daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Троксиметацин ДС Гелі 2% 40 Г | «ВЕТПРОМ» АД

Уральске қаласындағы Троксиметацин ДС Гелі 2% 40 Г | «ВЕТПРОМ» АД
Сипаттама:

Иіссіз, сарыдан сарғыш-жасылға дейінгі біркелкі мөлдір гель.

Халықаралық атауы:

Троксерутин

Өндіруші:

«ВЕТПРОМ» АД

Өндіруші ел:

Болгария

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: карбомер, троламин, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Иіссіз, сарыдан сарғыш-жасылға дейінгі біркелкі мөлдір гель.

Белсенді заттың дозасы:

2%

Дәрілік түрі:

Сыртқа қолдануға арналған 2 % гель

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

созылмалы веналық жеткіліксіздікке байланысты ауыру мен ісінулерде;

аяқта ауырлық пен ауыруды сезінуде;

жарақат сипатындағы ауырулар мен ісінулерде (оның ішінде бұлшықет жарақаты, созылулар немесе шығып кетулер);

веналар склеротерапиясынан кейінгі ауырсыну.

Қарсы көрсеткіштер

троксерутинге немесе қандай да бір қосымша затқа жоғары сезімталдықта

жүктілік (I триместр)

тері жабыны бүтіндігінің бұзылуында.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Белгісіз.

Арнайы ескертулер

Гельді тек зақымдалмаған беткейге жағу керек.

Гельді ашық жараларға, шырышты қабықтарға, көзге тигізбеу керек!

Препаратты қолданғаннан кейін қолды жуу керек.

Созылмалы веналық жеткіліксіздігі бар пациенттерге аурудың бастапқы және кейінгі кезеңдерінде қолдану ұсынылады. Қан тамырларының сіңуінің жоғарылауымен сипатталатын жағдайларда (оның ішінде жәншау, тұмау, қызылша, аллергиялық реакциялар) әсерді күшейту үшін аскорбин қышқылымен бірге қолданылады).

Қосымша заттар

Осы дәрілік препараттың құрамында тері реакцияларын тудыруы мүмкін 0.20 г бензалконий хлориді бар.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Шаранаға және жаңа туған нәрестелерге жағымсыз әсер ету туралы деректер жоқ. Препаратты жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде, сондай-ақ емшек емізу кезеңінде қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындау қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Гельді таңертең және кешке теріге толық сіңгенге дейін төменнен жоғары қарай жеңіл уқалап, зақымданған аймаққа жағу керек. Пациент қандай да бір себеппен препаратты пайдалануды өткізіп  алған жағдайда, екі емдеу сеансы арасында кем дегенде 10-12 сағат аралықты сақтап, кез келген  уақытта жағуына болады. Препараттың дозасы зақымдалған беткейдің аймағына байланысты, бірақ 3-4 см гельден (1,5-2 г) аспауы керек.

Қажеттілігіне қарай бинт немесе эластикалық шұлықтың астына жағуға болады. Емдеу курсы 2 аптадан 1-2 айға дейін. Аурудың қайталануымен емдеу курсын жылына 2-3 рет қайталауға болады.

Енгізу әдісі мен жолы

Гель сыртқа қолдануға арналған.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Артық дозалану қаупі жоқ, өйткені препарат сыртқа қолданылады.

Байқамай гельдің көп мөлшерін жұтып қойған жағдайда, ауыз қуысы мен асқазанды шаю керек; қажет болғанда симптоматикалық ем тағайындалады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.

Шығарылу түрі

30, 40 немесе 50 г препараттан ішкі жабыны лакты, сыртқы беткейі литографияланған, жарғақша мен тығыздайтын сақинасы, бұрандалы полиэтилен қақпағы бар  алюминий сықпаға салынған.

Әр сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Салмағы

40 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыТроксиметацин ДС гелі 2% 40 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube