Қолдану көрсеткіштері
Шығу тегі әр түрлі, қарқындылығы жеңілден орташаға дейінгі ауыру синдромын (бас ауыруы, бас сақинасы, тіс ауыруы, невралгия, бұлшықет және буын ауыруы, етеккір кезіндегі ауыру және т.б.) симптоматикалық емдеу.

• Дәрілік препараттың құрамына кіретін ингредиенттердің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
• Анамнезінде ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероиды емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдық (мысалы, демікпе, ринит, ангиодистрофия, есекжем).
• Асқазан-ішек жолы ағзаларының эрозиялық-ойық жаралы аурулары (оның ішінде асқыну сатысындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит).
• Алдыңғы ҚҚСП емімен байланысты анамнездегі асқазан-ішек жолы (АІЖ) ойық жарасының қан кетуі немесе тесілуі.
• Гемофилия және қан ұюының басқа да бұзылулары (оның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатез.
• Шумақтық сүзіліс жылдамдығы 30 мл/мин-ден төмен түскен кезде бүйрек функциясы бұзылған пациенттер.
• Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі.
• Жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класс).
• Жүктіліктің III триместрі.
• 12 жасқа дейінгі балалар.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Егде адамдар
Егде жастағы адамдарда ҚҚСП-ға жағымсыз реакциялардың, әсіресе асқазан-ішектен қан кету мен перфорацияның жоғары жиілігі байқалады, олар өліммен аяқталуы мүмкін. ҚҚСП қолдану қажет болғанда минималды мерзім ішінде ең төмен тиімді дозаны пайдалану қажет. ҚҚСП емдеу кезінде пациент асқазан-ішектен қан кетуге қатысты үнемі тексерілуі тиіс.
Асқазан-ішектен қан кету, ойық жара және перфорация
Кез келген ҚҚСП қабылдаған кезде, емдеудің кез келген кезеңінде, алдыңғы симптомдары болған немесе болмаған кезде қан кетулер, ойық жаралардың пайда болуы немесе АІЖ тесілуі туралы хабарланады.
Анамнезінде ойық жаралы аурулары бар пациенттерде, әсіресе, егер олар қан кетумен немесе тесілумен асқынған болса, егде адамдарда қан кету, ойық жаралардың пайда болу немесе АІЖ тесілуі кезінде ҚҚСП дозалары ұлғайған кезде жоғарылайды. Бұл пациенттерге дәрілік препаратты симптомдарды жою үшін қажетті ең аз тиімді дозада қабылдау ұсынылады. Қорғаныс препараттарымен (мысалы, протонды помпа тежегіштерімен, мизопростолмен) біріктірілген ем осы пациенттер үшін, сондай-ақ ацетилсалицил қышқылын немесе асқазан-ішектен қан кетудің туындау қаупін күшейтуі мүмкін басқа дәрілерді қабылдауды қажет ететін пациенттер үшін қаралуы тиіс.
Анамнезінде АІЖ аурулары бар пациенттер, әсіресе егде жастағы адамдар, кез-келген әдеттен тыс абдоминальді симптомдар туралы (ең алдымен асқазан-ішектен қан кету), ең алдымен емдеудің бастапқы кезеңдерінде хабарлауы керек.
Ойық жара немесе қан кету қаупін арттыруға қабілетті дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге ерекше назар аудару керек: пероральді кортикостероидтар, антикоагулянттар, варфарин, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері, ацетилсалицил қышқылы сияқты антитромбоцитарлық агенттер.
Қан кеткенде немесе АІЖ ойық жаралары пайда болғанда ибупрофен қабылдайтын пациенттер дәрілік препаратты қабылдауды дереу тоқтатуы тиіс.
ҚҚСП ойық жаралы колит, Крон ауруы бар пациенттерге осы жағдайлардың асқыну қаупіне байланысты сақтықпен тағайындайды.
Негізгі инфекциялық аурудың белгілерін жасыру.
Ибупрофенді қолдану инфекцияның белгілері мен симптомдарын, мысалы, қызба мен ауырсынуды жасыруы мүмкін. Нәтижесінде инфекцияның тиісті емін тағайындауда кідіріс болуы мүмкін, бұл асқыну қаупін арттыруы мүмкін. Бұл бактериялық пневмонияда, сондай-ақ желшешек аясында терінің бактериялық инфекция кезінде байқалады. Егер сіз ибупрофенді инфекциялық ауру кезінде қабылдасаңыз және симптомдардың сақталуын немесе нашарлауын байқасаңыз, дереу дәрігерге қаралуыңыз керек.
Жағымсыз реакцияларды симптомдардың жойылуына қажетті қысқа уақытқа ең аз тиімді дозаны таңдау арқылы азайтуға болады.
Тыныс алудың бұзылуы
Ибуфлекс 400 бронх демікпесімен ауыратын немесе анамнезінде бронх демікпесі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек, өйткені ҚҚСП мұндай науқастарда бронх түйілуін тудыруы мүмкін.
Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық әсерлер
Гипертониясы және/немесе орташа дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге тиісті бақылау мен кеңес алу қажет, өйткені ҚҚСП қолдану кезінде сұйықтықтың іркілуі және ісіну мүмкін.
Клиникалық сынақтардың нәтижелері ибупрофенді қабылдау арасында, әсіресе жоғары дозаларда (тәулігіне ≥2400 мг), артериялық тромбоздық құбылыстардың (мысалы, миокард инфарктісі және инсульт) даму қаупі шамалы жоғары өзара байланыстың болуын болжайды. Эпидемиологиялық зерттеулер ибупрофеннің төмен дозаларын (≤1200 мг/тәулік) қабылдау мен артериялық тромбоздық құбылыстардың даму қаупінің артуы арасындағы өзара байланысты болжамайды.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, NYHA II-III класс жіктемесі бойынша іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, анықталған жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артерия аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерге ибупрофенді пайда–қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана тағайындау керек, бұл ретте ибупрофеннің жоғары дозаларын (тәулігіне ≥2400 мг) қолданудан аулақ болу керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Басқа ҚҚСП сияқты ибупрофенді ұзақ уақыт қолдану бүйректің капиллярлық некрозына және бүйректің басқа да патологиялық өзгерістеріне әкеледі.
Простагландиндер синтезі бүйректегі қан ағымын сақтауда компенсаторлық рөл атқаратын пациенттерде бүйрек тарапынан асқынулардың даму қаупі жоғары (дегидратация жағдайы, бүйрек және бауыр функциясының бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі, айқын атеросклероз, диуретиктерді, АӨФ тежегіштерін қабылдау, егде жас).
Қауіп тобындағы пациенттерге қатысты мынадай сақтық шаралары ұсынылады:
- бір аптадан артық тағайындалған жағдайда қабылдаудың бірінші аптасында егде жастағы пациенттерге, артериялық гипертензиясы және қант диабеті бар пациенттерге тағайындау кезінде бүйрек функциясының мониторингін қамтамасыз ету;
- NYHA жіктемесі бойынша III класты созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және 60 мл/мин-ден кем шумақтық сүзіліс жылдамдығы кезінде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қабылдау басталғаннан 48-72 сағаттан кейін сарысу креатининіне мониторингті қамтамасыз ету;
ЖҚЖ және дәнекер тінінің аралас аурулары
Жүйелі қызыл жегі (ЖГЖ) және аралас коллагенозы бар пациенттерде асептикалық менингит қаупі жоғарылауы мүмкін.
Тері реакциясы
Ибупрофенді қолданғанда ауыр тері реакцияларының дамуы туралы хабарланды. Ибуфлекс 400 қабылдауды дереу тоқтатып, егер тері бөртпесі, шырышты қабықтардың зақымдануы, қышу немесе аллергияның басқа белгілері пайда болса, дәрігермен кеңесу керек, өйткені сипатталған симптомдар терінің ауыр реакциясының алғашқы белгілері болуы мүмкін.
Гематологиялық әсерлер
Ибупрофен, басқа ҚҚСП сияқты, тромбоциттердің агрегациясын бұзып, егде адамдарда қан кету уақытын арттыруы мүмкін.
Асептикалық менингит
Ибупрофенмен емделу кезінде науқастарда сирек жағдайларда асептикалық менингит байқалды. Оған жүйелі қызыл жегі және аралас коллагенозы бар пациенттер көбінесе бейім; алайда, созылмалы аурулары жоқ пациенттерде де ауру жағдайлары тіркелді.
Әйел фертильділігінің бұзылуы
Циклооксигеназа мен простагландиндер синтезін тежейтін Ибупрофен овуляцияға әсер етуі және әйелдің репродуктивті функциясын бұзуы мүмкін. Емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ибупрофенді, басқа ҚҚСП сияқты мыналармен бірге қолдануға болмайды:
– ацетилсалицил қышқылымен (аспиринмен), жағымсыз құбылыстар дамуының ықтимал жоғарылауына байланысты; Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша ибупрофен ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларымен бір мезгілде қолданған кезде тромбоциттер агрегациясын бәсекелі түрде тежеуі мүмкін деп болжанады. Бұл деректерді клиникалық практикаға экстраполяциялау мүмкіндігі белгісіз болып қалғанымен, ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларының кардиопротекторлық әсерін төмендетуге ибупрофенді тұрақты ұзақ қабылдаудың ықтимал әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ацетилсалицил қышқылының кардиопротекторлық қасиеттеріне ибупрофенді эпизодтық қолданудың әсері екіталай болып көрінеді;
– басқа да ҚҚСП, әсіресе циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен. Бұл жағымсыз әсерлер қаупін арттыруы мүмкін.
Ибупрофенді мынадай дәрілік препараттармен біріктіргенде сақтықпен қолдану керек:
– антикоагулянттар: ҚҚСП варфарин сияқты антикоагулянттардың әсерін күшейте алады;
– диуретиктер, АӨФ тежегіштері, бета-блокаторлар және ангиотензин II антагонистері: ҚҚСП диуретиктер мен басқа да гипотензиялық препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде (мысалы, сусызданған пациенттерде немесе бүйрек функциясы шектеулі егде жастағы пациенттерде) АӨФ тежегіштерін, бета-блокаторларды немесе ангиотензин II антагонистерін, сондай-ақ циклооксигеназа жүйесін бәсеңдететін дәрілерді біріктіріп тағайындау әдетте қайтымды сипатқа ие бүйрек функциясының одан әрі төмендеуіне (жедел бүйрек жеткіліксіздігіне дейін) әкелуі мүмкін. Сондықтан біріктірілімді, әсіресе егде жастағы адамдарда сақтықпен қолдану керек. Пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін алуы тиіс. Біріккен ем басталғаннан кейін де, әрі қарай да бүйрек функциясын мезгіл-мезгіл мұқият бақылау керек.
– кортикостероидтар: асқазан-ішек жаралары мен қан кетулердің пайда болу қаупінің жоғарылауы;
– антитромбоциттік препараттар және серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері: асқазан-ішектен қан кетудің пайда болу қаупінің жоғарылауы;
– жүрек гликозидтері: ҚҚСП жүрек жеткіліксіздігін күшейтуі мүмкін, шумақтық сүзіліс жылдамдығын төмендетеді және қан плазмасындағы гликозидтер деңгейін жоғарылатады;
– литий: ҚҚСП қан плазмасындағы литий концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін екендігі туралы дәлелдер бар;
– метотрексат: ҚҚСП қан плазмасындағы метотрексат концентрациясының жоғарылауын тудыруы мүмкін екендігі туралы дәлелдер бар;
– циклоспорин: нефроуыттылық қаупінің жоғарылауы;
– мифепристон: дәрілік препарат тиімділігінің төмендеуі теориялық тұрғыдан ҚҚСП антипростагландиндік қасиеттеріне байланысты болуы мүмкін. Шектелген деректер простагландинді қолдану күні ҚҚСП бірге қолдану мифепристонның немесе простагландиндердің жатыр мойнының ашылуына қолайсыз әсер етпейтінін және жүктілікті медициналық үзудің клиникалық тиімділігін төмендетпейтінін көрсетеді;
– такролимус: ҚҚСД такролимуспен бір мезгілде қолданған кезде нефроуыттылық қаупінің артуы мүмкін;
– зидовудин: зидовудин мен ҚҚСП бірге қолданғанда гематологиялық уыттылық қаупінің жоғарылауы. Зидовудинмен және ибупрофенмен қатар емдеу жағдайында гемофилиядан зардап шегетін АИТВ жұқтырған пациенттерде гемартроз және гематоманың даму қаупінің жоғарылауы бойынша дәлелі бар;
– хинолонды антибиотиктер: ибупрофен мен хинолонды антибиотиктерді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде құрысулардың пайда болу қаупі жоғары болуы мүмкін.
– сульфонилмочевина препараттары: ҚҚСП сульфонилмочевина препараттарының әсерін күшейтуі мүмкін. Сульфонилмочевина және ибупрофен препараттарын бір мезгілде қабылдайтын науқастарда гипогликемия туралы сирек хабарламалар болды.
– аминогликозидтер: ҚҚСП аминогликозидтердің шығарылуын төмендетуі мүмкін.
- өсімдік экстрактілері: гинкго билоба ҚҚСП-мен бір мезгілде қолданғанда қан кету қаупін арттыруы мүмкін.
– CYP2C9 тежегіштері: ибупрофенді CYP2C9 тежегіштерімен бір мезгілде қолдану ибупрофеннің (CYP2C9 субстратының) әсер ету уақытын арттыруы мүмкін. Вориконазолға және флуконазолға (CYP2C9 тежегіштерімен) жүргізілген зерттеуде S (+) - ибупрофен әсерінің шамамен 80 – 100% артқаны байқалды.
Ибупрофеннің дозасын CYP2C9 тежегіштерімен бірге қолданғанда, әсіресе ибупрофеннің жоғары дозаларын вориконазолмен немесе флуконазолмен бірге қолданғанда азайту керек.
Арнайы ескертулер
Жүкті және бала емізетін әйелдер:
Жүктілік
Простагландиндер синтезінің бәсеңдеуі жүктілікке және/немесе эмбрион/ұрықтың дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Эпидемиологиялық зерттеулердің деректері жүктіліктің ерте сатысында простагландиндер синтезі тежегіштерін қолданғаннан кейін түсік тастау, туа біткен жүрек және АІЖ ақауы қаупінің жоғарылағанын көрсетеді. Қауіп дозаның жоғарылауымен және емдеу ұзақтығымен жоғарылайды деп саналады. Жануарларда простагландин синтезінің тежегішін қабылдау эмбрион мен төлдің имплантациядан кейінгі өлім жағдайының жоғарылауына әкелді. Одан өзге, жануарларда органогенез кезеңінде простагландин синтезінің тежегішін алғаннан кейін әр түрлі ақаулар, соның ішінде жүрек-қантамыр аурулары жағдайларының жоғарылауы байқалды.
Ұрықтың бүйрек функциясы бұзылуының ықтимал дамуына байланысты жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап ҚҚСП қолданудан аулақ болу ұсынылады, бұл су азаюының дамуына, ал кейбір жағдайларда нәрестеде бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Егер емдеуші дәрігер жүктіліктің 20 және 30 апталары аралығында ҚҚСП қолдану қажет деп есептесе, қабылдауды қысқа уақыт ішінде ең аз тиімді дозамен шектеу қажет. Сондай-ақ ҚҚСП 48 сағаттан артық қолданған кезде қағанақ суына ультрадыбыстық зерттеу жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек.
Ибупрофенді сөзсіз қажет жағдайларды қоспағанда, жүктіліктің I және II триместрінде қолдануға болмайды. Егер ибупрофенді жүкті болуға тырысатын әйел немесе жүктіліктің I және II триместрінде қолданса, қысқа мерзім ішінде мүмкін болатын ең аз дозаны қолдану керек.
Жүктіліктің III триместрінде простагландин синтезінің барлық тежегіштері келесі әсерлерді көрсетуі мүмкін:
ұрыққа:
– жүрек-өкпе уыттылығы (артериялық түтіктің мерзімінен бұрын жабылуымен және өкпе гипертензияның дамуымен)
– су азаюының дамуымен бүйрек жеткіліксіздігіне дейін үдеуі мүмкін бүйрек функциясының бұзылуы;
жүктіліктің соңында анасына және нәрестеге:
– қан кету уақытының ұлғаюы мүмкін, тіпті өте төмен дозаларда да дамуы мүмкін антиагрегантты әсер,
– жатыр жиырылуының бәсеңдеуі бұл босанудың кешеуілдеуіне немесе ұзақтығының артуына әкеледі.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттерге байланысты ибупрофен жүктіліктің III триместрінде қарсы көрсетілген.
Лактация
Шектеулі зерттеулерде ибупрофен ана сүтінде өте төмен концентрацияда анықталды. Оның емшек сүтіне теріс әсер ету жағдайлары белгісіз, бірақ ибупрофен қабылдау кезеңінде, мүмкін болса, емшек емізуді тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ҚҚСП қабылдағаннан кейін бас айналуы, ұйқышылдық, шаршау және көрудің бұзылуы сияқты жағымсыз симптомдар туындауы мүмкін. Осы симптомдар пайда болған кезде пациенттер автокөлікті және басқа да қауіпті механизмдерді басқарудан бас тарта тұруы тиіс.

Дозалау режимі
Дозалау режимі көрсетілімдерге байланысты жеке анықталады. Ересектер мен дене салмағы 40 кг-нан асатын 12 жастан асқан балаларға дәрілік препаратты әдетте күніне 1-2 рет 400 мг бастапқы дозада тағайындайды. Балаларға арналған ең жоғары тәуліктік доза бірнеше қабылдауға баланың дене салмағына 20 мг/кг құрайды. Жылдам емдік әсерге қол жеткізу үшін доза тәулігіне 3 рет 400 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Емдік әсерге жеткенде тәуліктік доза 800 мг-ға дейін азаяды. Таблеткаларды қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 4 сағатты құрауы тиіс. 24 сағат ішінде 3 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.
Егде жастағы пациенттер:
Егде жастағы адамдарда күрделі жағымсыз реакциялар қаупі жоғары. ҚҚСП қолдану қажет болса, минималды мерзім ішінде ең төмен тиімді дозаны қолдану керек. ҚҚСП емдеу кезінде пациент асқазан-ішектен қан кетуге қатысты үнемі тексерілуі тиіс.
Балалар:
12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Ибуфлекс 400 12 жастан асқан және дене салмағы 40 кг-нан асатын балаларға тағайындалады. Ең жоғары тәуліктік доза бірнеше қабылдауға баланың дене салмағына 20 мг/кг құрайды.
Егер жасөспірімдер бұл препаратты 3 күннен артық қабылдаса немесе симптомдар нашарласа, дәрігермен кеңесу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер:
Бүйрек функциясының ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бұзылған пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде ибупрофенді тағайындауға болмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер:
Бауыр функциясының ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бұзылған пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде ибупрофенді тағайындауға болмайды.
Енгізу жолы және тәсілі
Ішке қабылдауға арналған таблеткалар. Ибуфлекс 400 тамақтану кезінде немесе одан кейін, шайнамай, бір стақан сумен ішу керек.
Емдеу ұзақтығы
Дәрілік препаратты дәрігермен кеңесусіз 3 күннен артық немесе анағұрлым жоғары дозаларда қолдануға болмайды.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Қажет болса, пациенттерді симптоматикалық емдеу керек. Ибупрофеннің ықтимал уытты мөлшерін қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде белсендірілген көмірді пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек. Альтернатива ретінде, ересектерде потенциалды уытты дозаны қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде асқазанды шаю мүмкіндігін қарастыру керек.
Жақсы диурез қамтамасыз етілуі тиіс.
Бүйрек пен бауыр функциясын мұқият бақылау керек.
Пациенттер потенциалды уытты дозаны қабылдағаннан кейін кемінде төрт сағат бақылауда болуы тиіс.
Жиі немесе ұзаққа созылатын құрысуларды диазепамды вена ішіне енгізу арқылы емдеу керек. Басқа шаралар пациенттің клиникалық жағдайына байланысты көрсетілуі мүмкін.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажетті шаралар
Жіберіп алған дозаны өтеу үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралу ұсынылады.
10 таблеткадан ПВХ полимерлі үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. Қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге бір немесе екі пішінді ұяшықты қаптаманы картон қорапшаға салады.
Жарамдылық мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 277₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
1257₸
980₸
277₸