daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Усть-Каменогорске қаласындағы Хартил Таблеткалары 5 Мг №28 | Фармацевтический завод ЭГИС

Усть-Каменогорске қаласындағы Хартил Таблеткалары 5 Мг №28 | Фармацевтический завод ЭГИС

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage

Международное наименование:

Рамиприл

Производитель:

Фармацевтический завод ЭГИС

Страна производитель:

Венгрия

Действующее вещество:

- тұқым қуалайты галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар тұлғаларға - анамнезіндегі ангионевроздық ісіну (тұқым қуалайтын, идиопатиялық немесе басқа АКФт немесе ангиотензин II рецепторларының блокаторларын (АТРА II) қолданғаннан туындаған ісіну - бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғарылауына байланысты бір мезгілде қолдану - гемодинамикалық елеулі екіжақты (немесе бір бүйрегімен пациенттерде біржақты) бүйрек артериясының стенозы - артериялық гипотензия немесе тұрақсыз гемодинамика - жоғары өткізгіш диализдік жарғақшалардың теріс зарядталған беткейлерімен қанның жанасуымен бірге жүретін экстракорпоральді емдеу - қант диабеті немесе құрамында алискирен бар препараттарды қабылдайтын, бауыр функциясының орташа-ауыр бұзылуы бар (КК ШСЖ <60 мл/мин 1.73 м2) пациенттер - жүктіліктің II және III триместрлері және лактация кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар

Дозировка активного вещества:

5 мг

Количество в упаковке:

28 шт

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

- артериялық гипертензия

- жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы: жүрек-қантамыр ауруларын және өлім жағдайын мынадай пациенттерде төмендету:

айқын атеротромбоздық жүрек-қантамыр ауруларымен (мысалы, тәждік қантамырларының зақымдануында, анамнезінде инсульт немесе шеткері артерияларының зақымдануында) анамнезінде миокард инфарктісімен немесе онсыз, сондай-ақ инсульт болғанда

қант диабетімен, кем дегенде бір жүрек-қантамырлық қауіп факторы болғанда

- бүйрек аурулары

микроальбуминурияның болуымен анықталатын диабеттік шумақтық нефропатияның бастапқы сатысы

кем дегенде бір жүрек-қантамырлық қауіп факторы бар пациенттерде макропротеинурияның болуымен анықталатын айқын диабеттік шумақтық нефропатия

күніне ≥ 3 г микроальбуминурияның болуымен анықталатын айқын диабеттік емес шумақтық нефропатия

- айқын жүрек жеткіліксіздігі

- жедел миокард инфарктінен кейін екіншілік профилактикада: егер ем жедел миокард инфарктісі басталғаннан кейін > 48 сағаттан соң басталса, клиникалық айқын жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде инфаркттің жедел фазасында өлім жағдайларын азайту.

Противопоказания

- белсенді затқа (рамиприлге) немесе кез келген қосымша затқа немесе АКФ (ангиотензин- конвертациялаушы фермент) кез келген тежегішіне жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайты галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар тұлғаларға

- анамнезіндегі ангионевроздық ісіну (тұқым қуалайтын, идиопатиялық немесе басқа АКФт немесе ангиотензин II рецепторларының блокаторларын (АТРА II) қолданғаннан туындаған ісіну

- бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғарылауына байланысты бір мезгілде қолдану

- гемодинамикалық елеулі екіжақты (немесе бір бүйрегімен пациенттерде біржақты) бүйрек артериясының стенозы

- артериялық гипотензия немесе тұрақсыз гемодинамика

- жоғары өткізгіш диализдік жарғақшалардың теріс зарядталған беткейлерімен қанның жанасуымен бірге жүретін экстракорпоральді емдеу

- қант диабеті немесе құрамында алискирен бар препараттарды қабылдайтын, бауыр функциясының орташа-ауыр бұзылуы бар (КК ШСЖ <60 мл/мин 1.73 м2) пациенттер

- жүктіліктің II және III триместрлері және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Взаимодействие

АКФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторлары блокаторларын немесе алискиренді біріктірген кездегі ренин-ангиотензин-альдостерондық жүйенің (РААЖ) қосарлы блокадасы РААЖ-ға әсер ететін бір препаратты қабылдаумен салыстырғанда, гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының бұзылуы сияқты (бүйректің жедел жеткіліксіздігін қоса) жағымсыз әсерлердің жиілеуіне әкеледі.

Қолдануға болмайтын біріктірілімдер

Экстракорпоральді емшаралар, олардың барысында қан теріс зарядты беткейлермен жанасады, мысалы диализ немесе қарқынды ағымның кейбір жарғақшалары (мысалы полиакрилонитрилдік қосылыстардан жарғақшалар) көмегімен, гемофильтрация немесе декстран сульфатын пайдаланып, тығыздығы төмен липопротеиндердің аферезі, ауыр анафилактоидты реакциялардың жоғары қаупі салдарынан. Егер мұндай ем қажет болса, онда диализге арналған басқа жарғақшаларды немесе гипертензияға қарсы дәрілердің өзге класын пайдалануды қарастыру керек.

АКФ тежегіштерін (рамиприл сияқтылар) құрамында сакубитрил (неприлизин тежегіштері) бар дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда ангионевроздық ісінудің даму қаупі артады, осыған байланысты, аталған препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды. АКФ тежегіштерін құрамында сакубутрил бар препараттарды тоқтатқаннан кейін 36 сағат өтпейінше тағайындауға болмайды. Құрамында сакубутрил бар препараттарды АКФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерге, сондай-ақ АКФ тежегіштерін тоқтатқаннан кейін 36 сағат ішінде тағайындауға болмайды.

Айрықша сақтықты талап ететін біріктірілімдер

Гепарин, калий тұзы, калийсақтағыш диуретиктер және сарысулық калийдің деңгейін жоғарылататын басқа да белсенді дәрілер (ангиотензин-II рецепторларының антагонистерін, триметопримді, такролимусты, циклоспоринді қоса): гиперкалиемия дамуы мүмкін. Сарысулық калийдің деңгейі үнемі бақылануы тиіс.

Гипертензияға қарсы дәрілер (мысалы, диуретиктер) және артериялық қысымды төмендететін басқа да белсенді дәрілер (мысалы, нитраттар, трициклдық антидепрессанттар, ауыруды басатын дәрілер, алкогольді шамадан тыс қабылдау, баклофен, альфузозин, доксазозин, празозин, тамсулозин, теразозин): гипотензия қаупін көтермелеуі мүмкін.

Вазопрессорлық симпатомиметиктер және басқа белсенді дәрілер (мысалы, изопротеренол, добутамин, дофамин, эпинефрин) Хартил препаратының гипертензияға қарсы әсерін әлсіретуге қабілетті: артериялық қысымның жүйелі мониторингі ұсынылады.

Аллопуринол, иммунодепрессанттар, кортикостероидтар, прокаинамид, цитостатиктер және қан көрінісін өзгертуі мүмкін басқа да дәрілер: гематологиялық реакциялардың жоғары ықтималдығы.

Литий тұздары: АКФ тежегіштері литий экскрециясын төмендетуге және оның уытты әсерінің кейін жоғарылауымен, қанда литий концентрациясын тиісінше жоғарылатуға қабілетті. Литийдің сарысулық деңгейін жүйелі мониторингтеу талап етіледі.

Инсулинді қоса, диабетке қарсы дәрілер: гипогликемия болуы мүмкін. Қан глюкозасы деңгейінің жүйелі мониторингі ұсынылады.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) және ацетилсалицил қышқылы: Хартилдің гипертензияға қарсы әсерінің төмендеуі күтілуде. Бұдан басқа, АКФ тежегіштерімен және ҚҚСП-мен бір мезгілде емдеу бүйрек дисфункциясының және сарысулық калий деңгейінің жоғарылау қаупін арттыруы мүмкін.

Триметоприм және оның сульфаметоксазолмен (Ко-тримоксазолмен) біріктірілімі: гиперкалиемия дамуы мүмкін.

TOR тежегіштері немесе вилдаглиптин: Ангионевроздық ісіну даму қаупі сүтқоректілерде рапамицин нысанасының тежегіштері препараттарымен (mTOR) (тенсиролимус, эверолимус, сиролимус) немесе вилдаглиптинмен бірге ем қабылдайтын пациенттерде жоғарылайды. Емдеудің басында сақтық таныту керек.

НЭП (неприлизин) тежегіштері: АКФ тежегіштерін және рацекадотрил сияқты бейтарап пептидаза (НЭП, неприлизин) тежегіштерін бірге қолдану кезінде ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғарылау мүмкіндігі туралы хабарлар бар.

Плазминогеннің тіндік активаторлары: обсервациялық зерттеулерде ишемиялық инсульттің тромболитикалық емі үшін алтеплазаны қолданғаннан кейін АКФ тежегіштерін қабылдаған пациенттерде ангионевроздық ісінулер дамуының жоғары жиілігі анықталды.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Ересектер:

Диуретиктермен ем қабылдайтын пациенттер

Хартилді препаратын қолданумен емнің басында гипотензия туындауы мүмкін; бұл әсердің диуретиктерді қабылдайтын пациенттерде ықтималдығы басым. Мұндай жағдайда сақ болған жөн, себебі мұндай пациенттерде су-тұз алмасу бұзылуы туындауы мүмкін.

Мүмкіндігінше диуретиктерді Хартил препаратымен ем басталарға дейін 2 немесе 3 күн бұрын тоқтату керек.

Диуретиктермен емді жалғастыратын, артериялық гипертензиясы бар пациенттерде Хартил препаратымен емді 1,25 мг дозадан бастау керек. Сонымен бірге калийдің сарысулық деңгейін және бүйрек функциясын бақылау қажет. Хартил препаратын келесі дозалау артериялық қысымның мақсатты деңгейіне сәйкес түзетілуі тиіс.

Артериялық гипертензия

Доза пациенттің бейіні және артериялық қысымның деңгейі бойынша жекелей іріктеледі. Хартил монотерапия ретінде немесе басқа гипертензияға қарсы дәрілермен біріктірімде қолданылуы мүмкін.

Ұсынылатын бастапқы доза – дозаны біртіндеп жоғарылатумен, тәулігіне 1 рет 2,5 мг. Ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйенің белсенділігі жоғарылаған пациенттерде бастапқы дозаны қабылдағаннан кейін қысым едәуір төмендеуі мүмкін. Мұндай пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза 1,25 мг құрайды. Ем дәрігердің бақылауымен басталуы қажет.

Дозаны титрлеу және демеуші доза

Дозаның емдік әсеріне қарай, мақсатты артериялық қысымға жеткенге дейін, күнделікті дозаны әрбір 2-4 апта сайын екі еселеп, жоғарылатуға болады.

Ең жоғары тәуліктік доза – 10 мг. Әдетте препарат тәулігіне бір рет қабылданады.

Жүрек-қантамыры ауруларының профилактикасы

Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне 1 рет 2,5мг.

Дозаны титрлеу және демеуші доза

Белсенді заттың көтерімділігіне қарай, дозаны біртіндеп жоғарылатады.

Ем басталғаннан кейін 1-2 аптадан соң дозаны екі есе арттыру, содан кейін 2-3 аптадан соң, Хартилді тәулігіне 10 мг, мақсатты демеуші дозаға дейін жоғарылату ұсынылады. Сондай-ақ диуретиктерді қабылдайтын пациенттерге дозалауды қараңыз.

Бүйрек аурулары

Диабеті және микроальбуминуриясы бар пациенттер

Ұсынылатын бастапқы доза - тәулігіне 1,25 мг Хартил.

Дозаны титрлеу және демеуші доза: белсенді заттың көтерімділігіне қарай, дозаны біртіндеп жоғарылатады.

2 аптадан соң тәулігіне 2,5 мг-ге, содан кейін тағы да 2 аптадан соң тәулігіне 5 мг-ге дейін дозаны жоғарылату ұсынылады.

Ең аз дегенде, жүрек-қантамыр қаупінің бір факторымен, қант диабеті бар пациенттер

Ұсынылатын бастапқы доза - тәулігіне 2,5 мг Хартил.

Дозаны титрлеу және демеуші доза: белсенді заттың көтерімділігіне қарай, дозаны біртіндеп жоғарылатады. 2 аптадан соң тәулігіне 5 мг-ге дейін, содан кейін тағы да 2-3 аптадан соң тәулігіне 10 мг мақсатты ұсынылатын тәуліктік дозаға дейін дозаны екі еселеу ұсынылады.

Диабеттік емес нефропатиясы және тәулігіне ≥3 г макропротеинуриясы бар пациенттер

Ұсынылатын бастапқы доза - тәулігіне 1,25 мг Хартил препараты.

Дозаны титрлеу және демеуші доза: белсенді заттың көтерімділігіне қарай, дозаны біртіндеп жоғарылатады. 2 аптадан соң тәулігіне 2,5 мг-ге дейін, және тағы да 2 аптадан соң тәулігіне 5 мг дейін дозаны екі еселеу ұсынылады.

Айқын жүрек жеткіліксіздігі

Ұсынылатын бастапқы доза - тәулігіне 1,25 мг Хартил препараты.

Дозаны титрлеу және демеуші доза: дозаны әрбір 1-2 апта сайын 10 мг мақсатты тәуліктік дозаға жеткенге дейін біртіндеп екі еселеуге болады. Дозаны тәулігіне екі бөліп қабылдау ұсынылады.

Жүрек жеткіліксіздігімен жедел миокард инфарктінен кейін екіншілік профилактика

Ұсынылатын бастапқы доза күніне екі рет 2,5 мг құрайды және клиникалық және гемодинамикалық тұрақты пациенттерде 3 тәулік ішінде миокард инфарктінен кейін 48 сағаттан соң қолданылады. Егер 2,5 мг бастапқы дозаның көтерімділігі нашар болса, 2 тәулік бойы күніне екі рет 1,25 мг тағайындалады, содан соң дозаны күніне екі рет 2,5 мг және 5 мг дейін жоғарылатуға болады. Егер дозаны тәулігіне екі рет 2,5 мг дейін жоғарылату мүмкін болмаса, емді тоқтату керек.

Сондай-ақ диуретиктерді қабылдайтын пациенттерге дозалауды жоғарыдан қараңыз.

Дозаны титрлеу және демеуші доза: тәуліктік доза күніне екі рет 5 мг мақсатты тәуліктік дозаға дейін, әрбір 1-3 тәулік сайын дозаны екі еселеу арқылы біртіндеп жоғарылатады. Мүмкіндігінше демеуші дозаны екі бөлуге болады.

Егер дозаны тәулігіне екі рет 2,5 мг дейін жоғарылату мүмкін болмаса, емді тоқтату керек. Ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар (NYHA класы IV) пациенттерді миокард инфарктісінен кейін бірден емдеуге қатысты тәжірибе шектеулі. Егер мұндай пациенттерді емдеу туралы шешім қабылданатын болса, бастапқы доза 1,25 мг тәулігіне бір рет және дозаны жоғарылату кезінде ерекше сақ болу ұсынылады.

Пациенттердің арнайы топтары

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде тәуліктік доза креатинин клиренсі негізінде анықталуы керек:

- егер креатинин клиренсі ≥ 60 мл/мин болса, бастапқы дозаны өзгерту қажет емес (2,5 мг/тәул.); ең жоғары тәуліктік доза 10 мг құрайды.

- егер креатинин клиренсі 30-60 мл/мин болса, бастапқы дозаны өзгерту қажет емес (2,5 мг/ тәул.); ең жоғары тәуліктік доза 5 мг мг құрайды.

- егер креатинин клиренсі 10-30 мл/мин болса, бастапқы доза 1,25 мг/тәул.; ең жоғары тәуліктік доза 5 мг құрайды.

- гемодиализде тұрған гипертензиясы бар пациенттер: рамиприл диализбен нашар шығарылады; бастапқы доза 1,25 мг/тәул.; ең жоғары тәуліктік доза 5 мг құрайды. Препаратты диализ емшарасы аяқталғаннан кейін бірнеше сағаттан соң қабылдау керек.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде Хартилмен емдеу қатаң медициналық бақылаумен ғана басталуы тиіс; Хартил препаратының ең жоғары тәуліктік дозасы - 2,5 мг.

Егде пациенттер

Бастапқы доза төмен, ал дозаны келесі титрлеу неғұрлым сатылы болуы тиіс, себебі бұл топта жағымсыз әсерлердің жоғары ықтималдығы бар. 1,25 мг бастапқы төмен дозаны қарастыру керек.

Балалар

Қауіпсіздік және тиімділік бойынша деректердің мөлшері жеткіліксіз болғандықтан, балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге Хартилді қолдану ұсынылмайды. Балаларға рамиприлді қолданудың шектеулі тәжірибесі ғана бар.

Енгізу әдісі және жолы

Таблеткалар ішке қабылдауға арналған.

Хартил таблеткаларын күн сайын және тәуліктің бір уақытында қабылдау керек. Таблеткаларды сұйықтықпен ішіп, шайнамай, бүтіндей қабылдау керек. Таблеткаларды ас ішуге қарамастан қабылдай беруге болады, өйткені бұл препараттың биожетімділігіне әсер етпейді. Таблеткаларды сызығы бойымен сындырып, тең екі дозаға бөлуге болады. Дозасын әрбір пациент үшін емдік әсер мен көтере алуына қарай жеке анықтау керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар

Симптомдары: АКФ тежегіштерін артық дозалауға байланысты симптомдар шамадан тыс шеткері вазодилатациямен (айқын гипотензиямен, шокпен), брадикардиямен, су-электролиттік теңгерімнің бұзылуымен және бүйрек жеткіліксіздігімен сипатталуы мүмкін.

Емі: пациенттердің жағдайы дәрігердің қатаң бақылауында болуы тиіс, симптоматикалық және демеуші ем жүргізілуі тиіс. Көмек шаралары негізінен алғашқы детоксикацияны (асқазанды шаю, адсорбенттерді қабылдау) және альфа1-адренергиялық агонистерді немесе ангиотензин-II-ні (ангиотензинамидті) енгізу секілді гемодинамикалық көрсеткіштердің тұрақтылығын қалпына келтіру бойынша шараларды қамтиды. Рамиприлат, рамиприлдің белсенді метаболиті, гемодиализбен нашар шығарылады.

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаХартил таблеткалары 5 мг №28 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube