Қолдану көрсеткіштері
жарақат үдерісінің алғашқы фазасында әртүрлі локализациядағы (соның ішінде аралас микрофлорамен зақымданған) жұқтырған жаралар (кесулер мен тері сыдырылған жараларды қоса)
жарақат үдерісінің алғашқы фазасында әртүрлі локализациядағы (соның ішінде аралас микрофлорамен зақымданған) жұқтырған жаралар (кесулер мен тері сыдырылған жараларды қоса)
препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
2 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі немесе үйлесімсіздік жағдайлары
анықталмаған.
Арнайы ескертулер
Балаларға қолдану
Жаңа туған нәрестелерде хлорамфеникол биотрансформациясы ересектердегіден баяуырақ жүреді. Препаратты, бақыланған клиникалық зерттеулердің болмауына байланысты, 2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолдану
Хлорамфениколдың эксперименталды зерттеулерінде шаранаға қауіпі (эмбриоуытты әсері) анықталды. Жүкті әйелдерде бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. Осыған байланысты, Левомеколь® препаратын жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.
Хлорамфеникол емшек сүтімен бөлініп шығады. Лактация кезеңінде не препаратты қолдануды, не бала емізуді тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Дозалау режимі
Левомеколь® жергілікті қолдануға арналған.
Жара іріңді-некрозды массадан толық тазарғанға дейін күнделікті күніне бір рет таңылады.
Жара беткейлері ауқымды болғанда жақпамайдың тәуліктік дозасы хлорамфениколға шаққанда 3 г-ден аспауы тиіс.
Енгізу жолы және тәсілі
Жақпамайды стерильді дәке сүрткілерге сіңдіріп, жараны стандартты хирургиялық өңдеуден (некроздалған тіндерді механикалық жолмен алып тастау, сутегінің асқын тотығы ерітіндісімен жуып-шаю) кейін оны қопсытып толтырады.
Препаратты шприц көмегімен катетер (дренажды түтік) арқылы іріңді қуыстарға енгізуге болады. Ондай жағдайда жақпамайды 35-36 °С дейін алдын ала жылытады.
Емдеу ұзақтығы
Емнің ұзақтығы аурудың ауырлығы мен ағымына байланысты, дәрігермен тағайындалады.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар
Левомеколь препаратымен артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу бойынша ұсынымдар
Егер Сізде осы препаратты қабылдау бойынша қосымша мәселелер туындаса, дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.
40 г препараттан алюминий немесе полиэтилен ламинатты сықпаларға салынады.
Әр сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3.5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 104₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
729₸
625₸
104₸