Алматы қаласындағы Ибуфен Д Форте Таңқурай 200 Мг / 5 Мл 100 Мл | Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО
Басқа сервистер немесе өзіңіз
Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді
Тауар тез таусылып қалуы мүмкін
Daribar бонустары жоқ
Тегін
Daribar-дан тапсырыс бергенде
5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз
Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау
Daribar-дың бонустары
Сипаттама:
Таңқурай иісі бар ақ немесе ақ дерлік түсті біртекті суспензия.
Халықаралық атауы:
Ибупрофен
Өндіруші:
Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО
Өндіруші ел:
Республика Казахстан
Белсенді ингредиент:
қосымша заттар: гипромеллоза, ксантан шайыры, глицерин, натрий бензоаты, сұйық мальтитол, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, натрий сахаринаты, натрий хлориді, таңқурай хош иістендіргіші: хош иістендіргіш компоненттер, триацетин (Е1518), су; тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Таңқурай иісі бар ақ немесе ақ дерлік түсті біртекті суспензия.
Белсенді заттың дозасы:
200 мг/5 мл
Қаптамадағы саны:
1 шт
...loading
Нұсқаулық
Қолдану көрсеткіштері
Мына жағдайлардағы шығу тегі әртүрлі дене температурасының жоғарылауында:
суық тию аурулары
жедел респираторлық вирустық инфекциялар
тұмау
баспа, фарингит
дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін балалар инфекциялары
Мына жағдайлардағы әлсіз және орташа қарқындылықтағы шығу тегі әртүрлі ауыру синдромы:
ортаңғы құлақтағы қабыну үдерісінде болатын құлақтағы ауыру
тіс ауырғанда, тіс жарып шыққандағы ауырсыну
бас ауыруы, бас сақинасы
нервтердің қабынуынан туындаған ауырсыну
бұлшықет ауырғанда
қозғалыс мүшелерінің жарақаттары салдарынан сүйек пен буындағы ауыру (зақымданулар, созылулар)
жұмсақ тіндердің жарақатына байланысты ауыру, операциядан кейінгі ауыру
Қарсы көрсеткіштер
ибупрофенге немесе препараттың басқа компоненттеріне, сондай-ақ басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) жоғары сезімталдық
ацетилсалицил қышқылын (салицилаттар) немесе басқа ҚҚСП қабылдау түрткі болған бронх демікпесі, есекжем, тұмау
асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы (асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы)
анамнезінде ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішектен қан кетудің немесе тесілудің болуы
ми қантамырларынан қан кету немесе басқа жедел қан кету
геморрагиялық диатез, этиологиясы анықталмаған қан түзілуінің бұзылуы
ауыр сусыздану (құсу, іш өтуі немесе сұйықтықты жеткіліксіз қабылдаудан туындаған)
циклооксигеназа-2 спецификалық тежегіштерін қоса, басқа ҚҚСП бір мезгілде қолдану
бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класс – Нью-Йорк кардиологтары ассоциациясының жіктемесі)
жүктіліктің III триместрі
7 жасқа дейінгі балалар, дене салмағы 20 кг кем балалар
тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
Өзара әрекеттесуі
Дәрігерге соңғы уақытта қабылданған барлық препараттар туралы, тіпті рецептісіз сатылатындар туралы хабарлау қажет.
ИбуфенД Форте (ҚҚСП тобындағы басқа дәрілік заттар сияқты) төменде аталған препараттармен бір мезгілде қолданбаған жөн:
ацетилсалицил қышқылы: дәрігер тағайындаған төмен дозаларды (тәулігіне 75 мг асырмай) қоспағанда, себебі бірге қолдану жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін
басқа ҚҚСП, әсіресе циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен: екі немесе одан да көп ҚҚСП бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек, өйткені бұл жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.
Көрсетілген препараттармен бір мезгілде қолданған кезде сақ болу керек:
антигипертензивті препараттар: себебі олардың тиімділігі төмендейді
диуретиктер: себебі олар ҚҚСП нефроуытты әсерін арттыруы мүмкін
антикоагулянттар: ҚҚСП-мен тағайындағанда, варфарин сияқты қанның ұюын төмендететін препараттар әсерін күшейтуі
литиймен және метотрексатпен, фенитоинмен, жүрек гликозидтерімен: ҚҚСП осы препараттардың плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін (оларды сарысуда мерзімді бақылау жүргізу ұсынылады)
зидовудинмен: ибупрофен және зидовудинмен бір мезгілде емделген пациенттерде қан кету уақытының ұзаруы туралы деректер бар
антиагреганттық дәрілік препараттармен, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерімен (СКҚСТ) және кортикостероидтармен: асқазан-ішектен қан кету қаупі дамуының жоғарылауы мүмкін
мифепристон: ҚҚСП мифепристонды қабылдағаннан кейін 8-12 күн ішінде қолдануға болмайды, өйткені ҚҚСП оның әсерін әлсіретуі мүмкін
такролимус, циклоспорин: бұл препараттарды бір мезгілде қолданғанда нефроуытты әсерінің қаупі артады
хинолонді антибиотиктерімен: ҚҚСП және хинолондарды біріктіріп қабылдаған пациенттер құрысулардың пайда болу қаупіне ұшырауы мүмкін
аминогликозидті антибиотиктермен: ҚҚСП аминогликозидтердің шығарылуын төмендетуі мүмкін
пероральді диабетке қарсы дәрілермен: сульфонилмочевина туындылары метаболизмінің төмендеуі, жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруы және гипогликемия қаупінің артуы мүмкін
пробенецид және сульфинпиразонмен: ибупрофеннің шығарылуын баяулатуы мүмкін
холестираминмен: ибупрофеннің сіңірілу дәрежесін баяулатуы немесе азайтуы мүмкін (25%). Осыған байланысты ибупрофенді холестираминді қабылдаудан кемінде бір сағат бұрын немесе 4-6 сағаттан кейін тағайындау ұсынылады
вориконазол немесе флуконазол: вориконазол мен флуконазолды (CYP2C9 тежегіштері) бір мезгілде қолданған кезде S(+)-ибупрофен экспозициясының шамамен 80-100%-ға жоғарылауы байқалды. CYP2C9 күшті тежегіштерімен бір мезгілде тағайындағанда, әсіресе препарат вориконазолмен немесе флуконазолмен жоғары дозаларда тағайындалған жағдайларда ибупрофен дозасын төмендету қажеттігін қарастырған жөн.
Арнайы нұсқаулар
Ең төмен тиімді доза симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде пайдаланылуы тиіс.
Егер препаратты қысқа уақыт аралығында, симптомдарды жою үшін қажетті ең аз тиімді дозада қабылдаса, жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін барынша азайтуға болады.
Дәл дозалау үшін қаптамаға шприц-дозатор қоса беріледі.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты дәрігердің бақылауынсыз 3 күннен артық қолдануға болмайды.
Егер препарат дәл белгіленген уақытта қабылданбаған болса, оны мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек (егер препаратты келесі қабылдауға дейін әлі көп уақыт болса) немесе препаратты үнемі қабылдауды жалғастыру керек.
Өткізіп алған дозаны толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдауға болмайды.
Шприц-дозаторды қолдану жөніндегі нұсқаулық
Қолдану бойынша ұсыныстар
Дозалау режимі
Препараттың тәуліктік дозасы бөлінген дозаларда дене салмағының 20-30 мг/кг құрайды. Ұсынылған дозалау сызбасы:
Препараттың дозаларын 6-8 сағат аралықпен қолданады (немесе қажет болса, қабылдау арасындағы кем дегенде 4 сағаттық аралықты сақтау керек).
Егде жастағы пациенттер: дозаны азайтудың қажеті жоқ. Ықтимал жағымсыз әсерлердің бейінін ескере отырып, егде жастағы пациенттер дәрігердің бақылауында болуы керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерде дозаны азайтудың қажеті жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: бауырдың жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерде дозаны азайтудың қажеті жоқ.
Қолдану тәсілі
Ішке, ас ішкеннен кейін, сұйықтықты іше отырып қабылдайды.
Қолданар алдында біртекті суспензия алынғанша шайқау керек.
Препарат симптоматикалық емдеуге арналған.
Егер сізде инфекция болса, симптомдар (мысалы, қызба және ауыру) сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігерге хабарласыңыз («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).
Ең төмен тиімді доза симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде пайдаланылуы тиіс.
Егер препаратты қысқа уақыт аралығында, симптомдарды жою үшін қажетті ең аз тиімді дозада қабылдаса, жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін барынша азайтуға болады.
Дәл дозалау үшін қаптамаға шприц-дозатор қоса беріледі.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты дәрігердің бақылауынсыз 3 күннен артық қолдануға болмайды.
Егер препарат дәл белгіленген уақытта қабылданбаған болса, оны мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек (егер препаратты келесі қабылдауға дейін әлі көп уақыт болса) немесе препаратты үнемі қабылдауды жалғастыру керек.
Өткізіп алған дозаны толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдауға болмайды.
Шприц-дозаторды қолдану жөніндегі нұсқаулық
Шығарылу түрі
100 мл немесе 40 мл препараттан балаларға қауіпсіз ашылатын бақылау сақинасы бар бұралатын полиэтилен қақпақпен жабылған адаптері бар ПЭТФ-тен жасалған құтыларға. Әр құтыға заттаңба жапсырылады. 1 құтыдан картон қорапшаға салынған. Қорапшаға медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулық пен пероральді енгізуге арналған шприц салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Ашылған құтыны 6 ай ішінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
2 жыл
Ашылған құтыны 6 ай ішінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Көлемі
100 мл
Сатып алу мәліметтері
Төлем
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Қайтару
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
...loading
Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық
Біздің сайтта сатып алуға болады “ибуфен Д Форте таңқурай 200 мг / 5 мл 100 мл” дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
Тексерілген
Провизор
Каражанова Айгерим
Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес,
анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
Комментарий: Этот сироп просто превосходен, работает на все 100%. Аптека MSP, вы лучшие.
Умида
3 Июня 2024
Комментарий: Жылу көтерілгенде тамаша көмекші.
Ирина
23 Марта 2024
Комментарий: Ибуфен один из лучших жаропонижающих и обезболивающих средств.
Ригина
5 Марта 2024
Комментарий: Единственный препарат, который снижает температуру моему ребенку. Благодарю Аптеку Садыхан за возможность получить его вовремя, очень выручили. Собрали заказ очень быстро).
Индира
28 Февраля 2024
Комментарий: Очень быстро действует. После приема сына укладываю на 10 минут на правый бок. Так быстро рассасывается. Всегда беру это лекарство от температуры.
Жанна
22 Февраля 2024
Комментарий: Хорошее средство. Всегда помогает. Получаю в аптеке всегда вовремя. Работникам отдельное спасибо.
Ырысты
16 Февраля 2024
Комментарий: Привезли за час! Очень удобно, когда ребенок болеет и оставить не с кем! Спасибо аптеке, спасибо курьеру! ).
Салтанат
11 Декабря 2023
Комментарий: Маст хэв в аптечке, дети из-за вкуса не сопротивляются. Какие же вы молодцы, в час ночи оформила, а утром уже привезли! Ну разве не чудо?
Саида
22 Мая 2023
Комментарий: Помогает снять температуру.
Любовь
18 Мая 2023
Комментарий: Плюсы: Эффективно помогает.
Камила
23 Февраля 2023
Комментарий: Плюсы: Всегда покупаем.
Алислам
2 Января 2023
Комментарий: Супер. Очень оперативно.
Олеся
17 Декабря 2022
Комментарий: Мгновенно снижает температуру.
Динара
21 Октября 2022
Комментарий: Ибуфен выручает всегда. Самое лучшее лекарство при температуре.
Камажай
28 Сентября 2022
Комментарий: Плюсы: Прекрасное жаропонижающее и болеутоляющее средство.
Аида
25 Сентября 2022
Комментарий: Номер 1 при температуре у детей.
Сәдия
27 Июня 2022
Комментарий: Наш помощник против температуры! Привезли очень быстро, так как я не могла оставить маленького ребёнка и сходить в аптеку.