Қолдану көрсеткіштері
Артериялық гипертензия.
Артериялық гипертензия.
- әсер етуші затқа, сульфонамидтерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
ауыр бүйрек жеткіліксіздігі, анурия
бауыр энцефалопатиясы немесе бауыр функциясының басқа ауыр бұзылуы
гипокалиемия
жүктілік кезеңі және емшек емізу
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Индапамидпен бір мезгілде қолдануға болмайды
Литий: тұзы төмен диета жағдайындағыдай артық дозалану симптомдарымен плазмадағы литий деңгейінің жоғарылауы келеді (литийдің несеппен аз шығаралуы). Егер литий тұздары мен диуретикалық препаратты бір уақытта қолдану қажет болса, плазмадағы литий мөлшерін бақылау және тиісінше дозаны түзету қажет.
Индапамидпен қолданғанда сақ болу керек
Torsade de pointes типі бойынша аритмия тудыратын препараттар
Ia класты аритмияға қарсы препараттар (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид);
III класты аритмияға қарсы препараттар (амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид);
кейбір психозға қарсы препараттар:
фенотиазин туындылары (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифторперазин);
бензамид туындылары (амисульпирид, сульпирид, сультоприд, тиаприд);
бутирофенон туындылары (дроперидол, галоперидол);
басқа препараттар: бепридил, цизаприд, дифеманил, эритромицин (вена ішіне енгізгенде), галофантрин, мизоластин, пентамидин, спарфлоксацин, моксифлоксацин, винкамин (вена ішіне енгізгенде).
Қарыншалық аритмияның, әсіресе torsade de pointes жоғары қаупі (гипокалиемия бейім фактор болып табылады). Аталған біріктірілімдерді тағайындар алдында гипокалиемияға қатысты мониторинг жүргізу және қажет болса электролиттік теңгерімді түзету қажет. Клиникалық жағдайға, плазма электролиттеріне және ЭКГ мониторинг жүргізу керек.
Гипокалиемия анықталған жағдайда, torsade de pointes қаупін тудырмайтын дәрілік препараттарды қолдану керек.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік препараттар (ішке және/немесе парентеральді қабылдау үшін), оның ішінде циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштері және салицилаттардың жоғарғы дозалары (≥3 г/тәу)
Индапамидтің гипертензияға қарсы әсері төмендеуі мүмкін.
Пациенттердің сусыздану жағдайында жедел бүйрек жеткіліксіздігінің қаупі жоғарылайды (шумақтық сүзілістің төмендеуі). Ем басталғаннан бастап пациенттің гидратация жағдайын бақылау және бүйрек функциясына мониторинг жүргізу керек.
Ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) тежегіштері
Гипонатриемиясы бар пациенттерге АӨФ тежегіштерін тағайындау (әсіресе бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде) кенеттен болатын артериялық гипотензияның қаупімен және жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупімен байланысты.
Артериялық гипертензияда диуретиктермен емдеу натрий тапшылығын тудыруы мүмкін екенін ескере отырып:
АӨФ тежегіштерін қабылдау басталғанға дейін 3 күн бұрын диуретик қолдануды тоқтату, сосын қажет болса, калий жинақтамайтын диуретик қабылдауға оралу
немесе
АӨФ тежегіштерімен емдеуді төмен дозадан бастаңыз, сосын оларды біртіндеп арттырыңыз.
Іркілісті жүрек жеткіліксіздігінде емді, мүмкіндігінше калий жинақтамайтын диуретик дозасын төмендеткеннен кейін АӨФ тежегіштерінің ең төменгі дозаларынан бастау керек.
Барлық жағдайларда АӨФ тежегіштерімен емдеудің алғашқы аптасында бүйрек функциясына мониторинг (креатинин мөлшері) жүргізу қажет.
Гипокалиемия тудыратын басқа да дәрілік препараттар: амфотерицин B (вена ішіне енгізгенде), глюкокортикостероидтар және минералокортикостероидтар (жүйелі қолдану үшін), тетракозактид, перистальтиканы көтермелейтін іш жүргізетін дәрілік препараттар
Гипокалиемияның жоғары даму қаупі (аддитивті әсер). Қан плазмасындағы калий деңгейіне, әсіресе оймақгүл препараттарымен бір мезгілде емдеу кезінде мұқият мониторинг жүргізу және қажет болса оны уақытылы толықтыру қажет. Ішек перистальтикасын көтермелемейтін іш жүргізетін дәрілерді қабылдау ұсынылады.
Баклофен
Индапамидтің гипертензияға қарсы әсерін күшейтеді. Пациенттің адекватты гидратациясын қамтамасыз ету және емнің басында бүйрек функциясын бақылау қажет.
Оймақгүл препараттары
Гипокалиемия және / немесе гипомагнемия, оймақгүлдің уытты әсеріне ықпал етеді. Қан плазмасындағы калий мен магний деңгейіне мониторинг жүргізу, ЭКГ бақылау және қажет болса емдеуді түзету ұсынылады.
Ерекше назар аударуды қажет ететін біріктірілімдер
Калий жинақтаушы диуретиктер (амилорид, спиронолактон, триамтерен)
Кейбір пациенттер үшін пайдалы осы препараттардың рационалды біріктірілімі гипокалиемияның (әсіресе қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің жағдайында) немесе гиперкалиемияның даму қаупін жоққа шығармайды. Плазмадағы калий деңгейін және ЭКГ көрсеткіштерін бақылау, қажет жағдайда емдеу тәсілін қайта қарау қажет.
Метформин
Диуретиктерді, әсіресе ілмектік диуретиктерді қолдану нәтижесінде бүйрек функциясының ықтимал бұзылуымен байланысты метформин туындатқан лактоацидоздың даму қаупі жоғарылайды. Егер сарысудағы креатинин концентрациясы еркектерде 15 мг/л (135 мкмоль/л) және әйелдерде 12 мг/л (110 мкмоль/л) асатын болса, метформинді қабылдамау керек.
Құрамында йод бар рентгенконтрастылы дәрілер
Диуретиктер туындатқан сусыздану жағдайында, әсіресе құрамында йод бар рентгеноконтрастылы дәрілерді жоғары дозаларын пайдаланғанда жедел бүйрек жеткіліксіздігінің жоғары даму қаупі бар. Мұндай дәріні пайдалану алдында пациенттің тиісті гидратациясын қамтамасыз ету қажет.
Трициклдік антидепрессанттар, нейролептиктер
Гипертензияға қарсы әсердің күшеюі және ортостаздық гипотензияның (аддитивті әсер) пайда болу қаупі.
Кальций (кальций тұздары)
Циклоспорин деңгейінің өзгеруінсіз, тіпті егер гиповолемия және гипонатриемия байқалмаса да плазмадағы креатинин мөлшерінің гиперкальциемия қаупі.
Циклоспорин, такролимус
Әсердің жоғарылау қаупі (кортикостероидтардың әсер етуі салдарынан натрий мен судың іркілуі).
Кортикостероидтар, тетракозактид (жүйелі қолдану үшін)
Гипотензиялық әсердің төмендеуі (кортикостероидтер әсерінің салдарынан натрий мен судың іркілуі).
Арнайы ескертулер
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігі пациенттерде тиазид тәрізді диуретик дәрілік препараттар бауыр энцефалопатиясының даму қаупін, әсіресе электролиттік алмасу бұзылғанда туындатуы мүмкін. Диуретикалық препараттарды қолдануды бауыр энцефалопатиясының симптомдары пайда болғанда дереу тоқтату керек.
Спортсмендер
Препарат спортсмендерде допингке қарсы тесттің оң нәтижелерін тудыруы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Қауіпсіздікке және тиімділікке қатысты деректердің жоқтығын ескеріп, препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданбаған жөн.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жалпы қабылданған ережеге сәйкес, жүкті әйелдерде диуретиктерді қолданудан аулақ болу керек. Оларды жүктілік кезінде пайда болатын физиологиялық ісінуді емдеу үшін қолдануға болмайды. Диуретиктер фетоплацентарлы жеткіліксіздікті және шарана дамуының бұзылу қаупін тудыруы мүмкін.
Индапамид емшек сүтімен шығарылады. Осы себепті препаратты емшек емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Индапамид дәрілік препаратын қолдану уақытында, әсіресе емнің басында немесе басқа гипертензияға қарсы дәрілік препаратты қосымша қолдану кезінде артериялық қысымның төмендеуімен байланысты симптомдар пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда көлік құралдарын басқару және механизмдерді жөндеу қабілеті бұзылуы мүмкін.
Дозалау режимі
Ересектер
1 таблеткадан (2.5 мг) күніне бір рет, таңертең.
Индапамид дәрілік препаратының әсері біртіндеп басталады, ең жоғары гипертензияға қарсы әсеріне ем басталғаннан сәттен бастап тек бірнеше ай өткеннен кейін ғана қол жеткізілуі мүмкін.
Индапамид препаратының тәулігіне 2,5 мг асатын дозасын қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл ары қарай қанның артериялық қысымының төмендеуіне алып келмейді, ал препараттың диуретикалық әсері күшеюі мүмкін.
Егер Индапамид препаратын тәулігіне бір рет 1 таблеткадан қолдану артериялық қысымды жеткілікті түрде төмендетпесе, дәрігер басқа гипертензияға қарсы препараттарды тағайындауы мүмкін. Индапамид препаратын β-адреноблокаторларымен, АӨФ тежегіштерімен, метилдопамен, клонидинмен және басқа адренергиялық рецепторлардың блокаторларымен біріктіріп қолдануға болады. Индапамид препаратын гипокалиемия туындатуы мүмкін диуретиктермен қолдану ұсынылмайды.
Индапамид препаратын тоқтатқаннан кейін гипертензия әсері және «рикошет» феномені анықталмаған.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі 30 мл/мин.) препаратты қолдануға болмайды. Тиазидтік диуретиктер және тиазид тәрізді дәрілік препараттар бүйрек функциясы қалыпты немесе егер бүйрек функциясы аздаған дәрежеде бұзылған болса анағұрлым тиімді.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде плазмадағы креатинин мөлшерін бағалағанда жасты, дене салмағын және жынысты ескеру керек. Егер бүйрек функциясы бұзылмаған немесе аз ғана дәрежеде бұзылған болса, егде жастағы пациенттерде Индапамид препаратын қолдануға болады.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясының ауыр бұзылуы жағдайларында дәрілік препаратты қолдануға болмайды.
Балалар мен жасөспірімдер
Қауіпсіздікке және тиімділікке қатысты деректердің жоқтығын ескеріп, препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданбаған жөн.
Енгізу жолы және тәсілі
Ішке қабылдау үшін.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Жедел улану симптомдары су-электролиттік теңгерімнің бұзылуымен (гипонатриемия, гипокалиемия) байланысты туындайды. Жүрек айнуы, құсу, артериялық қысымның төмендеуі, бұлшықет түйілуі, бас айналуы, ұйқышылдық, бағдарсыздық, полиурия, анурияға әкелетін (гиповолемия салдарынан) олигурия байқалуы мүмкін.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір тағайындау, стационар жағдайында су-электролит теңгерімін түзету.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажетті шаралар
Препараттың өткізіп алған дозасын өтеу мақсатында қосарлы дозаны қолдануға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік препаратты қабылдаудан бұрын дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз
10 таблеткадан алюминий фольгадан және поливинилхлорид үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2, 3 немесе 6 пішінді қаптамадан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 369₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
1069₸
700₸
369₸