Показания к применению
- ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігін емдеу үшін
- муковисцидоз кезінде ұйқы безінің жеткіліксіз функциясын демеу
- ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігін емдеу үшін
- муковисцидоз кезінде ұйқы безінің жеткіліксіз функциясын демеу
− панкреатинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
− жедел панкреатит (ерте кезеңдерде), созылмалы панкреатиттің асқынуы
Тағамдық өзара әрекеттесулері
Дәріні ішу үшін сілтілі минералды суды пайдаланбау керек. Жұтынуға қиналатын ересектерге және балаларға препаратты қабылдау үшін капсуланы абайлап ашады, ал түйіршіктерді жұмсақ тағамға қосады немесе сусынмен бірге қабылдайды. Бұл ретте түйіршікттерді араластыратын тағамның немесе сусынның дәмі ферменттердің мерзімінен бұрын босап шығуы және бұзылуы болмас үшін қышқыл (рН 5.5-тен аз) болуы тиіс. Бұл алма езбесі, йогурт немесе жеміс шырыны, мысалы, ананас, алма немесе апельсин шырындары болуы мүмкін. Түйіршіктің тағаммен немесе сұйықтықпен кез келген қоспасы сақтауға жатпайды. Түйіршіктерді ұсақтау, шайнау немесе оларды рН 5.5-тен жоғары тамақпен немесе сұйықтықпен араластыру олардың қышқылға төзімді қабығының бұзылуына әкеледі, бұл ретте босап шыққан панкреатиндік ферменттер белсенділігін тез жоғалтады және бұдан басқа ауыздың және өңештің шырышты қабығының тітіркенуін туындатуы мүмкін. Сондықтан түйіршіктердің қабылдағаннан кейін ауыз қуысында қалмауын қадағалау керек.
Арнайы ескертулер
Панкреатин препараттарының жоғары дозаларын қабылдайтын, муковисцидозы бар пациенттерде мықын ішек және жуан ішек стриктураларының (фиброздаушы колонопатия) даму жағдайлары сипатталған. Сақтық шарасы ретінде асқазан-ішек жолы тарапынан барлық ерекше симптомдар немесе өзгерістерді жуан ішектің зақымдануын болдырмау мақсатында мұқият медициналық бағалауға ұшырату керек. Әсіресе, егер пациент тәулігіне кг дене массасына 10000 ӘБ астам липазаны қабылдаған жағдайда.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін ерекше қауіп анықталған жоқ, өйткені ферменттер асқазан-ішек жолында жергілікті әсер етеді. Өзі әсер ете отырып, ферменттер одан әрі ішекте протеолиздік қорытуға ұшырайды.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ерекше қауіп анықталған жоқ, өйткені ферменттер асқазан-ішек жолында жергілікті әсер етеді. Өзі әсер ете отырып, ферменттер одан әрі ішекте протеолиздік қорытуға ұшырайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ерекше қауіп анықталған жоқ, өйткені ферменттер асқазан-ішек жолында жергілікті әсер етеді. Өзі әсер ете отырып, ферменттер одан әрі ішекте протеолиздік қорытуға ұшырайды.
Педиатрияда қолданылуы
Балалар мен жасөспірімдер үшін ерекше қауіп анықталған жоқ, өйткені ферменттер асқазан-ішек жолында жергілікті әсер етеді. Өзі әсер ете отырып, ферменттер одан әрі ішекте протеолиздік қорытуға ұшырайды.
Балаларда қолданған кезде қандай да бір спецификалық жағымсыз реакциялар байқалған жоқ. Муковисцидозы бар балаларда жағымсыз реакциялардың жиілігі, типі және ауырлық дәрежесі ересектердегі реакцияларға ұқсас болды.
Әртүрлі жас тобындағы балаларға арналған Микразим® KZ дәрілік препаратының дозалары осы қосымша парақтың «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімінде егжей-тегжейлі сипатталған.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті әйелдерді құрамында ұйқы безі ферменттері бар препараттармен емдеу туралы клиникалық деректер жоқ. Зерттеу барысында шошқаның ұйқы безінен алынған ферменттердің абсорбциясы анықталмады, сондықтан шарананың дамуына уытты әсері болжанбайды.
Препаратты жүкті әйелдерге сақтықпен тағайындау керек.
Панкреатиндік ферменттердің жүйелі әсерінің жоқтығына байланысты, емшек емізу кезеңінде Микразим® KZ препаратын жеткілікті тамақтану статусын қамтамасыз ету үшін қажетті дозаларда тағайындайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Микразим® KZ препараты көлік құралдарын және/немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етпейді.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті әйелдерді құрамында ұйқы безі ферменттері бар препараттармен емдеу туралы клиникалық деректер жоқ. Зерттеу барысында шошқаның ұйқы безінен алынған ферменттердің абсорбциясы анықталмады, сондықтан шарананың дамуына уытты әсері болжанбайды.
Препаратты жүкті әйелдерге сақтықпен тағайындау керек.
Панкреатиндік ферменттердің жүйелі әсерінің жоқтығына байланысты, емшек емізу кезеңінде Микразим® KZ препаратын жеткілікті тамақтану статусын қамтамасыз ету үшін қажетті дозаларда тағайындайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Микразим® KZ препараты көлік құралдарын және/немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етпейді.
10000 ӘБ және 25000 ӘБ капсулалар
10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден немесе поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі орыс және қазақ тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Түпнұсқалық қаптамасында (қорапшасында) 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында (қорапшасында) 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.