Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 1 мг немесе 5 мг фолий қышқылы;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, жоғарғы және төменгі беткейі тегіс, шеттері қиғашталған, ашық сарыдан сары түске дейінгі бір қабатты таблеткалар. Таблеткалардың бетінде аздаған теңбілдердің болуына жол беріледі. Үлкейткіш шынымен сынатын жерінде салыстырмалы біркелкі құрылымы көрінеді (1 мг доза үшін).
Дөңгелек пішінді, жоғарғы және төменгі беткейі тегіс, шеттері қиғашталған, сарыдан күңгірт-сары түске дейінгі бір қабатты таблеткалар. Таблеткалардың бетінде аздаған теңбілдердің болуына жол беріледі. Үлкейткіш шынымен сынатын жерінде салыстырмалы біркелкі құрылымы көрінеді (5 мг доза үшін).