Қолдану көрсеткіштері
жедел бактериялық синуситте (диагнозы айғақталғанда)
жедел ортаңғы отитте
созылмалы бронхит өршігенде (диагнозы айғақталғанда)
ауруханадан тыс пневмонияда
циститте
пиелонефритте
тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында, атап айтқанда, терінің төменгі қабаттарының инфекцияларында, жануарлар тістеп алғанда, жергілікті таралған инфекциясы бар ауыр тіс абсцессінде
сүйектер мен буындардың инфекцияларында, атап айтқанда остеомиелитте
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды назарға алған жөн.