daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Медоклав Таблеткалары 625 Мг №16 | Медохеми Лтд

Алматы қаласындағы Медоклав Таблеткалары 625 Мг №16 | Медохеми Лтд
Сипаттама:

Капсула пішінді, екі жақ беті дөңес, сызығы, «МС» өрнегі бар ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, ядро өлшемі 17.5 мм х 8.0 мм (375 мг доза үшін). Капсула пішінді, екі жақ беті дөңес ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, ядро өлшемі 19.0 мм х 10.0 мм (625 мг доза үшін).

Өндіруші:

Медохеми Лтд

Өндіруші ел:

Республика Кипр

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты. қабық құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, пропиленгликоль, полиэтиленгликоль 6000, тальк, титанның қостотығы Е171.

Белсенді заттың дозасы:

625 мг

Қаптамадағы саны:

16 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.

қабық құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, пропиленгликоль, полиэтиленгликоль 6000, тальк, титанның қостотығы Е171.

Қолдану көрсеткіштері

- жедел бактериялық синусит (диагноз расталғанда)

- жедел ортаңғы отит

- созылмалы бронхит өршуі (диагноз расталғанда)

- ауруханадан тыс пневмония

- цистит

- пиелонефрит

- терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары (атап айтқанда, тері асты шелінің қабынуы – целлюлит, жәндіктер шағуы, жедел абсцестер және жақсүйек-бет аумағының флегмоналары)

- сүйектер мен буындар инфекциялары (атап айтқанда, остеомиелит)

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды назарға алу керек.

Қарсы көрсеткіштер

- пенициллиндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- анамнездегі басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндер, карбапенемдер немесе монобактамдарға) щұғыл типті аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы (мысалы, анафилаксия)

Өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар

Пероральді антикоагулянттар мен пенициллин антибиотиктері практикада кеңінен қолданылды, cоның нәтижесінде өзара әрекеттесу туралы қандай да бір хабарламалар алынбады. Дегенмен де, әдебиетте амоксициллин қабылдаумен бірге антикоагулянттар (аценокумарол немесе варфарин) қабылдаған пациенттерде протромбин уақытының ұзару жағдайлары аталады. Егер бірге қолдану қажет болса, амоксициллин тағайындау немесе тоқтату кезінде протромбин уақытын немесе халықаралық қалыптасқан индексті мұқият бақылап отыру қажет. Бұдан бөлек, пероральді антикоагулянттар дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Метотрексат

Пенициллиндер уыттылығының ықтималды артуына ықпал ете отырып, метотрексат шығарылуын төмендетуі мүмкін.

Пробенецид

Пробенецидті бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйрек-түтікті секрециясын азайтады. Пробенецидті қатарлас қабылдау клавулан қышқылын емес, қандағы амоксициллин деңгейлерінің ұлғаюына және ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін.

Микофенолят мофетилі

Микофенолат мофетилін қабылдап жүрген пациенттерде Медоклавпен бірге қолданғанда микофенол қышқылының белсенді метаболитінің концентрациясы бастапқы дозаны тағайындағанда шамамен 50% төмендейді. Бастапқы доза концентрациясы деңгейінің өзгеруі микофенол қышқылының жиынтық экспозициясы концентрациясының өзгерістеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Алайда, Медоклавпен бір мезгілде немесе антибиотик қабылдаудан кейін бірден микофенолат мофетилін қабылдап жүрген пациенттерді клиникалық қадағалауға кеңес беріледі.

Арнайы сақтандырулар

Медоклавпен емдеуді бастар алдында пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды антибиотиктерге оcының алдындағы аса жоғары сезімталдық реакцияларына қатысты толық анамнез жинау қажет.

Пенициллинмен ем алып жүрген пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың күрделі, кейде өлімге әкелетін реакцияларының (анафилактоидты және терінің ауыр жағымсыз реакцияларын қоса) дамуы туралы хабарламалар алынды. Аса жоғары сезімталдық реакциялары миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін күрделі аллергиялық реакция - Кунис синдромына дейін үдеуі де мүмкін. Аллергиялық реакция туындаған жағдайда амоксициллин/клавулан қышқылымен емді тоқтату және тиісті баламалы емді тағайындау керек.

Егер инфекцияның амоксициллинге сезімтал организмдерден туындағанына растау алынған жағдайда, ресми нұсқауға сәйкес амоксициллин/клавулан қышқылынан амоксициллинге ауысу мүмкіндігін қарастыру керек.

Аталған препарат презумптивті патогендер клавулан қышқылымен тежелуге сезімтал бета-лактамазаларға қатысы болмайтын бета-лактамды бактериялық препараттарға сезімталдығы немесе төзімділігі төмен болу қаупі жоғары болатын жағдайларда қолдануға сай келмейді. Осылай шығарылу түрі пенициллинге төзімді пневмококты (S. pneumoniae) емдеу үшін қолданылмауы тиіс.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе жоғары дозаларды қабылдайтын пациенттерде құрысулар пайда болуы мүмкін.

Медоклавты инфекциялық мононуклеоз күмәні болса, тағайындауға болмайды, себебі осы ауруы бар пациенттерде амоксициллин тері бөртпелерін тудыруы мүмкін, бұл ауруды диагностикалауды қиындатады.

Амоксициллинмен емдеу кезінде аллопуринолды қатарлас қабылдау аллергиялық тері реакцияларының ықтималдығын арттыруы мүмкін.

Ұзақ уақыт қабылдау кейде сезімтал емес организмдердің шамадан тыс көбеюіне әкелуі мүмкін.

Емдеудің басында пустуламен байланысты қызбамен жайылған эритеманың туындауы жедел жинақталған экзантемалық пустулез (AGEP) симптомы болуы мүмкін. Осы реакция амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдауды тоқтатуды талап етеді және келесі жолы амоксициллин қабылдауға қарсы көрсетілім болады.

Амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімін бауыр функциясының бұзылу белгілері бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Бауыр тарапынан жағымсыз оқиғалар көбінесе ерлер мен егде жастағы пациенттерде болды және емдеудің ұзақ кезеңімен байланысты болуы мүмкін. Балаларда осы оқиғалар өте сирек болды. Бауыр зақымдануының белгілері мен симптомдары, әдетте, емдеу басталған уақытта немесе одан кейін бірден пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда емді тоқтатудан кейін бірнеше апта бойы көрініс бермеуі мүмкін. Әдетте, олар қайтымды. Бауыр бұзылулары өте күрделі болуы мүмкін, ал аса сирек жағдайларда өліммен аяқталуы хабарланды. Олар үнемі дерлік негізгі күрделі ауруы бар немесе бауырға ықтималды әсер етуші ретінде белгілі препараттарды бір мезгілде қабылдаған пациенттерде тіркелген.

Антибиотиктер қолдану аясында ауырлығы жеңілден пациенттердің өміріне қатерлі ауыр дәрежеге дейін өзгерген жалған жарғақшалы колиттің даму жағдайлары анықталды. Осылайша, антибиотиктерді қабылдау кезінде немесе емдеу курсы аяқталған соң диарея болған пациенттерде осы патологияның пайда болу мүмкіндігін ескеру қажет. Ұзаққа созылатын немесе елеулі диарея дамыған жағдайда, іш аумағында түйілулер болғанда Медоклавпен емдеу дереу тоқтатылуы тиіс, ал пациенттер одан әрі тексеруге жіберілуі тиіс. Бұл жағдайда перистальтикаға қарсы дәрілік препараттарды қабылдау қарсы көрсетілімді.

Дәрілік индукцияланған энтероколит синдромы (DIES) бәрінен жиірек амоксициллин/клавуланат қабылдаған балаларда байқалды. DIES – терінің аллергиялық немесе респираторлық симптомдары болмаған уақытта жетекші симптомы ұзақ уақыт құсу болатын аллергиялық реакция (препараттан кейін 1-4 сағаттан соң). Қосымша симптомдар іштің ауыруын, диарея, гипотензия немесе нейтрофилиямен бірге лейкоцитоз болды. Шок күйіне дейін үдеуін қоса, ауыр жағдайлар болды.

Ұзаққа созылатын ем кезінде бүйрек, бауыр функциясын және қан түзу функцияларын қоса, ағзалар жүйесі функцияларына мезгіл-мезгіл талдау жасауға кеңес беріледі.

Протромбин уақытының ұзаруы туралы деректер сирек жағдайларда амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттерде хабарланды. Антикоагулянттар бір мезгілде тағайындалғанда талапқа сай мониторинг өткізу керек. Антикоагуляция қажетті деңгейде сақталу үшін пероральді антикоагулянттар дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза бұзылу дәрежесіне қарай түзетілуі тиіс.

Диурез төмендеген пациенттерде көбінесе парентеральді ем кезіндегі кристаллурия (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса) өте сирек байқалды. Амоксициллиннің жоғары дозаларын енгізу кезінде амоксициллин кристаллуриясының туындау ықтималдығын азайту үшін сұйықтық ішу мен диурездің талапқа сай болуы мақсатқа сай. Қуық катетері қойылған пациенттерде оның өткізгіштігін жүйелі тексеру керек.

Амоксициллинмен емдеу кезінде, ферменттік емес әдістер жалған-оң нәтижелер алуға ықпал етуі мүмкін екендіктен, несептегі глюкоза мөлшерін анықтау үшін глюкозаның ферменттік тотығу әдістерін пайдалану қажет.

Медоклавта клавулан қышқылының болуы IgG және альбуминдердің эритроциттер жарғақшасымен спецификалық емес байланысу себебі болуы мүмкін, бұл жалған-оң Кумбс реакциясына әкеледі.

Кейіннен Aspergillus инфекциялары табылмаған амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдап жүрген пациенттерде Bio-Rad Laboratories Platelia Aspergillus EIA тестісінің жалған-оң нәтижелері туралы хабарламалар болды. Bio-Rad Laboratories Platelia Aspergillus EIA тестісінде Aspergillus емес полисахаридтермен және полифураноздармен айқаспалы реакциялар туралы хабарланды. Сондықтан, амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдап жүрген пациенттерде талдаулардың оң нәтижелерін абайлап түсіндіру және басқа диагностикалық әдістермен растау керек.

Медоклав құрамында алкогольдік масаю симптомдарына ұқсас симптомдарды тудыруы мүмкін пропиленгликоль бар.

Жүктілік

Клиникаға дейінгі зерттеулер жүктіліктің, эмбрион/шарананың дамуына, босануға немесе босанудан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпеді. Жүктілік кезінде амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімін пайдалану жөніндегі шектеулі деректер адамдарда туа біткен даму ақаулары қаупінің жоғары екенін көрсетпейді. Шарана қабықтарының мезгілінен бұрын жарылуы болған әйелдердегі бірден-бір зерттеуде амоксициллин/клавулан қышқылымен профилактикалық емдеу жаңа туған нәрестелерде некроздаушы энтероколиттің даму қаупінің артуымен байланысты болуы мүмкін екені анықталды. Препаратты, қолдану дәрігер тағайындауымен жүзеге асқан жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Бала емізу

Белсенді заттың екеуі де ана сүтіне бөлінеді. Медоклав препаратының әсер етуші заттарының іздік мөлшерлерінің емшек сүтіне өтуімен байланысты сенсибилизация, диарея немесе ауыз қуысының шырышты қабықтары кандидозының даму мүмкіндігін қоспағанда, емшекпен қоректеніп жүрген балаларда басқа ешқандай жайсыз әсерлер байқалмады. Емшек сүтімен қоректенетін нәрестелерде қолайсыз әсерлер туындаған жағдайда бала емізуді тоқтату қажет.

Медоклав препаратын, егер ана үшін көзделетін пайдасы сәбиге төнетін зор қауіптен басым болса, бала емізу кезінде қолдануға болады.

Фертильділік

Деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор мехнаизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат бас айналуын туғызуы мүмкін екендіктен, көлік құралын басқару немесе қозғалмалы мехнаизмдермен жұмыс істеу кезінде пациенттерге алдын ала сақтану шаралары туралы ескерту қажет.

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Доза амоксициллин/клавулан қышқылы мөлшеріне қарай өрнектеледі, бұған доза жекелеген компонентке қайта есептеліп өрнектелген жағдайлар қосылмайды.

Жекелеген инфекцияны емдеу үшін Медоклав препаратының дозасын таңдағанда ескеру қажет:

Күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы препараттарға ықтималды сезімталдығы (4.4 бөлімін қараңыз)

Инфекцияның ауырлық дәрежесі және орналасуы;

Пациенттің жасы, дене салмағы және бүйрек функциясының жағдайы.

Қажет болса, Медоклав препаратының басқа дәрілік түрлерін тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек (оның ішінде, амоксициллиннің жоғарырақ мөлшерімен және/немесе амоксициллин/клавулан қышқылының басқа арақатынасымен).

Ересектер мен салмағы > 40 кг балалар үшін Медоклав препаратының осы құрамы мен дәрілік түрі төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындалғанда 750 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылының (375 мг доза үшін), 1500 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылының (625 мг доза үшін) жалпы тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді.

Салмағы 40 кг-ден аз балалар үшін Медоклав препаратының осы құрамы мен дәрілік түрі төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындалғанда 2400 мг амоксициллин/600 мг клавулан қышқылының (625 мг доза үшін) ең жоғары тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Егер амоксициллиннің жоғарырақ тәуліктік дозасын қабылдау шешімі қабылданса, клавулан қышқылының шамадан тыс жоғары тәуліктік дозаларын енгізіп қоймас үшін басқа Медоклав препаратын таңдауға кеңес беріледі.

Емдеу ұзақтығы пациенттің жүргізілетін емге реакциясымен белгіленуі тиіс. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) ұзағырақ емдеуді талап етеді. Емдеу ұзақтығы клиникалық оқиғаны қайта қарап алмай 14 күннен асырылмауы тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары

Ересектер және салмағы 40 кг-ден көп балалар

Күніне үш рет қабылданатын бір доза 500 мг/125 мг немесе 250 мг/125 мг.

Салмағы 40 кг-ден аз балалар

Дозасы 375 мг таблеткалар

250 мг/125 мг Медоклав салмағы 40 кг-ден аз балаларға тағайындауға ұсынылмайды.

Дозасы 625 мг таблеткалар

Үш бөлінген дозада 20 мг/5 мг/кг/күннен 60 мг/15 мг/кг/күнге дейін.

Балаларды емдеу үшін Медоклав таблеткалар немесе суспензия түрінде қолданылуы мүмкін.

Медоклав 625 мг таблеткаларын бөлу мүмкін болмағандықтан, салмағы 25 кг-ден аз балаларға 625 мг Медоклав тағайындауға болмайды.

Төмендегі кестеде 500/125 мг бір таблетканы қабылдаған жағдайда салмағы 25 кг-ден 40 кг дейінгі балалар үшін алынған доза (мг/кг дене салмағы) туралы мәліметтер ұсынылған.

Артық дозалану

Симптомдар: асқазан-ішек бұзылыстары және су-электролит теңгерімінің бұзылулары болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелетін амоксициллиндік кристаллурия сипатталған. Препаратты бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге тағайындағанда немесе жоғары дозаларын пайдаланғанда құрысулар дамуы мүмкін.

Амоксициллин қуық катетерлерінде, әсіресе, вена ішіне енгізу арқылы жоғары дозаларын тағайындаудан кейін тұнып қалуы мүмкін.

Емдеу: симптоматикалық ем жүргізу, су-электролит теңгерімін түзету. Медоклав қаннан гемодиализ көмегімен шығарылады.

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевт кеңесіне жүгініңіз.

Жанама әсерлері

Өте жиі

- диарея

Жиі

- терінің және шырышты жабындардың кандидозы

- жүрек айну, құсу, диарея

Жүрек айну препараттың жоғары дозаларын қолданғанда жиірек кездеседі. Көрініс беру дәрежесін төмендету үшін препаратты ас ішудің басында қабылдау ұсынылады.

Жиі емес

- бас айналу, бас ауыру

- диспепсия

- бауырдың АЛТ/АСТ ферменттері деңгейінің орташа жоғарылауы

- тері бөртпесі, қышыну, есекжем

- ас қорыту бұзылыстары

Сирек

- қайтымды лейкопения (нейтропенияны қоса)

- тромбоцитопения

- мультиформалы эритема

Белгісіз

- сезімтал емес организмдердің шектен тыс көбеюі

- қайтымды агранулоцитоз

- гемолиздік анемия

- қан кету уақытының және протромбин уақытының ұзаруы

- ангионевроздық ісіну, анафилаксия

- сарысу кұю ауруына ұқсас синдром

- аллергиялық васкулит

- қайтымды аса жоғары белсенділік

- құрысулар

- асептикалық менингит

- антибиотиктер қабылдаумен индукцияланған колит

- қара «түкті» тіл

- гепатит, холестаздық сарғаю

- Стивенс-Джонсон синдромы

- уытты эпидермалық некролиз

- буллёзді эксфолиативті дерматит, жедел жайылған экзантематозды пустулёз, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS-синдром) болатын дәрілік реакция.

- интерстициальді нефрит

- жедел панкреатит

- дозаға тәуелді IgA дерматозы

- антибиотиктер қабылдаумен индукцияланған энтероколит синдромы - кристаллурия (жедел бүйрек зақымдануын қоса)

- Коунис синдромы (аллергиялық коронарлық синдром)

Осындай симптомдар дамығанда препарат тоқтатылуы тиіс.

Шығарылу түрі

8 таблеткадан алюминий фольгадан және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған жабыны бар поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМедоклав таблеткалары 625 мг №16 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube