Қолдану көрсеткіштері
- операциядан кейінгі кезеңде қарқындылығы орташа және күшті жедел ауруды қысқа мерзімдік басу үшін
Емдеу ауруханада ғана басталуы мүмкін. Ең көп емдеу ұзақтығы 2 күн.
- операциядан кейінгі кезеңде қарқындылығы орташа және күшті жедел ауруды қысқа мерзімдік басу үшін
Емдеу ауруханада ғана басталуы мүмкін. Ең көп емдеу ұзақтығы 2 күн.
- Кеторолакқа немесе оның қосымша заттарына немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға бұрын аса жоғары сезімталдығы байқалған пациенттерге, сондай-ақ аспириннің немесе басқа простагландин тежегіштерінің синтезі аллергиялық реакцияны туындататын пациенттерге. Мұндай реакцияларға демікпе, риниттер, Квинке ісінуі және аллергиялық бөртпе қамтылады
- анамнездегі демікпе
- 16 жасқа дейінгі балаларға
- асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануларының өршу фазасы, асқазан-ішектік қан кетулер, соның ішінде анамнезінде
- қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды қабылдаған кездегі сияқты, Кеторолакты жүрек, бауыр және бүйрек функцияларының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды (айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз)
- бүйрек функциясының орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар (сарысулық креатинині >160 мкмоль/л) пациенттерге немесе көлемдік дегидратацияға немесе гипогидратацияға сай бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің қаупі бар топтағы пациенттерге
- жүкті әйелдер, босандыру кезі және лактация кезеңі
- операция алдында профилактикалық анальгетик ретінде, өйткені қан кетулердің пайда болу қаупіне байланысты операция кезінде тромбоциттердің агрегациясын тежейді
- кеторолак тромбогенезді тежейді, сондықтан цереброваскулярлық қан кетуге күдіктенген немесе ол айғақталған пациенттерге қолдануға болмайды. Анамнезінде қан жоғалту қаупі жоғары болған операция жасалған немесе гемостаз жеткіліксіз пациенттерге және қан кету қаупі жоғары пациенттерге, сондай-ақ коагуляцияның бұзылуларын қоса, геморрагиялық диатезі бар пациенттерге
- аз дозалардағы (12 сағат ішінде 2500-5000 бірлік) варфарин мен гепаринді қоса, антикоагулянттар қабылдап жүрген пациенттерге
- ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды (іріктеп әсер ететін циклооксигеназа-2 тежегіштерін қоса) уақытша қабылдап жүрген пациенттерге
- инъекцияға арналған кеторолак ерітіндісін құрамында спирт бар болғандықтан, нейроаксильді (эпидуральді немесе интратекальді түрде) қолдануға болмайды
- кеторолакты окспентифилинмен біріктіру
- кеторолакпен және пробеницидпен немесе литий тұздарымен бір мезгілде емдеу
- мұрын полиптерінің толық немесе ішінара синдромы, Квинке ісінуі немесе бронхтың түйілуі бар пациенттерге.
Кеторолак адамның плазма ақуыздарымен күшті байланысу дәрежесін көрсетеді (орта есеппен 99,2%), бұл ретте байланысуы концентрацияға тәуелді емес.
Мына дәрілік заттарды бірге қолдану ұсынылмайды:
Кеторолакты циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, ASA = АСК (ацетилсалицил қышқылы, аспирин) негізіндегі басқа препараттармен немесе басқа ҚҚСД (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен) пайдалануға болмайды, себебі мұндай жағдайда ҚҚСД әсерімен байланысты күрделі жағымсыз реакциялардың индукциялау қаупі жоғары болуы мүмкін.
Кеторолак тромбоциттер агрегациясын тежейді, тромбоксан концентрациясын төмендетеді және қан кету ұзақтығын арттырады. Аспириннің ұзаққа созылған әсеріне қарағанда тромбоциттер функциясы кеторолакты қолдануды тоқтатқаннан кейін 24-48 сағат ішінде қалыпты жағдайға қайта келеді.
Кеторалакты варфарин сияқты антикоагулянттармен біріктіріп қолдануға болмайды, өйткені ҚҚСД мен антикоагулянттарды бірге қолдану коагуляцияға қарсы әсердің күшеюін туындатуы мүмкін.
Зерттеулер кеторолак пен варфариннің немесе гепаринмен өзара әрекеттесуінің елеулі дәрежесін көрсетпесе де, кеторолак пен гемостазға әсер ететін емдік препараттарды, соның ішінде антикоагулянттардың (варфариннің) емдік дозаларын, гепариннің және декстрандардың профилактикалық төмен дозаларын (12 сағат сайын 2500-5000 бірлік) бір мезгілде пайдаланумен қан кетудің жоғары қаупі байланысты болуы мүмкін.
Қолда бар мәліметтер бойынша простагландиндер синтезін тежейтін кейбір дәрілік заттарды пайдаланғанда плазмада литий концентрациясының артуына әкелетін литийдің бүйректік клиренсінің тежелуі байқалады. Кеторолактың көмегімен емдеу барысында плазмада литийдің жоғары концентрациясының жағдайлары тіркелген.
Қан плазмасында кеторолак концентрациясының және оның жартылай ыдырау кезеңінің артуы салдарынан пробенецидті кеторолакпен бір мезгілде қолдануға болмайды.
ҚҚСД мифепристонды қолданғаннан кейін сегіз-он екі күн ішінде пайдалануға болмайды, себебі ҚҚСД мифепристон әсерін бәсеңдетуі мүмкін.
Кеторолакты окспентифиллинмен бір мезгілде қолданғанда қан кетуге жоғары бейімділік туындайды.
Кеторолакпен бірге қолдануларды сақтықпен қолданған жөн:
Барлық ҚҚСД сияқты, препаратты кортикостероидтармен бірге қолданғанда, асқазан-ішек жолында ойық жаралардың немесе қан кетулердің даму қаупінің жоғары болуына байланысты, сақтық танытқан жөн. Антитромбоциттік агенттер және серотонинді кері қармап қалатын селективтік тежегіштер (SSRI=СКҚСТ) ҚҚСД-мен бірігетін жағдайларда асқазан-ішек қан кетулерінің дамуының жоғары қаупі болады.
Әдеби деректер бойынша простагландиндер синтезін тежейтін кейбір дәрілік заттар метотрексат клиренсін төмендетеді және осылайша оның уыттылығын арттыруы мүмкін.
Кеторолак трометамині дигоксиннің ақуыздармен байлануына әсер етпейді. In vitro зерттеулер салицилаттың емдік концентрацияларында (300 мкг/мл) кеторолактың байланысуы шамамен 99,2%-дан 97,5%-ға төмендегенін көрсетті, бұл қан плазмасында байланыспаған кеторолактың есептік екі есе ұлғаюын білдіреді. Дигоксиннің, варфариннің, ибупрофеннің, напроксеннің, пироксикамның, ацетаминофеннің (парацетамол), фенитоиннің және толбутамидтің емдік концентрациялары кеторолактың ақуыздармен байланысуына әсер етпейді.
Несеп айдайтын дәрілермен бірге қолдану диурездік әсердің төмендеуіне және ҚҚСД нефроуыттылық даму қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Барлық ҚҚСД сияқты препаратты нефроуыттылық дамуы қаупінің жоғарылауы салдарынан циклоспоринді қатар пайдаланғанда сақтықпен қолдану керек.
ҚҚСД такролимуспен бірге қолданған жағдайда нефроуыттылықтың дамуының ықтимал қаупі де бар.
ҚҚСД диуретиктер мен гипертензияға қарсы дәрілік заттардың әсерін төмендетуі мүмкін. ACE = АӨФ (ангиотензин-өзгертуші фермент) тежегіштерін және/немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистерін ҚҚСД-мен біріктіріп қолданғанда әдеттегідей қайтымды болатын бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде (мысалы, сусызданған пациенттерде немесе егде жастағы пациенттерде) жоғарылауы мүмкін.
Демек, дәрілік заттардың біріктірілуі, әсіресе, егде жастағы адамдарда сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс. Пациенттерге тиісінше (мүмкіндігінше нақты) доза есептелінуі тиіс, бұл ретте қатар жүретін емнің басында және кейінгі кезеңде мезгіл мезгіл бүйрек функциясына мониторинг жүргізуге назар аудару керек.
ҚҚСД жүрек гликозидтерімен бірге қолданғанда жүрек жеткіліксіздігін ушықтыруы, GFR = ШСЖ (шумақтық сүзіліс жылдамдығы) төмендетуі және плазмада жүрек гликозидтері деңгейін арттыруы мүмкін.
Кеторолак операциядан кейінгі ауыруды жеңілдету үшін қолданылғанда қатар жүретін апиындық анальгезияға қажеттілікті төмендетіні көрсетілген.
Жануарларға жүргізілген деректер ҚҚСД хинолонды қатардағы антибиотиктерді қолданумен байланысты құрысулардың даму қаупін арттыруы мүмкіндігін көрсетті. Бір мезгілде ҚҚСД және хинолондар қабылдайтын пациенттерде құрысулар даму қаупінің жоғарылауын туындауы мүмкін.
ҚҚСД зидовудинмен бірге қолдану гематологиялық уыттылық қаупін арттырады. Зидовудинмен және ибупрофенмен бір мезгілде ем қабылдап жүрген HIV (+) = АИТВ-оң гемофиликтерде гемартроз (буындардың қуыстарында қанның жиналуы) және гематомалар қаупінің ұлғайғанын айғақтайтын деректер бар.
Дозалау режимі
Кеторол® бұлшықет ішіне немесе вена ішіне сорғалатып енгізіледі. Вена ішіне сорғалата отырып қолданылатын дозалар кем дегенде 15 секунд бойы енгізілуі тиіс. Кеторол® эпидуральді немесе спинальді енгізу үшін қолданылмайды.
Ауыруды басатын әсерінің басталу уақыты вена ішіне де, сонымен қатар бұлшықет ішіне де жасалатын инъекцияларға ұқсас және шамамен 30 минутты құрайды, ауырудың басылуының ең ұзаққа созылуы бір сағаттан бастап екі сағатқа дейін. Аурудың басылуының орташа әсері төрттен алты сағатқа дейін созылады.
Доза аурудың ауырлық дәрежесіне және пациенттің реакциясына сәйкес реттеледі.
Кеторолактың бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізілетін ұзаққа созылатын көп реттік тәуліктік дозаларын қолдану екі күннен аспауы тиіс, өйткені препаратты ұзағырақ қолдану жағымсыз әсерлердің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Препаратты ұзағырақ кезеңге қолдану жөніндегі ақпарат шектеулі, өйткені пациенттердің көбісі пероральді медициналық препараттарға ауыстырылды немесе ауыруды басатын емдеуді керек еткен жоқ.
Жағымсыз реакциялардың даму ықтималдылығының симптомдары бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт ішінде тиімді ең төмен дозаларды тағайындағанда азаюы мүмкін.
Ересек пациенттерде қолдану
Кеторол® ұсынылатын бастапқы дозасы 10 мг құрайды, одан кейін пациенттің қажет етуіне байланысты төрт-алты сағат сайын 10-нан 30 мг-ге дейін қолданылады. Операциядан кейінгі ерте кезеңде Кеторол® қажет болғанда 2 сағат сайын енгізіледі. Тиімді ең аз дозаны енгізген жөн. Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік доза 90 мг аспауы тиіс. 60 мг доза егде жастағы пациенттерге; және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге, сондай-ақ дене 50 кг дейін болатын пациенттерге тағайындалады. Емдеудің ең жоғары ұзақтығы екі күннен аспауы тиіс.
Дене салмағы 50 кг аз пациенттерде дозаны төмендеткен жөн.
Апиындық анальгетиктер (мысалы, морфин, петидин) бір мезгілде қолданылуы мүмкін және ауыру өте күшті болған кезде операциядан кейінгі кезеңде ауыруды басатын әсерге тиімді түрде қол жеткізу үшін қажет болуы мүмкін. Кеторолак апиынды рецепторлармен байланыспайды және тыныстың апиындарға байланысты тарылуын және седативтік әсерді күшейтпейді. Кеторолмен бұлшықет ішіне немесе вена ішіне бір мезгілде қолданғанда апиынның тәуліктік дозасы қалыпты қажеттіліктен әдетте аз болады. Дегенмен, апиынның жағымсыз әсерлері, әсіресе бір күндік хирургияда ескерілуі тиіс.
Егде жастағы пациенттерге қолдану
Егде жастағы адамдар жағымсыз әсерлердің пайда болуының жоғары қаупіне бейім.
Бүйрек функциясының бұзылуында қолдану
Бүйрек функциясының орташа және ауыр жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды; бүйрек функциясының жеңіл жеткіліксіздігінде доза азайтылуы тиіс (вена ішіне немесе бұлшықет ішіне тәулігіне 60 мг аспауы тиіс).
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары: кеторолактың бір реттік артық дозалануы іш ауыруы, жүрек айну, құсу, тыныс алудың жиілеуі, асқазан ойық жарасы және/немесе эрозиялық гастрит және бүйрек функциясының бұзылуымен байланысуы әрқалай, олар доза қабылдауды тоқтатқаннан кейін қалпына оралды.
Асқазан-ішектен қан кетуі мүмкін. Гипертония, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі және кома ҚҚСД қабылдағаннан кейін туындауы мүмкін, бірақ сирек кездеседі.
Сондай-ақ, бас ауруы, эпигастрийдегі ауырсыну, бағдардың бұзылуы, қозу, ұйқышылдық, бас айналу, құлақтың шуылдауы және естен тану байқалды.
Диарея мен эпизодтық конвульсиялардың сирек жағдайлары тіркелді.
Артық дозаланғаннан кейін орын алуы мүмкін ҚҚСД терапиялық қабылдау кезінде анафилактоидты реакциялар туралы хабарланды.
Емі: ҚҚСД артық дозаланғаннан кейін пациенттер симптоматикалық және демеуші ем қабылдауы тиіс. Ешқандай спецификалық антидоттары жоқ. Диализ кеторолактың қан ағымынан едәуір шығарылуына әкелмейді.
Препараттың әлеуетті уытты мөлшерін қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде белсендірілген көмірді қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Альтернатива ретінде, ересектерде препараттың өмірге қауіп төндіретін артық дозасын қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде асқазанды шаю мүмкіндігін қарастырған жөн.
Несептің жақсы шығарылуын қамтамасыз ету қажет. Бүйрек пен бауыр функциялары мұқият бақылануы тиіс. Әлеуетті уытты заттарды қабылдағаннан кейін пациенттер кемінде төрт сағат бақылауда болуы тиіс. Жиі немесе ұзақ конвульсияларды диазепамды вена ішіне енгізу арқылы емдеу керек. Пациенттің клиникалық жағдайына байланысты басқа шаралар көрсетілуі мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгіну қажет.
1 мл препараттан қызыл нүктесі және қызыл түсті сақинасы бар, күңгірт янтарь түсті шыныдан жасалған ампулаларға құйылады. Ампулаға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылған.
10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан картон қорапта.
Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 372₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
1572₸
1200₸
372₸