daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Зоресан Капсулалары 25 Мг №30 | Kusum Healthcare Pvt. Ltd.

Сипаттама:

Өлшемі № 4, мөлдір емес сұр қақпақшасы және мөлдір емес ақ корпусы бар, құрамында ақтан ақ дерлік түске дейінгі ұнтақ бар қатты желатинді капсула (25 мг дозасы үшін). Өлшемі № 3, мөлдір емес сұр қақпақшасы және мөлдір емес ақ корпусы бар, құрамында ақтан ақ дерлік түске дейінгі ұнтақ бар қатты желатинді капсула (50 мг дозасы үшін). Өлшемі № 1, мөлдір емес сұр қақпақшасы және мөлдір емес ақ корпусы бар, құрамында ақтан ақ дерлік түске дейінгі ұнтақ бар қатты желатинді капсула (100 мг дозасы үшін).

Халықаралық атауы:

Зонисамид

Өндіруші:

Kusum Healthcare Pvt. Ltd.

Өндіруші ел:

Индия

Белсенді ингредиент:

- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі - балаларда топирамат және ацетазоламид сияқты карбоангидраза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану - жүктілік және лактация кезеңі - 6 жасқа дейінгі балалар

Белсенді заттың дозасы:

25 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- эпилепсия алғаш рет диагностикаланған, салдарлы жайылған немесе онсыз парциальді эпилепсиялық ұстамасы бар ересек пациенттердегі монотерапияда; .

- салдарлы жайылған немесе онсыз парциальді эпилепсиялық ұстамасы бар ересектерде, жасөспірімдерде және 6 жастан бастап балаларда қосымша ем құрамында

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді затқа, қосымша заттардың біреуіне немесе сульфонамидтерге аса жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

- балаларда топирамат және ацетазоламид сияқты карбоангидраза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Өзара әрекеттесуі

ЗОРЕСАН® препаратының Р450 цитохромы жүйесінің ферменттеріне әсері

Адам бауырының микросомалық ферменттерін пайдаланып зерттеулер зонисамидтің қан плазмасындағы емдіктен 2 есе және одан көп концентрацияларында P450 цитохромының CYP1A2, CYP2A6, CYP2B6, CYP2C8, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6, CYP2E1 және CYP3A4 изоферменттерін тежемейтінін немесе елеусіз (<25%) тежейтінін көрсетті.

ЗОРЕСАН® P450 цитохромымен байланысты механизмдер арқылы басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер ету ықтималдығы аз, бұл in vivo карбамазепин, фенитоин, этинилэстрадиол және дезипрамин үшін көріністелген.

ЗОРЕСАН® препаратының басқа дәрілік заттар әсеріне тигізуі мүмкін әлеуетті ықпалы

Басқа ЭҚП. Эпилепсиясы бар  пациенттерде ЗОРЕСАН® препаратын ұзақ қолдану карбамазепиннің, ламотриджиннің, фенитоиннің және натрий вальпроатының фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Пероральді контрацептивтер. ЗОРЕСАН® препаратын және  біріктірілген пероральді контрацептивтерді ұсынылған дозаларда қабылдау этинилэстрадиолдың немесе норэтистеронның қан сарысуындағы концентрациясына әсер етпейді.

Карбоангидраза тежегіштері. ЗОРЕСАН® препаратын карбоангидраза тежегіштерімен (мысалы топирамат және ацетазоламид) бірге тағайындаған кезде сақ болу керек, өйткені фармакодинамикалық өзара әрекеттесуді жоққа шығаратындай деректер жеткіліксіз.

Балаларға ЗОРЕСАН® топирамат және ацетазоламид  сияқты карбоангидраза тежегіштерімен  бір мезгілде тағайындалмауы керек. 

P-гликопротеин субстраттары. In vitro зерттеу нәтижелері көрсеткендей, зонисамид жартылай ең жоғары тежеу концентрациясымен (IC50) - 267 мкМоль/л P- гликопротеиннің (дәрілік мультирезистенттілік ақуызының (MDR1) әлсіз тежегіші болып табылады, осыған орай зонисамидтің P - гликопротеин субстраттарына жататын дәрілік заттардың фармакокинетикасына ықпал етуінің теориялық мүмкіндігі бар. P - гликопротеин субстраттарына жататын дәрілік заттарды да (мысалы дигоксин, хинидин) қабылдайтын пациенттерге емді бастағанда немесе тоқтатқанда немесе зонисамид дозасын өзгерткенде сақ болу ұсынылады. 

Басқа дәрілік заттардың ЗОРЕСАН® препаратының әсеріне тигізуі мүмкін әлеуетті ықпалы

Ламотриджинмен бір мезгілде қолданғанда зонисамидтің фармакокинетикасына елеулі ықпалы анықталған жоқ. ЗОРЕСАН® препаратын несептасты аурудың дамуын туғызуы мүмкін дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындағанда нефроуролитиаздың даму қаупі жоғарылайды, осыған байланысты оларды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. 

Зонисамид CYP3A4 изофементінің және N-ацетил-трансферазаның қатысумен, сондай-ақ глюкурон қышқылымен конъюгациялану арқылы ішінара метаболизденеді. Демек, осы ферменттерді индукциялайтын немесе тежейтін заттар зонисамидтің фармакокинетикасына әсер етуі мүмкін:

- ферменттердің индукторлары: зонисамидтің әсері CYP3A4 изоферментінің белсенділігін арттыратын дәрілік заттарды (мысалы фенитоин, карбамазепин және фенобарбитал) бір мезгілде қабылдаған кезде төмендейді. ЗОРЕСАН® бұрыннан алынып жүрген емге қосылған жағдайларда бұл әсерлердің клиникалық мәні жоқ, алайда зонисамид концентрациясының клиникалық маңызды өзгерістері CYP3A4 изоферментін индукциялайтын дәрілік заттарды тоқтатқанда, дозалау режимін өзгерткенде немесе қосымша тағайындаған кезде болуы мүмкін (ЗОРЕСАН® препаратының дозасын түзету қажет болуы мүмкін). Рифампицин CYP3A4 изоферментінің күшті индукторы болып табылады, егер оны ЗОРЕСАН® препаратымен бірге тағайындау қажет болса, пациенттің жай-күйін мұқият бақылау, керек болса ЗОРЕСАН® препаратының дозасын түзету қажет.

- CYP3A4 ферментінің тежегіштері: клиникалық деректер CYP3A4 изоферменті тежегіштерінің зонисамидтің фармакокинетикалық параметрлеріне елеулі ықпалын көрсеткен жоқ. Кетоконазолды (400 мг/тәулік) немесе циметидинді (1200 мг/тәулік) тағайындау дені сау еріктілер қабылдаған зонисамидтің фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсерін көрсеткен жоқ. CYP3A4 изоферментінің тежегіштерімен үйлестіріп қабылдаған кезде ЗОРЕСАН® препаратының дозалану режимін өзгерту талап етілмейді.

Балалар

Балаларда дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеу жүргізілген жоқ.

Арнайы сақтандырулар

Тері бөртпелері

ЗОРЕСАН® препаратымен емдеу кезінде Стивенс-Джонсон синдромын қоса, терінің ауыр реакцияларының дамығаны туралы хабарланды.

Тері бөртпелері пайда болған және оларды басқа себеппен түсіндіруге болмайтын пациенттерде ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату ұсынылады. ЗОРЕСАН® препаратын  қабылдау кезінде терідегі бөртпелер пайда болған барлық пациенттер, әсіресе өздері де тері бөртпесін туғызуы мүмкін эпилепсияға қарсы басқа дәрілер бір мезгілде тағайындалған пациенттер мұқият бақылауға алынуы тиіс.

Тоқтату синдромы

ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату эпилепсиялық ұстамалардың пайда болуына жол бермеу үшін дозаны біртіндеп азайту жолымен жүргізіледі. ЗОРЕСАН® препаратымен монотерапияға көшу үшін қосымша ем аясында  ЗОРЕСАН® препаратын қолдану кезінде ұстамаларды бақылауға қол жеткізгеннен кейін бір мезгілде қолданылатын эпилепсияға қарсы препараттарды  тоқтату туралы деректер жеткіліксіз. Сондықтан қатар жүретін эпилепсияға қарсы емдеу сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Сульфонамидтік топтың болуымен байланысты реакциялар

ЗОРЕСАН® құрамында  сульфонамидтік топ бар бензизоксазол туындысы болып табылады. Құрамында  сульфонамидтік топ бар препараттарды қабылдаумен байланысты иммундық жүйе тарапынан күрделі жағымсыз реакцияларға тері бөртпесінің және басқа аллергиялық реакциялардың пайда болуы, сондай-ақ айқын гематологиялық бұзылыстардың, оның ішінде өте сирек жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін апластикалық анемияның дамуы жатады.

Агранулоцитоз, тромбоцитопения, лейкопения, апластикалық анемия, панцитопения және лейкоцитоз жағдайларының дамығаны туралы хабарланған. Бұл құбылыстардың ЗОРЕСАН® препаратының қабылданған дозасының шамасымен және емдеу ұзақтығымен өзара байланысу ықтималдығына баға беру үшін ақпарат жеткіліксіз.

Жедел миопия және салдарлы жабықбұрышты глаукома.

Зонисамидті қабылдаған ересек пациенттер мен балаларда салдарлы жабықбұрышты глаукомамен байланысты жедел миопияның дамығаны туралы хабарланды. Симптомдары көру жітігінің жедел төмендей бастауын және/немесе көздің ауыруын қамтиды. Офтальмологиялық зерттеулер миопияны, көздің алдыңғы камерасы тереңдігінің азаюын, сондай-ақ окулярлық гиперемияны (қызару) және көзішілік қысымның жоғарылауын анықтай алады. Бұл синдром салдарлы жабықбұрышты глаукомамен линзаның және мөлдір қабықтың алдыңғы жылжуына әкеліп соғатын супрагрессиялық жалқықпен байланысты болуы мүмкін. Симптомдары ем басталғаннан кейін бірнеше сағаттың немесе аптаның ішінде пайда болуы мүмкін. Емдеу зонисамидті мүмкіндігінше тезірек, емдеуші дәрігердің пікірі бойынша тоқтатуды және көзішілік қысымды төмендетудің тиісті шараларын қамтиды. Этиологиясы әртүрлі көзішілік қысымның жоғарылауы, емдеу болмаған жағдайда көрудің перманентті жоғалуын қоса, күрделі асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін. Анамнезінде көру бұзылыстары бар пациенттерді зонисамидпен емдеген кезде сақтық таныту керек.  

Суицидтік ойлар мен мінез-құлық

Бірқатар көрсетілімдер бойынша эпилепсияға қарсы препараттарды қабылдаған пациенттерде суицидтік ойлардың және мінез-құлықтың дамуы мүмкін. Эпилепсияға қарсы препараттарды рандомизацияланған плацебо-бақыланатын зерттеулердің мета-талдауы да суицидтік ойлардың және мінез-құлықтың пайда болу қаупінің жоғарылауын көрсетті.

Бұл құбылыстың механизмі белгісіз, қолда бар деректер ЗОРЕСАН® препаратын қолдану аясында суицидтік мінез-құлықтың қалыптасу қаупінің жоғарылау мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Пациенттерде суицидтік ойлардың және мінез-құлықтың пайда болуын бақылау, сондай-ақ тиісті емді қарастыру қажет. Пациенттерге (және оларға күтім жасайтын адамдарға) суицидтік ойлар және мінез-құлық  пайда болған кезде дәрігерлік көмекке жүгінуді ұсыну керек.

Нефролитиаз

Кейбір пациенттерде, әсіресе нефролитиазға бейімділігі барларда, бүйректе тас түзілуінің және бүйрек шаншуы, бүйректің ауыруы немесе бүйірдің ауыруы сияқты белгілер мен симптомдардың пайда болу қаупінің артуы мүмкін. Нефролитиаз бүйректің созылмалы зақымдануына әкелуі мүмкін. Нефролитиаздың қауіп факторлары бүйректе тастың алдын ала түзілуін, сондай-ақ отбасылық анамнездегі нефролитиазды және гиперкальциурияны қамтиды. Бұл қауіп факторларының ешқайсысы зонисамидпен емдеу кезінде бүйректе тас түзілуін болжауға мүмкіндік беретін сенімді белгі болып табылмайды. Бұдан басқа, несептасты аурудың дамуына түрткі болатын басқа препараттарды қабылдайтын пациенттерде қауіп жоғары болуы мүмкін. Сұйықтық ішуді арттыру және күшейтілген диурез тастардың түзілу қаупін, оның ішінде осыған бейім пациенттерде де азайтуға көмектеседі.

Метаболизмдік ацидоз

Аниондық үзілусіз гиперхлоремиялық метаболизмдік ацидоздың қалыптасуы (созылмалы газдық алкалоз жоқ кезде бикарбонаттар деңгейінің төмендеуі) ЗОРЕСАН® препаратымен емдеумен байланыстырылады. Метаболизмдік ацидоздың дамуы зонисамидтің карбоангидразаға тежегіш әсерінің салдарынан бүйректе бикарбонаттардың жоғалуына негізделеді және емдеудің кез келген сатысында болуы мүмкін, әйтсе де емдеудің ерте сатыларында жиі байқалады. Осындай бұзылыстар плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде де, маркетингтен кейінгі кезеңде де байқалды. Бикарбонаттар деңгейінің төмендеуі әдетте онша байқалмайды (ересектерде 300 мг тәуліктік дозасында орташа мәні шамамен 3,5 мЭкв/л құрайды); сирек жағдайларда пациенттерде едәуір төмендеуі мүмкін. Ацидоздың дамуына бейімдейтін жағдайлар немесе емдеу әдістері (мысалы, бүйрек аурулары, ауыр респираторлық бұзылыстар, эпилепсиялық статус, диарея, жүргізілген хирургиялық операциялар, кетон денелерінің пайда болуына ықпал ететін диета, бірқатар дәрілік препараттар) зонисамидтің бикарбонаттар деңгейіне әсері күшеюіне жағдай жасауы мүмкін.

Метаболизмдік ацидоздың пайда болу қаупі және ауырлығы  жас пациенттерде артады. Метаболизмдік ацидоздың белгілері немесе симптомдары пайда болған жағдайда сарысудағы бикарбонаттар мөлшеріне баға беру ұсынылады. Егер дамыған метаболизмдік ацидоз басылмаса, дозаны азайту немесе ЗОРЕСАН® препаратын қабылдауды толығымен тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек (дозаны біртіндеп төмендету арқылы), өйткені остеопенияның дамуы мүмкін. Егер тұрақты ацидоз болған жағдайда емді жалғастыру туралы шешім қабылданса, алкалоидтарды қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн.

Карбоангидраза тежегіштерімен (мысалы, топирамат және ацетазоламид) бір мезгілде тағайындаған кезде сақ болу керек, өйткені фармакодинамикалық әрекеттесуді жоққа шығаратын мәліметтер жеткіліксіз.

Ыстық өту

Тер шығудың азаю және дене температурасының жоғарылау жағдайлары негізінен балаларда тіркелген. ЗОРЕСАН® препаратын карбоангидраза тежегіштері мен холиноблокаторларды қоса, организмнің шамадан тыс қызуына  ықпал ететін препараттармен бір мезгілде тағайындағанда сақ болу керек.

Панкреатит

ЗОРЕСАН® препаратын қабылдау аясында пациенттерде панкреатит белгілері дамыған кезде панкреатиттік липазалардың және амилазалардың деңгейіне мониторинг қажет. Басқа айқын себептер болмаған кезде панкреатит расталған жағдайда ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату және тиісті ем тағайындау ұсынылады. 

Рабдомиолиз

ЗОРЕСАН® қабылдайтын пациенттерде әсіресе қызбамен қатар жүретін күшті бұлшықет аурулары және/немесе әлсіздік дамыған кезде креатинфосфокиназа және альдолаза деңгейін қоса, бұлшықеттердің зақымдану маркерлерінің мөлшеріне баға беру қажет. Олар жоғарылаған кезде, жарақат немесе үлкен эпилепсиялық ұстама сияқты басқа себептері болмаса, ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату және тиісті ем тағайындау ұсынылады.

Бала туу қабілеті сақталған әйелдер

Бала туу қабілеті сақталған әйелдер ЗОРЕСАН® препаратымен емделу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 1 ай бойы контрацепцияның сенімді әдістерін қолдануы тиіс. Контрацепция әдістерін қолданбайтын бала туу қабілеті сақталған әйелдерге ЗОРЕСАН® препаратын қабылдау аса қажет болған жағдайда ғана, және егер әлеуетті пайдасы шарана үшін ықтимал қауіпінен жоғары болса ғана ұсынылады. Емдеуді бастар алдында пациент әйел ЗОРЕСАН® препаратының шаранаға тигізуі мүмкін әсеріне қатысты маманмен кеңесуі керек. Жүктілікті жоспарлаған әйелдер ЗОРЕСАН® препаратымен емдеуді қайта қарау және емнің басқа нұсқаларын қарастыру үшін дәрігерден кеңес алуы тиіс. Дәрігер пациент әйелдің тиісті контрацепция шараларын қолдану қажеттілігі туралы барлық ақпаратқа ие екеніне көз жеткізуі, сондай-ақ тағайындалған пероральді контрацепцияның және оның компоненттерінің дозасы талапқа сай екенін  бағалау кезінде нақты пациенттің клиникалық жағдайын ескеруі керек.

Дене салмағының азаюы

ЗОРЕСАН® дене салмағының азаюын туғызуы мүмкін, сондықтан дене салмағы төмен пациенттерді емдегенде немесе ол төмендеген кезде тағамдық қоспаларды және күшейтілген тамақтануды тағайындау қажет. Дене салмағы айқын азаюы кезінде ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. Балаларда дене салмағының азаюы айқынырақ болуы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Жоғарыда көрсетілген сақтық шаралары балалар мен жасөспірімдерге де қолданылады. Төменде ерекше назар аударуды қажет ететін сақтық шаралары көрсетілген.

Ыстық өту және дегидратация

Балалардағы шамадан тыс қызудың және дегидратацияның профилактикасы. ЗОРЕСАН® тер шығудың азаюын туғызуы және шамадан тыс қызуға әкелуі мүмкін, ал тиісті көмек болмаған кезде баланың миы зақымдануы және өліммен аяқталуы мүмкін. Балалар әсіресе ыстық ауа райында жоғары қауіпке ұшырайды.

Егер бала ЗОРЕСАН® препаратын қабылдаса:

- қатты қызудан аулақ болу керек, әсіресе күн ыстық кезде;

- денеге көп күш түсіруден  қатты қызудан аулақ болу керек, әсіресе күн ыстық кезде; 

- су  ішуді арттыру керек;

- мынадай препараттарды қабылдамау керек: карбоангидраза тежегіштері (топирамат және ацетазоламид сияқтылар) және антихолинергиялық препараттар (кломипрамин, гидроксизин, дифенгидрамин, галоперидол, имипрамин және оксибутинин сияқтылар).

Төменде аталған симптомдардың қандай да біреуі пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек:

тер аз ғана шығатын немесе мүлде шықпайтын жағдайда терінің қатты қызу сезімі, немесе балада сананың шатасуы, бұлшықет түйілулері пайда болғанда, немесе баланың жүрек қағысы немесе тыныс алуы жиілегенде. Баланы салқын көлеңкелі жерге орналастыру қажет; салқындату үшін баланың терісін сулайды; балаға салқын су ішкізеді.

Негізінен балаларда, тер шығудың азаю және дене температурасының жоғарылау жағдайлары туралы хабарланған. Кейбір жағдайларда ауруханаға жатқызуды қажет ететін ыстық өтуі орын алған. Бірқатар жағдайларда өліммен аяқталған ыстық өту туралы хабарланды. Көпшілік жағдайларда құбылыс  ауа райы жылы кезде туындаған. Пациентке және оларға күтім жасайтын адамдарға ыстық өтудің пайда болуы мүмкін жағдайларда оның күрделі болуы ықтималдығын, сондай-ақ қандай да бір белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда қабылдауды қажет ететін шаралар туралы  ескерту керек. Пациентке және оларға күтім жасайтын адамдарға сұйықтықты жеткілікті көлемде тұтыну және пациенттің жай-күйіне байланысты денеге шамадан тыс күш түсіруден аулақ болу қажет екені туралы ескерту керек. Дегидратацияның, олигогидроздың белгілері мен симптомдары пайда болғанда немесе дене температурасы жоғарылаған жағдайда ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату мәселесін қарастыру керек.

ЗОРЕСАН® препаратын оларды қолданған кезде пациенттерде шамадан тыс ыстықтың әсеріне байланысты бұзылыстардың пайда болуына бейімділік туындайтын дәрілік заттарды (карбоангидраза тежегіштері және антихолинергиялық әсері бар дәрілік заттар) бір мезгілде қабылдайтын балаларда қолданбаған жөн.

Дене салмағының азаюы

Жалпы жай-күйдің нашарлауына және эпилепсияға қарсы препаратты қолдануды тоқтатуға әкелген, өліммен аяқталуға әкеліп соққан дене салмағының азаю жағдайлары сипатталған. Дене салмағы төмен (жасына қарай түзетумен дене салмағының индексі бойынша ДДҰ санатына сәйкес анықтау) балаларда немесе тәбеті нашар балаларда ЗОРЕСАН® препаратын қолдану ұсынылмайды.

Дене салмағының азаю жиілігі әртүрлі жас топтарында бірдей, дегенмен, балаларда дене салмағы азаюының күрделі болуы мүмкіндігін ескеріп, пациенттердің бұл тобында дене салмағын бақылау қажет. Физикалық даму картасы негізінде, пациентте денеге салмақ қосу кідірген жағдайда тамақтану рационын қайта қарау немесе ішетін тағам мөлшерін арттыру ұсынылады, олай болмаған жағдайда ЗОРЕСАН® препаратын қолдануды тоқтату керек.

Клиникалық зерттеулерде дене салмағы 20 кг-ден аз пациенттерде шектеулі деректер алынған. Осыған байланысты 6 жастағы және одан үлкен,  дене салмағы 20 кг-ден аз балаларды емдеген кезде сақтық таныту керек. Дене салмағының аздығын ұзақ уақыт сақтаудың балалардағы өсу мен дамуға ықпалы белгісіз.

Метаболизмдік ацидоз

Зонисамидті қолданумен байланысты ацидоз қаупі балалар мен жасөспірімдерде жоғары болуы және ауырлау сипатта болуы мүмкін. Пациенттердің бұл тобында тиісті бақылауды жүзеге асыру және сарысудағы бикарбонаттар деңгейін бақылау қажет. Бикарбонаттардың төмен деңгейінің балалардағы өсу мен дамуға ұзақ уақыттық әсері белгісіз.

ЗОРЕСАН® препаратын топирамат немесе ацетазоламид  сияқты карбоангидразаның басқа тежегіштерімен бір мезгілде қолданбау керек.

Нефролитиаз

Балаларда бүйректе тастардың пайда болғаны туралы хабарланған. Кейбір пациенттерде, әсіресе нефролитиазға бейімділігі барларда, бүйректе тас түзілуінің және бүйрек шаншуы, бүйректің ауыруы немесе бүйірдің ауыруы сияқты байланысты белгілер мен симптомдардың пайда болу қаупінің артуы мүмкін. Несептасты ауру бүйректің созылмалы зақымдануына әкелуі мүмкін. Несептасты аурудың қауіп факторлары бүйректе тастың алдын ала түзілуін, сондай-ақ нефролитиазға және гиперкальциурияға тұқым қуалайтын бейімділікті қамтиды. Бұл қауіп факторларының ешқайсысы зонисамидпен емдеу кезінде бүйректе тас түзілуін болжауға мүмкіндік беретін сенімді белгі болып табылмайды.

Сұйықтық ішуді арттыру және күшейтілген диурез бүйректе тастардың түзілу қаупін, әсіресе қауіп факторлары бар пациенттерде азайтуы мүмкін.  Дәрігер қажет деп тапса бүйрекке УДЗ жүргізілуі мүмкін. Бүйректе тас анықталған жағдайда ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

Балалар мен жасөспірімдерде АЛТ, АСТ, ГГТ және билирубин сияқты бауыр функциясы мен өт шығару жолдары көрсеткіштерінің жоғарылауы байқалды, бірақ бұл көрсеткіштердің жоғарылауындағы қандай да бір айқын заңдылық анықталған жоқ.

Дегенмен, бауыр тарапынан жағымсыз құбылыстардың пайда болуына  күдіктенген кезде бауыр функциясына баға беру және ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату мәселесін шешу керек.

Когнитивтік функциялар

Эпилепсиясы бар пациенттерде когнитивтік функциялардың бұзылуын негізгі аурумен және/немесе эпилепсияға қарсы препараттарды қолданумен байланыстырады.

Балалар мен жасөспірімдерде зонисамидті қолданумен плацебо-бақыланатын зерттеуде, когнитивтік функциялардың бұзылуы бар пациеттердің үлесі плацебо тобымен салыстырғанда зонисамид тобында сан жағынан жоғарырақ болды.  

Жүктілік және лактация кезеңі

Бала туу қабілеті сақталған әйелдер ЗОРЕСАН® препаратымен емделу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 1 ай бойы контрацепцияның сенімді әдістерін қолдануы тиіс.

Контрацепция әдістерін қолданбайтын бала туу қабілеті сақталған әйелдерге ЗОРЕСАН® препаратын қабылдау аса қажет болған жағдайда ғана, және әлеуетті пайдасы шарана үшін ықтимал қауіпінен жоғары болса ғана ұсынылады. Емдеуді бастар алдында пациент әйел ЗОРЕСАН® препаратының шаранаға тигізуі мүмкін әсеріне қатысты маманмен кеңесуі керек. Жүктілікті жоспарлаған әйелдер ЗОРЕСАН® емдеуді қайта қарау және емнің басқа нұсқаларын қарастыру үшін дәрігерден кеңес алуы тиіс.

Эпилепсияға қарсы басқа препараттардағы сияқты, зонисамидті күрт тоқтатудан аулақ болу керек, өйткені бұл ұстамалардың күшеюіне әкелуі мүмкін, олардың әйел мен бала үшін күрделі салдарлары болуы ықтимал. Аналары ЭҚП қабылдайтын балаларда дамудағы туа біткен ақаулардың пайда болу қаупі 2-3 есе артады. Көбінесе мынадай ақаулар анықталады: үстіңгі еріннің жырылуы, жүрек-қантамыр жүйесі дамуындағы ауытқулар және жүйке түтікшесінің ақаулары. Құрысуға қарсы препараттармен біріктірілген ем монотерапиямен салыстырғанда туа біткен ақаулардың даму қаупінің жоғарылауымен қатар жүреді.

Жүктілік

Аса қажет болған жағдайды  және әлеуетті артықшылықтары шарана үшін ықтимал қаупінен жоғары болған жағдайларды ғана қоспағанда,  ЗОРЕСАН® препаратын жүктілік кезінде қолданбау керек. Егер ЗОРЕСАН® пациент әйелге жүктілік кезінде тағайындалса,  оған шарана үшін ықтимал қаупі туралы толық ақпаратты ұсыну қажет. Сондай-ақ ең төмен тиімді дозаны тағайындау және мұқият бақылау жүргізу ұсынылады.

Лактация кезеңі

Препарат плазмадағы осындайларына ұқсас концентрацияларда емшек сүтімен бөлініп шығады, сондықтан бала емізетін аналарда емшек емізуді тоқтату немесе ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату туралы шешім қабылдау керек. Жартылай шығарылу кезеңі ұзақ болғандықтан емшек емізуді  препарат тоқтатылғаннан кейін кемінде бір ай өткен соң қайта бастауға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

ЗОРЕСАН® ұйқышылдықты және зейін қоюдың қиындауын (әсіресе емді бастағанда немесе дозаны арттырғанда) туғызуы мүмкін, осыған байланысты емдеу кезеңінде зейін қоюдың жоғарылығы мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін әрекет түрлерімен шұғылданғанда сақтық таныту қажет.

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

ЗОРЕСАН® ішке, тамақ ішуге байланыссыз,  сумен ішу арқылы қабылданады.

Ересек пациенттер

ЗОРЕСАН® ересектерге монотерапия түрінде және тағайындалған емге қосымша ретінде тағайындалуы мүмкін. Препараттың дозасы клиникалық әсерін ескере отырып таңдалады. Дозаларды арттырудың ұсынылған  режимі және демеуші дозалардың шамасы 1-кестеде келтірілген. Кейбір  пациенттер, атап айтқанда CYP3A4 изоферментін индукциялайтын препараттарды қабылдайтындар, азырақ дозаларға жауап беруі мүмкін.

1-кесте. Ересектерде дозаларды арттырудың ұсынылған  режимі және демеуші дозалардың шамасы

Тоқтату.

Егер ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату қажет болса, оны біртіндеп жүзеге асырады. Клиникалық зерттеулерде ересек пациенттерде тоқтату бірге қабылданатын басқа ЭҚП (қажет болса) дозаларын бір мезгілде түзете отырып, дозаны аптасына 100 мг азайту жолымен жүргізілді.

Жасөспірімдер және 6 жастан бастап балалар

ЗОРЕСАН® 6 жастан бастап балаларға бұрын тағайындалған емге қосымша ретінде тағайындалуы мүмкін. Препараттың дозасы клиникалық әсерін ескере отырып таңдалады. Дозаларды арттырудың ұсынылған  режимі және демеуші дозалардың шамасы 2-кестеде келтірілген. Кейбір  пациенттер, атап айтқанда CYP3A4 изоферментін индукциялайтын препараттарды қабылдайтындар, азырақ дозаларға жауап беруі мүмкін.

Ыстық өтудің алдын алу шаралары жөніндегі пациентке арналған айрықша нұсқауларға балалардың және олардың ата-аналарының немесе күтім жасайтын адамдардың назарын аудару керек.

2-кесте. 6 жастан бастап балаларда дозаларды арттырудың ұсынылған  режимі және демеуші дозалардың шамасы

*Демеуші дозаның сақталуын қамтамасыз ету үшін баланың дене салмағын бақылау және дене салмағының өзгеруіне қарай 55 кг жеткенше дозаны өзгертіп отыру қажет. Дозалық режим ең жоғарғы 500 мг тәуліктік дозаға дейін тәулігіне 6–8 мг/кг құрайды.

ЗОРЕСАН® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі  6 жасқа толмаған балаларда немесе дене салмағы 20 кг-ден төмен балаларда  анықталмаған.

Клиникалық зерттеулерде дене салмағы 20 кг-ден аз пациенттерде шектеулі деректер алынған. Осыған байланысты 6 жастағы және одан үлкен,  дене салмағы 20 кг-ден аз балаларды емдеген кезде сақтық таныту керек.  

ЗОРЕСАН®препаратының коммерциялық қолжетімді дозаларымен есептелген дозаға дәл жету үнемі мүмкін бола бермейді. Мұндай жағдайларда  есептелген дозаны ЗОРЕСАН® препаратының коммерциялық қолжетімді дозаларымен  (25, 50 және 100 мг) жетуге болатын ең жақын қолжетімді дозаға дейін жоғары немесе төмен дөңгелектеген жөн.

Тоқтату. Егер ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату қажет болса, оны аптасына 2 мг/кг азайту жолымен біртіндеп жүзеге асырады (3-кестеде келтірілген нұсқауларға сәйкес).

3-кесте. 6 жастан бастап балаларда дозаны азайтудың ұсынылған сызбасы

* Бір реттік қабылдауда.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: Препараттың ересектерде және балаларда әдейі немесе абайсызда артық дозалану жағдайлары байқалды. Кейбір жағдайларда артық дозалану симптомсыз өтті, әсіресе асқазанды дереу шайған кезде. Басқа жағдайларда артық дозалану мынадай симптомдармен қатар жүрді: ұйқышылдық, жүрек айну, гастрит симптомдары, нистагм, миоклонус, кома, брадикардия, бүйрек функциясының бұзылуы, артериялық гипотензия және тыныс алу функциясының бәсеңдеуі.

Зонисамидтің қан плазмасындағы өте жоғары концентрациясы (100,1 мкг/мл) ЗОРЕСАН® препараты және клоназепам артық дозаланғаннан кейін шамамен 31 сағат өткенде байқалды. Осы препаратармен артық дозаланған пациентте кома және тыныс алудың бәсеңдеуі дамыды. Алайда  5 күннен кейін ол есін жиды, және ешқандай асқынулар байқалған жоқ.

Емі: ЗОРЕСАН® препаратының артық дозалануын емдеу үшін арнайы антидот жоқ. Артық дозалану болжанғаннан кейін тыныс алу жолдарының өткізгіштігін демеуге бағытталған әдеттегі шаралар аясында асқазанды дереу шаю қолданылады. Организм жай-күйінің негізгі көрсеткіштерін жүйелі бақылауды қоса, демеуші ем жүргізіледі және мұқият бақыланады. Зонисамидтің жартылай шығарылу кезеңі ұзақ, осыған байланысты оның артық дозалану симптомдары тұрақты сипатта болуы мүмкін. Артық дозалануын емдеуге зерттеулер жүргізілмеген, сонымен қатар бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гемодиализ зонисамидтің қан плазмасындағы концентрациясын азайтатыны белгілі және артық дозалануды емдеу құралы ретінде қарастыруға болады

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз.

Артық дозалану

Шығарылу түрі

ПВХ/ПВДХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

3 немесе 9 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.  

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЗоресан капсулалары 25 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube