Қолдану көрсеткіштері
Кешенді ем құрамында:
– созылмалы холангит
– созылмалы холецистит
– гипокинетикалық типі бойынша өт шығару жолдарының дискинезиясы
– постхолецистэктомиялық синдром
– атониялық іш қатулар
Кешенді ем құрамында:
– созылмалы холангит
– созылмалы холецистит
– гипокинетикалық типі бойынша өт шығару жолдарының дискинезиясы
– постхолецистэктомиялық синдром
– атониялық іш қатулар
– әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
– жедел гепатит
– өт-тас ауруы
– обтурациялық сарғаю
– Одди сфинктерінің түйілуі
– жедел панкреатит
– өршу сатысындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы
– жедел энтероколит
– бауырдың жедел және жеделге жуық дистрофиясы
– 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Құрамында алюминий гидроксиді, колестирамин, колестипол бар препараттар сіңірілуді төмендетеді (және әсерін азайтады) – бір мезгілде қабылдау тиімсіз. Аллохол препаратын синтетикалық немесе өсімдік текті холеретиктермен бір мезгілде қолдану өт айдайтын әсерді күшейтеді.
Аллохол іш жүргізетін препараттардың әсерін потенциалдауы мүмкін.
Аллохол майда еритін дәрумендердің жақсы сіңуіне ықпал етеді.
Варфарин қабылдайтын пациенттерде препараттың құрамына кіретін сарымсақты тұтыну қан кету ұзақтығын арттыруы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Балалар мен жасөспірімдер
Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға тыйым салынған.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезінде және лактация кезінде қолдану қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Аллохол препараты құрамындағы қалақай жапырақтары тегіс бұлшықеттердің, соның ішінде жатырдың бұлшық еттері тонусын жоғарылатуы мүмкін. Препаратты жүктілік уақытында және лактация кезеңінде қолдануға дәрігердің бақылауымен пайда/қауіп арақатынасын бағалағаннан кейін ғана жол беріледі.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Аллохол көлік құралдарын басқару және жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін күрделі механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольга негізіндегі икемді қаптамадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 1 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден