Қолдану көрсеткіштері
Симптоматикалық ем:
- диспепсия
- қыжыл
- асқазанда қышқылдықтың жоғарылауы
- метеоризм (іштің кебуі, ішекте газ түзілудің жоғарлауы)
Симптоматикалық ем:
- диспепсия
- қыжыл
- асқазанда қышқылдықтың жоғарылауы
- метеоризм (іштің кебуі, ішекте газ түзілудің жоғарлауы)
- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- порфириясы бар пациенттер
- бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрлері (креатинин клиренсінің жылдамдығы 30 мл/мин аз)
- қатты жүдеу
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Алюминий гидроксиді іш қатуды, ал магний тұздарымен артық дозалануы ішек гипокинезиясын туындатуы мүмкін; бұл дәрілік препараттың жоғары дозалары бүйрек функциясының бұзылуы, алғашқы іш қату, ішек моторикасы бұзылуы сияқты жоғары қаупі бар пациенттерде, 0-24 айлық балаларда немесе егде жастағы адамдарда ішек бітелуін және мықын ішектің бітелуін туындатуы немесе өршітуі мүмкін.
Алюминий гидроксиді асқазан-ішек жолында нашар сіңіріледі; сондықтан жүйелі әсері бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде сирек байқалады. Алайда препаратты шамадан тыс дозаларда немесе ұзақ қолдану немесе препараттың әдеттегі дозасының өзі де рационында фосфор мөлшері төмен пациенттерде немесе 0-24 айлық балалар организмінде фосфат деңгейінің төмендеуіне әкелуі (алюминийдің фосфатпен байланысуы салдарынан), бұл сүйек тіні резорбциясының жоғарылауына және остеомаляция даму қаупімен гиперкальциурияға әкелуі мүмкін. Препаратты ұзақ қолданған немесе оны гипофосфатемия туындау қаупі аясындағы пациенттер қолданған жағдайда қосымша медициналық ұсынымдар берілуі тиіс.
Қан плазмасындағы алюминий және магний деңгейінің бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, сәйкесінше гипералюминиемия және гипермагниемия туындата отырып, ұлғаюына бейімділік бар. Бұл пациенттердің алюминий және магний тұздарының жоғары дозаларын ұзақ тұтыну энцефалопатияға, деменцияға, микроцитарлық анемия немесе диализ туындатқан остеомаляция ушығуына әкелуі мүмкін.
Алюминий гидроксидін қолдану порфириясы бар гемодиализ жүргізілетін пациенттерге қауіпті болуы мүмкін. Бұл пациенттерге препаратты ұзақ қолданудан аулақ болу ұсынылады.
Орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер препаратты медициналық бақылаумен қабылдауы керек, мұндай пациенттерге препаратты ұзақ қолданудан аулақ болу ұсынылады.
Маалокс® Плюс компоненттері ішектің қозғалысын өзгертпейді. Алайда кейбір ерекше сезімтал адамдарда және жоғары дозалар кезінде ішек арқылы ішіндегісі өтуінің жылдамдауы байқалуы мүмкін.
Қолдану кезіндегі сақтық шаралары
Маалокс® Плюс шайнайтын таблеткалар құрамында:
- бір таблеткаға шамамен 15 мг сорбитол. Құрамында сорбит (немесе фруктоза) бар дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдаудың және диетамен күнделікті сорбит (немесе фруктоза) қабылдаудың аддитивті әсерін ескеру керек. Пероральді дәрілік заттардағы сорбиттың мөлшері бір мезгілде тағайындалатын басқа пероральді дәрілік заттардың биожетімділігін өзгертуі мүмкін.
- бір таблеткаға шамамен 500 мг глюкоза: қант диабетімен ауыратын науқастарда, егер күніне 10-нан астам таблетка қабылданса, ескеру керек; сирек кездесетін глюкоза-галактоза сіңіру бұзылыстары бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы керек.
- сахароза; сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы проблемалары, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды.
- бір таблеткаға 1 ммольден аз натрий (23 мг), яғни іс жүзінде «натрийсіз».
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Алюминий және магний тұздары асқазан-ішек жолында тетрациклиннің сіңуін төмендететіндіктен, тетрациклинмен пероральді ем кезінде Маалокс® Плюс препаратын қабылдаудан аулақ болу керек.
Құрамында алюминий бар антацидтік дәрілерді қолдану дәрілік заттардың, атап айтқанда Н2-антагонистер, атенолол, бисфосфонаттар, цефдинир, цефподоксим, хлорохин, тетрациклиндер, дазатиниб моногидраты, дифлунизал, дигоксин, дексаметазон, элтромбопаголамин, элвитегравир, этамбутол, фторхинолондар, глюкокортикоидтар, индометацин, темір тұздары, изониазид, кетоконазол, левотироксин, линкозамидтер, метопролол, нилотиниб, фенотиазидті нейролептиктер, пеницилламин, пропранолол, калий ралтегравирі, рилпивирин, риоцигуат, розувастатин, натрий фториді және вирусқа қарсы препараттар тенофовир алафентриамиді алафенамиді фумараты/эмтрицитабинмен/натрий биктегравирімен үйлесімде сіңуін төмендетуі мүмкін.
• Калиймен байланысқанда шайыр тиімділігінің төмендеуі, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде метаболизмдік алкалоздың туындауы, сондай-ақ ішектің бітелуі туындауының (алюминий гидроксидіне байланысты) потенциалды қаупі салдарынан Маалокс® Плюс препаратын полистиролсульфонатпен (кайексалатпен) бірге қабылдағанда сақ болу қажет.
• Алюминий гидроксиді мен цитраттарды бірге қолданған кезде, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гипералюминиемия туындатуы мүмкін.
Интеграза тежегіштерімен (долутегравир, ралтегравир, биктегравир) біріктірілімдерінен аулақ болу керек (дозалау бойынша ұсынымдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз).
Сақтық шарасы ретінде кез келген пероральді препарат пен антацидті қабылдау уақытын кемінде екі сағатқа (фторхинолондар үшін 4 сағатқа) ұзарту керек.

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, тапсырысты төлеудің келесі тәсілдері қолжетімді: • Daribar сайтында немесе қосымшасында карта, Apple Pay, Google Pay арқылы, • Рецептімен берілетін тауарларды төлеген кезде — дәріхана кассасында Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы. Жеткізуді таңдаған кезде, тапсырысты төлеудің келесі тәсілдері қолжетімді: • Daribar сайтында немесе қосымшасында карта, Apple Pay, Google Pay арқылы.
Жеткізу Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Рудный, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive сервисі арқылы жүзеге асырылады. Choco қызметінен басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізу шарттарын қолдау қызметінен нақтылаңыз.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтаруға және айырбастауға жатпайды. Ақпаратты нақтылау үшін біздің қолдау қызметімізге хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 440₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
2260₸
1820₸
440₸