daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Толкимадо Таблеткалары 50 Мг №30 | «Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Уральске қаласындағы Толкимадо Таблеткалары 50 Мг №30 | «Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»
Сипаттама:

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «Т50» өрнегі бар таблеткалар (50 мг доза үшін). Ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «Т150» өрнегі бар таблеткалар (150 мг доза үшін).

Өндіруші:

«Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

ауыр миастения (myasthenia gravis) лактация кезеңі

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг немесе 150 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 50 мг немесе 150 мг толперизон гидрохлориді,

қосымша заттар: лимон қышқылы моногидраты, микрокристалды целлюлоза, 44 мг немесе 132 мг лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, стеарин қышқылы,

үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), макрогол/полиэтиленгликоль (ПЭГ).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «Т50» өрнегі бар таблеткалар (50 мг доза үшін).

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «Т150» өрнегі бар таблеткалар (150 мг доза үшін).

Қолдану көрсеткіштері

Өткерген инсульттан кейін ересектердегі түйілуді симптоматикалық емдеуде.

Арнайы нұсқаулар

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Толперизонды қолданудың маркетингтен кейінгі кезеңінде аса жиі хабарланған жағымсыз реакциялар аса жоғары сезімталдық реакциялары болды. Бұл реакциялардың айқындылық дәрежесі жеңіл тері реакцияларынан анафилаксиялық шокты қоса, ауыр жүйелі реакцияларға дейін өзгереді. Аса жоғары сезімталдық реакцияларының симптомдары эритема, бөртпе, есекжем, қышыну, ангионевроздық ісіну, тахикардия, артериялық гипотензия және ентігу болуы мүмкін.

Әйел жынысты пациенттер, басқа дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдығы бар немесе анамнезінде аллергиялық реакциялары бар пациенттер толперизонды қабылдағанда аса жоғары сезімталдық реакцияларының жоғары даму қаупіне бейім.

Лидокаинге белгілі аса жоғары сезімталдық жағдайында препаратты тағайындағанда ықтимал айқаспалы реакцияларға байланысты сақ болу керек.

Пациенттерге аса жоғары сезімталдықтың кез келген симптомдарына назар аударуды ұсыну керек. Мұндай симптомдар пайда болған кезде препарат қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу керек.

Препаратты толперизонға аса жоғары сезімталдық эпизодынан кейін қайта қолданбаған жөн.

Толкимадо препараттың құрамында лактоза моногидраты бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге препаратты қабылдамаған жөн.

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Жүктілік

Жеткілікті клиникалық деректердің болмауына байланысты препаратты жүктілік кезінде (әсіресе бірінші триместрде), ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін потенциалды қауіптен асатын жағдайларды қоспағанда қолданбаған жөн.

Лактация

Толперизонның емшек сүтімен бөлінуі туралы деректер болмағандықтан, препаратты лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді.

Препаратты қабылдағаннан кейін бас айналу, ұйқышылдық, зейін қоюдың бұзылуы, құрысу ұстамалары, көру жітілігінің бұзылуы немесе бұлшықеттің әлсіздігі байқалатын пациенттер дәрігерге қаралу керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

белсенді затқа (толперизон) немесе химиялық құрамы бойынша оған ұқсас эперизонға, сондай-ақ препараттың құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

ауыр миастения (myasthenia gravis)

лактация кезеңі

Артық дозалану

Артық дозалану симптомдары ұйқышылдық, асқазан-ішек бұзылыстары (жүрек айну, құсу, эпигастрийдің ауруы), тахикардия, гипертензия, брадикинезия және вертигоны қамтуы мүмкін. Ауыр жағдайларда құрысулар, тыныс алудың тежелуі, тыныс алудың тоқтауы және кома туралы хабарланды.

Толперизон үшін спецификалық антидоты жоқ. Симптоматикалық ем ұсынылады.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Қан және лимфа жүйесі тарапынан:

өте сирек - анемия, лимфаденопатия.

Иммундық жүйе тарапынан:

сирек – аса жоғары сезімталдық реакциялары*, анафилаксиялық реакция өте сирек - анафилаксиялық шок.

Зат алмасу және тамақтану тарапынан:

жиі емес - анорексия

өте сирек - полидипсия.

Психиканың бұзылулары:

жиі емес - ұйқысыздық, ұйқының бұзылуы

сирек – белсенділіктің төмендеуі, депрессия

өте сирек – сананың шатасуы.

Жүйке жүйесі тарапынан:

жиі емес – бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық

сирек – зейін қоюдың бұзылуы, тремор, құрысу ұстамалары, гипестезия, парестезия, летаргия (қатты ұйқышылдық).

Көру мүшесі тарапынан:

сирек – көру айқындылығының бұзылуы.

Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан:

сирек – құлақтағы шуыл, вертиго.

Жүрек тарапынан:

сирек - стенокардия, тахикардия, пальпитация, артериялық қысымның төмендеуі

өте сирек - брадикардия.

Қантамырлар тарапынан:

жиі емес - артериялық гипотензия

сирек - тері гиперемиясы.

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан:

сирек - диспноэ, мұрыннан қан кету, тахипноэ.

Асқазан-ішек жолы тарапынан:

жиі емес – іштегі жайсыздық сезімі, диарея, ауыз қуысы шырышты қабығының құрғауы, диспепсия, жүрек айнуы

сирек – эпигастрияның ауыруы, іш қату, метеоризм, құсу.

Бауыр және өт шығару жолының тарапынан:

сирек – бауыр тарапынан жеңіл бұзылулар.

Тері және тері асты тіндерінің тарапынан:

сирек - аллергиялық дерматит, гипергидроз, қышыну, есекжем, бөртпе.

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндердің тарапынан:

жиі емес – бұлшықет әлсіздігі, миалгия, аяқ-қолдың ауыруы

сирек – аяқ-қолдағы жайсыздық сезімі

өте сирек - остеопения.

Бүйрек және несеп шығару жолының тарапынан:

сирек - энурез, протеинурия.

Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар:

жиі емес - астения, дімкәстік, шаршау

сирек – мастық сезімі, ысыну сезімі, ашушаңдық, шөлдеу

өте сирек – кеуде қуысындағы жайсыздық сезімі.

Зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелеріне әсері:

сирек - гипербилирубинемия, бауыр ферменттері белсенділігінің өзгеруі, тромбоцитопения, лейкоцитоз

өте сирек – қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы.

* Маркетингтен кейінгі қолдану кезеңінде бет пен еріннің ісінуін қоса, ангионевроздық ісіну туралы хабарланды (жиілігі белгісіз).

Жанама әсерлері

Қан және лимфа жүйесі тарапынан:

өте сирек - анемия, лимфаденопатия.

Иммундық жүйе тарапынан:

сирек – аса жоғары сезімталдық реакциялары*, анафилаксиялық реакция өте сирек - анафилаксиялық шок.

Зат алмасу және тамақтану тарапынан:

жиі емес - анорексия

өте сирек - полидипсия.

Психиканың бұзылулары:

жиі емес - ұйқысыздық, ұйқының бұзылуы

сирек – белсенділіктің төмендеуі, депрессия

өте сирек – сананың шатасуы.

Жүйке жүйесі тарапынан:

жиі емес – бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық

сирек – зейін қоюдың бұзылуы, тремор, құрысу ұстамалары, гипестезия, парестезия, летаргия (қатты ұйқышылдық).

Көру мүшесі тарапынан:

сирек – көру айқындылығының бұзылуы.

Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан:

сирек – құлақтағы шуыл, вертиго.

Жүрек тарапынан:

сирек - стенокардия, тахикардия, пальпитация, артериялық қысымның төмендеуі

өте сирек - брадикардия.

Қантамырлар тарапынан:

жиі емес - артериялық гипотензия

сирек - тері гиперемиясы.

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан:

сирек - диспноэ, мұрыннан қан кету, тахипноэ.

Асқазан-ішек жолы тарапынан:

жиі емес – іштегі жайсыздық сезімі, диарея, ауыз қуысы шырышты қабығының құрғауы, диспепсия, жүрек айнуы

сирек – эпигастрияның ауыруы, іш қату, метеоризм, құсу.

Бауыр және өт шығару жолының тарапынан:

сирек – бауыр тарапынан жеңіл бұзылулар.

Тері және тері асты тіндерінің тарапынан:

сирек - аллергиялық дерматит, гипергидроз, қышыну, есекжем, бөртпе.

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндердің тарапынан:

жиі емес – бұлшықет әлсіздігі, миалгия, аяқ-қолдың ауыруы

сирек – аяқ-қолдағы жайсыздық сезімі

өте сирек - остеопения.

Бүйрек және несеп шығару жолының тарапынан:

сирек - энурез, протеинурия.

Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар:

жиі емес - астения, дімкәстік, шаршау

сирек – мастық сезімі, ысыну сезімі, ашушаңдық, шөлдеу

өте сирек – кеуде қуысындағы жайсыздық сезімі.

Зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелеріне әсері:

сирек - гипербилирубинемия, бауыр ферменттері белсенділігінің өзгеруі, тромбоцитопения, лейкоцитоз

өте сирек – қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы.

* Маркетингтен кейінгі қолдану кезеңінде бет пен еріннің ісінуін қоса, ангионевроздық ісіну туралы хабарланды (жиілігі белгісіз).

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыТолкимадо таблеткалары 50 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube