Қолдану көрсеткіштері
Ересектер мен 16 жастан бастап жасөспірімдерге омыртқа патологиясы кезінде бұлшықеттің жедел контрактураларын адъювантты емдеу.
Ересектер мен 16 жастан бастап жасөспірімдерге омыртқа патологиясы кезінде бұлшықеттің жедел контрактураларын адъювантты емдеу.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- шеткері салдану және бұлшықеттік гипотония
- антикоагулянттармен ем және қанталауларға бейімділік
- жүктілік және лактация кезеңі
- 16 жасқа дейінгі балаларға
ТИОЗИД® қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП), фенилбутазонмен, ауырғанды басатын препараттармен, анаболикалық стероидтармен, тыныштандыратын дәрілермен, барбитураттармен және сукцинилхолинмен бірге қолданылуы мүмкін.
Басқа бұлшықет релаксанттарымен бірге тағайындау ұсынылмайды, өйткені олар өзара әрекеттесу әсерін едәуір күшейтеді.
Қан кету қаупі жоғарылайтын болғандықтан, препаратты антикоагулянттармен бірге қабылдау ұсынылмайды. Орталық жүйке жүйесін (ОЖЖ) бәсеңдететін препараттармен, оның ішінде алкогольмен, гипертензияға қарсы дәрілермен, кураре тәрізді препараттармен бір мезгілде қолданғанда миорелаксация және ОЖЖ бәсеңдеуінің күшеюі, гипотония дамуы мүмкін.
Дозалау режимі
ТИОЗИД® препаратымен емдеуді созылмалы В гепатитін емдеуде тәжірибесі бар дәрігер бастауы тиіс.
Ересектер
Тәуліктік доза бұлшықет ішіне 2 мл-ден (4 мг) тәулігіне 2 рет. Алайда дозаны емдеу барысында түзетуге болады. Созылмалы ауруларды ұзақ мерзімді емдеуге ұсынылмайды.
Ұсынылатын емдеу ұзақтығы 3 - 5 күн.
Физиотерапиялық ем-шараларға даярлау кезіндегі бұлшықет ішіне инъекциядан кейін бұлшықеттің босаңсу кезеңі 30-40 минут.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі ықтимал.
Емі: пациентті клиникалық бақылауды, сондай-ақ симптоматикалық және демеуші емді қамтамасыз ету керек.
2 мл препараттан сындыруға арналған сызығы бар I класты түссіз мөлдір шыныдан жасалған ампулаға құйылған. Мәтінді ампулаға жылдам бекитін бояумен терең басу әдісі арқылы жазады.
Пластикпен бөлінген сепараторға 6 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі 2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.