Қолдану көрсеткіштері
Суық тиюмен, аллергиялық ринитпен (пішен қызбасын қоса) байланысты мұрын бітелуін жеңілдету үшін, синуситте.
Суық тиюмен, аллергиялық ринитпен (пішен қызбасын қоса) байланысты мұрын бітелуін жеңілдету үшін, синуситте.
препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
жедел коронарлық аурулар
коронарлық демікпе
гипертиреоз
жабықбұрышты глаукома
трансфеноидальді гипофизэктомия, анамнезде трансфеноидальді гипофизэктомияның немесе мидың қатты қабығын ашумен жүргізілетін хирургиялық араласымдардың болуы
мұрынның шырышты қабығының құрғап қабынуы
атрофиялық ринит
тахикардия
артериялық гипертензия
айқын атеросклероз
жүктілік және лактация кезеңі
6 жасқа дейінгі балалар (Фармазолин® 0,05 % үшін)
12 жасқа дейінгі балалар (Фармазолин® 0,1 % үшін)
МАО тежегіштерімен қатарлас және оларды қолдану тоқтатылғаннан кейін 2 апта ішінде емдеу
феохромоцитома
қант диабеті
бета – блокаторларды қабылдау
ісінуге қарсы басқа симпатомиметикалық дәрілерді бір мезгілде пайдалану
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
QT аралығының ұзару синдромы бар, ксилометазолинді қабылдап жүрген пациенттерде қарыншалық ауыр аритмиялардың даму қаупі жоғарылауы мүмкін
ксилометазолинді бета-блокаторлармен қолдану бронх түйілуін немесе артериялық қысымның төмендеуін туғызуы мүмкін
пациенттерге ісінуге қарсы препараттарды қатарынан бес күннен артық қабылдау ұсынылмайды
порфириясы, простата гипертрофиясы бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолдану керек
ұйқының бұзылуы, бас айналуы сияқты және басқа симптомдарды туғызуы мүмкін симпатомиметиктерге сезімталдығы бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолдану керек
препаратты ұзақ уақыт бойы қолдануға және дозасын арттыруға болмайды, өйткені ол, препараттың әсері түрткі болатын риниттің, құрғақ риниттің (шырышты қабық атрофиясының), емдеу тоқтатылғаннан кейін кері әсердің туындауына және дәрілік заттың әсер ету тиімділігінің азаюына алып келуі мүмкін
инфекция жұқтырып алмау мақсатында, препарат құйылған әрбір құтыны тек бір адам ғана пайдалануына болады
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ксилометазолин симпатомиметиктердің әсерін күшейтуі және симпатикалық жүйкелерді бәсеңдететін препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін. Бета-блокаторлармен бірге қолдану бронх түйілуін немесе артериялық қысымның төмендеуін туғызуы мүмкін. Трициклдық антидепрессанттармен, МАО тежегіштерімен бірге (оның ішінде, оларды пайдалану тоқтатылғаннан кейінгі 14 тәулік ішінде) қолдану, әсіресе, артық дозалануы кезінде ксилометазолиннің жүйелі әсерінің күшеюіне алып келуі мүмкін.

Дозалау режимі
Полиэтиленнен жасалған, ашылуы бақыланатын құтыны пайдаланғанда құтыны тура қолданар алдында дене температурасына дейін жылыту үшін, оны алақанда ұстап тұру керек. Тамызғаннан кейін қалпақшасын мықтап бұрап бекіту керек.
Препаратты енгізер алдында мұрын қуысын мұқият тазалау керек.
Фармазолин®, мұрынға тамызатын дәрі 0,05 % 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға қолданады.
Фармазолин®, мұрынға тамызатын дәрі 0,1 % ересектер мен 12 жастан асқан балаларға қолданады.
Мұрынға тамызатын дәрі 0,05 %:
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға (ересектердің қадағалауымен) әр мұрын жолына тәулігіне 2-3 рет 1-2 тамшыдан, бірақ тәулігіне 3 реттен асырмай қолданады;
Тәулігіне 3 реттен артық қолданбау керек.
Емдеу ұзақтығы аурудың ағымына тәуелді және егер дәрігер басқаша тағайындамаса, қатарынан 5 күннен аспауы тиіс.
Мұрынға тамызатын дәрі 0,1 %:
ересектер мен 12 жастан асқан балаларға әр мұрын жолына тәулігіне 3 рет 1-2 тамшыдан қолданады.
Тәулігіне 3 реттен артық қолданбау керек.
Емдеу ұзақтығы 5 күннен аспайды.
Енгізу әдісі және жолы
Мұрын ішіне. Полиэтиленнен жасалған құтыны пайдаланғанда, алғаш қолданар алдында қалпақшасын барынша қатты бұрап бекітеді. Сол кезде қалпақшасының ішкі жағындағы бүртігі арқылы тесік ойылады. Қалпақшасын бұрап ағытып, алып тастайды және, құтының корпусын сәл қысып, ерітіндіні мұрынға тамызады.
Қолданылу жиілігі, қабылдау уақыты көрсетілуімен
Тәулігіне 3 реттен артық қолданбау керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және егер дәрігер басқаша тағайындамаса, қатарынан 5 күннен аспауы тиіс.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: қажу, жүректің жиі соғуы және артериялық қысымның жоғарылауы. Ауыр артық дозалану кезінде өте сирек жағдайда, әсіресе балаларда (мысалы, препараттың жоғары дозаларын байқаусызда жұтып қойса) орталық жүйке жүйесінің және жүрек-қантамыр жүйесінің стимуляциясы мен бәсеңдеуі сатылары кезектесуі мүмкін. Орталық жүйке жүйесінің стимуляциялану симптомдары мазасыздық, қозу, елестеулер және ауыр жағдайларда – құрысулар болуы мүмкін. Орталық жүйке жүйесі бәсеңдеуінің симптомдары дене температурасының төмендеуі, сылбырлық, ұйқышылдық және ауыр жағдайларда – кома болуы мүмкін. Сонымен қатар, қарашықтардың тарылуы немесе кеңеюі, тершеңдік, бозару, цианоз, жүрек айнуы, тахикардия, брадикардия, аритмия, асистолия, артериялық қысымның төмендеуі, қанайналым бұзылуы, өкпенің ісінуі, тыныс алудың бұзылуы және апноэ сияқты симптомдар туындауы мүмкін. Әсіресе, балаларда артық дозалануының, конвульсияларды, команы, брадикардияны, апноэні және артериялық қысымның жоғарылап, кейіннен төмендеуіне өзгеруін қоса, орталық жүйке жүйесіне елеулі әсері болуы мүмкін. Балалардағы байқаусызда уланудың сирек жағдайларында клиникалық көрінісі негізінен, тамыр соғуының жиілеуі немесе жүйесіздігі, артериялық қысымның жоғарылауы және кейде сананың көмескіленуі сияқты белгілермен білінеді.
Шұғыл шаралар: ауыр артық дозалануын емдеуді (˃1 мг/кг, бұл дене салмағы 20 кг балалар үшін Фармазолин®, тамшылар 0,05 %, препаратының 4 құтысының немесе Фармазолин®, тамшылар 0,1 % препаратының 2 құтысының ішіндегіге сәйкес келеді) пайдаланылғаннан кейінгі 1 сағат ішінде бастаған дұрыс. Конвульсияларды емдеу үшін конвульсияға қарсы бензодиазепам типті препараттарды, артериялық қысымды төмендету үшін – селективті емес альфа-блокаторларды (мысалы, доксазоцин, теразоцин) пайдалану керек. Тамырды тарылтатын дәрілерді қолдануға болмайды. Атропинді тек, артериялық қысымның төмендеуімен қатар жүретін, клиникалық тұрғыдан айқын брадикардия жағдайында ғана қолдану керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну керек.

10 мл-ден полиэтиленнен жасалып, қалпақшалармен тығындалған құтыларда немесе полиэтиленнен жасалған, дозалағыштары бар, пломбалы қақпақтармен тығындалған (бірінші ашылуы бақыланатын) құтыларда немесе 10 мл-ден полиэтиленнен жасалып, тамшылатқыш тығындармен және қалпақшалармен тығындалған құтыларда.
Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жабыстырылады.
Әр құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
3 жыл.
Құтыны ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі – 28 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 158₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
658₸
500₸
158₸