Қолдану көрсеткіштері
Баралгин ® М препараты ересектер мен 3 айдан асқан балаларда қолдануға арналған:
жарақаттан немесе хирургиялық араласымнан кейін айқын жедел ауырсыну
жедел шаншып ауырсыну
онкологиялық аурулар кезіндегі ауырсыну
басқа емдеу әдістері болмаған кезде айқын жедел ауырсыну немесе созылмалы ауырсыну
басқа препараттармен емделмейтін жоғары температура
Парентеральді енгізу энтеральді енгізу мүмкін болмаған кезде ғана көрсетіледі.