daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Усть-Каменогорске қаласындағы Гельмидол Таблеткалары 150 Мг №1 | ТК Фарм Актобе

Усть-Каменогорске қаласындағы Гельмидол Таблеткалары 150 Мг №1 | ТК Фарм Актобе

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ немесе ақ дерлік түсті бір жақ бетінде ойығы бар, сызығы бар жалпақ цилиндрлі пішінді таблеткалар (50 мг доза үшін). Ақ немесе ақ дерлік түсті ойығы баржалпақ цилиндрлі пішінді таблеткалар (150 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Левамизол

Өндіруші:

ТК Фарм Актобе

Өндіруші ел:

Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар– жүгері крахмалы, натрий сахарині, тальк, повидон, өрік хош иісі, магний стеараты. Бір 150 мг таблетканың құрамында: қосымша заттар – жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, сахароза, тальк, повидон, магний стеараты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе ақ дерлік түсті бір жақ бетінде ойығы бар, сызығы бар жалпақ цилиндрлі пішінді таблеткалар (50 мг доза үшін). Ақ немесе ақ дерлік түсті ойығы баржалпақ цилиндрлі пішінді таблеткалар (150 мг доза үшін).

Белсенді заттың дозасы:

150 мг

Дәрілік түрі:

Таблеткалар 50 мг және 150 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- аскаридоз (Ascaris lumbricoides)

- некатороз (Necator americanus)

- анкилостомидоз (Ancylostoma duodenale).

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балалар

- тұқым қуалайтын галактоза, лактоза, фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі (150 мг доза үшін)

- емдеу кезінде және одан кейін алғашқы 24 сағат ішінде спирттік ішімдіктерді қабылдау

- жүктілік және лактация кезеңі

150 мг таблеткалар үшін балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсеткіш болып табылады!

Өзара әрекеттесуі

Левамизол кумаринтәрізді антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Антикоагулянттардың әсерін мұқият титрлеу және қадағалауда ұстау қажет.

Левамизол қан плазмасындағы фенитоин деңгейін арттыруы мүмкін, сондықтан олар бір мезгілде қолданылғанда қандағы фенитоин деңгейін бақылау қажет.

Левамизол препараты мен альбендазолды бір мезгілде қолданғанда, альбендазол сульфоксиді концентрациясының қисық астындағы ауданы (AUC) айтарлықтай азаяды. Левамизол мен альбендазолды бір мезгілде қабылдаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.

Левамизол препараты мен ивермектинді бір мезгілде қолданғанда, ивермектиннің AUC едәуір артады. Левамизол пен ивермектинді бір мезгілде қабылдаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.

Арнайы ескертулер

Левамизол препаратымен ұзақ уақыт немесе қайталап емделу үдерісінде мезгіл-мезгіл қан талдауын (3 аптада 1 реттен кем емес) жасаған жөн, өйткені левамизолды қайталап қолдану лейкопения сияқты гематологиялық бұзылуларды қоса, аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін. Осы себепті, ұсынылған дозасын арттырмау керек.

Левамизол препараты мен қан кетуге теріс әсер етуі мүмкін препараттарды бір мезгілде қабылдау сақтықты талап етеді.

Левамизолды қатаң түрде мақсатына қарай қолдану керек, өйткені мақсатынан тыс, кокаинді сұйылтқыш ретінде қолданылғанда некроздаушы васкулит жағдайы байқалған.

Препаратты қабылдау кезінде және қабылдағаннан кейін, кемінде 24 сағат бойы спирттік ішімдіктерді қолданбау ұсынылады. Левамизол препаратын спирттік ішімдіктермен бір мезгілде қабылдағанда дисульфирамтәрізді құбылыстар байқалады.

Қосымша заттар

Гельмидол, 150 мг таблеткалардың құрамында лактоза моногидраты және сахароза бар.

Сирек тұқым қуалайтын галактоза, лактоза, фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге Гельмидол, 150 мг таблеткалар препаратын қабылдамаған жөн.

Педиатрияда қолдану

150 мг таблеткаларды балаларға тағайындауға болмайды!

Жүктілік немесе лактация кезінде

Левамизол жануарларда тератогендік әсерлердің дамуына әкелмеді, алайда, егер жүкті әйел левамизолды улы дозада қабылдаса левамизол ұрыққа уытты әсер тигізеді. Жүкті әйелдерде левамизолды қолдануға тиісті түрде жоспарланған бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан Гельмидол препаратын жүктілік кезінде тек ана үшін ықтимал пайдасы ұрық қаупінен асып кеткен жағдайларда ғана қабылдауға болады.

Левамизолдың ана сүтімен бөлінуі туралы деректер жоқ. Алайда, левамизолдың сиырларда сүтпен бөлінетіні белгілі.

Жаңа туған нәрестелерде жағымсыз реакциялар болуы мүмкіндігіне байланысты, анасы үшін препаратты қолданудың қаншалықты қажет екендігіне қарай, бала емізуді тоқтату немесе препаратты қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдау қажет.

Жануарларға жүргізілген зерттеулер ұрпақ өрбіту функциясына қандай да бір әсерін анықтаған жоқ .

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат қабылдау кезінде жеңіл және қысқа мерзімді бас айналуы болуы мүмкін, сондықтан автокөлік жүргізу және жоғары жарақат алу қаупімен байланысты жұмыстарды атқару кезінде сақтық таныту керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерге: бірреттік дозасы 150 мг 1 таблетка.

Балаларға: препарат 50 мг таблетка түрінде келесі дозаларда бір рет тағайындалады

Бір қабылдаумен, тамақтанғаннан кейін, судың аз мөлшерімен іше отырып кешке қабылдаған дұрыс.

Іш жүргізетін дәрілерді қабылдау және арнайы диетаны ұстанудың қажеті жоқ.

Балалар. 50 мг таблеткаларды 6 жастан асқан балаларға дәрігердің тағайындауы бойынша және бақылауымен қолдану керек.

Шығарылу түрі

2 таблеткадан (50 мг доза үшін) немесе 1 таблеткадан (150 мг доза үшін) поливинилхлоридті үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

Бір пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыгельмидол таблеткалары 150 мг №1 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube