daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы ВиваКор Таблеткалары 5 Мг/5 Мг №30 | Вива Фарм ТОО

Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар (5 мг/5 мг дозасы үшін). Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар (5 мг/10 мг дозасы үшін). Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар (10 мг/20 мг дозасы үшін).

Өндіруші:

Вива Фарм ТОО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: старлак (85% лактоза моногидраты қоспасы және 15% жүгері крахмалы), натрий крахмалы гликоляты, аэросил, магний стеараты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар (5 мг/5 мг дозасы үшін). Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар (5 мг/10 мг дозасы үшін). Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар (10 мг/20 мг дозасы үшін).

Белсенді заттың дозасы:

5мг/5мг

Дәрілік түрі:

Таблеткалар, 5 мг/5 мг, 5 мг/10 мг, 10 мг/20 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

ересектердегі эссенциальді артериялық гипертензия

көрсетілген дозаларда лизиноприл мен амлодипинді бір мезгілде қабылдау аясында артериялық қысымды талапқа сай бақылайтын ересек пациенттерде орын басу емі ретінде

Қарсы көрсеткіштер

Лизиноприлмен байланысты:

лизиноприлге немесе ангиотензин өзгертуші ферменттің (AӨФ)кез келген басқа тежегішіне жоғары сезімталдық

АӨФ тежегіштерімен алдыңғы емдеуге байланысты анамнездегі ангионевроздық ісіну

тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну

жүктіліктің 2-ші және 3-ші триместрі

ВиваКор® препаратын қант диабетімен ауыратын пациенттерде немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2) алискирен препараттарымен бір мезгілде қабылдауға болмайды

ангионевроздық ісінудің даму қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану.

Амлодипинмен байланысты:

амлодипинге немесе дигидропиридиннің кез келген басқа туындысына жоғары сезімталдық

айқын артериялық гипотензия

шок (соның ішінде кардиогендік шок)

сол жақ қарыншадан шығатын жолдың обструкциясы (аортальді стеноздың ауыр дәрежесі)

жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі.

ВиваКор® препаратымен байланысты:

Жекелеген компоненттерді қолдануға байланысты жоғарыда көрсетілген барлық қарсы көрсетілімдер біріктірілген ВиваКор препаратына да қатысты.

қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

18 жасқа дейін

бала емізу кезеңі

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Егер Сізде төменде көрсетілген жағдайлардың/аурулардың қандай-да біреуі бар болса, препаратты қабылдауды бастағанға дейін емдеуші дәрігермен кеңесу қажет:

Қолқа стенозы, митральді стеноз, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия, артериялық гипотензия, цереброваскулярлық аурулар (соның ішінде, ми қанайналымының жеткіліксіздігі), жүректің ишемиялық ауруы, коронарлық жеткіліксіздік, ЖСЖ, шығу тегі ишемиялық емес ФК III‒IV, жедел миокард инфарктісі (сондай-ақ, жедел миокард инфарктісінен кейін 1 ай ішіндегі), Принцметал стенокардиясы, синустық түйін әлсіздігі синдромы (айқын тахикардия немесе брадикардия), дәнекер тіннің ауыр аутоиммундық жүйелі аурулары (соның ішінде, жүйелі қызыл жегі, склеродермия), калий жинақтаушы диуретиктерді, калий препараттарын және калий негізді тұз алмастырғыштарды қабылдау, миелосупрессия, қант диабеті, гиперкалиемия, гипонатриемия, бүйрек артерияларының екіжақты стенозы, жалғыз бүйрегі қызмет аткаратын пациенттердегі бүйрек артериясының стенозы, бүйрек трансплантациясынан кейінгі жағдай, бүйрек жеткіліксіздігі, азотемия, өткізгіштігі жоғары жарғақшаларды пайдаланып жүргізілген гемодиализ, бастапқы альдостеронизм, тұз мөлшері шектелген диета, айналымдағы қан көлемінің төмендеуімен байланысты жағдайлар (соның ішінде қосу және диарея), жас егделігі, бауыр жеткіліксіздігі, CYP3A4 изоферментінің тежегіштерімен немесе индукторларымен бір мезгілде қолдану, құрамында алискирен бар препараттармен, немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен (РААЖ қосарлы блокадасы кезінде артериялық гипотензияның, гиперкалиемияның және бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупінің жоғарылауы) бір мезгілде қолдану, қара нәсілді пациенттерде қолданылуы.

Жоғарыда айтылғандардың Сізге қатысты екеніне сенімді болмасаңыз, ВиваКор® қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Лизиноприлмен байланысты өзара әрекеттесулер

Гипотензиялық препараттар

Лизиноприлді басқа гипертензияға қарсы препараттармен (мысалы, нитроглицерин және басқа нитраттар немесе басқа вазодилататорлар) бірге қолданған кезде артериялық қысымның күрт төмендеуі мүмкін (аддитивті әсер).

Клиникалық зерттеулердің деректері АӨФ тежегіштерімен, ангиотензин II рецепторларының блокаторларымен немесе алискиренмен біріктіріп қолданғанда РААЖ бөгейтін тек бір препаратты пайдаланумен салыстырғанда ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы артериялық гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеуі (соның ішінде жедел бүйрек жеткіліксіздігі) сияқты жағымсыз құбылыстар қаупінің жоғарылауымен байланысты екенін көрсетті.

Ангионевроздық ісінудің даму қаупін арттыратын препараттар

Бейтарап эндопептидаза тежегіштері

Ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғарылауы туралы АӨФ және рацекадотрил тежегіштерін (энкефалиназа тежегіші) бір мезгілде қолдану кезінде хабарланды.

Құрамында сакубитрил (неприлизин тежегіші) бар дәрілік препараттармен АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда ангионевроздық ісінудің даму қаупі артады, осыған байланысты аталған препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды. АӨФ тежегіштерін құрамында сакубитрил бар препараттарды тоқтатқаннан кейін 36 сағаттан ерте тағайындамау керек.

AӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерге, сондай-ақ AӨФ тежегіштерін тоқтатқаннан кейін 36 сағат ішінде құрамында сакубитрил бар препараттарды тағайындауға болмайды.

Плазминоген тіндік активаторлары

Бақылау зерттеулерінде ишемиялық инсульттің тромболитикалық терапиясы үшін алтеплазаны қолданғаннан кейін АӨФ тежегіштерін қабылдаған пациенттерде ангионевроздық ісіну даму жиілігінің жоғарылауы анықталды.

Сүтқоректілердің жасушаларында (mTOR) рапамицин нысана тежегіштерімен (мысалы, темсиролимус, сиролимус, эверолимус) немесе вилдаглиптинмен бір мезгілде АӨФ тежегіштерін қабылдау ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Диуретиктер

Лизиноприлмен бір мезгілде диуретикалық дәрілерді қабылдау, әдетте, қосымша гипотензиялық әсер береді.

Лизиноприлді диуретиктерді қабылдап жүрген және әсіресе диуретиктер жақында тағайындалған пациенттерге тағайындаған кезде артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі мүмкін. Лизиноприлмен емдеуді бастамас бұрын диуретиктер қабылдауды тоқтатқан кезде симптоматикалық гипотензияның даму қаупін азайтуға болады.

Құрамында калий бар тағамдық қоспалар, калий жинақтаушы диуретиктер, құрамында калий бар тұз алмастырғыштар және қан сарысуындағы калий мөлшерін арттыратын басқа препараттар

Қан сарысуындағы калий мөлшері әдетте қалыпты мәндер шегінде қалса да, лизиноприл қабылдаған кейбір пациенттерде гиперкалиемия байқалуы мүмкін. Калий жинақтаушы диуретиктерді (мысалы, спиронолактон, триамтерен немесе амилорид), құрамында калий бар тағамдық қоспаларды немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды бір мезгілде қабылдау, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қан сарысуындағы калий мөлшерінің айтарлықтай артуына әкелуі мүмкін. Лизиноприлді триметоприм және ко-тримоксазол (триметоприм/сульфаметоксазол) сияқты қан сарысуындағы калий мөлшерін арттыратын басқа препараттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек (өйткені триметоприм калий жинақтаушы диуретик амилоридке ұқсас әсер ететіні белгілі). Осылайша, лизиноприлді жоғарыда аталған препараттармен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда препараттарды сақтықпен және қан сарысуындағы калий мөлшеріне мерзімді мониторинг жүргізе отырып қолдану керек.

Циклоспорин

АӨФ тежегіштері мен циклоспоринді бір мезгілде қолдану гиперкалиемияға әкелуі мүмкін. Қан сарысуындағы калий мөлшеріне мониторинг жүргізу ұсынылады.

Гепарин

АӨФ тежегіштері мен гепаринді бір мезгілде қолдану гиперкалиемияға әкелуі мүмкін. Қан сарысуындағы калий мөлшеріне мониторинг жүргізу ұсынылады.

Егер лизиноприл калий жинақтаушы диуретикпен бір мезгілде қолданылса, диуретикті қабылдауға байланысты гипокалиемия азаюы мүмкін.

Литий препараттары

АӨФ тежегіштері мен литий препараттарын бір мезгілде қолданғанда қан сарысуындағы литий концентрациясының қайтымды жоғарылауы және уытты әсерлердің пайда болуы туралы хабарланды. Тиазидті диуретиктерді бір мезгілде қабылдау литий уытты әсерінің даму қаупін арттыруы және АӨФ тежегіштерін қолдану аясында литий уыттылығының жоғарылау қаупін арттыруы мүмкін. Лизиноприл мен литий препараттарын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, бірақ осы біріктірілімді қолдану қажет болған жағдайда қан сарысуындағы литий мөлшерін мұқият бақылау керек.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП), оның ішінде ≥3 г/тәуліктік дозада ацетилсалицил қышқылы

АӨФ тежегіштерін және қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (мысалы, қабынуға қарсы препарат ретінде ацетилсалицил қышқылы, ЦОГ-2 тежегіштері және селективті емес ҚҚСП) бір мезгілде қолданғанда гипертензияға қарсы әсердің әлсіреуі мүмкін. AӨФ және ҚҚСП тежегіштерін бір мезгілде қабылдау ықтимал жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының бұзылу қаупін арттыруы және қан сарысуындағы калий мөлшерін, әсіресе бүйрек функциясы бастапқыда төмендеген пациенттерде жоғарылатуы мүмкін. Бұл әсерлер әдетте қайтымды. Бұл біріктірілімді әсіресе егде жастағы пациенттерде сақтықпен тағайындау керек. Пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін алуы тиіс. Сонымен қатар, біріктірілген емді тағайындағаннан кейін бүйрек функциясын бақылау қажеттілігін қарастырып, оны одан әрі мезгіл-мезгіл жүргізіп отыру керек.

Алтын препараттары

Құрамында алтын бар инъекциялық препараттарды (мысалы, натрий ауротиомалатын) енгізгеннен кейін нитритоидты реакциялар (өте айқын болуы мүмкін гиперемияны, жүректің айнуын, бас айналуды және артериялық гипотензияны қоса, вазодилатация симптомдары) АӨФ тежегіштерімен ем қабылдап жүрген пациенттерде жиі тіркелді.

Трициклді антидепрессанттар / нейролептиктер / жалпы анестезияға арналған дәрілер

Жалпы анестезияға арналған кейбір дәрілерді, трициклді антидепрессанттарды және AӨФ тежегіштерімен нейролептиктерді бір мезгілде қолдану артериялық қысымның одан әрі төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Симпатомиметиктер

Симпатомиметиктер АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін.

Гипогликемиялық препараттар

Эпидемиологиялық зерттеулер АӨФ тежегіштерін және гипогликемиялық препараттарды (инсулиндер, ішке қабылдауға арналған гипогликемиялық препараттар) бір мезгілде қабылдау гипогликемияның даму қаупі бар гипогликемиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Осы құбылыстың дамуы препараттардың біріктірілімімен емдеудің алғашқы аптасында, сондай-ақ бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде көбірек болуы ықтимал.

Ацетилсалицил қышқылы, тромболитиктер, бета-блокаторлар, нитраттар

Лизиноприлді ацетилсалицил қышқылымен (кардиологиялық дозаларда), тромболитиктермен, бета-адреноблокаторлармен және/немесе нитраттармен бір мезгілде қолдануға болады.

Амлодипинмен байланысты өзара әрекеттесулер

CYP3A4 изоферментінің тежегіштері

Амлодипинді күшті немесе орташа CYP3A4 изоферментінің тежегіштерімен (протеаза тежегіштері, азол тобының зеңге қарсы препараттары, эритромицин немесе кларитромицин, верапамил немесе дилтиазем сияқты макролидтер) бір мезгілде қолдану амлодипин концентрациясының айтарлықтай жоғарылауына және сәйкесінше артериялық гипотензияның даму қаупіне әкелуі мүмкін. Бұл фармакокинетикалық өзгерістердің клиникалық көріністері егде жастағы пациенттерде айқынырақ болуы ықтимал. Осыған байланысты клиникалық жағдайына мониторинг және препараттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кларитромицин — CYP3A4 изоферментінің тежегіші. Амлодипин қабылдайтын пациенттерде кларитромицинді қолдану артериялық гипотензияның даму қаупін арттырады. Амлодипинмен бір мезгілде кларитромицин қабылдаған пациенттер мұқият медициналық бақылауда болуы тиіс.

CYP3A4 изоферментінің индукторлары

CYP3A4 изоферментінің белгілі индукторларын бір мезгілде қолданғанда қандағы амлодипин концентрациясы өзгеруі мүмкін. Осы себепті қан артериялық қысымды бақылау, сонымен қатар әсіресе күшті CYP3A4 индукторларымен (мысалы, рифампицин, шілтер жапырақты шайқурай препараттары) бір мезгілде және одан кейін қолдану кезінде препараттың дозасын түзету керек.

Амлодипинді грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен бірге қабылдауға болмайды, өйткені кейбір пациенттерде биожетімділік жоғарылауы мүмкін және осының салдарынан гипотензиялық әсері күшеюі мүмкін.

Дантролен (вена ішіне енгізу)

Зертханалық жануарларда верапамилді қолдану және гиперкалиемиямен қатар жүретін дантроленді вена ішіне енгізу аясында өліммен аяқталатын қарыншалық фибрилляция және коллапс жағдайлары байқалды. Гиперкалиемияның даму қаупі салдарынан қатерлі гипертермияға ұшыраған пациенттерде, сондай-ақ қатерлі гипертермияны емдеуде «баяу» кальций өзекшелері блокаторларын, оның ішінде амлодипинді бір мезгілде қабылдауды болдырмау керек.

Амлодипиннің басқа дәрілік препараттарға әсері

Амлодипиннің гипертензияға қарсы әсері гипертензияға қарсы қасиеттері бар басқа дәрілік препараттардың тиісті әсерлерін күшейтеді.

Такролимус

Такролимус пен амлодипинді бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы такролимустың концентрациясы артады, алайда бұл фармакокинетикалық өзара әрекеттесу механизмі мүлдем белгісіз. Амлодипинмен бір мезгілде қолданғанда такролимустың уыттылығын болдырмау үшін пациенттердің қан плазмасындағы такролимус концентрациясын бақылау және қажет болғанда такролимус дозасын түзету қажет.

Сүт қоректілер жасушаларындағы (mTOR) рапамициннің нысана тежегіштері

Сиролимус, эверолимус, темсиролимус сияқты mTOR тежегіштері CYP3A4 изоферментінің субстраттары болып табылады. Амлодипин — CYP3A4 изоферментінің әлсіз тежегіші. Амлодипин mTOR тежегіштерімен бір мезгілде қабылдағанда қандағы mTOR тежегіштерінің концентрациясын арттыруы мүмкін.

Циклоспорин

Бүйрек трансплантациясынан кейінгі (циклоспориннің қалдық концентрациясының орташа 0%-дан 40%-ға дейін жоғарылауы байқалған) пациенттерді қоспағанда, дені сау еріктілерде немесе пациенттердің басқа топтарында циклоспорин мен амлодипиннің өзара әрекеттесуіне клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. Амлодипин қабылдайтын бүйрек трансплантациясынан кейін пациенттерде циклоспорин концентрациясына мониторинг жүргізу, ал қажет болған жағдайда циклоспорин дозасын төмендету мүмкіндігін қарастырған жөн.

Симвастатин

Амлодипинді 10 мг дозада 80 мг дозада симвастатинмен біріктіріп бірнеше рет қабылдау симвастатин монотерапиясымен салыстырғанда симвастатин экспозициясының 77%-ға артуына әкелді. Осылайша, амлодипин қабылдаған пациенттер симвастатинді тәуліктік дозада 20 мг аспайтын мөлшерде қабылдауы керек.

Өзара әрекеттесудің клиникалық зерттеулерінде амлодипин аторвастатиннің, дигоксиннің немесе варфариннің фармакокинетикалық параметрлеріне әсер етпеген.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ұсынылатын доза - тәулігіне бір таблетка.

Ең жоғары тәуліктік доза - бір таблетка.

Әдетте, бастапқы емге жарамайды.

ВиваКор® препараты лизиноприл мен амлодипиннің таңдалған оңтайлы демеуші дозалары 5 мг және 5 мг/5 мг ВиваКор® препараты жағдайында 5 мг, 5 мг/10 мг ВиваКор® препараты жағдайында 5 мг және 10 мг/20 мг және ВиваКор® препараты жағдайында 10 мг/20 мг құрайтын пациенттерге ғана көрсетіледі.

Дозаны түзету қажет болған жағдайда жеке компоненттердің дозасын таңдаудың мақсатқа сәйкестігін қарастыруға болады.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде оңтайлы бастапқы дозаны және демеуші дозаны анықтау үшін дозаларды таңдауды препараттың жекелеген компоненттері – лизиноприл және амлодипинді пайдалана отырып, жеке тәртіппен жүргізу керек.

ВиваКор® препаратымен емдеу кезінде бүйрек функциясын, қан сарысуындағы калий мен натрийдің мөлшерін бақылап отыру керек. Бүйрек функциясы нашарлаған жағдайда препарат қабылдауды тоқтатып, оны тиісті түрде таңдалған жеке компоненттермен ауыстыру керек. Амлодипин диализ арқылы шығарылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттердегі дозаларға қатысты ұсыныстар әлі әзірленбеген, сондықтан мұндай пациенттерге дозалар таңдауды сақтықпен жүргізу және дозалау диапазонында ең төменгі дозадан бастау керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде оңтайлы бастапқы дозаны және демеуші дозаны анықтау үшін дозаларды таңдау лизиноприл мен амлодипиннің еркін біріктірілімін пайдалана отырып, жеке тәртіпте жүргізілуі керек.

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігіндегі амлодипиннің фармакокинетикасы зерттелмеген. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде амлодипин қолдануды ең төменгі дозадан бастап, дозаны баяу титрлеу керек.

Егде жастағы пациенттер (>65 жас)

Егде жастағы пациенттерде препаратты сақтықпен қолданған жөн.

Клиникалық зерттеулерде амлодипин мен лизиноприлдің тиімділік немесе қауіпсіздік бейінінің жасына байланысты өзгерістері анықталмаған. Егде жастағы пациенттерде оңтайлы демеуші дозаны анықтау үшін дозаны таңдау лизиноприл мен амлодипиннің еркін біріктірілімін пайдалана отырып, жеке жүргізілуі тиіс.

Балалар ( 18 жаста)

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде периндоприлдің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдау үшін.

Тамақтану сіңіруге әсер етпейтіндіктен, ВиваКор® препаратын тамақтануға байланыссыз, яғни оған дейін, тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылдауға болады.

Артық дозалану кезінде қажетті қолдану шаралары

Симптомдары: айқын артериялық гипотензиямен шамадан тыс шеткері вазодилатация, жедел қантамырлар жеткіліксіздігі, электролиттік теңгерімнің бұзылулары, бүйрек жеткіліксіздігі, гипервентиляция, тахикардия, жүрек қағуын сезіну, брадикардия, бас айналу, үрей және жөтел.

Емі: Симптоматикалық емдеуді жүргізу ұсынылады (пациентті шалқасынан жатқызу, мониторинг, қажет болған жағдайда жүрек-қантамырлар және тыныс алу жүйелері функцияларын, артериялық қысымды, айналымдағы қан көлемін және электролиттік теңгерімді демеу, сондай-ақ қан сарысуындағы креатинин концентрациясын бақылау). Айқын артериялық гипотензия жағдайында аяқты жоғары көтеру қажет; егер сұйықтықты енгізу жеткілікті нәтиже бермесе, қолдануға қарсы көрсетілімдері жоқ болған жағдайда, шеткері вазопрессорларды енгізу есебінен демеуші ем қажет болуы мүмкін. Тиісті мүмкіндік болып жатса, ангиотензин ІI инфузиялық енгізудің мақсатқа сай болуын қарастыруға да болады. Кальций глюконатын вена ішіне енгізу кальций өзекшелерінің блокадасынан болған әсерлердің қайтымды дамуына оң ықпалын тигізуі мүмкін.

Лизиноприлді гемодиализ арқылы жүйелі қан ағымынан шығаруға болады. Диализ кезінде жоғары ағынды полиакрилнитрилді жарғақшаларды қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілі бойынша медициналық қызметкерден кеңес алу ұсыныстары

Егер Сіз дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсінбесеңіз, медициналық қызметкерден кеңес алуды кеңес береміз.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан (5 мг/5 мг, 5 мг/10 мг және 10 мг/20 мг дозалар үшін) немесе 7 таблеткадан (10 мг/20 мг доза үшін) поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

3 (5 мг/5 мг, 5 мг/10 мг және 10 мг/20 мг дозалар үшін) немесе 4 (10 мг/20 мг доза үшін) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыВиваКор таблеткалары 5 мг/5 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube