Қолдану көрсеткіштері
ересектердегі артериялық гипертензияда
6-дан 18 жасқа дейінгі балалардағы артериялық гипертензияда
диуретиктер, оймақгүл препараттары түрінде стандартты ем алатын, сондай-ақ жекелеп не АӨФ тежегіштерін не бета-блокаторларды алатын, бірақ бір мезгілде емес (аталған барлық препараттарды қолдану міндетті емес), ересек пациенттердегі жүрек жеткіліксіздігінде
глюкозаға төзімділігі бұзылған және жүрек-қантамыр бұзылу қаупі бар ересек пациенттердегі артериялық гипертензияда
сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік және/немесе сол жақ қарыншалық систолалық дисфункция белгілері бар клиникалық тұрақты ересек пациенттерде инфаркттан кейінгі жай-күйде қолданылады