Қолдану көрсеткіштері
Клобетазол – жергілікті қолдануға арналған әсері күшті кортикостероид, төмендегілер сияқты әлсіздеу кортикостероидтар әсер етпейтін дерматоздың едәуір резистентті түрлерін ересектерде, егде жастағы пациенттерде және 1 жастан асқан балаларда қысқа мерзімді емдеу үшін қолданылады:
- псориаз (таралған түйіндік псориазды қоспағанда)
- дерматоздың рефрактерлі түрлері (емделуі қиын)
- қызыл жалпақ теміреткі
- дискоидты қызыл жегі
- белсенділігі аз глюкокортикоидтармен емге резистентті басқа да тері аурулары