Қолдану көрсеткіштері
Емдеу үшін
Клиндамицин өзіне сезімтал микроорганизмдермен туындаған ауыр инфекцияларды емдеуге арналған:
– құлақ, мұрын және тамақ инфекциялары;
– бронх-өкпе инфекциялары;
– стоматологиялық инфекциялар;
– тері инфекциялары;
– урогениталий инфекцияларында;
– сүйек-буын инфекциялары;
– операциядан кейінгі абдоминальді инфекциялар;
– септицемиялар.
Тіпті олар препаратқа сезімтал микроорганизмдермен туындаса да, менингеальді инфекциялар бұған жатпайды, өйткені Далацин емдік тұрғыдан тиімді мөлшерлерінде жұлын сұйықтығына диффузияланбайды.
Профилактика
Бета-лактамдарға аллергиясы бар пациенттерде амбулаториялық стоматологиялық емде және жоғарғы тыныс алу жолдарының емінде инфекциялық эндокардиттің профилактикасы үшін.
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтардағы нұсқауларды ескеру керек.