Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат: агомелатин 25 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, жүгері крахмалы, повидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий крахмалы гликолаты (А типі), стеарин қышқылы.
үлбірлі қабықтың құрамы: глицерол, гипромеллоза, темірдің (III) сары тотығы Е172, макрогол 6000, магний стеараты, титанның қостотығы Е171.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ұзындығы 9,5 мм және ені 5,1 мм, бір жағында көгілдір түсті бедері бар қызғылт сары - сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған ұзын пішінді таблеткалар.