Couvreur
Сипаттама:

Ақтан дерлік ақ түске дейінгі суспензия.

Өндіруші:

Alcon-Couvreur

Өндіруші ел:

Королевство Бельгии

Белсенді ингредиент:

дексаметазон 1,0 мг; қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, натрий хлориді, сусыз натрий сульфаты, тилоксапол, гидроксиэтилцеллюлоза, күкірт қышқылы және/немесе натрий гидроксиді (рН түзету үшін), тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақтан дерлік ақ түске дейінгі суспензия.

Дәрілік түрі:

Көзге тамызатын дәрі, суспензия 5 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен 8 жастағы және одан үлкен балаларда сондай-ақ бактериялық көз инфекциясы бар немесе тобрамицинге сезімтал көптеген басқа антибиотиктерге, әсіресе Pseudomonas aeruginosa-ға төзімді микроорганизмдерге байланысты бактериялық көз инфекциясының қаупі бар кортикостероидтармен ем көрсетілімдегі стероидқа сезімтал офтальмологиялық қабыну ауруларын емдеу үшін.

Офтальмологиялық стероидтар стероидтарды қолдануға тән қауіп ісіну мен қабынуды азайту үшін кейбір инфекциялық конъюнктивиттер кезінде жарамды болғанда пальпебральді және бульбарлы конъюнктиваның, мөлдір қабықтың және көздің алдыңғы кесігінің қабыну ауруларында қолданылады. Олар сондай-ақ созылмалы алдыңғы увеит және мөлдір қабықтың химиялық заттардан, радиациядан, термиялық күюден зақымдануы кезінде немесе бөгде денелер кіріп кеткенде тағайындалады (қарсы көрсетілімдерді ескеріп).

Құрамында кортикостероидтар бар көзге тамызатын дәріні тиісті офтальмологиялық тексерістен кейін ғана тағайындау керек.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

аминогликозидтерге аса жоғары сезімталдық

қарапайым герпестік кератит

осповакцина вирусы, желшешек және мөлдір қабықтың немесе конъюнктиваның басқа да вирустық инфекциясы (герпес зостер вирусы туындатқан кератитті қоспағанда)

көз құрылымының зеңдік аурулары немесе көздің емделмеген паразиттік аурулары

көздің микобактериялық инфекциялары

инфекциялар немесе мөлдір қабықтың беткейлік эпителийімен шектелген зақымданулар

ТОБРАДЕКС* препаратын бөгде денені мөлдір қабықтан асқындырмай алып тастаудан кейін пайдаланбаған жөн

8 жасқа дейінгі балалар

Өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.

Жекелеген компоненттерді жүйелі қолданғанда өзара әрекеттесулер туралы хабарланды. Жергілікті ҚҚСП және жергілікті стероидтарды қатар пайдалану мөлдір қабықты емдеумен проблемалардың пайда болу ықтималдығын ұлғайтуы мүмкін. Осыған қарамастан офтальмологиялық тобрамицин мен дексаметазонның жүйелі абсорбциясы төмен және кез келген өзара әрекеттесудің ықтималдығы аса төмен.

Көзішілік қысымды жоғарылатуы мүмкін қарашықты кеңейтуге арналған көз тамшыларын (атропин және басқа антихолинергиялық заттар) пайдаланғанда ТОБРАДЕКС* тамшысын бір уақытта қолдану көзішілік қысымның қосымша жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Ритонавир немесе CYP3A4 басқа да күшті тежегіштерін алатын пациенттерде плазмадағы дексаметазон концентрациясы жоғарылауы мүмкін.

CYP3A4 тежегіштері (ритонавирді және кобицистатты қоса) дексаметазон клиренсін төмендетуі мүмкін, бұл жағымсыз әсерлердің ұлғаюына және адренальді супрессияға/Кушинг синдромына әкелуі мүмкін. Егер пайда кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлерінің жоғары қаупінен асып кетпесе, препараттарды біріктіруден аулақ болу керек және бұл жағдайда пациенттерде кортикостероидтардың жүйелі әсерлерінің пайда болуын бақылау керек.

Егер бірден артық офтальмологиялық дәрілік препарат пайдаланылатын болса оларды қолдану арасында кемінде 5 минут аралық сақтау керек. Көз жақпамайын соңынан қолдану керек.

Арнайы ескертулер

Тек офтальмологиялық қолдануға арналған. Инъекция немесе ішке қабылдау үшін емес.

Қақпақшаны алып тастағаннан кейін, егер алғашқы ашылуын бақылауға арналған бекіткіш сақина босап қалса, препаратты қолданар алдында оны алып тастаңыз.

Препараттың бастапқы және қайта тағайындалуын саңылаулы шамды пайдалана отырып, биомикроскопия әдісімен пациентті тексергеннен кейін және қажет болған жағдайда флуоресцеинмен бояғаннан кейін ғана жүргізу керек.

ТОБРАДЕКС* препаратының құрамында әрбір мл-ге 0,1 мг бензалконий хлориді бар, бұл 0,5 мг 5 мл-ге баламалы. Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзалармен абсорбциялануы және жұмсақ жанаспалы линзалардың түсін өзгертуі мүмкін. ТОБРАДЕКС* препаратын қолданар алдында контактілі линзаларды жою қажеттігі туралы пациенттерге нұсқау беру және оларды қайтадан кию алдында кемінде 15 минут күту керек. Бензалконий хлориді, әсіресе пациентте құрғақ көз синдромы немесе көздің мүйізді қабығының бұзылуы болса көздің тітіркенуін тудыруы мүмкін.

Көзге тамызатын дәріні қолданғаннан кейін жүйелі резорбцияны төмендету үшін келесі шаралар пайдалы:

- Қабақты 2 минутқа жабыңыз.

- Мұрын-жас арнасын қолмен 2 минутқа жабыңыз.

Педиатрияда қолдану

Көзішілік қысымды жиі тексеріп отырған жөн. Бұл әсіресе құрамында дексаметазон бар препараттармен ем алатын педиатриялық пациенттерде маңызды, өйткені кортикостероидтар туындатқан жоғары көзішілік қысымның даму қаупі балаларда жоғары болуы және ересектерге қарағанда ерте туындау мүмкін. Емдеу жиілігін және ұзақтығын мұқият есептеу, сондай-ақ стероидты препараттардың әсерімен педиатриялық пациенттерде КІҚ анағұрлым ерте даму қаупін және үлкен айқындық дәрежесін мойындай отырып, емнің ең басынан КІҚ бақылау керек.

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік

Тобрамицин мен дексаметазонды жүкті әйелдерде жергілікті офтальмологиялық қолдану туралы деректер жоқ немесе олардың саны шектеулі. Тобрамицинді жүкті әйелдерге вена ішіне енгізгеннен кейін плацента арқылы шаранаға енеді. Тобрамицин жатыр ішіне әсер еткенде отоуыттылықты туындатпайды деп күтіледі. Кортикостероидтарды жүктілік кезінде ұзақ немесе көп рет пайдалану жатырішілік дамудың жоғары кідіру қаупімен байланысты. Жүктілік уақытында кортикостероидтардың елеулі дозаларын қабылдаған аналардан туған сәбилер гипоадренализм белгілерінің бар-жоғына қатысты мұқият тексерілуі тиіс. Жануарларға жасалған зерттеулер дексаметазонды жергілікті қолданғаннан кейін және дексаметазон мен тобрамицинді жүйелі қолданғаннан кейін репродуктивтік функцияға уытты әсердің болуын көрсетті.

ТОБРАДЕКС* препаратын жүктілік уақытында қолдану ұсынылмайды.

Лактация

Тобрамицин жүйелі қолданғаннан кейін емшек сүтімен бөлінеді. Дексаметазонның емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Жергілікті офтальмологиялық қолданудан кейін тобрамицин мен дексаметазон емшек сүтіне бөліне ме, белгісіз. Тобрамицин мен дексаметазонның қандай да бір мөлшері емшек сүтінде анықталатыны немесе препаратты жергілікті қолданғаннан кейін сәбиге клиникалық әсерлер көрсете алатыны туралы ықтималдық аз.

Бала емізу кезінде бала үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Тиісті жағдайларда бала емізуді тоқтату немесе бала үшін емшек емізудің пайдасын және әйел үшін емнің пайдасын ескере отырып емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдау қажет.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

ТОБРАДЕКС* препараты автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді. Алайда, көрудің уақытша анық болмауы немесе көруге қатысты басқа да бұзылыстар болуы мүмкін, бұл көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін. Егер препаратты қолданғанда анық көрмеу туындаса, автокөлікті жүргізуге немесе механизмдермен жұмыс істеуге кірісуден бұрын пациент көру қабілеті қалпына келгенге дейін күтуі қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Стандартты дозалау 4-6 сағат сайын зақымданған көздің конъюнктивальді қабына 1-2 тамшыны құрайды. Алғашқы 24-48 сағат ішінде доза 2 сағат сайын 1-2 тамшыға дейін ұлғайтылуы мүмкін. Клиникалық белгілердің жақсаруына қарай қолдану жиілігін толық тоқтатқанға дейін азайту керек.

Енгізу жолы және тәсілі

Жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Қатысты емес

Емдеу ұзақтығы

Емді мерзімінен бұрын тоқтатпаған жөн.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар

Кездейсоқ жұтып қойған кезде емі симптоматикалық және демеуші.

Шығарылу түрі

5 мл препараттан тығыздығы төмен ақ полиэтиленнен жасалған тамшылатқыш-дозаторымен және алғашқы ашылуы бақыланатын полипропиленнен жасалған ақ бұралатын қақпақпен тығындалған тығыздығы төмен ақ полиэтиленнен жасалған құтыларға салынған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30°С-ден апайтын температурада сақтау керек. Тік қалпында сақтаңыз.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Құтыны алғаш ашқаннан кейін 4 апта ішінде пайдалану керек.

Сақтау шарттары

30°С-ден апайтын температурада сақтау керек. Тік қалпында сақтаңыз.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыТобрадекс көз тамшылары 5 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube