Қолдану көрсеткіштері
Сынулар қаупі жоғары әйелдерде менопаузадан кейінгі остеопорозды емдеу үшін. Омыртқалардың сынулары қаупінің төмендегені туралы деректер бар, ортан жілік мойнының сынуы кезіндегі тиімділігі анықталмаған.

- ибандрон қышқылына немесе «Құрамы» бөлімінде атап келтірілген қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық
- гипокальциемия
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Бонвива препаратының артерия ішіне немесе венаның айналасына еніп кетуіне жол бермеу үшін, енгізген кезде сақтық таныту керек, өйткені ол тіндердің зақымдануына алып келуі мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Тамақ өнімдерімен өзара әрекеттесуі
Бонвива препараты вена ішіне енгізілетіндіктен, тамақпен және тағамдық қоспалармен өзара әрекеттесуі күтілмейді.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі:
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз. Препарат тек бүйрек арқылы шығарылады және адам организмінде қандай-да бір өзгерістерге ұшырамайды.
Арнайы ескертулер
Қандағы кальций деңгейінің төмендеуі
Бонвива препаратын қолдануды бастағанға дейін дейін, қандағы кальций деңгейінің төмендеуін және сүйек тініндегі алмасудың немесе қандағы тұздар құрамының басқа бұзылуларын түзету қажет. Кальций мен Д дәруменін жеткілікті мөлшерде тұтыну қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациент әйелдер
Қатарлас аурулары бар, немесе, бүйрекке қатысты жағымсыз әсерлері болуы ықтимал дәрілік заттарды қабылдап жүрген пациент әйелдерге, ондай пациенттерді емдеу жөніндегі нұсқауларға сәйкес жүйелі түрде қадағалауда болу қажет.
Клиникада қолданылуы кезіндегі деректердің жеткіліксіздігіне байланысты, сарысудағы креатинин деңгейі 200 мкмоль/л жоғары (2,3 мг/дл) немесе креатинин клиренсі минутына 30 мл төмен пациент әйелдерге Бонвива препаратын қабылдау ұсынылмайды. Бүйрек функциясының айқындығы әлсіз және орташа бұзылуы (креатинин клиренсі минутына >30 мл) кезінде дозасын түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациент әйелдер
Бауыр функциясының бұзылуы кезінде дозасын түзету қажет емес.
Инъекцияға арналған Бонвива ерітіндісінің бір дозасының құрамында 10 мг жуық натрий бар, ол дәрілік заттың 1 дозасы үшін белгіленген 1 ммоль натрий шегінен аспайды.
Жүрек қызметінің бұзылулары бар пациент әйелдер
Жүрек аурулары бар адамдарда судың шамадан тыс қолданылуына жол бермеу қажет.
Жақ сүйегі бөліктерінің жансыздануы (жақсүйек остеонекрозы)
Ибандрон қышқылы негізіндегі препараттарды қолданғанда жақсүйек остеонекрозы дамыған өте сирек жағдайлар туралы хабарламалар бар. Пациентте ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің жазылмаған ашық зақымдаулары болған жағдайда, емдеуді немесе жаңа емдеу курсын бастауды кейінге қалдырған дұрыс. Бонвива препаратымен емдеуді бастағанға дейін ауыз қуысын тексеруді және қажетті профилактикалық стоматологиялық шараларды жүргізу ұсынылады. Қатарлас қауіп факторлары бар әрбір пациент әйел үшін емге қатысты шешімді жекелей, қаупі/пайдасының арақатынасын бағалағаннан кейін қабылдау қажет.
Жақ сүйегі бөліктерінің жансыздануының даму қауіп факторлары (жақсүйек остеонекрозы):
- сүйек тінінің резорбциясын бәсеңдететін препараттың тиімділігі (әсері күшті препараттарды қолданғанда қауіп жоғарырақ), қолдану тәсілі (парентеральді қолданғанда қауіп жоғарырақ) және сүйек резорбциясына ықпал ететін препараттардың жинақталу дозасы
- обыр, қатарлас жай-күйлер (анемия, коагулопатиялар, инфекциялар), шылым шегу
- қатарлас ем: кортикостероидтар, химиотерапия, ангиогенез тежегіштері, бас пен мойын аймағына жүргізілетін сәулелік ем
- ауыз қуысы гигиенасының нашарлығы, периодонт аурулары, протездердің нашар орнығуы, анамнездегі тіс аурулары, инвазивтік стоматологиялық емшаралар (мысалы, тіс жұлу)
Пациент әйелдерге Бонвива препаратымен емделу кезінде ауыз қуысының тиісінше гигиенасын сақтау, жүйелі түрде стоматологтың тексеруінен өтіп тұру және тістердің қозғалып тұруы, ауыруы немесе ісінуі, немесе жазылмаған жаралар немесе бөліністер сияқты симптомдар туралы дереу хабарлау қажеттігін айту керек. Емдеу кезінде, сондай-ақ, емдеуге дейін аз уақыт бұрын/ емдеуден кейін аз уақыттан соң инвазивтік стоматологиялық емшараларға қатыспаған, сондай-ақ, аз уақыт бұрын ондай емшараларды тек жай-күйді мұқият бағалаудан кейін ғана жүргізген дұрыс.
Жақсүйек остеонекрозының даму қауі бар пациент әйелдер үшін, емдеуші дәрігердің ондай пациент әйелдерді емдеуде тәжірибесі бар стоматологпен немесе жақсүйек-бет хирургімен тығыз қарым-қатынаста болуы арқылы қауіптерді басқару жоспарын әзірлеу керек. Симптомдары басылғанға дейін және қауіп факторлары жойылғанға дейін, Бонвива препаратымен емдеуді уақытша тоқтата тұру қажеттілігін қарастыру керек.
Сыртқы есту жолының сүйек бөлігінің жансыздануы (остеонекроз)
Бисфосфонаттарды қолданғанда, сыртқы есту жолының остеонекрозы негізінен, ұзақ емдеген кезде байқалды. Сыртқы есту жолының остеонекрозының ықтимал қауіп факторлары стероидтарды және химиотерапияны қолдануды және/немесе инфекциялар немесе жарақаттар сияқты бұрыннан бар жергілікті қауіп факторларын қамтиды. Құлақтың созылмалы инфекцияларын қоса, құлақ ауруларының симптомдары бар, бисфосфонаттарды қабылдап жүрген адамдарда сыртқы есту жолы остеонекрозының дамуы мүмкіндігін қарастыру керек.
Ортан жілік сүйегінің атипиялық сынулары
Ұзақ уақыт бойы остеопорозбен емделеп жүрген пациент әйелдерде ортан жіліктің атипті сынықтары дамуы мүмкін. Ондай көлденең немесе қысқа қисық сынулар ортан жілік сүйегінің кез келген жерінде, кіші ұршықтан сәл төменгі жерден бастап айдаршықүсті өсіндіден сәл жоғары деңгейге дейін орын алуы мүмкін. Ондай сынулар аздаған жарақаттан кейін немесе жарақат болмаса да туындайды. Кейбір жағдайларда ортан жілік сүйегінің сынуы дамығанға дейін бір аптадан бірнеше айға дейін ортан жілікте немесе шапта ауыруы пайда болады. Сынықтар көбінесе екі жақты болады, сондықтан егер Бонвива препаратымен емдеу аясында бір жағынан ортан жіліктің сынуы анықталса, екінші аяқтың ортан жілік сүйегін тексеру қажет. Аталған сынулардың баяу жазылғаны туралы хабарламалар бар.
Егер ортан жілік сүйегінің атипті сынуына күдік болса, Бонвива препаратымен емдеуді жалғастыру қажеттілігі, әр жағдайда емдеуші дәрігер жеке бағалайды. Бонвива препаратымен емдеу кезінде дәрігерге ортан жіліктің немесе шаптың кез-келген ауырсынуының пайда болуы туралы хабарлау ұсынылады.
Басқа ұзын сүйектердің атипиялық сынулары
Ұзақ уақыт ем қабылдаған пациенттерде шынтақ және үлкен жіліншік сүйектері сияқты басқа ұзын сүйектердің атипиялық сынулары туралы хабарламалар бар. Ортан жілік сүйегінің атипиялық сынуларымен жағдайдағы сияқты, ондай сынулар болар-болмас жарақаттан кейін немесе онсыз да туындайды, ал кейбір пациент әйелдерде толық сыну белгілері пайда болғанға дейін продромальді ауыру синдромы байқалады. Шынтақ сүйегінің сынуы жағдайында ол жүруге арналған қосымша құралдарды ұзақ уақыт пайдаланумен байланысты қайталана берген стресс жүктемелерімен байланысты болуы мүмкін.
Егде жастағы (65 жастан асқан) пациент әйелдер
Дозасын түзету қажет емес.
Балалар
Бонвиваны 18 жасқа толмағандарға қолдану көрсетілімдері жоқ, сондықтан, аталған популяциядағы қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеді.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Бонвива препараты тек менопаузадан кейінгі кезеңдегі әйелдерге арналған және бала туатын жастағы әйелдерде қолданылмауы тиіс. Ибандрон қышқылының жүкті әйелдерде қолданылғаны туралы ешқандай нақты дерек жоқ. Егеуқұйрықтарға жүргізілген зерттеулер аздаған репродуктивтік уыттылығын көрсетті. Адам үшін ықтимал қауіптері белгісіз. Бонвива препаратын жүктілік кезінде қолданбаған дұрыс.
Ибандрон қышқылының емшек сүтімен бөлініп шығуы мүмкіндігі туралы деректер жоқ. Бонвива препаратын бала емізу кезінде қолданбаған дұрыс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тіркелген жағымсыз реакцияларының фармакодинамикалық және фармакокинетикалық бейінінің негізінде, Бонвива препараты автомобиль мен қозғалмалы механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе болар-болмас әсер етеді деп күтіледі.

Инъекцияға арналған кез келген пайдаланылмаған ерітінді, инъекцияға арналған шприц пен инені жергілікті талаптарға сәйкес утилизациялау керек. Фармацевтикалық препараттардың қоршаған ортаға тасталуына жол берілмеуі тиіс.
Шприцтер мен басқа медициналық үшкір заттарды пайдалану мен утилизациялауға қатысты келесі тармақтарды қатаң сақтау керек:
Инелер мен шприцтерді ешқашан қайталап пайдаланбаңыз
Пайдаланылған барлық инелер мен шприцтерді үшкір заттарға арналған контейнерге (тесілмейтін бір реттік контейнер) тастаңыз
Ол контейнерді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз
Үшкір заттарға арналған, пайдаланылған контейнерді тұрмыстық қалдықтарға тастамау керек
Толған контейнерді жергілікті талаптарға сәйкес немесе өзіңіздің емдеуші дәрігеріңіздің нұсқауларына сәйкес утилизациялаңыз
Дозалау режимі
Вена ішіне енгізуге арналған Бонвива ерітіндісінің бір реттік дозасы 3 мг құрайды, ол 1 шприцте болады.
Препаратты балалар мен бала туатын жастағы әйелдерге тағайындамайды. Егде жастағы адамдарға дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының бұзылуы жағдайында дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясының әлсіз және айқындығы орташа бұзылуы кезінде дозасын түзету талап етілмейді, препаратты бүйректің ауыр ауруы кезінде қолдану ұсынылмайды. Сонымен қатар, егер кальцийдің және/немесе D дәруменінің тамақпен тұтынылуы жеткіліксіз болса, олардың қосымша мөлшерін қабылдау қажет.
Енгізу әдісі мен жолы
Вена ішіне, 15–30 секунд бойы, 3 ай аралықпен.
Вена ішіне инъекцияларға қойылатын талаптарды қатаң сақтау керек. Препаратты венаішілік инъекцияларға арналған, ішінде изотониялық тұзды ерітінді немесе 5% глюкоза ерітіндісі бар, орнатылған жүйеге енгізуге жол беріледі.
Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Енгізу жиілігі 3 айда 1 рет.
Емдеу ұзақтығы
Остеопорозды бифосфонаттармен емдеудің оңтайлы ұзақтығы анықталмаған. Бонвива препаратымен емдеуді жалғастыру қажеттілігін жүйелі түрде, әсіресе, 5 жыл және одан да ұзақ қолданғаннан кейін, пайдасы/қаупінің арақатынасын ескере отырып бағалап отыру керек.
Сынулар қаупі төмен пациент әйелдерде бисфосонаттармен 3-5 жыл емдеуден соң уақытша үзіліс жасаған орынды болуы мүмкін.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: осы кластың препараттары туралы ақпаратты негізге алсақ, вена ішіне артық дозалануы гипокальциемия, гипофосфатемия және гипомагнеземия сияқты қолайсыз жағымсыз реакцияларға алып келуі мүмкін, ол зертханалық талдаулар, тиісінше клиникалық көріністер арқылы расталып отыр.
Емі: кальций, фосфор және магний деңгейлерінің клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерістерін сәйкесінше кальций глюконатын, калий немесе натрий фосфаты мен магний сульфатын вена ішіне енгізумен компенсациялау керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар
Егер дозасын өткізіп алса, инъекцияны барынша тезірек жасаған жөн. Содан кейін инъекцияларын соңғы инъекция күнінен бастап әр 3 ай сайын жоспарлау керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Емдеуді бастар алдында өз дәрігеріңізге/медбикеге (медицина қызметкеріне) хабарлаңыз, егер:
- сізде тіс денсаулығының нашарлығы, протездердің нашар орнығуы, қызыл иектің ауруы (ауырсыну, ісіну, ойық жаралар, түзілімдер, жазылмайтын жаралар, тістердің түсуі) сияқты ауыз қуысындағы немесе тістермен байланысты қандай-да бір қиындықтар болса немесе тіс жұлу жоспарланса
- сіз жоспарлы стоматологиялық көмек алып жүрмеген болсаңыз немесе көптен бері стоматологтың тексеруінде болмасаңыз
- сіз шылым шегетін болсаңыз (өйткені бұл сіздің стоматологиялық қиындықтар қаупін арттыруы мүмкін)
- сіз бұрын бисфосфонаттар тобына жататын дәрілерді қабылдаған болсаңыз (сүйек ауруларын емдеу немесе профилактикасы үшін қолданылатын дәрілер)
- сізде минералдар алмасуының кез келген бұзылулары (мысалы, D дәруменінің тапшылығы) бар болса
- сізде бүйрек аурулары бар болса
- сізде жүрек аурулары бар болса
- сізде онкологиялық ауру болса және сіз арнайы ем қабылдап жүрсеңіз
Дәрілік препаратты қолдану әдісін түсіну үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады.
3 мл препараттан көлемі 5 мл, корпусы шыныдан (ЕФ бойынша 1 гидролитикалық класты), поршені – пластмассадан, тығыны фторполимермен ламинацияланған бутилкаучуктен дайындалған шприц-түбекке құйылған. Шприц-түбектің екінші жағы бутилкаучуктен жасалып, фторполимермен ламинацияланған тығынмен тығындалған. Инъекцияға арналған 1 стерильді ине герметикалық тығындалған, ашылуы бақыланатын контейнерге салынған.
1 шприц-түбек инъекцияға арналған ине салынған контейнермен және қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
30° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.