daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Кальций D3 Никомед ОстеоФорте Лимон Хош Иісті Шайнайтын Таблеткалар 1000 Мг / 800 ХБ №60 | Такеда АС, Аскер

Сипаттама:

Дөңгелек екі жақ беті дөңес, қабықсыз, ақ түсті лимонның хош иісі бар таблеткалар. Аздап теңбілденуі болуы мүмкін.

Өндіруші:

Такеда АС, Аскер

Өндіруші ел:

Королевство Норвегия

Белсенді ингредиент:

(1000 мг элементарлы кальцийге баламалы), 8,80 мг колекальциферол концентраты түріндегі* 22,0 мкг колекальциферол (Д3 дәрумені) (800 ХБ), *колекальциферол концентраты құрамында 10 % артығын қоса: 0,0220 мг холекальциферол, 0,0880 мг DL-α-токоферол, 0,264 мг ұзындығы орташа тізбекті триглицеридтер, 6,43 мг модификацияланған жүгері крахмалы, 1,54 мг сахароза, 0,352 мг натрий аскорбаты, 0,106 мг сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы бар.

Қаптамадағы саны:

60 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

кальций мен Д дәрумені тапшылығының профилактикасында және емдеуде;

кальций мен Д дәруменінің тапшылық қаупі бар пациенттерді остеопороздан емдеу кезінде қосымша ретінде кальций мен Д дәруменін қабылдау.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (шумақтық сүзілу жылдамдығы <30 мл/мин /1,73 м2)

гиперкальциемияның және/немесе гиперкальциурияның дамуына себепші болатын аурулар және/немесе жағдайлар

бүйректас ауруы (нефролитиаз)

Д дәруменінің гипервитаминозы

18 жасқа дейінгі балалар.

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Кальций-Д3 Никомед ОстеоФорте препаратын қабылдамас бұрын дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз

Егер Сіз ұзақ емделіп жатсаңыз, әсіресе егер сіз диуретиктерді (қан қысымын және сұйықтықтың іркілісін емдеуге арналған дәрі-дәрмектер) немесе жүрек гликозидтерін (жүрек ауруларын емдеуге арналған оймақгүл препараттары) қабылдап жүрсеңіз;

Егер Сізде бүйрек функциясының бұзылу белгілері болса немесе тастардың пайда болуына жоғары бейімділік болса;

Егер Сізде саркоидоз болса (организмдегі Д дәруменінің деңгейін жоғарылататын иммундық жүйенің ауруы);

Егер Сізде остеопороз болса және сол уақытта қозғала алмасаңыз;

Егер Сіз Д дәрумені бар басқа дәрілерді қабылдап жүрсеңіз. Кальций мен Д дәруменінің қосымша дозаларын дәрігер мұқият бақылауы керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Тиазидті диуретиктер несеппен кальцийдің шығарылуын бөгеуі мүмкін. Қандағы кальций мөлшерінің арту қаупінің жоғарылауына байланысты Кальций-Д3 Никомед ОстеоФорте мен тиазидті диуретиктерді бір мезгілде қабылдағанда, сарысудағы кальций деңгейін ұдайы бақылау қажет.

Қандағы кальций мөлшері жоғарылаған жүрек гликозидтері олардың уытты әсерін арттыруы мүмкін. Кальций-Д3 Никомед ОстеоФорте мен жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдағанда қан сарысуындағы кальций деңгейін және электрокардиография (ЭКГ) көрсеткіштерін бақылау қажет.

Кальций карбонаты тетрациклин қатарындағы антибиотиктердің сіңуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан тетрациклиндерді Кальций-Д3 Никомед ОстеоФорте қабылдағаннан кейін кемінде екі сағат бұрын немесе төрт-алты сағаттан соң қабылдау керек.

Хинолонды антибиотиктердің әсері кальциймен бір мезгілде қабылдағанда төмендеуі мүмкін. Хинолонды антибиотиктерді Кальций-Д3 Никомед ОстеоФорте қабылдаудан екі сағат бұрын немесе алты сағаттан кейін қабылдау керек.

Құрамында бисфосфонаттар бар препараттарды (остеопорозға қарсы дәрілік заттар) Кальций-Д3 Никомед ОстеоФорте қабылдаудан кемінде бір сағат бұрын қабылдау қажет.

Левотироксиннің тиімділігі левотироксин сіңуінің төмендеуіне байланысты кальцийді бір мезгілде қолданғанда төмендеуі мүмкін. Кальций-Д3 Никомед ОстеоФорте мен левотироксинді қабылдау арасында кемінде төрт сағат өтуі тиіс.

Кальций тұздары темір, мырыш және стронций ранелатының сіңуін төмендетуі мүмкін. Сондықтан темір, мырыш немесе стронций ранелаты препараттарын кальций-Д3 Никомед Остеофортын қабылдағанға дейін немесе одан кейін кемінде екі сағат бұрын қабылдау керек.

Кальций натрий фторидінің сіңуін төмендетуі мүмкін. Сондықтан натрий фторидін кальций препараттарын қабылдаудан кемінде үш сағат бұрын қабылдау керек.

Орлистатпен емдеу майда еритін дәрумендердің (мысалы, Д3 дәрумені) сіңуін бұзуы мүмкін.

Фенитоинді немесе барбитураттарды бір мезгілде қолдану Д дәруменінің әсерін төмендетуі мүмкін, өйткені метаболизм артады.

Жүйелі кортикостероидтар кальцийдің сіңуін төмендетеді. Бір мезгілде қолданған кезде Кальций-Д3 Никомед ОстеоФорте препаратының дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.

Колестирамин сияқты ион алмасу шайырларын немесе вазелин майы сияқты іш жүргізетін дәрілерді бір мезгілде қолдану асқазан-ішек жолында Д дәруменінің сіңуін төмендетуі мүмкін.

Қымыздық қышқылы (шпинат пен ревеньде кездеседі) және фитин қышқылы (тұтас дәндерде кездеседі) кальций иондарымен ерімейтін қосылыстардың пайда болуына байланысты кальцийдің сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін. Пациент құрамында қымыздық немесе фитин қышқылы көп тағамдарды тұтынғанға дейін немесе одан кейін екі сағат бойы кальций препараттарын қабылдамауы керек.

Арнайы ескертулер

Ұзақ емдегенде қан сарысуындағы кальций деңгейін бақылау және қан сарысуындағы креатинин деңгейін өлшеу арқылы бүйрек функциясын бақылау керек. Бақылау әсіресе егде жастағы пациенттерде жүрек гликозидтерімен және диуретиктермен қатар емдегенде және тастардың түзілуіне бейімділігі жоғары пациенттерде өте маңызды. Гиперкальциемия немесе бүйрек функциясының бұзылу белгілері жағдайларында дозаны азайту немесе емдеуді тоқтату керек.

Гиперкальциемиясы немесе бүйрек функциясының бұзылу белгілері бар пациенттерге холекальциферолы бар кальций карбонатын сақтықпен тағайындау керек, қандағы және несептегі кальций мен фосфаттар деңгейін бақылау қажет. Жұмсақ тіндерді ізбестену қаупін ескеру қажет.

Д дәруменінің басқа көздерін және/немесе құрамында кальций бар дәрілік препараттарды немесе қоректік заттарды бір мезгілде қабылдағанда гиперкальциемия және кейіннен бүйрек функциясының бұзылуымен сүтті-сілтілік синдром қаупі бар. Мұндай пациенттерде кальцийдің сарысулық деңгейі және бүйрек функциясы бақылануы тиіс.

Колекальциферол түріндегі Д дәрумені әдетте ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде метаболизденбейді, сондықтан Д дәруменінің басқа түрлерін қолдану керек.

Кальций-Д3 Никомед Д ОстеоФорте дәруменінің белсенді түрге айналу қаупіне байланысты саркоидозбен ауыратын пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Мұндай пациенттерде қан сарысуындағы және несептегі кальций деңгейі бақылануы тиіс.

Кальций-Д3 Никомед ОстеоФорте гиперкальциемияның даму қаупіне байланысты остеопорозы бар иммобилизацияланған пациенттерге сақтықпен тағайындалуы тиіс.

Кальций-Д3 Никомед ОстеоФорте құрамында сахароза бар, ол тіске зиянды болуы мүмкін. Таблеткалардың құрамында изомальт (E953) бар. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза сіңімділігі немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі аурулары бар пациенттерге бұл препаратты қолдануға болмайды.

Кальций-Д3 Никомед ОстеоФорте бір таблеткасында 23 мг-ден аз натрий бар, яғни құрамында натрий жоқ дерлік.

Бауыр жеткіліксіздігінде дозаны түзету қажет емес.

Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану

Жүктілік

Кальций-Д3 Никомед Фортені жүктілік кезінде кальций мен Д дәрумені жетіспеген жағдайда әйелдер қолдана алады. Жүктілік кезінде тәуліктік дозада кальций 2500 мг-нан және Д дәрумені 4000 ХБ-ден аспауы тиіс. Бірақ жүкті әйелдерде кальций мен Д дәруменінің артық дозалануын болдырмау керек, өйткені тұрақты гиперкальциемия дамып келе жатқан шаранаға теріс әсер етеді.

Д дәрумені емдік дозаларда тератогендік әсерге ие емес.

Бала емізу

Кальций-Д3 Никомед ОстеоФорте емізу кезінде қолданылуы мүмкін. Кальций мен Д3 дәрумені емшек сүтіне енеді. Мұны балаға Д дәрумені қосымша тағайындалған жағдайда ескеру керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кальций-Д3 Никомед ОстеоФорте көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

30 немесе 60 таблеткадан бұрандалы қақпағы бар жоғары тығыздықтағы полиэтилен құтыға салынған. 1 құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, тығыздалып жабылған құтыда, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

30 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, тығыздалып жабылған құтыда, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыкальций D3 Никомед ОстеоФорте лимон хош иісті шайнайтын таблеткалар 1000 мг / 800 ХБ №60 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube