daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Усть-Каменогорске қаласындағы Бупивакаин М Ампулалар 5 Мг / Мл 5 Мл №10 | Здоровье народу ХГФП

Усть-Каменогорске қаласындағы Бупивакаин М Ампулалар 5 Мг / Мл 5 Мл №10 | Здоровье народу ХГФП

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір түссіз сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Бупивакаин

Өндіруші:

Здоровье народу ХГФП

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий хлориді, хлорсутек қышқылы немесе натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз сұйықтық.

Белсенді заттың дозасы:

5 мг/мл

Дәрілік түрі:

Инъекцияға арналған ерітінді, 5 мг/мл

Қаптамадағы саны:

10 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Бупивакаин-М, инъекцияға арналған ерітіндісі, 5 мг/мл тері арқылы инфильтрация, шеткері жүйке блокадасы (блокадалары) және орталық жүйке жүйесінің (каудальді немесе эпидуральді) блокадасы арқылы жергілікті анестезия жүргізу үшін пайдаланылады, яғни ұзақ анестезия талап етілетін жағдайларда маманның пайдалануы үшін. Сенсорлық жүйке блокадасы моторлық блокадаға қарағанда анағұрлым айқын болғандықтан, Бупивакаин-М, инъекцияға арналған ерітіндісі, 5 мг/мл әсіресе ауыруды, мысалы, босану кезіндегі ауыруды басу үшін пайдалы.

Бупивакаин-М 5 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндісі келесі жағдайларда қолданылады:

- ересектер мен 12 жаста асқан балаларда хирургиялық анестезияда

- ересектерде, сәбилер мен 1 жастан асқан балаларда жедел ауыруды басу үшін

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- амидтік типтегі жергілікті анестетиктерге аса жоғары сезімталдық

- бупивакаинді венаішілік регионарлық анестезия (Биер блокадасы) үшін қолданбаған жөн

Эпидуральді анестезияның пайдаланылатын дәрілік затқа қарамастан өзіндік қарсы көрсетілімдері бар, оларға:

Менингит, полиомиелит, бассүйекішілік қан құйылу, пернициоздық анемияға және бас және сүйек кемігінің ісіктеріне байланысты сүйек кемігінің жеделге жуық біріктірілген дегенерациясы сияқты белсенді сатыдағы жүйке жүйесінің аурулары; омыртқа туберкулезі; люмбальді пункция жүргізу орнындағы немесе оны жүргізген аумақтың маңындағы терінің іріңді инфекциясы; кардиогенді немесе гиповолемиялық шок; қан ұюының бұзылуы немесе антикоагулянттармен жалғасып жатқан ем кіреді.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары.

Реанимациялық шаралар қиындағанда және олардың ұзақтығын ұлғайту қажет болған кезде бупивакаинді эпидуральді анестезия немесе шеткері жүйкелер блокадасы үшін пайдаланған уақытта жүректің тоқтағаны туралы деректер бар. Алайда кейбір жағдайларда адекватты дайындыққа және тиісті емге қарамастан реанимация мүмкін болмай қалды.

Барлық жергілікті анестезиялаушы препараттар сияқты, бупивакаин препараттың қандағы жоғары концентрациясы кезінде орталық жүйке және жүрек-қантамыр жүйесіне жедел уытты әсер көрсетуі мүмкін. Бұл әсіресе байқаусызда қантамыр ішіне енгізуден немесе қатты васкуляризацияланған аумақтарға енгізуден кейін маңызды. Бупивакаиннің жоғары жүйелі концентрацияларына байланысты қарыншалық аритмия, қарыншалар фибрилляциясы, кенеттен жүрек-қантамыр коллапсы және өлім туралы хабарланды.

Жергілікті немесе жалпы анестезияны қолданумен емшаралар жүргізгенде реанимациялық жабдық болуы тиіс. Дәрігер қантамырішілік инъекцияға жол бермеу үшін қажетті сақтық шараларын қабылдауы тиіс. Реанимация мақсатындағы емшара басталғанға дейін вена ішіне енгізетін орынды қамтамасыз етуі қажет. Қызметкерлер жағымсыз әсерлерге, жүйелі уыттылыққа және басқа да асқынуларға диагностика жасауға және емдеуге тиісті түрде оқып-үйренген болуы тиіс.

Ірі шеткері жүйкелердің блокадасы васкуляризациясы жоғары аумақтарда, көбінесе қантамырішілік инъекция және/немесе жүйелі абсорбцияның жоғары қаупі бар ірі қантамырлардың жанында жергілікті анестетиктің көп мөлшерін енгізуді талап етуі мүмкін. Бұл плазмада концентрацияның жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Артық дозалану немесе кездейсоқ венаішілік инъекция уытты реакциялар тудыруы мүмкін.

Бупивакаиннің қайталама дозаларының инъекциясы препараттың баяу жинақталуынан әрбір келесі дозамен препарат концентрациясының елеулі жоғарылауын туындатуы мүмкін. Жағымдылық пациенттің жағдайына байланысты ауытқиды.

Регионарлық анестезия көбінесе оңтайлы анестезиологиялық техника болып табылғанмен, кейбір пациенттер қауіпті жағымсыз әсерлер қаупін төмендету үшін ерекше назар аударуды талап етеді:

Егде адамдар және әосіреген пациенттер олардың физикалық жағдайларына сәйкес төмендетілген дозаларды алуы тиіс.

Ішінара немесе толық жүрек блокадасы бар пациенттер - жергілікті анестетиктер миокард өткізгіштігін бәсеңдетуі мүмкін екеніне байланысты.

Бауыры ауыратын немесе бүйрек функциясы ауыр бұзылған пациенттер.

Жүктіліктің кеш мерзімдеріндегі пациенттер.

III класты антиаритмиялық препараттар (мысалы, амиодарон) алатын пациенттер ЭКГ мониторингін қоса мұқият қадағалануы тиіс, себебі кардиальді әсерлер аддитивті болуы мүмкін.

Эфир типтес жергілікті анестетиктерге (прокаин, тетракаин, бензокаин және т.б.) аллергиясы бар пациенттер бупивакаин сияқты амид типтес анестетиктерге айқаспалы сезімталдық көрсетпейді.

Анестезиялаушы емшаралардың кейбір түрлері пайдаланылатын дәрілік препаратқа қарамастан күрделі жағымсыз реакциялармен байланысты болуы мүмкін.

Жергілікті анестетиктерді жүрек-қантамыр жүйесінің функциялары бұзылған пациенттерде эпидуральді анестезия кезінде сақтықпен пайдалану керек, себебі мұндай пациенттерде осы препараттар туындатқан AV-өткізгіштіктің ұзаруымен байланысты өлшемдерге қатысты компенсаторлық функция бұзылуы мүмкін.

Орталық жүйке жүйесінің блокадасы туындатқан физиологиялық әсерлер гипотония болғанда анғұрлым айқын. Гиповолемиясы бар пациенттерде оның себептеріне қарамастан эпидуральді анестезия уақытында кенеттен немесе ауыр гипотензия дамуы мүмкін. Сондықтан емделмеген гиповолемиясы бар немесе веналық қайтуы едәуір бұзылған пациенттерде эпидуральді анестезиядан аулақ болу керек немесе абайлап қолдану керек.

Ретробульбарлық инъекциялар уақытша соқырлықты, жүрек-қантамыр коллапсын, апноэ, құрысу және т.б. туындата отырып, бассүйектің субарахноидальді кеңістігіне өте сирек жетуі мүмкін

Жергілікті анестетиктердің ретро- және перибульбарлық инъекцияларында көз бұлшықеттерінің тұрақты дисфункциясының туындау қаупі төмен. Негізгі себептері жарақат және/немесе бұлшықеттерге және/немесе жүйкелерге жергілікті уытты әсер болып табылады. Мұндай реакциялардың ауырлығы жарақат дәрежесіне, жергілікті анестетиктің концентрациясына және жергілікті анестетиктің тініне әсер ету ұзақтығына байланысты. Осы себептен, барлық жергілікті анестетиктер үшін болғандай, ең төменгі тиімді концентрацияны және жергілікті анестетиктің дозасын пайдалану керек.

Вазоконстрикторлар тіндік реакцияларды күшейтуі мүмкін және тек көрсетілімдер бойынша пайдаланылуы тиіс.

Басқа және мойынға, оның ішінде ретробульбарлық және стоматологиялық блокадаларға, сондай-ақ жұлдызшалы ганглий блокадасына енгізілетін жергілікті анестетиктердің аздаған дозалары байқаусызда артерия ішіне инъекцияға байланысты жүйелі уытты әсерлер тудыруы мүмкін.

Парацервикальді блокада акушерлікте пайдаланылатын басқа блокадаларға қарағанда шаранаға анағұрлым күшті жағымсыз әсер көрсетуі мүмкін. Бупивакаиннің жүйелі уыттылығынан бупивакаинді парацервикальді блокада үшін пайдаланғанда аса сақ болу керек.

Жергілікті анестетиктердің операциядан кейінгі буынішілік үздіксіз инфузиясын алып жүрген пациенттерде хондролиз туралы постмаркетингтік деректер бар. Хондролиз бойынша тіркелген оқиғаларының көбі иық буынымен байланысты. Әсер ету механизміне қатысты ғылыми әдебиетте ықпал етуші факторлардың көпшілігінен және сәйкессіздігінен себеп-салдық байланыс анықталмады. Буынішілік үздіксіз инфузия бупивакаинді қолдану үшін бекітілген көрсетілім емес.

Эпидуральді анестезия, пайдаланылатын дәрілік затқа қарамастан, гипотензия және брадикардия туындатуы мүмкін, мұны күту керек және тиісті сақтық шараларын қабылдау керек. Мұндай әсерлердің қаупін вазопрессор енгізу арқылы азайтуға болады. Егер гипотензия дамыса, оны дереу симпатомиметикті вена ішіне енгізумен емдеу керек, қажет болса қайталайды. Ауыр гипотензия массивті асциті, құрсақ қуысында үлкен ісіктері бар немесе жүктіліктің соңғы мерзімдеріндегі пациенттерде қан құйылуға, дегидратацияға немесе аортокавальді окклюзияға байланысты гиповолемия нәтижесінде туындауы мүмкін. Жүрек декомпенсациясы бар пациенттерде айқын гипотонияға жол бермеу керек.

Шығу тегі кез келген гиповолемиясы бар пациенттерде интратекальді анестезия кезінде кенеттен және ауыр гипотензия дамуы мүмкін.

Интратекальді анестезия қабырғааралық салдану туындатуы мүмкін, ал плевра жалқығы бар пациенттерде тыныс алудың қиындауы мүмкін. Сепсис операциядан кейінгі кезеңде жұлынішілік абсцестің түзілу қаупін арттыруы мүмкін.

Егер жуырда болған күрделі буынішілік жарақатқа күдік болса немесе хирургиялық емшара буында ауқымды өңделмеген беткейлер қалыптастырса, бупивакаинді буын ішіне енгізгенде сақтық таныту ұсынылады, өйткені бұл сіңірілуді тездетуі және қан плазмасында дәрілік зат концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Бупивакаинді құрылымы бойынша лидокаин және мексилетин тәрізді антиаритмиялық дәрілер сияқты жергілікті анестетиктерге ұқсас дәрілік заттармен бірге қолданғанда сақ болу керек, өйткені олардың уытты әсерлері аддитивті болып табылады.

Бупивакаин мен III класты антиаритмиялық препараттардың (мысалы, амиодаронмен) өзара әрекеттесуі бойынша спецификалық зерттеулер жүргізілмеді, бірақ сақ болған жөн.

Дәрілік препараттың әсеріне әсер етуге қабілетті өзара әрекеттесу түрлері (алкогольмен, шылыммен, аспен)

Зерттелмеді

Арнайы ескертулер

Балалар

1 жасқа дейінгі балаларда бупивакаиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер шектеулі.

Бупивакаинді 1-12 жас аралығындағы балаларда буынішілік блокада үшін қолдану туралы хабарланбады.

Бупивакаинді 1-12 жас аралығындағы балаларда ірі жүйкелердің блокадасы кезінде қолдану туралы хабарланбады.

Эпидуральді анестезияны орындағанда балаларға олардың жасы мен саламғына сәйкес есептелген қосымша дозаларды енгізу керек, өйткені эпидуральді анестезия, әсіресе көкірек қуысы деңгейінде ауыр гипотонияға және тыныс алудың бұзылуына әкелуі мүмкін.

Егде жастағы пациенттер

Деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Деректер жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Деректер жоқ.

Жүктілік немесе лактация уақытында.

Адамдағы жүктілік ағымына жағымсыз ықпалы бойынша дәлелдер жоқ. Үлкен дозаларда егеуқұйрық төлдерінің өміршеңдігінің төмендеуі және буыз уақытында пайдаланғанда қояндарда эмбриондарға әсері туралы дәлелдер бар. Сондықтан пайда қауіптен басым болатын жағдайларды қоспағанда, бупивакаинді жүктіліктің ерте кезеңдерінде қолданбаған жөн.

Пациенттерде жүктіліктің ерте кезеңдерінде доза азайтылуы тиіс екенін атап айту керек.

Бала емізу

Бупивакаин емшек сүтіне өтеді, бірақ препаратты емдік дозаларда қолданғанда балаға әсер ету қаупі болмайтындай аз көлемде.

Фертильділік

Деректер жоқ

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бупивакаин автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне аз ғана әсер етеді. Тікелей анестезиялаушы әсерден басқа, жергілікті анестетиктер ОЖЖ үшін анық уыттылық болмаса да ақыл-ой функциясына және координацияға өте төмен әсер етуі және қозғалыс белсенділігін және қырағылықты уақытша бұзуы мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Бупивакаинді құрылымы бойынша лидокаин және мексилетин тәрізді антиаритмиялық дәрілер сияқты жергілікті анестетиктерге ұқсас дәрілік заттармен бірге қолданғанда сақ болу керек, өйткені олардың уытты әсерлері аддитивті болып табылады.

Бупивакаин мен III класты антиаритмиялық препараттардың (мысалы, амиодаронмен) өзара әрекеттесуі бойынша спецификалық зерттеулер жүргізілмеді, бірақ сақ болған жөн.

Дәрілік препараттың әсеріне әсер етуге қабілетті өзара әрекеттесу түрлері (алкогольмен, шылыммен, аспен)

Зерттелмеді

Арнайы ескертулер

Балалар

1 жасқа дейінгі балаларда бупивакаиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер шектеулі.

Бупивакаинді 1-12 жас аралығындағы балаларда буынішілік блокада үшін қолдану туралы хабарланбады.

Бупивакаинді 1-12 жас аралығындағы балаларда ірі жүйкелердің блокадасы кезінде қолдану туралы хабарланбады.

Эпидуральді анестезияны орындағанда балаларға олардың жасы мен саламғына сәйкес есептелген қосымша дозаларды енгізу керек, өйткені эпидуральді анестезия, әсіресе көкірек қуысы деңгейінде ауыр гипотонияға және тыныс алудың бұзылуына әкелуі мүмкін.

Егде жастағы пациенттер

Деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Деректер жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Деректер жоқ.

Жүктілік немесе лактация уақытында.

Адамдағы жүктілік ағымына жағымсыз ықпалы бойынша дәлелдер жоқ. Үлкен дозаларда егеуқұйрық төлдерінің өміршеңдігінің төмендеуі және буыз уақытында пайдаланғанда қояндарда эмбриондарға әсері туралы дәлелдер бар. Сондықтан пайда қауіптен басым болатын жағдайларды қоспағанда, бупивакаинді жүктіліктің ерте кезеңдерінде қолданбаған жөн.

Пациенттерде жүктіліктің ерте кезеңдерінде доза азайтылуы тиіс екенін атап айту керек.

Бала емізу

Бупивакаин емшек сүтіне өтеді, бірақ препаратты емдік дозаларда қолданғанда балаға әсер ету қаупі болмайтындай аз көлемде.

Фертильділік

Деректер жоқ

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бупивакаин автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне аз ғана әсер етеді. Тікелей анестезиялаушы әсерден басқа, жергілікті анестетиктер ОЖЖ үшін анық уыттылық болмаса да ақыл-ой функциясына және координацияға өте төмен әсер етуі және қозғалыс белсенділігін және қырағылықты уақытша бұзуы мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар

Келесі кесте ересектердегі ең жиі пайдаланылатын әдістер үшін дозалау бойынша нұсқаулық болып табылады. Цифрлар қажетті дозаның күтілетін орташа диапазонын көрсетеді. Нақты блок тәсілдеріне әсер ететін факторлар зерттелуі және пациенттің жекелей қажеттіліктері ескерілуі тиіс.

N.B. Үздіксіз инфузия арқылы, не қайталама болюстік енгізу арқылы қол жеткізілген ұзаққа созылатын блокадалар пайдаланылғанда қан плазмасындағы уытты концентрацияға жету немесе жүйке жүйесінің жергілікті зақымдану қаупін ескеру керек.

Шығарылу түрі

5 мл-ден шыны ампулаларда.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және кесетін керамикалық дискімен немесе ампулалық керамикалық пышақпен бірге картон қорапқа салынған.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және кесетін керамикалық дискімен немесе ампулалық керамикалық пышақпен бірге картон қорапқа салынған.

Сындыратын сақинасы немесе нүктесі және кертігі бар ампуладағы препаратты қаптағанда кесетін керамикалық дискіні немесе ампулалық керамикалық пышақты салмауға болады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыБупивакаин М ампулалар 5 мг / мл 5 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube