Қолдану көрсеткіштері
Сүйек-буын және бұлшықет жүйелеріндегі соғылу, созылу, бұлшықеттің ширығуы, мойын бұлшықеттерінің сіресуі, люмбаго сияқты шығу тегі ревматизмдік немесе жарақаттық ауыруды жергілікті емдеуде.
Сүйек-буын және бұлшықет жүйелеріндегі соғылу, созылу, бұлшықеттің ширығуы, мойын бұлшықеттерінің сіресуі, люмбаго сияқты шығу тегі ревматизмдік немесе жарақаттық ауыруды жергілікті емдеуде.
әсер етуші затқа немесе құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
анамнезде демікпе ұстамалары сияқты аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы немесе кетопрофенге, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) басқа аллергиялық реакциялар
анамнездегі кез келген фотосенсибилизация реакциялары
кетопрофен, фенофибрат, тиапрофен қышқылын, ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП қолданғанда пайда болған белгілі аса жоғары сезімталдық реакциялары, мысалы, демікпе симптомдары, аллергиялық ринит немесе есекжем
анамнезде кетопрофен, тиапрофен қышқылы, фенофибрат, УК-блокаторлары немесе парфюмериялық өнімдерді қолданғанда аллергияның терілік біліністерінің болуы
күн сәулесінің (жарығы жан жақты болса да) немесе солярийдегі УК-сәулеленуді гельмен емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейінгі 2 апта бойы
гельді, атап айтқанда экзема, акне, инфекциялық үдеріс немесе ашық жаралар сияқты терінің зақымдалған (патологиялық) учаскелерде қолданбаған жөн
жүктіліктің үшінші триместрі
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Гельді жүрек, бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерде сақтықпен қолдану керек: бүйрек зақымдануымен байланысты жүйелі жағымсыз әсерлерінің бірлі-жарымды жағдайлары туралы хабарланған.
Препараттың көп мөлшерін жергілікті қолдану аса жоғары сезімталдық немесе демікпе секілді жүйелі әсерге әкелуі мүмкін.
Бөртпе пайда болған жағдайда емдеуді тоқтатқан жөн.
Емдеудің ұсынылған ұзақтығынан асыруға болмайды, өйткені уақыт өте келе жанаспалы дерматит және фотосенсибилизация реакциясының даму қаупі артады.
Препараттың әрбір қолдануынан соң қолды мұқият жуу керек.
Құрамында октокрилен бар өнімдерді қатар қолданумен байланысты қандай болмасын тері реакциялары дамығанда, гельмен емдеуді дереу тоқтату керек.
Тері фотосенсибилизациясы дамуын болдырмас үшін препарат жағылған аймақтарды – емделу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін екі апта бойы киіммен қорғау ұсынылады.
Гельді қолдануды окклюзиялық таңғышпен біріктіруге болмайды.
Гельдің шырышты қабықтарға немесе көзге түсуін болдырмаған жөн.
Созылмалы ринитпен, созылмалы синуситпен және/немесе мұрын полиптерімен біріккен демікпесі бар пациенттерде басқа адамдарға қарағанда аспиринге және/немесе ҚҚСП аллергияның даму қаупінің жоғары болуы орын алады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесу екіталай, өйткені жергілікті қолданғаннан кейін қан сарысуындағы концентрация төмен. Дегенмен кумариндік препараттарды қабылдайтын пациенттерді тұрақты тексеру жүргізу ұсынылған.
Арнайы ескертулер
Балаларда қолдану
Кетопрофен гелін балаларға пайдаланудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Осы препараттың құрамына цитраль, цитронеллол, фарнезол, гераниол, D-лимонен және линалол аллергендері бар нерол хош иістендіргіші, сондай-ақ кумарин, гераниол, D-лимонен және линалол аллергендері бар лаванда хош иістендіргіші кіреді.
Бұл аллергендер аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Бұл препаратта бір грамм гельге 307 мг спирт (этанол) бар. Ол зақымдалған теріде ашыту сезімін тудыруы мүмкін.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Бірінші және екінші триместрде
Кетопрофенді жүкті әйелдерде қолдану қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізілмегендіктен, жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде оны қолданбаған дұрыс.
Жүктіліктің үшінші триместрінде
Простагландиндер синтезінің барлық тежегіштері, оның ішінде кетопрофен, шаранада кардиопульмональді жүйе және бүйректің уытты зақымдануын туындатады. Жүктіліктің аяғында анасында да, сондай-ақ балада да, қан кету уақыты ұзаруы мүмкін. Осыған байланысты кетопрофенді жүктіліктің үшінші триместрінде қолдануға болмайды.
Лактация кезінде қолданылуы
Кетопрофеннің ана сүтінде анықталуына қатысты деректер жоқ. Кетопрофенді емшек емізетін аналарда қолдану ұсынылмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсері туралы хабарланған жоқ.

Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер:
Гельді зақымдалған аймақтың терісіне күніне 1-3 рет жұқа қабатпен жағу керек.
Қолданылатын гель мөлшері зардап шеккен аймақтың мөлшеріне сәйкес келуі керек. Әр қолданған кезде ұзындығы 5-тен 10 см-ге дейін гель жолағын жағу керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Фастум® гельді сіңуін жақсарту үшін сәл ұқалай отырып теріге жағу керек.
Фастум® гельді жеңіл таңғышпен қолдануға болады, бірақ окклюзиялық ауа өткізбейтін таңғышпен қолдануға болмайды.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз. Гельді кездейсоқ жұтып қойған жағдайда, айқындығы ішке қабылданған препараттың мөлшеріне байланысты жүйелік жағымсыз әсерлері дамуы мүмкін Алайда, егер олар пайда болса, қабынуға қарсы препараттардың артық дозалануына сәйкес келетін симптоматикалық және демеуші емдеу жүргізілуі керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін денсаулық сақтау жүйесі маманынан консультация алу ұсынылады.
50 немесе 100 г гельден алюминий сықпаға салынады.
Сықпаны медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 1011₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
3646₸
2635₸
1011₸