Қолдану көрсеткіштері
Актемра® препараты метотрексатпен (МТ) біріктіріліп келесілерді:
бұрын МТ емін қабылдамаған ересек пациенттерде белсенділік дәрежесі жоғары, үдемелі белсенді ревматоидтық артритті (РА),
осының алдында ауруды модификациялайтын, ревматизмге қарсы препараттармен (АМРҚП) емге клиникалық жауабы жеткіліксіз болған немесе бір немесе бірнеше АМРҚП немесе ісік некрозы факторының (ІНФ) антагонистері жақпайтын ересек пациенттерде белсенділік дәрежесі орташа немесе жоғары ревматоидтық артритті (РА) емдеуге арналған.
Метотрексат жақпайтын немесе метотрексатты тағайындау ұсынылмаған жағдайларда, Актемра® препаратын монотерапия ретінде тағайындауға болады.
Буындардың рентгенологиялық тұрғыдан расталған деструкциясының үдеуін болдырмауда және пациенттердің функционалдық статусын жақсартуда Актемра® препаратымен және метотрексатпен біріктіріп емдеудің тиімділігі дәлелденді.
Актемра® препараты жүйелі кортикостероидтарды қабылдап жүрген, оттегімен демеуші ем немесе өкпені жасанды желдету қажет болатын ересек пациенттерде коронавирус инфекциясын (COVID-19) емдеу үшін қолданылады.
Актемра® препараты 2 жас шамасындағы және одан үлкен, осының алдындағы қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) және жүйелі кортикостероидтармен емдеуге клиникалық жауабы жеткіліксіз пациенттердегі жүйелі ювенильді идиопатиялық артриттің (жЮИА) белсенді формасын емдеуге арналған. Актемра® препаратын монотерапия (МТ ары қарай емдеу жақпайтын немесе мүмкін болмаған жағдайда) ретінде немесе МТ біріктіріп тағайындауға болады.
Актемра® препараты метотрексатпен (МТ) біріктіріліп, ювенильді идиопатиялық полиартритті (ревматоидтық фактордың бар-жоқтығына жүргізілген талдаудың нәтижесі оң немесе теріс болған жағдайда, сондай-ақ, таралған олигоартрит кезінде) (пЮИА) 2 жастан бастап және одан үлкен, осының алдында метотрексатпен емдеуге клиникалық жауабы жеткіліксіз болған пациенттерді емдеуге арналған. МТ-мен емдеу жақпайтын немесе ары қарай мүмкін болмаған жағдайда, Актемра® препаратын монотерапия ретінде тағайындауға болады.
Актемра® препараты ересектер мен 2 жастан асқан және одан үлкен балалардағы химерлік антигендік рецепторлары (CAR-ХАР) бар T-жасушалар индукциялаған ауыр немесе өмірге қауіп төндіретін цитокиндердің босап шығуы синдромын (ЦБС) емдеуге арналған.