Қолдану көрсеткіштері
Дәрілік препарат Trichophyton spp., Microsporum spp. және Epidermophyton spp. тудырған терінің дерматофиттік инфекцияларын емдеуде ересектерде қолдануға көрсетілген:
- тегіс тері дерматомикозы
- шап эпидермофитиясы
- табан мен қол ұшы эпидермофитиясы
Сонымен қатар, Кетазол 2% жақпамайы тері кандидозын (вульвитті қоса), кебек тәрізді (түрлі-түсті) теміреткіні, Malassezia (бұрын Pityrosporum) spp. тудырған себореялық дерматитті емдеу үшін көрсетілген.