daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Верошпирон Таблеткалары 25 Мг №20 | Гедеон Рихтер ОАО

Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, жалпақ, ойықты, өзіне тән меркаптан иісі және бір жағында «VEROSPIRON» таңбасы бар, түсі ақ дерлік таблеткалар. Шығарылу түрі және қаптамасы 20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. Сақтау мерзімі 5 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды! Сақтау шарттары 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Халықаралық атауы:

Спиронолактон

Өндіруші:

Гедеон Рихтер ОАО

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, жалпақ, ойықты, өзіне тән меркаптан иісі және бір жағында «VEROSPIRON» таңбасы бар, түсі ақ дерлік таблеткалар. Шығарылу түрі және қаптамасы 20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. Сақтау мерзімі 5 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды! Сақтау шарттары 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Белсенді заттың дозасы:

25 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Верошпирон ересектерде және балаларда келесі көрсетілімдер бойынша қолдануға арналған:

басқа емге жауап бермейтін немесе оны көтере алмайтын пациенттердегі жүрек функциясының іркілістік жеткіліксіздігі, сондай-ақ басқа диуретиктердің әсерін күшейту үшін

- эссенциалдық гипертензия, негізінен гипокалиемия жағдайында, әдетте, гипертензияға қарсы басқа да препараттармен біріктіріп

- асцитпен және/немесе ісінумен қатар жүретін бауыр циррозы

- бастапқы гиперальдостеронизмді емдеу

- нефроздық синдром кезіндегі ісінулер

- егер пациент қандай да бір басқа препараттарды алу мүмкін емес жағдайларда, гипокалиемияны емдеу

- басқа емдеу әдістері қолданылмайтын кезде жүрек гликозидтерін қабылдайтын пациенттерде гипокалиемияның профилактикасы

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

- анурия

- бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі

- бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (шумақтық сүзілу жылдамдығы 10 мл/мин аз)

- жүрек функциясының жеткіліксіздігі (шумақтық сүзілу жылдамдығы 30 мл/мин кем немесе креатининнің сарысу концентрациясы 220 мкмоль/л астам)

- гиперкалиемия

- гипонатриемия

- Аддисон ауруы

- эплеринонды немесе басқа калийсақтағыш диуретиктерді бір мезгілде қолдану

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, жалпы лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Верошпирон препаратын:

басқа калийсақтағыш диуретиктермен, АӨФ тежегіштерімен, ангиотензин II рецепторлары антагонистерімен, альдостерон блокаторларымен, калий препараттарымен қатар қабылдау, сондай-ақ калийге бай диетаны ұстану, немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарын тұтыну ауыр гиперкалиемия дамуына әкелуі мүмкін.

Нағыз гиперкалиемия туындататын дәрілік заттардан басқа, триметоприм/сульфаметоксазол (ко-тримоксазол деп аталатын антибиотик) біріктірілімін спиронолактонмен бір мезгілде қолдану клиникалық мәнді гиперкалиемияға әкелуі мүмкін.

Басқа диуретиктер қолдану – диурезді күшейтеді.

Иммунодепрессанттар, циклоспорин және такролимус спиронолактон туындататын гиперкалиемияның даму қаупін арттыруы мүмкін.

Колестирамин, аммоний хлориді гиперкалиемия және гиперхлоремиялық метаболизмдік ацидоздың даму қаупін де жоғарылатуы мүмкін.

Трициклді антидепрессанттар және психозға қарсы дәрілер спиронолактонның гипертензияға қарсы әсерін күшейтуі мүмкін.

Гипотензиялық дәрілер – спиронолактон гипотензиялық препараттардың әсерін күшейтеді, дозасын спиронолактонмен бір мезгілде қабылдаған кезде төмендету және одан әрі қажеттілік жағдайында түзету қажет болуы ықтимал. АӨФ тежегіштері альдостерон өндірілуін төмендететін болғандықтан, осы топ препараттарын спиронолактонмен біріктіріп тұрақты негізде, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуы анықталған пациенттерде пайдаланбаған жөн.

Нитроглицеринмен, өзге нитраттармен немесе вазодилататорлармен бір мезгілде қабылдау спиронолактонның гипертензияға қарсы әсерін күшейтуі мүмкін.

Алкоголь, барбитураттар немесе есірткілік препараттар –спиронолактонмен байланысты ортостаздық гипотензияны үдетуі мүмкін.

Прессорлы аминдер (норэпинефрин) спиронолактон норэпинефринге қантамырлық реакцияны төмендетеді. Осы себептен спиронолактон қабылдайтын пациенттерде жергілікті немесе жалпы анестезия жүргізгенде сақ болу керек.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) – ҚҚСП қабылдау кейбір пациенттерде ілмектік, калийсақтағыш және тиазид диуретиктерінің диурездік, натрийурездік және гипертензияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін. ҚҚСП (мысалы, ацетилсалицил қышқылы, индометацин және мефенам қышқылы) бір мезгілде калийсақтағыш диуретиктермен қолдану ауыр гиперкалиемия дамуына әкелуі мүмкін. Осылайша, спиронолактонды ҚҚСП бір мезгілде қабылдағанда пациенттің жай-күйін несеп айдайтын препараттың қалаулы әсерге жеткізуін мұқият бақылаған жөн.

Глюкокортикостероидтар, АКТГ – электролиттерді енгізу жылдамдығы артуы, атап айтқанда гипокалиемия байқалуы мүмкін.

Дигоксин – спиронолактон дигоксиннің жартылай шығарылу кезеңін ұзартуы мүмкін, бұл оның қан сарысуында дигоксин концентрациясының артуына және соның салдарынан, оның уыттылығының күшеюіне әкелуі ықтимал. Спиронолактон қабылдағанда дигоксин дозасын төмендету қажет болуы мүмкін. Дигоксинмен артық дозалануын немесе дигитализация жеткіліксіздігін болдырмау үшін пациенттің жағдайын мұқият бағалау керек.

Зертханалық зерттеу нәтижелеріне препараттың әсері – әдебиетте спиронолактон немесе оның метаболиттерінің дигоксин концентрациясының радиоиммундық талдау әдісімен анықталған көрсеткіштеріне әсер етудің бірнеше жағдайлары сипатталған. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы әлі белгісіз.

Флуориметриялық талдау кезінде спиронолактон флуоресценций (мысалы, кортизол, эпинефрин) баламалы параметрлерімен қосылыстар мөлшерін талдау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.

Антипирин – спиронолактон антипирин метаболизмін жылдамдатады.

Литий препараттары әдетте, литий препараттарын диуретиктермен бірге қолданбаған жөн. Диуретиктер литийдің бүйректік клиренсін төмендетеді және литий препараттарының уытты әсерлерінің даму қаупін арттырады.

Карбеноксолон – организмде натрий іркілісін туындатуы, соның салдарынан спиронолактонның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Карбеноксолон және спиронолактонды бір мезгілде қолдануды болдырмаған жөн.

Карбамазепин – диуретиктермен бір мезгілде қолданғанда препарат клиникалық мәнді гипонатриемияны туындатуы мүмкін.

Гепарин, төменмолекулалы гепарин – спиронолактонмен бір мезгілде қолдану ауыр гиперкалиемияға әкелуі мүмкін.

Кумарин туындылары – препарат препараттың осы тобының тиімділігін төмендетеді.

Спиронолактон ГнРГ аналогтары (гонадотропин-релизинг-гормон): трипторелин, бусерелин, гонадорелиннің әсерін күшейтуі мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Ерекше сақтықпен спиронолактонды негізгі ауруы ацидоздың және/немесе гиперкалиемияның дамуына түрткі болуы мүмкін пациенттерде қолданған жөн.

Диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде гиперкалиемияның даму қаупі жоғары болады.

Спиронолактон қабылдау қан мочевина азотының (ҚМА) өткінші жоғарылауын, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуы және гиперкалиемия аясында туындатуы мүмкін. Спиронолактон қайтымды гиперхлоремиялық метаболизмдік ацидоз туғызуы мүмкін. Осылайша, препаратты қолдану бүйрек және бауыр функциясы бұзылған пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде қан сарысуында электролиттер көрсеткіштерін және бүйрек функциясын ұдайы бақылап отыру қажет.

Спиронолактонды гиперкалиемия туындататын препараттармен (мысалы, басқа калийсақтағыш диуретиктер, АӨФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының антагонисі, альдостерон блокаторлары, гепарин, төменмолекулалы гепарин, калий препараттары, калийге бай диета, құрамында калий бар тұз алмастырғыштарын тұтыну) бір мезгілде қолдану ауыр гиперкалиемия дамуына әкелуі мүмкін.

Гиперкалиемия өлімге әкеп соғуы мүмкін. Спиронолактон қабылдайтын жүрек функциясы жеткіліксіздігінің ауыр түрі бар пациенттерде калий мөлшерін бақылап отыру мен түзетудің маңызы зор. Препаратты басқа калийсақтағыш диуретиктермен бірге қолданбаған жөн. Сарысудағы калий мөлшері 3,5 мЭкв/л жоғары пациенттерге калий препараттарын қолдануға болмайды. Калий мен креатинин мөлшерін мониторингілеудің ұсынылатын жиілігі препаратты қабылдау басталғаннан немесе спиронолактон дозасын арттырғаннан кейін бір аптадан кейін, ай сайын алғашқы 3 ай ішінде, содан кейін тоқсан сайын бір жыл ішінде, одан кейін әрбір 6 ай сайын. Қан сарысуындағы калий мөлшері 5 мЭкв/л-ден артық немесе креатинин мөлшері 4 мг/дл-ден артық болған кезде спиронолактонды қабылдауды уақытша немесе толық тоқтату керек.

Порфириясы бар пациенттерде Верошпирон препаратын аса сақтықпен қолдану керек, өйткені көптеген препараттар порфирия өршуін қоздырады.

Препарат қабылдағанда алкоголь тұтынуға тыйым салынады.

Қосымша заттар

Лактоза

Верошпирон таблеткаларының құрамында лактоза моногидраты бар. Бұл препаратты галактоза жақпаушылығы, толық лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер қабылдамауы керек.

Натрий

Бұл препараттың құрамында бір таблеткада кемінде 1 ммоль (23 мг) натрий, яғни құрамында натрий жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Спиронолактон адамдарда антиандрогендік әсерге ие, сондықтан оны жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Спиронолактон немесе оның метаболиттері гематоплаценталық бөгет арқылы өтеді. Буаз егеуқұйрықтарда спиронолактонды қолдану аясында еркек жынысты ұрықтарының феминизациясы байқалды, ал туғаннан кейін әйел жынысты және еркек жынысты ұрпақтарында эндокриндік бұзылулар байқалды. Жүкті әйелдерде спиронолактонды қолдану ықтимал пайдасы ана мен шарана үшін ықтимал қауіптерінен асқан жағдайда ғана мүмкін болады.

Бала емізу

Спиронолактон метаболиттері емшек сүтінде анықталды. Спиронолактонды қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтатып, баланы тамақтандырудың басқа әдісін қолданған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеудің басында ұзақтығы әркімде жеке белгіленетін уақыт кезеңінде көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдер басқарудан бас тартқан дұрыс. Әрі қарай шектеулер әр пациент үшін жеке анықталуы керек.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер

Бастапқы гиперальдостеронизм

Диагностикалық мақсаттар үшін

Ұзақ тест: спиронолактон тәулігіне 400 мг-ден 3-4 апта қабылданады. Гипокалиемия және артериялық гипертензияны түзетуге қол жеткізгенде бастапқы гиперальдостеронизм барын болжамдауға болады.

Қысқа тест: спиронолактон тәулігіне 400 мг-ден 4 күн бойы қабылданады. Верошпирон препаратын қабылдау кезінде қанда калий мөлшері артқанда және оны тоқтатқаннан кейін төмендегенде бастапқы гиперальдостеронизм барын болжамдауға болады.

Емі

Хирургиялық емге дайындық кезінде спиронолактонды тәулігіне 100-ден 400 мг дейінгі дозаларда қолданады. Егер операция тағайындалмаса, спиронолактонды ең аз тиімді дозада ұзақ демеуші ем үшін қолдануға болады. Ондай жағдайда препараттың бастапқы дозасы ең аз тиімді дозаға жеткенге дейін әрбір 14 күн сайын азайтылуы мүмкін. Верошпирон препаратын ұзақ қолданғанда жағымсыз әсерлерінің айқындығын төмендету үшін басқа диуретиктермен біріктірілімде қолдану ұсынылады.

Жүрек функциясының іркілістік жеткіліксіздігі немесе нефроздық синдром аясындағы ісінулер

Бастапқы доза 100 мг құрайды және тәулігіне 25-тен 200 мг дейінгі аралықта өзгеруі мүмкін, препаратты 1-2 қабылдау ішінде қолдануға болады. Верошпирон препаратының анағұрлым жоғары дозаларын қабылдағанда бүйрек өзекшерінің анағұрлым проксимальдық бөлігінде әсер ететін диуретикпен бірге қолданылуы мүмкін. Ондай жағдайда Верошпирон препаратының дозасын түзету керек.  

Жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігін емдеген кезде қосымша ем (Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) жіктеуі бойынша III-IV класс және лықсыту фракциясы ≤35%)

Альдактонды қолдануды рандомизацияланған зерттеу нәтижелері негізінде (RALES), егер қан сарысуында калий мөлшері 5,0 мЭкв/л аспайтын болса, ал креатинин концентрациясы қан сарысуында 2,5 мг/дл аспайтын болса, қолданудың басында базалық стандартты ем аясында спиронолактонның дозасы тәулігіне 25 мг құрауы тиіс екендігі анықталды. Тәулігіне 25 мг дозада препарат жағымдылығы жақсы пациенттерге клиникалық көрсетілімдері бойынша дозаны тәулігіне 50 мг дейін арттыруға болады. Препарат жақпайтын пациенттерге тәулігіне 25 мг дозада, препарат дозасын 2 күнде бір рет 25 мг дейін төмендетуге болады.

Бұрын қолданылған гипотензиялық препараттардың тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда артериялық гипертензияны емдеу кезіндегі қосымша ем

Спиронолактонның бастапқы дозасы басқа гипотензиялық препараттармен бір мезгілде қолданғанда тәулігіне 25 мг құрайды. Егер 4 апта өткеннен кейін артериялық қысым мақсатты мәніне жетпесе, препараттың дозасын екі еселеуге болады. Гиперкалиемия дамуын туындатуы мүмкін  препаратты қабылдайтын артериялық гипертензиясы бар пациенттерде (мысалы, АӨФ тежегіштері немесе ангиотензин рецепторларының блокаторлары), спиронолактон қолдануды бастағанға дейін қан сарысуында калий және креатинин мөлшерін бағалау керек. Қан сарысуында калий мөлшері 5,0 ммоль/л асатын, ал креатинин концентрациясы қан сарысуында 2,5 мг/дл асатын пациенттерге Верошпирон препаратын қолданбаған жөн. Спиронолактон қабылдауды бастағаннан кейін 3 ай ішінде қандағы калий және креатинин мөлшерін мұқият бағалау керек.  

Асцит және бауыр циррозына байланысты ісінулер

Егер несепте Na/K иондарының арақатынасы 1,0 асатын болса, препараттың тәуліктік дозасы 100 мг құрауы тиіс. Егер көрсетілген арақатынасы 1,0 аз болса, препарат дозасы тәулігіне 200-ден 400 мг дейінгі аралықта болуы тиіс.

Демеуші доза әрбір пациент үшін жекелей белгіленуі тиіс.

Гипокалиемия

Егер калий препараттарын немесе басқа калий жинақтаушы әдістерді қолдану жеткіліксіз болатын болса, препарат тәулігіне 25-100 мг дозада тағайындалады.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Препараттың бастапқы дозасы 1-4 қабылдауға тәулігіне дене салмағына 1-3 мг/кг құрайды. Демеуші ем жүргізгенде немесе басқа диуретиктермен бір мезгілде қолданғанда спиронолактон дозасы дене салмағына 1-2 мг/кг дейін төмендетілуі тиіс.

Қажет болғанда ұсақталған 25 мг таблеткадан суспензия дайындауға болады

Егде жастағы пациенттер

Препаратпен емдеуді ең жоғары қажетті әсеріне жеткенге дейін оны біртіндеп арттыра отырып ең аз дозадан бастау ұсынылады. Спиронолактон метаболизмі мен шығарылуына әсер етуі ықтимал бүйрек пен бауырдың ауыр бұзылулары бар пациенттерде сақ болу керек. Сонымен қоса, препаратты егде жастағы пациенттерде қолданғанда гиперкалиемияның даму қаупін ескерген жөн.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану бойынша арнайы нұсқаулар жоқ.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану бойынша арнайы нұсқаулар жоқ.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Әдетте, спиронолактонның тәуліктік дозасы тамақтанудан кейін тәулігіне 1 немесе 2 рет қабылданады. Препараттың тәуліктік дозасын немесе тәуліктік дозасының бірінші бөлігін таңертең қабылдау ұсынылады.

Емдеу ұзақтығы

Верошпирон препаратын дәрігер тағайындағандай ұзақ қабылдау жөн. Бәлкім, бұл препаратты ұзақ уақыт қабылдауға тура келеді.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: спиронолактонмен артық дозалану оны қабылдау аясында байқалатын жағымсыз реакцияларға жататын жағдайлар мен симптомдарды туындатуы мүмкін (мысалы ұйқышылдық, сананың шатасуы, макулопапулезді немесе эритематозды бөртпе, жүрек айну, құсу, бас айналу, диарея). Сирек жағдайларда гипонатриемия немесе гиперкалиемия байқалуы мүмкін, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде; ауыр бауыр аурулары бар пациенттерде артық дозалану бауыр комасына әкелуі мүмкін.

Емі: симптоматикалық, спецификалық антидоты жоқ. Су-электролиттік және қышқылды-сілтілік теңгерімді калий шығаратын диуретиктерді тағайындаумен, инсулинмен бірге глюкозаны парентеральді енгізумен сақтап тұру керек. Ауыр жағдайларда гемодиализ жүргізіледі.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Егер дозаны қабылдауды өткізіп алсаңыз, онда келесі дозаның уақыты келмесе, есіңізге түскен бойда қабылдаңыз. Содан кейін препаратты бұрынғыдай қабылдауды жалғастыру керек. Өткізіп алған дозаны толықтыру үшін еселенген дозаны қабылдауға болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Егер препаратты қолдану әдісіне қатысты күмән туындаса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Артық дозалану

Шығарылу түрі

20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыВерошпирон таблеткалары 25 мг №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube