daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Зоник Капсулалары 50 Мг №14 | Kusum Healthcare Pvt. Ltd.

Уральске қаласындағы Зоник Капсулалары 50 Мг №14 | Kusum Healthcare Pvt. Ltd.
Сипаттама:

Ішінде ақ немесе ақ дерлік ұнтағы, ақ қақпағы мен ақ корпусы бар, өлшемі №4 қатты желатинді капсула.

Халықаралық атауы:

Прегабалин

Өндіруші:

Kusum Healthcare Pvt. Ltd.

Өндіруші ел:

Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: желатинделген крахмал 1500 LM, магний стеараты, капсула қабығының құрамы: өлшемі № 4 капсулалар (желатин, натрий лаурилсульфаты, титанның қостотығы (Е 172), тазартылған су). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ішінде ақ немесе ақ дерлік ұнтағы, ақ қақпағы мен ақ корпусы бар, өлшемі №4 қатты желатинді капсула.

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Дәрілік түрі:

Капсулалар, 25 мг, 50 мг

Қаптамадағы саны:

14 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір капсуланың құрамында:

белсенді зат - прегабалин 25.0 мг, 50.0 мг,

қосымша заттар: желатинделген крахмал 1500 LM, магний стеараты,

капсула қабығының құрамы: өлшемі № 4 капсулалар (желатин, натрий лаурилсульфаты, титанның қостотығы (Е 172), тазартылған су).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ішінде ақ немесе ақ дерлік ұнтағы, ақ қақпағы мен ақ корпусы бар, өлшемі №4 қатты желатинді капсула.

Қолдану көрсеткіштері

ересектердегі шеткері және орталық нейропатиялық ауырсынуды емдеу

салдарлы жайылған немесе онсыз парциальдық құрысулары бар ересектердегі эпилепсия (қосымша дәрі ретінде)

ересектердегі жайылған үрейлену бұзылыстарын емдеуде

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Қант диабеті бар пациенттер

Прегабалинді қолдану кезінде дене салмағының артуы байқалатын қант диабеті бар кейбір пациенттерге гипогликемиялық препараттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Ангионевроздық ісіну жағдайларын қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарламалар бар. Бет ісінуі, ауыздың айналасының ісінуі немесе жоғарғы тыныс жолдарының ісінуі сияқты ангионевроздық ісіну симптомдары пайда болған кезде прегабалин қабылдауды дереу тоқтату керек.

Терінің ауыр жағымсыз реакциялары

Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермалық некролизді қоса, құрамында прегабалин бар дәрілік препараттарды қолдануға байланысты терінің ауыр жағымсыз реакцияларының дамуы туралы хабарламалар алынды. Бұл жағымсыз реакциялар өмірге қауіп төндіреді, соның ішінде өлімге әкеледі. Пациенттерге терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабарлау және олардың пайда болуын мұқият бақылау ұсынылады. Егер белгілер мен симптомдар терінің ауыр реакцияларының дамуын болжайтын болса, прегабалинді қолдануды дереу тоқтатып, қажет болған жағдайда баламалы ем тағайындауды қарастыру керек.

Бас айналу, ұйқышылдық, естен тану, сананың шатасуы және психикалық бұзылыс

Прегабалинмен емдеу бас айналу және ұйқышылдықпен қатар жүрді, бұл егде жастағы пациенттерде кездейсоқ жарақат алу (құлау) қаупін арттыруы мүмкін. Препаратты тіркеуден кейінгі қолдану барысында есін жоғалту, сананың шатасуы және психикалық бұзылыс туралы хабарламалар келіп түсті. Сондықтан пациенттер препараттың ықтимал әсерлерін білгенге дейін сақ болу керек.

Көруге байланысты әсерлер

Прегабалин тобындағы бақыланатын зерттеулерде пациенттердің көп бөлігінде плацебо тобымен салыстырғанда анық көрмеуге шағымдар пайда болды, бірақ көп жағдайда бұл әсер препаратты қабылдауды жалғастырған кезде жойылып отырды. Плацебо қабылдағандармен салыстырғанда прегабалинмен емделген пациенттер арасында хабарланғандай көру өткірлігінің төмендеуі және көру өрісінің өзгеру жиілігі жоғары болды, алайда плацебо тобында көз түбінің өзгеру жиілігі жоғары болды.

Препаратты тіркеуден кейінгі қолдану кезеңінде көру ағзасы тарапынан жағымсыз құбылыстар, оның ішінде көру қабілетінің жоғалуы, бұлыңғыр көру немесе көру өткірлігінің басқа да өзгерістері тіркелді, олардың көпшілігі қысқа мерзімді сипатта болды. Препаратты тоқтату көру тарапынан осы симптомдардың айқындылығының жоғалуына немесе азаюына әкелуі мүмкін.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі жағдайлары туралы хабарланды және кейбір жағдайларда прегабалинді тоқтату осы жағымсыз реакцияның қайтымдылығына әкелді.

Эпилепсияға қарсы қатар жүретін дәрілік препараттарды тоқтату

Монотерапия ретінде қолдану мақсатында эпилепсияға қарсы емге осы препаратты қосқан жағдайда прегабалиннің көмегімен құрысу ұстамаларын бақылауға қол жеткізгеннен кейін эпилепсияға қарсы қатар жүретін препараттарды тоқтату туралы деректер жеткіліксіз.

Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі

Тіркеуден кейінгі кезең ішінде прегабалинді қабылдаған кейбір пациенттерде жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелген. Бұл реакциялар прегабалинді нейропатиялық көрсетілімдер бойынша қолдану кезінде жүрек-қантамыр бұзылулары бар егде жастағы пациенттерде басым байқалды. Прегабалинді мұндай пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Прегабалинді тоқтату реакцияның басылуына әкелуі мүмкін.

Жұлынның зақымдануына байланысты орталық нейропатиялық ауырсынуды емдеу

Жұлынның зақымдануынан туындаған орталық нейропатиялық ауырсынуды емдеу кезінде жағымсыз реакциялардың жалпы жиілігі, орталық жүйке жүйесінің тарапынан жағымсыз реакциялардың жиілігі және әсіресе ұйқышылдық жиілігі жоғарылаған. Бұл ауруды емдеу үшін қажетті қатарлас препараттардан (мысалы, түйілуге қарсы препараттар) туындаған аддитивті әсерге байланысты болуы мүмкін. Мұны осы ауруды емдеу үшін прегабалинді тағайындау кезінде ескеру керек.

Тыныс алудың бәсеңдеуі

Прегабалинді қолдануға байланысты тыныс алудың ауыр бәсеңдеуі туралы хабарламалар болды. Тыныс алу функциясы бұзылған, респираторлық немесе неврологиялық аурулары, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер, ОЖЖ депрессанттарын бір уақытта қабылдағанда және егде жастағы адамдар осы ауыр жағымсыз реакцияның пайда болуының жоғары қаупіне ұшырауы мүмкін. Мұндай пациенттерге дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Суицидтік ойлар және мінез-құлық

Эпилепсияға қарсы препараттарды бірнеше көрсеткіштер бойынша қабылдаған пациенттерде суицидтік ойлар мен мінез-құлық тіркелді. Эпилепсияға қарсы дәрілік препараттардың рандомизацияланған плацебо-бақыланатын зерттеулерінің мета-талдауы суицидтік ойлар мен суицидтік мінез-құлық қаупінің аздап жоғарылағанын көрсетті. Бұл қауіптің механизмі белгісіз және қолжетімді деректер прегабалинді қолдану кезінде қауіптің арту мүмкіндігін жоққа шығармайды. Осыған байланысты пациенттер суицидтік ойлау мен мінез-құлық белгілерінің пайда болуы тұрғысынан бақылауда болуы тиіс және тиісті емдеу мүмкіндігін қарастыру керек. Пациенттерге (сондай-ақ пациенттерге күтім жасайтын адамдарға) суицидтік ойлау немесе мінез-құлық белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну ұсынылуға тиіс.

Асқазан-ішек жолдарының төменгі бөліктерінің функциясының төмендеуі

Тіркеуден кейінгі кезең ішінде прегабалин апиындық анальгетиктер сияқты іш қатуды тудыруы мүмкін дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданылған кезде асқазан-ішек жолының төменгі бөліктері функциясының төмендеуімен байланысты құбылыстар (мысалы, ішек бітелісі, ішектің салданып бітелуі және іш қату) тіркелді. Прегабалин мен апиындық препараттарды бір мезгілде қолданған кезде ішқатудың алдын алу үшін (әсіресе әйел пациенттер мен егде жастағы пациенттерде) шаралар қолдану мүмкіндігін қарастыруға болады.

Апиындармен бір мезгілде қолдану

Прегабалинді ОЖЖ-ны бәсеңдету қаупі себебінен апиындармен бірге тағайындағанда сақ болу ұсынылады. Апиындарды қабылдаған пациенттер қатысқан «жағдай-бақылау» үлгісіндегі зерттеуде прегабалинді апиындармен бір мезгілде қабылдаған пациенттер тек апиындарды алған пациенттермен салыстырғанда өлім нәтижесінің апиындармен байланысты қаупі жоғары болды (мүмкіндіктің түзетілген қатынасы (МТҚ) 1,68 [95% СА: 1,19–2,36]). Қауіптің мұндай жоғарылауы прегабалиннің төмен дозаларын (≤ 300 мг, МТҚ 1,52 [95% СА: 1,04–2,22]) қолдану кезінде байқалды, сондай–ақ прегабалиннің неғұрлым жоғары дозаларын (> 300 мг, МТҚ 2,51 [95% СА: 1,24-5,06]) қолдану кезінде қауіптің жоғарылау үрдісі байқалды.

Дұрыс қолданбау, шамадан тыс көп пайдалану және тәуелділік

Прегабалин емдік дозалардан пайда болуы ықтимал есірткіге тәуелділікті тудыруы мүмкін. Препаратты дұрыс қолданбау, оны тым көп қолдану және тәуелділік қалыптастыру жағдайлары туралы хабарланды. Анамнезінде есірткіге тәуелділігі бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолданған жөн және емдеу кезінде прегабалинді дұрыс қолданбау, оны тым көп қолдану немесе тәуелділіктің қалыптасуы мәніне мониторинг көрсетілген (препаратқа төзімділіктің дамуы, дозаның жоғарылауы және препаратқа есірткі ретінде құмарту туралы хабарланған).

Тоқтату симптомдары

Прегабалинмен қысқа мерзімді және ұзақ емдеуді тоқтатқаннан кейін кейбір пациенттерде тоқтату симптомдары байқалған. Нақты тәуелділікті көрсететін келесі құбылыстар байқалды: ұйқысыздық, бас ауруы, жүрек айну, үрейлену, диарея, тұмауға ұқсас синдром, ашушаңдық, депрессия, ауырсыну, құрысулар, гипергидроз және бас айналу. Прегабалинді қабылдауды тоқтатқаннан кейін тоқтату симптомының пайда болуы дәріге тәуелділікті көрсетуі мүмкін. Бұл туралы пациентке емнің басында хабарлау керек. Егер прегабалинді тоқтату қажет болса, көрсетілімдерге қарамастан, оны біртіндеп кем дегенде 1 апта ішінде жасау ұсынылады.

Прегабалинді қолдану барысында немесе оны тоқтатқаннан кейін көп ұзамай эпилепсиялық статус және кеңейтілген құрысу ұстамаларын қоса, құрысулар пайда болуы мүмкін.

Прегабалинмен ұзақ емдеуді тоқтатуға келетін болсақ, деректер тоқтату симптомдарының жиілігі мен ауырлығы препараттың дозасына байланысты болуы мүмкін екенін айғақтайды.

Энцефалопатия

Энцефалопатия жағдайлары туралы, негізінен энцефалопатияға әкелуі мүмкін негізгі аурулары бар пациенттерде хабарланды.

Бала тууға қабілетті әйелдер/контрацепция

ЗОНИК® препаратын жүктіліктің бірінші триместрінде қолдану іштегі нәрестеде ауыр туа біткен ақаулар тудыруы мүмкін. Прегабалинді анасы үшін күтілетін пайдасы шаранаға болуы мүмкін қауіптен астам болатын жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Бала тууға қабілетті әйелдер препаратпен емдеу кезінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолдануы тиіс.

Сақтық шаралары

Арнайы нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Балалар мен жасөспірімдерде (18 жасқа дейінгі) препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, сондықтан прегабалинді осы жас тобында қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

ЗОНИК® препаратын, сіздің дәрігеріңіз керісінше ұсынған жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде немесе бала емізу кезінде қабылдауға болмайды. Бала тууға қабілетті әйелдер контрацепцияның тиімді әдістерін қолдануы керек. Жүкті болған немесе бала емізген, жүкті болуыңыз мүмкін болған немесе жүктілікті жоспарлаған жағдайда осы препаратты қабылдағанға дейін дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

ЗОНИК® препараты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне шамалы немесе орташа әсер етуі мүмкін. ЗОНИК® бас айналуы мен ұйқышылдықты тудыруы мүмкін, осылайша көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді. Пациенттерге көлік құралдарын басқарудан, күрделі механизмдермен жұмыс істеуден немесе осы препарат олардың осы қызметті жүзеге асыру қабілетіне әсер ететіндігі анықталғанға дейін кез келген басқа да ықтимал қауіпті қызметті жүзеге асырудан аулақ болу ұсынылады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Препарат тәулігіне 150-ден 600 мг-ға дейін дозада екі немесе үш қабылдаумен қолданылады.

Нейропатиялық ауырсыну

Емдеуді екі немесе үш қабылдауға бөлінген тәулігіне 150 мг дозадан бастайды. Пациенттің жеке жауабына және төзімділігіне байланысты 3-7 күннен кейін дозаны тәулігіне 300 мг дейін, ал қажет болған жағдайда тағы 7 күннен кейін - тәулігіне ең жоғары 600 мг дозаға дейін арттыруға болады.

Эпилепсия

Емдеуді екі немесе үш қабылдауға бөлінген тәулігіне 150 мг дозадан бастайды. Пациенттің жеке жауабына және препараттың төзімділігіне байланысты бір аптадан кейін дозаны тәулігіне 300 мг дейін, ал тағы бір аптадан кейін – тәулігіне ең жоғары 600 мг дозаға дейін арттыруға болады.

Жайылған үрейлі бұзылыстар

Препарат тәулігіне 150-ден 600 мг-ға дейін екі немесе үш қабылдаумен қолданылады. Емдеу қажеттілігі үнемі қайта қаралып отыруы керек.

Емдеу тәулігіне 150 мг дозадан басталады. Пациенттің жеке жауабына және препараттың төзімділігіне байланысты бір аптадан кейін дозаны тәулігіне 300 мг-ға дейін арттыруға болады, тағы бір аптадан кейін дозаны тәулігіне 450 мг-ға дейін, ал тағы бір аптадан кейін - тәулігіне ең жоғары 600 мг дозаға дейін арттыруға болады.

Прегабалинді тоқтату

Егер емдеуді тоқтату қажет болса, оны қолдану көрсеткішіне қарамастан, кем дегенде бір апта бойы біртіндеп жасау ұсынылады.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Прегабалин жүйелі қанағымынан негізінен бүйрек арқылы өзгермеген түрде шығарылады. Прегабалин клиренсі креатинин клиренсіне тура пропорционал болғандықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны төмендету 1-кестеде көрсетілгендей креатинин клиренсі (КрКл) бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылуы және келесі формула бойынша анықталуы тиіс:

Артық дозалану

Симптомдары: ұйқышылдық, сананың шатасуы, үрейлі қозу, мазасыздық, сирек жағдайда кома. Сондай-ақ, құрысудың даму жағдайлары туралы хабарланды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар

Егер Сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Жанама әсерлері

Аталған жағымсыз реакциялар негізгі аурумен және/немесе қатарлас дәрілік препараттарды қолданумен де байланысты болуы мүмкін.

Жұлынның зақымдануынан туындаған орталық нейропатиялық ауырсынуды емдеу кезінде жағымсыз реакциялардың жиілігі, ОЖЖ жағымсыз реакциялары және әсіресе ұйқышылдықтың жиілігі артты.

Өте жиі

бас айналуы, ұйқышылдық, бас ауыруы

Жиі

назофарингит

тәбеттің артуы

эйфория, сананың шатасуы, ашушаңдық, бағдардан айрылу, ұйқысыздық, либидоның төмендеуі

атаксия, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, тремор, дизартрия, амнезия, жадының нашарлауы, зейіннің бұзылуы, парестезия, гипестезия, тыныштандыратын әсері, тепе-теңдіктің бұзылуы, сылбырлық

анық көрмеу, диплопия

вертиго

құсу, жүрек айну*, іш қату, диарея*, метеоризм, іштің кебуі, ауыздың құрғауы

эректильді дисфункция

шеткері ісіну, ісіну, жүрістің бұзылуы, құлау, масаю сезімі, өзін нашар сезіну, қажу

дене салмағының жоғарылауы

бұлшықеттің құрысуы, артралгия, арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, омыртқаның мойын бөлігі бұлшықеттерінің түйілуі

Жиі емес

нейтропения

аса жоғары сезімталдық*

анорексия, гипогликемия

елестеулер, үрейлену ұстамалары, мазасыздық, үрейлі қозу, депрессия, депрессиялық көңіл-күй, көтеріңкі көңіл-күй, озбырлық*, көңіл-күйдің өзгеруі, өзін-өзі танымау, сөз таңдаудағы қиындықтар, әдеттен тыс түс көру, либидоның жоғарылауы, аноргазмия, апатия

естен тану, мелшию, миоклонус, есін жоғалту*, психомоторлы аса жоғары белсенділік, дискинезия, постуральді бас айналу, интенциялық тремор, нистагм, когнитивті бұзылулар, психикалық бұзылыстар*, сөйлеудің бұзылуы, гипорефлексия, гиперестезия, күйдіру сезімі, агевзия, дімкәстік*

шеткері көрудің жоғалуы, көрудің бұзылуы, көздің ісуі, көру өрісінің ақаулары, көру өткірлігінің төмендеуі, көздің ауыруы, астенопия, фотопсия, құрғақ көз синдромы, жас бөлінудің күшеюі, көздің тітіркенуі

гиперакузия

тахикардия, І дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, синустық брадикардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі*

гипотензия, гипертензия, қан кернеу, ысыну, аяқ-қолдың мұздауы

ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел, мұрынның бітелуі, ринит, қорыл, мұрын шырышының құрғауы

гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы, сілекей бөлінудің жоғарылауы, оральді гипестезия

бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы**

папулалы бөртпе, есекжем, гипергидроз, қышыну*

буындардың ісінуі, миалгия, бұлшықет құрысуы, мойынның ауыруы, бұлшықеттік сіреспе

несепті ұстай алмау, дизурия

сексуальдық дисфункция, эякуляцияның кідіруі, дисменорея, сүт бездеріндегі ауырсыну

жайылған ісіну, беттің ісінуі*, кеудедегі қысылу сезімі, ауыру, пирексия, шөлдеу, қалтырау, астения

қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қан глюкозасы деңгейінің жоғарылауы, тромбоциттер санының төмендеуі, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қандағы калий деңгейінің төмендеуі, дене салмағының төмендеуі

Сирек

ангионевроздық ісіну*, аллергиялық реакция*

ширау, суицидтік мінез-құлық, суицидтік ойлар

құрысулар*, паросмия, гипокинезия, дисграфия, паркинсонизм

көру қабілетінің жоғалуы*, кератит*, осциллопсия, көріп қабылдау тереңдігінің өзгеруі, мидриаз, қылилық, көру арқылы қабылдаудың айқындығы

QT аралығының ұзаруы*, синустық тахикардия, синустық аритмия

өкпенің ісінуі*, тамақтағы қысылу сезімі

асцит, панкреатит, тілдің домбығуы*, дисфагия

сарғаю

Стивенс Джонсон синдромы*, уытты эпидермальді некролиз, суық тер

рабдомиолиз

бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, олигурия, несептің іркілуі*

аменорея, сүт бездерінен бөліну, сүт бездерінің ұлғаюы, гинекомастия*

лейкоциттер санының азаюы

Өте сирек

бауыр жеткіліксіздігі, гепатит

Белгісіз

- препаратқа тәуелділік

- тыныстың тарылуы

* Препаратты тіркеуден кейінгі қолдану кезінде тіркелген қосымша реакциялар

** Аланинаминотрансферазаның (АЛТ) жоғары деңгейі және аспартатаминотрансферазаның (АСТ) жоғары деңгейі.

Шығарылу түрі

14 капсуладан поливинилхлоридті және поливинилденхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1, 2, 4 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладызоник капсулалары 50 мг №14 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube