Қолдану көрсеткіштері
Маалокс ересектер мен 18 жастан асқан жасөспірімдерде қолдануға арналған:
асқазан қышқылының эпизодтық артуын мен қыжылды симптоматикалық емдеу

Маалокс ересектер мен 18 жастан асқан жасөспірімдерде қолдануға арналған:
асқазан қышқылының эпизодтық артуын мен қыжылды симптоматикалық емдеу
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- порфириясы бар пациенттер
- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі
- қатты жүдеу (кахексия)
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Алюминий гидроксиді іш қатуды тудыруы мүмкін, ал магний тұздарының артық дозалануы ішек гипокинезиясын тудыруы мүмкін. Осы дәрілік препараттың жоғары дозалары қауіп тобындағы пациенттерде: бүйрек функциясының бұзылуы, алғашқы іш қату, ішек моторикасы бұзылуы бар сәбилерде (0-ден 24 айға дейін) және егде жастағы адамдарда, ішектің бітелуі және мықын ішектің бітелуін тудыруы немесе өршітуі мүмкін.
Алюминий гидроксиді асқазан-ішек жолында нашар сіңіріледі, сол себепті бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде жүйелі әсерлері сирек байқалады. Алайда препаратты шамадан тыс дозаларда немесе ұзақ қолдану немесе әдеттегі дозаларда қолдану рационда фосфор мөлшері төмен пациенттер немесе сәбилер (0-ден 24 айға дейін) организмінде фосфат деңгейінің төмендеуіне (алюминийдің фосфатпен байланысуы салдарынан) әкелуі, бұл сүйек тіні резорбциясының жоғарылауына және остеомаляция даму қаупімен гиперкальциурияға әкелуі мүмкін. Препаратты ұзақ қолданған немесе оны гипофосфатемия туындау қаупі аясындағы пациенттер қолданған жағдайда қосымша медициналық ұсынымдар берілуі тиіс.
Қан плазмасындағы алюминий және магний деңгейінің бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, сәйкесінше гипералюминиемия және гипермагниемия туындата отырып, ұлғаюына бейімділік бар. Бұл пациенттермен алюминий және магний тұздарының жоғары дозаларын ұзақ тұтыну энцефалопатияға, деменцияға, микроцитарлық анемия немесе диализ туындатқан остеомаляция ушығуына әкелуі мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр және орташа түрлерінде препаратты қатаң медициналық бақылаумен қабылдаған жөн. Мұндай пациенттер жағдайында аталған дәрілік затты ұзақ қолданбаған дұрыс.
Алюминий гидроксидін қолдану порфириясы бар гемодиализ жүргізілетін пациенттерге қауіпті болуы мүмкін.
Маалокс, қантсыз шайнайтын таблеткалар, құрамында:
- бір таблеткаға шамамен 110 мг сорбитол және 632.62 мг мальтит. Фруктоза жақпаушылығымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс.
- 1 дозаға 1 ммоль аз натрий (23 мг) бар, «натрийсіз» деп аталатын препарат
- Бір таблеткада 0.000068 мг бензил спирті («Лимон» хош иістендіргіші құрамында). Бензил спирті аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.
- Жүктілік және бала емізу кезінде, сондай-ақ бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде жинақтау және уыттылық (метаболизмдік ацидоз) қаупіне байланысты жоғары дозаларды сақтықпен және өте қажет болған жағдайда ғана қолдану керек.
Балаларда қолдану
Магний гидроксидін жас балаларда, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі немесе сусыздануы бар балаларда қолдану гипермагниемияға әкелуі мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Алюминий және магний тұздары асқазан-ішек жолында тетрациклиннің сіңірілуін төмендететін болғандықтан, тетрациклинмен пероральді ем кезінде Маалокс® препаратын қабылдамаған дұрыс.
Құрамында алюминий бар антацидтік дәрілерді бір мезгілде қолданған кезде, H2-блокаторлары, атенолол, цефдинир, цефподоксим, хлорохин, тетрациклиндер, дифлунизал, дигоксин, бисфосфонаттар, этамбутол, фторхинолондар, натрий фториді, глюкокортикоидтар, индометацин, изониазид, кетоконазол, левотироксин, линкозамидтер, метопролол, фенотиазидті нейролептиктер, пеницилламин, пропранолол, розувастатин және темір тұздары сияқты дәрілік препараттардың сіңірілуін төмендетуі мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін Маалокс®, қантсыз шайнайтын таблеткаларын қабылдау алдында кемінде 2 сағат (фторхинолондар үшін 4 сағат) аралықты сақтау қажет
Ескеру қажет біріктірілімдер
Калиймен байланысқанда шайыр тиімділігінің төмендеуі, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде метаболизмдік алкалоздың туындауы (алюминий гидроксиді және магний гидроксидіне байланысты), сондай-ақ ішектің бітелуі пайда болуының (алюминий гидроксидіне байланысты) потенциалды қаупі салдарынан Маалокс® препаратын полистиролсульфонатымен (кайексалатпен) бірге қабылдағанда сақ болу қажет.
Алюминий гидроксиді және цитраттар бірге қолданғанда, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде гипералюминиемияны туындатуы мүмкін.
Хинидинмен бірге қолдану қан сарысуында хинидин деңгейін арттыруы және хинидиннің артық дозалануына әкелуі мүмкін. Алюминий гидроксиді және цитраттар бірге қолданғанда, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде алюминиемия деңгейінің артуына әкелуі мүмкін.
Магний гидроксидін қолдану салдарынан несептің сілтіленуі кейбір дәрілердің шығарылуына әсер етуі мүмкін; салицилаттардың көп шығарылуы байқалды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде Маалокс®, қантсыз шайнайтын таблеткалар препаратын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Жүктілік кезінде препаратты тек қажет болған жағдайда ғана мұқият медициналық бақылаумен қолдануға болады. Жүкті әйелдерге препаратты тағайындау туралы мәселе, егер ана үшін емдеудің потенциалды пайдасы шаранаға немесе сәбиге төнетін қауіптен асып түскен жағдайда ғана қарастырылуы мүмкін.
Бала емізу
Препарат ана ағзасына шектеулі сіңірілуіне байланысты, ұсынылған дозалау режиміне сәйкес қабылдаған жағдайда, алюминий гидроксиді және оның магний тұздарымен біріктірілімдері бала емізу уақытында қабылдаған кезде қолайлы болып саналады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Маалокс®, қантсыз шайнайтын таблеткалар препараты көлік құралдарын және қиын механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

10 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада
4 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.