Құрамы
Бір капсуланың құрамында:
белсенді зат: прегабалин 75.0 мг, 150.0 мг,
қосымша зат: крахмал 1500 LM, магний стеараты,
капсула қабығының құрамы: өлшемі № 4 капсулалар (желатин, титанның қостотығы (Е 172), тазартылған су) - 75 мг доза үшін, өлшемі № 2 капсулалар (желатин, титанның қостотығы (Е 172), тазартылған су) - 150 мг доза үшін
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақ дерлік түске дейінгі ұнтақпен толтырылған, ақ қақпағы бар және корпусы ақ, өлшемі №4 қатты желатинді капсула (75 мг доза үшін).
Ақтан ақ дерлік түске дейінгі ұнтақпен толтырылған, қалпақшасы мен корпусы ақ мөлдір емес, өлшемі №2 қатты желатинді капсула (150 мг доза үшін).