Қолдану көрсеткіштері
ересектерде және 6 айдан асқан балаларда кешенді ем құрамында грипп, парагрипп вирусы, аденовирус, респираторлық-синцитиальді вирус, коронавирус туындатқан жедел респираторлық вирусты инфекциялар профилактикасы және емдеу.
ересектерде және 6 айдан асқан балаларда кешенді ем құрамында грипп, парагрипп вирусы, аденовирус, респираторлық-синцитиальді вирус, коронавирус туындатқан жедел респираторлық вирусты инфекциялар профилактикасы және емдеу.
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- 6 айлықтан кіші балалар
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза лопарей тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозалау режимі
Бір қабылдауға – 1 таблетка. Эргоферон препараты 6 айдан асқан балаларда ересектердегі дозалау режимінде қолданылады.
ЖРВИ кешенді емі құрамында
Емдеуді жедел инфекцияның алғашқы белгілері пайда болғаннан-ақ бастау қажет. Емдеудің 1-ші күні келесі сызба бойынша 8 таблетканы қабылдайды: алғашқы 2 сағатта әрбір 30 минут сайын 1 таблеткадан (2 сағат ішінде барлығы 5 таблетка), содан кейін осы күн ішінде тең уақыт аралығында тағы 1 таблеткадан 3 рет қабылдайды. 2-ші тәуліктен бастап және одан әрі 1 таблеткадан күніне 3 рет толық жазылғанша қабылдайды.
ЖРВИ профилактикасы.
Күніне 1-2 таблеткадан. Профилактикалық курстың ұсынылатын ұзақтығы жекелей анықталады және 1 - 6 айды құрауы мүмкін.
Қажет болғанда препаратты басқа да вирусқа қарсы және симптоматикалық дәрілермен үйлестіруге болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке, шамамен тамақтанудан 15 минут бұрын немесе тамақтанғаннан кейін 15 минут өткен соң. Таблетканы жұтпай, толық ерігенше, ауызда ұстау керек.
Препаратты жасы кіші балаларға тағайындағанда (6 айлықтан 6 жасқа дейін) таблетканы қайнаған бөлме температурасындағы судың аз мөлшерінде (1 ас қасық) еріту ұсынылады.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Артық дозаланғанда диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, құсу, диарея) препараттың құрамына кіретін қосалқы заттарға негізделген. Емдеу препаратты тоқтату және симптоматикалық ем, мысалы, пероральді регидратация (көп ішу) тағайындау болып табылады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Препараттың дозасын қабылдауды өткізіп алған жағдайда ол дозаны мүмкіндігінше ертерек қабылдау және препаратты қабылдау курсын басталған схема бойынша жалғастыру қажет. Ұмытылған дозаның орнына дозаны екі еселеуге болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Соруға арналған таблеткалар. 20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 659₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
2499₸
1840₸
659₸