daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Имудон Таблеткалары 50 Мг №40 | Фармстандарт-Томскхимфарм ОАО

Алматы қаласындағы Имудон Таблеткалары 50 Мг №40 | Фармстандарт-Томскхимфарм ОАО
Сипаттама:

Жайпақ цилиндр пішінді, беті тегіс жылтыр, шеттері қиғашталған, жалбыз иісі бар ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар, аздап мәрмәрлыққа жол беріледі.

Өндіруші:

Фармстандарт-Томскхимфарм ОАО

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Қаптамадағы саны:

40 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ойық жаралы зақымдануларды қоса, ауыз қуысымен шектелген инфекциялық ауруларды адъювантты емдеу:

пародонтоз, пародонтит, стоматит, глоссит, герпестік стоматит

ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну аурулары

ойық жаралы гингивит

ауыз қуысының дисбактериозы

фарингит

созылмалы тонзиллит

тіс протезінен болған ауыз қуысы шырышты қабығының жарақаты,

тіс жұлғаннан, тіс имплантациясынан кейінгі инфекциялық асқынулар

тонзилэктомияда операцияға дейінгі дайындықта және операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсеткіштер

- бактерия лизаттарына (Lactobacillus johnsonii, Lactobacillus helveticus, Lactobacillus delbrueckii ss lactis, Lactobacillus fermentum, Streptococcus pyogenes groupe A, Enterococcus faecium, Enterococcus faecalis, Streptococcus gordonii, Staphylococcus aureus, Klebsiella pneumoniae ss pneumoniae, Corynebacterium pseudodiphtheriticum, Fusobacterium nucleautum ss fusiforme, Candida albicans) қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балалар, дұрыс қолдана алмауына байланысты (жұтып қоюы немесе шайнауы)

- аутоиммунды аурулардың болуы

- жүктілік және лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Лапп-лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Көрсетілімдері препаратты ұзақ уақыт қолдануды талап етпейді. Егер симптомдары 8 күннен артық созылса және дене температурасының көтерілуімен қатар жүрмесе, емдеуді қайта қарау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Имудон® басқа топтағы дәрілік препараттармен қолдануға болады.

Арнайы ескертулер

Имудон® құрамында лактоза болғандықтан, оны туа біткен глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе лактаза тапшылығы сияқты сирек кездесетін туа біткен аурулары бар адамдарға қолдануға болмайды. Қант диабеті бар науқастарға абай болу керек.

Пациентке сирек жағдайларда дене температурасының ешбір себепсіз 39°С-ден жоғарыға көтерілуі мүмкін екендігін ескерту керек. Мұндай симптомның алғашқы белгілерінде емдеуді дереу тоқтату керек. Алайда, мұндай дене температурасының көтерілуін ЛОР-мүшелерінің ауруларына байланысты симптоматикалық көтерілуден айыра білу керек.

Бронх демікпесі бар науқастарда иммунитетті күшейту мақсатында бактериялық лизаттар препараттарын қолдану кезінде демікпе ұстамаларының болғандығы жазылған. Демікпе ұстамасы дамыған кезде емдеуді жалғастыру ұсынылмайды.

Қажет болғанда препараттың емдік белсенділігін төмендетпеу үшін ауызды Имудон® препаратын қолданудан кейін 1 сағаттан ерте шаймаған дұрыс. Препаратты тұзсыз немесе тұзы аз диетаны ұстанатын пациенттерге тағайындағанда, Имудон® препаратының 1 таблеткасы құрамында 15 мг натрий бар екендігін ескеру қажет. Құрамында маннитол болуына байланысты орташа іш жүргізетін әсері болуы мүмкін.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Имудон® препаратын жүкті әйелдерде қолдану туралы ақпарат жеткіліксіз. Жануарларға жүргізілген эксперименттердің тиісті деректері мен эпидемиологиялық зерттеулер жоқ. Имудон® препаратын жүктілік немесе лактация кезеңінде қабылдау ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде автомобильді немесе басқа механизмдерді басқаруға байланысты қызметке қандай да бір шектеулердің қажеттілігін дәйектейтін деректер жоқ.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Тәуліктік доза 6-дан 8 таблеткаға дейін.

6 жастан 14 жасқа дейін тәуліктік доза 6 таблетка.

Емдеу курсының ұзақтығы 6-дан 8 күнге дейін.

Енгізу жолы және тәсілі

Таблеткалар жергілікті қолдануға арналған, оларды ауыз қуысында шайнамай және сумен ішпей, сорады.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Препаратпен артық дозалану жағдайлары белгісіз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

8 таблеткадан полиамид/алюминий/поливинилхлоридті композициялық материалдан (Amcor Flexibles Singen GmbH, Германия немесе Constantia Pirk GmbH & Co. KG фирмасы, Германия) және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған немесе Amcor Flexibles Singen GmbH, Германияда өндірілген немесе Amcor Kreuzlingen AG, Швейцарияда өндірілген пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан қазақ және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге А маркалы немесе хром-эрзац картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыИмудон таблеткалары 50 мг №40 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube