Показания к применению
Шырыштың түзілуі мен шығарылуының бұзылуымен қатар жүретін бронхтың және өкпенің жедел және созылмалы аурулары кезіндегі секретолитикалық терапия.
Шырыштың түзілуі мен шығарылуының бұзылуымен қатар жүретін бронхтың және өкпенің жедел және созылмалы аурулары кезіндегі секретолитикалық терапия.
- әсер етуші зат - амброксол гидрохлоридіне немесе "Құрамы" бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бар пациенттерде
- 6 жасқа дейінгі балаларда
Флавамед® таблеткаларын кейбір антибиотиктермен (амоксициллинмен, цефуроксиммен, эритромицинмен, доксициллинмен) бір мезгілде қабылдағанда олардың бронх секрециясына енуінің күшейюі байқалады.
Флавамед® препаратының таблеткаларын жөтелге қарсы дәрілермен біріктіріп қолданғанда, муковисцидоз немесе бронхоэктаз сияқты шырышты гиперсекрециямен бірге жүретін респираторлық аурулары бар пациенттерде жөтел рефлексінің бұзылуына байланысты секрецияның (қауіпті) өсуі дамуы мүмкін.
Дозалау режимі
Қосымша нұсқаулар болмаған жағдайда Флавамед® препаратының таблеткаларын келесі дозаларда қабылдау ұсынылады.
6 жасқа дейінгі балалар:
6 жасқа дейінгі балаларға Флавамед® таблеткалары қолдануға болмайды ("Қолдануға болмайтын жағдайлар" бөлімін қараңыз).
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар:
Әдетте, Флавамед® препаратын ½ таблеткадан тәулігіне 2-3 рет қабылдайды (тәулігіне 2-3 рет 15 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер:
Әдетте, алғашқы 2-3 тәулік ішінде Флавамед® препаратын 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет (тәулігіне 3 рет 30 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы), содан кейін – Флавамед® препаратын 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет (тәулігіне 2 рет 30 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы) қабылдайды.
Ескертпе:
Қажет болған жағдайда ересектерге тәулігіне 2 рет 60 мг дейін дозаны (тәулігіне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы) көтеруге болады.
Дәрігерлер тарапынан препаратты қолдану ұзақтығына шектеулер жоқ. Қосымша парақта пациенттердің назары Флавамед® препаратының таблеткаларын дәрігердің кеңесінсіз 4-5 күннен артық қабылдауға болмайтындығына аударылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Флавамед® препараты таблеткалар ішке қабылданады.
Таблеткаларды тамақпен немесе тамаққа қарамастан жеткілікті сұйықтықпен (мысалы, су, шай немесе жеміс шырыны) тұтастай жұту керек.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
2 немесе 5 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек !
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.