Қолдану көрсеткіштері
несеп шығару жолдарының жедел және созылмалы инфекциялары (пиелонефрит, цистит, уретрит), және қуық асты безінің (простатит), операциядан кейінгі несеп шығару жолдарының инфекциясы (операциядан кейінгі пиелонефрит, цистит, простатит);
Қолдануға дейінгі қажетті мәліметтер тізімі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші затқа немесе қосымша заттың кез келгеніне, немесе нитрофуран туындыларына жоғары сезімталдық
бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына60 мл-ден аз немесе креатиннің деңгейі жоғары)
полиневропатия (соның ішінде диабеттік);
глюкозо-6-фосфат тапшылығы
жүктілік және лактация кезеңі
бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі
порфирия
18 жасқа дейінгі балалар.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Анемиясы, В тобы дәрумендерінің және фолий қышқылының тапшылығы, өкпе аурулары, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттерге қолданғанда, гемолиздің потенциалды даму қаупіне байланысты, аса сақтық таныту керек.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданғанда аса сақтық таныту керек. Бүйректің паренхиматоздық инфекцияларында ұсынылмайды.
Қант диабеті бар пациенттер сақ болуы керек, өйткені фурагин полинейропатияның дамуын туындатуы мүмкін. Нейропатияның симптомдары жағдайында препарат қабылдауды тоқтату керек.
Анамнезінде аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге Урофурагин® препаратын абайлап пайдалану керек.
Ұзақ емдеу кезінде, әсіресе 65 жастан асқан пациенттерде бүйрек және бауыр функциясын, сондай-ақ өкпе функциясын бақылау керек (өкпе фиброзының қаупі бар).
Препаратты ұзақ пайдалану шеткері невропатияны туындатуы мүмкін.
Урофурагин® препаратының ұзақ профилактикалық дозаларында микробтарға қарсы препараттарға клиникалық тұрғыдан маңызды төзімділігі байқалмайды.
Жалған жарғақшалы колит кезінде нитрофуран туындыларын қоса, бактерияларға қарсы барлық дерлік дәрілер тіркелсе де, препаратпен емдеу кезінде жалған жарғақшалы колит тіркелген жоқ. Осы жағымсыз әсердің болуы мүмкін екендігін, бактерияларға қарсы дәрілерді қабылдаған кезде тік ішектің табиғи микрофлорасының басылуына байланысты, диарея дамыған пациенттерде ескеру керек. Антибиотиктерден айырмашылығы, Урофурагин® ішектің микрофлорасын елеулі өзгертпейді. Жеңіл жалған жарғақшалы колит жағдайында бактерияларға қарсы дәрілерді қолдануды тоқтату жеткілікті.
Урофурагин® препаратын қабылдап жүрген пациенттер глюкозаның деңгейін өлшеу үшін мыс мөлшерін төмендету әдісін пайдаланғанда несептегі глюкозаны талдаудың жалғаноң нәтижелері болуы мүмкін. Егер несептегі глюкоза деңгейін өлшеу үшін ферменттік әдістер пайдаланылса, препаратты қолдану талдаулардың нәтижелеріне ықпалын тигізбейді.
Урофурагинде лактоза бар.
Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері
Сульфонамидтерді пайдалану ұсынылмайды, және біріктірілім қан түзу үдерісіне теріс ықпалын тигізуі мүмкін. Пенициллин және цефалоспорин антибиотиктерін бірге қолдану бактерияларға қарсы белсенділікті едәуір күшейтеді. Тетрациклинмен және эритромицинмен жақсы үйлеседі.
Несептегі сілтілік агенттер нитрофурандардың әсерін төмендетеді.
Несепті қышқылдандыратын агенттер (аскорбин қышқылын, сондай-ақ кальций хлоридін қоса) нитрофурандардың әсерін күшейтеді, бірақ уытты әсерлерінің қаупін арттыруы мүмкін.
In vitro нитрофурандардың хинолондармен (налидикс қышқылы, норфлоксацин, оксолин қышқылы) бірге әсер етуінің антагонизмі бар. Алайда осы өзара әрекеттесулердің клиникалық маңызы in vivo зерттелген жоқ, сондықтан осы препараттарды бір мезгілде қолдануға жол бермеу керек.
Фурагинді урикозуриялық дәрілермен (пробенецидпен, сульфинпиразонмен) бірге енгізу фурагиннің несеппен экскрециясын төмендетеді және жоғары уыттылыққа әкелуі мүмкін.
Емдеу кезінде алкогольді пайдаланбау керек, өйткені еритін фурагинді және алкогольді бір мезгілде қабылдау жағымсыз әсерлерді (жүрек қағысының жиілеуін, кеуденің ауыруын, бас ауыруды, жүректің айнуын, құсуды, құрысуларды, артериялық қысымның түсіп кетуін, ыстықтауды және қорқыныш сезімін) туындатуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Жүкті әйелдерде бақылайтын ешқандай клиникалық сынақтар жоқ. Нитрофурандар плацентарлы тосқауыл арқылы өтеді, бірақ олардың шарана қанындағы концентрациясы ана қанына қарағанда бірнеше есе төмен.
Бала емізу
Нитрофурандар емшек сүтімен бірге шығарылады. Емшек емізу кезінде нитрофуранды, балаларда гемолиздік анемия дамуының потенциалды қаупіне байланысты, қабылдауға болмайды.
Урофурагинде лактоза бар
Галактоза жағымсыздығы, Lapp типті лактазаның жетімсіздігі, глюкоза–галактоза сіңірілуінің бұзылу синдромы. Бұл дәрілік препараттың құрамында лактоза бар. Дәрілік препаратты галактоза жағымсыздығы, Lapp типті лактаза жетіспеушілігінің немесе глюкоза–галактоза сіңірілуінің бұзылу синдромының сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар пациенттерде қолдануға болмайды.
Препарат құрамында бір реттік дозада 1 ммольден (3 мг) аз натрий бар және натрийден бос препарат болып саналады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлік құралдарын басқару қабілетіне және механизмдермен жұмыс жасау мүмкіндігіне фуразидиннің ықпалы туралы деректер жоқ. Дегенмен, кейбір пациенттер автокөлік құралдарын басқару қабілетіне әсерін тигізетін жағымсыз әсерлерді басынан кешіруі мүмкін.