daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Бронхикум ТП Эликсир 130 Г | А.Наттерманн энд Сие ГмбХ

Алматы қаласындағы Бронхикум ТП Эликсир 130 Г | А.Наттерманн энд Сие ГмбХ

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Жебіршөптің жеңіл иісі мен аздап ащылау тәтті жебіршөп дәмі бар, мөлдір, қызылдау-қоңыр ерітінді (жарамдылық мерзімінің соңында жеңіл бұлыңғырланып, ерітінді түсінің күңгірт-қоңырға дейін өзгеруіне жол беріледі).

Өндіруші:

А.Наттерманн энд Сие ГмбХ

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий бензоаты, инвертті қант шәрбаты, карамель шәрбаты, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Жебіршөптің жеңіл иісі мен аздап ащылау тәтті жебіршөп дәмі бар, мөлдір, қызылдау-қоңыр ерітінді (жарамдылық мерзімінің соңында жеңіл бұлыңғырланып, ерітінді түсінің күңгірт-қоңырға дейін өзгеруіне жол беріледі).

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Бронхикум® ТП эликсир ересектерде және 6 айдан бастап балаларда емдеу үшін қолдануға арналған

- суықтың салдарынан пайда болған респираторлық инфекцияларды.

- тұтқыр шырыштың пайда болуымен өтетін суықтың салдарынан пайда болған жедел бронхит және респираторлық инфекциялар симптомдарында

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- Lamiaceae (Labitae) тұқымдас басқа өсімдіктерге аса жоғары сезімталдық

- 6 айға дейінгі балалар

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Басқа жай-күйлер

Тыныс алу қиын болған жағдайда, дене температурасы 39° С-ден жоғары көтерілгенде, ірің немесе қан аралас қақырық  туындаған жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет.

Басқа дәрілік препараттармен  өзара әрекеттесуі

Белгілі өзара әрекеттесулер анықталмаған.

Егер сіз жақында басқа дәрілік заттарды қабылдаған болсаңыз немесе қабылдағыңыз келсе, дәрігерге немесе фармацевтке хабарлаңыз.

Арнайы ескертулер

Бронхикум® ТП эликсирінің құрамында 4.9% (айн. %) алкоголь бар.

Фруктозаның сирек тұқым қуалайтын жақпаушылығынан, глюкоза-галактоза мальабсорбциясынан немесе сахараза-изомальтазаның туа біткен жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттерге Бронхикум® ТП эликсир қабылдауға болмайды.

1 мл-де 1.1 г сахароза, глюкоза және фруктоза қоспасы бар. Мұны қант диабеті бар пациенттерде қолдану кезінде ескеру керек.

Педиатрияда қолдану

6 айға дейінгі балаларда қолдануға қатысты жеткілікті деректер жоқ. Сондықтан жасы 6 айдан кіші балаларға Бронхикум® ТП эликсир препаратын қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және емшек емізу кезінде жебіршөп пен наурызгүл өнімдерін қолдану бойынша клиникалық зерттеулер деректері жоқ. Сондықтан препаратты қолдану ұсынылмайды.

Фертильділік

Фертильділікке әсері туралы деректер жоқ.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бронхикум® ТП эликсир препараты автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Енгізу әдісі мен жолы

Пероральді

Бронхикум® ТП эликсирді қоса берілген дозалаушы құрылғыны пайдалана отырып, күніне бірнеше қабылдауға бөлінген дозаларда қабылдау керек.

Қолдану ұзақтығына қатысты ешқандай шектеулер жоқ.

Қажет болса құтыдан эликсир жеңіл ағып шығуы үшін құтының түбінен қағып жіберуге болады.

Бронхикум® ТП эликсирдің құрамында өсімдіктен алынған экстрактілер бар; шөгінді немесе қауыздардың пайда болуы препараттың тиімділігіне әсер етпейді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Егер симптомдар 1 аптадан көп уақытқа созылса, сізге медициналық көмекке жүгіну керек. Кез-келген жағдайда «Айрықша нұсқаулар» және «Жағымсыз реакциялар» бөлімдерінде айтылған ақпаратты назарда ұстаңыз. Осы препаратты қолдануға қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен хабарласыңыз.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Экзантема, есекжем немесе ентігумен қатар жүретін ангионевроздық ісінуі сияқты жоғары сезімталдық реакциялары пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, түйілулер, жүрек айнуы, құсу және диарея сияқты асқазан-ішек реакциялары байқалуы мүмкін. Ықтимал жағымсыз әсерлердің жиілігі туралы ақпарат жоқ.

Балалар

Жиі

- 12 айға дейінгі нәрестелерде жиі құсу пайда болады

Шығарылу түрі

Балалардан қорғау жүйесі бар, түссіз полиэтиленнен жасалған қорғағыш сақинасымен және полиэтиленнен/алюминийден/полиэтиленнен жасалған тығыздағышы бар ақ полипропиленнен жасалған ішкі қақпақпен тығындалған, 130 г (100 мл) түссіз шыныдан жасалған құтыда. Әр құтыға өзі желімделетін заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан өлшеуіш қасықпен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Құты ашылғаннан кейін эликсирді 25°С-ден аспайтын температурада сақталған жағдайда 6 ай ішінде қабылдауға болады.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Салмағы

130 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыБронхикум ТП эликсир 130 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube