Қолдану көрсеткіштері
Ересектерге және балаларға 6 жастан бастап.
Іштің ауырсынуын, түйілуін және жайсыздығын, іш кебуді сезінуді (метеоризмді), нәжіс жиілігінің өзгеруімен ішектің моторлы бұзылыстарын (диарея немесе іш қату), диспепсияны, қыжылды, кекіруді, жүрек айнуын, АІЖ және өт жолдарының функционалдық ауруларына байланысты құсуды симптоматикалық емдеу (гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының эрозиялық емес түрі; өт тас ауруы; өт жолдарының дисфункциясы; ішектің тітіркенуі синдромы; Одди сфинктерінің дисфункциясы, постхолецистэктомиялық синдром).
Операциядан кейінгі салданған ішек бітелісі.