daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Вертинекс Таблеткалары 5 Мг №100 | Кусум Хелткер Пвт. Лтд.

Уральске қаласындағы Вертинекс Таблеткалары 5 Мг №100 | Кусум Хелткер Пвт. Лтд.

Халықаралық атауы:

Прохлорперазин

Өндіруші:

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты (Фарматоза 200 М), микрокристалды целлюлоза РН 101, жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза РН 102, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы. Сыртқы түрінің, иісінің дәмінің сипаттамасы Дөңгелек, екі беті дөңес, екі жағы тегіс, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықсыз таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

5 мг

Дәрілік түрі:

Таблеткалар 5 мг

Қаптамадағы саны:

100 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- Меньер синдромымен астасқан бас айналуында, сондай-ақ, бас сақинасын қоса, кез келген себептерден жүрек айнуы мен құсуда

- шизофренияда (әсіресе, созылмалы сатысында), жедел манияда, үрейленуді емдеуде

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүрек-қантамырлық ауыр аурулар (декомпенсацияланған ЖСЖ, артериялық гипотензия)

- ОЖЖ функциясының айқын бәсеңдеуі және шығу тегі кез келген кома жағдайлары; ми жарақаты, ми мен жұлынның үдемелі жүйелі аурулары

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

ВЕРТИНЕКС® препаратын бауыр мен бүйректің дисфункциясы, Паркинсон ауруы, гипотиреоидизмі, жүрек жеткіліксіздігі, феохромоцитомасы, миастения gravis және простата гипертрофиясы бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Препаратты фенотиазиндерге сезімталдығы жоғары, сондай-ақ, анамнезінде тар бұрышты глаукома немесе агранулоцитоз болған пациенттерге тағайындамау керек.

Анамнезінде эпилепсия немесе ұстамалар болған пациенттерге мұқият медициналық қадағалау қажет, өйткені фенотиазиндер құрысу шегінің төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.

Агранулоцитоз туындаған жағдайларға байланысты, қанның жалпы талдауына жүйелі түрде мониторинг жүргізу ұсынылады. Түсініксіз инфекциялардың немесе қызбаның туындауы қан дискразиясын білдіруі мүмкін және дереу гематологиялық тексеру жүргізуді қажет етеді.

Түсініксіз қызба туындаған жағдайда емдеуді тоқтату қажет лихорадки, өйткені ол қатерлі нейролептикалық синдромның белгісі (бозару, гипертермия, вегетативтік дисфункция, сана деңгейінің өзгеруі, бұлшықеттердің сіресуі) болуы мүмкін. Вегетативтік дисфункцияның, атап айтқанда, тершеңдіктің және артериялық орнықсыздықтың пайда болуы, гипертермияның туындағанын көрсетуі және дер кезіндегі ескерту болуы мүмкін. Қатерлі нейролептикалық синдром табиғаты жағынан идиосинкразиялық болуы мүмкіндігіне қарамастан, сияқты қауіп факторлары сусыздану және мидың органикалық зақымдануы орын алуы мүмкін.

Нейролептиктердің жоғары дозаларымен емдеуді күрт тоқтатудың нәтижесінде, жүрек айнуын, құсуды және ұйқысыздықты қоса, препаратты күрт тоқтатудың симптомдары өте сирек туындаған. Қайталануы туындауы мүмкін, сонымен қатар, экстрапирамидалық реакциялар туралы хабарланды. Осыны ескере отырып, препаратты біртіндеп тоқтату ұсынылады.

Шизофрениясы бар пациенттерде нейролептикалық препараттармен емдеуге жауап кешірек басталуы мүмкін. Емдеу тоқтатылған жағдайда біршама уақыт бойы симптомдары қайтадан басталмауы мүмкін.

Нейролептикалық фенотиазиндер QT аралығының ұзаруына алып келуі мүмкін, бұл «пируэт» типті елеулі қарыншалық аритмиялардың туындау қаупінің артуына ықпал етеді, олар өлімге (кенетен өлуге) соқтыруы мүмкін. QT аралығының ұзаруы, әсіресе, брадикардия, гипокалиемия және QT аралығының туа біткен немесе жүре пайда болған (дәрі-дәрмектік) ұзаруы болған жағдайда күшейе түседі. ВЕРТИНЕКС® препаратымен емдеуді бастағанға дейін пайдасы/қаупінің арақатынасын мұқият бағалау керек. Егер клиникалық жағдай мүмкіндік берсе, ВЕРТИНЕКС® препаратымен емдеуді бастағанға дейін және емдеудің бастапқы сатысында, сондай-ақ, емдеу курсы бойына қажеттілігіне қарай ықтимал қауіп факторларын (мысалы, жүрек-қантамыр аурулары; отбасылық анамнездегі QT аралығының ұзаруы; гипокалиемия, гипокальциемия немесе гипомагниемия сияқты метаболизм бұзылулары; ашығу; алкогольді шамадан тыс тұтыну; QT аралығының ұзаруына ықпал ететін препараттармен бірге емдеу) анықтау үшін медициналық және зертханалық тексерулер (мысалы, биохимиялық статус және ЭКГ) жүргізу ұсынылады.

Басқа нейролептикалық дәрілермен бір мезгілде қабылдамаған дұрыс.

Инсульт: жүрек-қантамырлық асқынулар қаупінің 3 есе жоғарылағаны байқалды. Ондай қауіптердің туындау механизмі белгісіз. Басқа нейролептикалық препараттарды, сондай-ақ, пациенттердің басқа популяциясында қабылдағанда қауіптің жоғарылайтынын жоққа шығаруға болмайды. Инсульт қаупі бар пациенттерге ВЕРТИНЕКС® препаратын сақтықпен қолдану керек.

Психозға қарсы қалған препараттар сияқты, депрессия басым болған жағдайда ВЕРТИНЕКС® препаратын монотерапия ретінде қарастырмау керек. Сонымен қатар, оны депрессия мен психоздың бірігуін емдеуге арналған антидепрессанттармен бірге пайдалануға болады.

Фотосенсибилизация қаупіне байланысты, пациенттер тікелей түсетін күн сәулесінен қорғануы керек.

Фенотиазиндерді жиі қабылдайтын пациенттерде тері сенсибилизациясының алдын алу үшін, оларға препараттың теріге тимеуін аса ұқыптылықпен қадағалау ұсынылады.

Препаратты егде жастағы пациенттерге, әсіресе, өте ыстық немесе өте салқын ауа райы кезінде қолданғанда сақтық таныту қажет (гипер- және гипотермия қаупі).

Әсіресе, егде жастағы пациенттер постуральді гипотензияға бейірімек.

Егде жастағы пациенттер препараттың орталық жүйке жүйесіне әсер етуіне жиі ұшырайтындықтан, оларда ВЕРТИНЕКС® препараты сақтықпен қолданылуы тиіс, сонымен қатар төменірек бастапқы дозалары ұсынылады. Ұзақ емдеудің нәтижесінде егде жастағы пациенттерде дәрі-дәрмектік паркинсонизм қаупі жоғарылайды. Сонымен қатар, ВЕРТИНЕКС® препаратының түрлі жағымсыз әсерлері мен негізгі аурудың белгілерін ажыратуда мұқият болу керек.

Вена тромбоэмболиясы

Психозға қарсы препараттармен вена тромбоэмболиясы (ВТЭ) жағдайлары туралы хабарланды. Психозға қарсы препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде ВТЭ үшін жүре пайда болған қауіп факторлары жиі болатындықтан, прохлорперазинмен емдеуге дейін және емдеу кезінде ВТЭ үшін болуы мүмкін барлық қауіп факторларын анықтау және профилактикалық шараларды қолдану керек.

Гипергликемия

Психозға қарсы фенотиазиндерді қабылдаған пациенттерде, гипергликемия немесе глюкоза жақпаушылығы байқалған. Қант диабеті диагнозы қойылған немесе диабет дамуының қауіп факторлары бар, прохлорперазинді қабылдауды жаңа бастаған пациенттер, емделу кезінде сәйкесінше гликемиялық мониторингтен өтуі тиіс.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

ВЕРТИНЕКС® препаратымен артық дозаланған пациенттерде адреналинді қолдану ұсынылмайды.

Нейролептикалық препараттардың ОЖЖ-ға депрессивтік әсері алкогольді қолданғанда, барбитураттарды және басқа тыныштандыратын агенттерді қабылдағанда күшейе түсуі (қосымша) мүмкін. Тыныс тарылуы орын алуы мүмкін.

Антихолинергиялық препараттар нейролептиктердің психозға қарсы әсерінің төмендеуіне ықпал етуі мүмкін, ал басқа антихолинергиялық дәрілерді қолданғанда орташа антихолинергиялық әсері күшейе түсуі мүмкін, ол іш қатуға, ыстық өтуге және т.б. алып келуі мүмкін.

Кейбір препараттар: антацидтер, паркинсон ауруына қарсы дәрілер және литий препараттары нейролептиктердің сіңуін бәсеңдетеді.

Нейролептиктерден туындаған экстрапирамидалық симптомдарды емдеу қажет болған жағдайда, леводопадан гөрі паркинсон ауруына қарсы антихолинергиялық агенттерді таңдаған дұрыс, өйткені нейролептиктердофаминергиялық препараттардың паркинсон ауруына қарсы әсеріне қарсы әсер береді.

Нейролептиктердің жоғары дозалары гипогликемиялық препараттарға жауапты төмендетеді, олардың дозаларын жоғарылату қажет болуы мүмкін.

Нейролептиктерді қолданудың нәтижесінде гипертензияға қарсы препараттардың көпшілігінің, әсіресе, альфа-адренорецепторлардың блокаторларының гипотензиялық әсері күшеюі мүмкін.

Кейбір препараттардың әсері фенотиазиндік нейролептиктердің, мысалы, амфетаминнің, леводопаның, клонидиннің, гуанетидиннің және адреналиннің әсеріне кереғар болуы мүмкін.

Бірқатар препараттардың, мысалы, пропранололдың, фенобарбиталдың плазмадағы концентрациялары артқаны және азайғаны байқалған, алайда олар клиникалық тұрғыдан маңызды болмады.

Дезферриоксамин мен прохлоперазинді бір мезгілде қолдану 48–72 сағаттай естен танумен қатар жүретін транзиторлық метаболизмдік энцефалопатияның дамуына алып келген.

Нейролептиктерді QT аралығын ұзартатын препараттармен (аритмияға қарсы кейбір препараттарды, антидепрессанттарды және басқа антипсихотиктерді қоса) және электролит теңгерімсіздігін тудыратын дәрілермен бір мезгілде қабылдағанда аритмия қаупі жоғарылайды.

Нейролептиктерді миелосупрессивтік әсері бар препараттармен, мысалы, карбамазепинмен немесе кейбір антибиотиктермен және цитоуытты препараттармен бір мезгілде қабылдағанда, агранулоцитоздың даму қаупі артуы мүмкін.

Нейролептиктермен және литий препараттарымен бір мезгілде ем қабылдап жүрген пациенттер, нефроуыттылық туындаған сирек жағдайларды байқаған.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

ВЕРТИНЕКС® препаратының құрамында әр таблеткасында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни, іс жүзінде, «натрийсіз».

Балалар

0,5 мг/кг кумулятивтік дозасынан кейін дистониялық реакциялардың болуы мүмкіндігіне байланысты, ВЕРТИНЕКС® препаратын 12 жастан асқан балаларда сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

ВЕРТИНЕКС® препаратын жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пациенттер препаратты қабылдаудың алғашқы күндері ұйқышылдық туындауы мүмкіндігін ескеруі және автокөлік басқаруды және басқа механизмдермен жұмыс істеуді шектеуі тиіс.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Бас айналуы және Меньер синдромы:

Ересектер: күніне үш рет 5 мг, қажеттілігіне қарай күнделікті ең көбі 30 мг дейін арттыра отырып. Бірнеше апта емдеуден соң, дозасын біртіндеп күніне 5-10 мг дейін азайтуға болады.

Жүрек айнуы және құсу:

Ересектер: бір қабылдауға 20 мг, ары қарай қажет болса 2 сағаттан соң 10 мг қабылдау керек.

Үрейленуді қысқамерзімді емдеуге қосымша:

Ересектер: күнделікті 15, 20 мг-ден бөлінген дозаларда, қажет болса, күніне ең көбі, бөлінген дозалардағы 40 мг дейін арттыру.

Шизофрения және басқа психикалық бұзылыстар: Әдетте тиімді дозасы шамамен тәулігіне 75-100 мг құрайды. Пациенттердің реакциясы айтарлықтай өзгешеленуі мүмкін. Келесі кесте ұсынылады: бастапқыда 7 күн бойы күніне 2 рет 12,5 мг, ары қарай дозасын 4-7 күндік аралықпен 12,5 мг дейін, қанағаттанарлық жауапқа қол жеткізгенге дейін арттырады. Тиімді дозасын бірнеше апта қолданудан кейін дозасын төмендетуге тырысып көру керек. Қазіргі кезде 50 мг немесе 25 мг сияқты аса төмен дозасы тиімді болып отыр.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

12 жасқа дейінгі балалар үшін ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге, қажыған немесе әлсіреген пациенттерге, әдетте, бастапқы азғантай дозасы керек, қажет болған жағдайда және жағымдылығын ескере отырып, оны біртіндеп арттырады.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: ұйқышылдық, естен тану, гипотензия, тахикардия, ЭКГ өзгерістері, қарынша аритмиялары және гипотермия. Экстрапирамидалық дискинезия дамуы мүмкін.

Емі: Препараттың уытты болуы ықтимал мөлшері қабылданғаннан кейін, асқазанды шаю ұсынылады. Белсендірілген көмірді қабылдау қажет.

Арнайы антидоты жоқ. Демеуші ем ұсынылады.

Жайылған вазодилатация циркуляторлық коллапстың дамуына алып келуі мүмкін. Пациенттің аяқтарын көтеріп қою жеткілікті шара болуы мүмкін. Ауыр жағдайларда вена ішіне енгізу арқылы сұйықтық көлемін арттыру қажет болуы мүмкін. Гипотермияны болдырмау үшін, енгізілетін сұйқытықты алдын ала жылытып алу қажет.

Егер циркуляторлық коллапсты түзету үшін сұйықтықтың орнын толтыру жеткілікті дәрежеде тиімді шара болмай шықса, оң инотроптық препараттарды, мысалы, допаминді қолдану керек. Шеткері вазоконстрикторлар, әдетте, ұсынылмайды. Адреналинді қолданбаңыз.

Қарыншалық немесе суправентрикулярлық тахиаритмиялар, әдетте, дененің қалыпты температурасы қалпына келгенде және циркуляторлық және метаболизмдік бұзылуларды түзеткен кезде басылады. Егер симптомдары сақталып қалса немесе өмірге қауіп төндірсе, аритмияға қарсы сәйкесінше емді қолдануды қарастыру керек.

Лидокаинді және, мүмкіндігінше, аритмияға қарсы ұзақ әсер ететін препараттарды қолданбаңыз.

Орталық жүйке жүйесінің айқын депрессиясы тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіруді немесе, аса қажет болған жағдайда, жасанды жолмен тыныс алдыруды талап етеді. Ауыр дистониялық реакциялар, әдетте, проциклидинді (5–10 мг) немесе орфенадринді (20–40 мг) бұлшықетішіне немесе вена ішіне енгізгенде басылады.

Құрысуларды вена ішіне диазепамды енгізе отырып басуға болады.

Қатерлі нейролептикалық синдром кезінде салқындату жүргізу ұсынылады. Натрий дантроленін пайдалануға болады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз.

Артық дозалану

Шығарылу түрі

ПВХ/ПВДХ үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 1 немесе 10 қаптама с инструкцией по медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықан қорғалған жерде 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыВертинекс таблеткалары 5 мг №100 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube