Қолдану көрсеткіштері
Лефлуномид ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген:
ревматоидты артриттің белсенді түрі «ауру түрлендіретін ревматизмге қарсы препараттар» ретінде (АТАРП),
псориаздық артриттің белсенді түрі.
Гепатоуытты немесе гематоуытты АТАРП (мысалы, метотрексат) алдында немесе бір мезгілде қолданғанда ауыр жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупі артуы мүмкін; сондықтан лефлуномидпен емдеуді бастамас бұрын пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалау қажет.
Сонымен қатар, лефлуномидті емнен «шайып кетіру» емшарасын жүргізусіз басқа АТАРП емдеуге ауысқанда, ауысқаннан кейін ұзақ уақыт өткеннен кейін де ауыр жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупі артуы мүмкін.