daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Метипред Таблеткалары 16 Мг №30 | Орион Корпорейшн

Алматы қаласындағы Метипред Таблеткалары 16 Мг №30 | Орион Корпорейшн

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, жалпақ беткейлі, шеттері қиғашталған, бір жағында сызығы бар, диаметрі 6.9-дан 7.3 мм дейін ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар (4 мг доза үшін). Дөңгелек пішінді, жалпақ беткейлі, шеттері қиғашталған, бір жағында сызығы, сызықтың екі жағында да орналасқан «ORN» және «346» таңбасы бар, диаметрі 8.9-дан 9.3 мм дейін ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар (16 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Метилпреднизолон

Өндіруші:

Орион Корпорейшн

Өндіруші ел:

Финляндия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, желатин, магний стеараты, тальк.

Белсенді заттың дозасы:

16 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Глюкокортикоидтармен жүйелі немесе жергілікті емдеуді талап ететін жағдайлар, әсіресе аутоиммунды аурулар:

• қабыну және жүйелі ревматизм аурулары (мысалы, ревматоидты артрит, ювенильді ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилоартрит);

• коллагеноздар (мысалы, жүйелі қызыл жегі, жүйелі дерматомиозит);

• аллергиялық жағдайлар (мысалы, аса жоғары сезімталдық реакциялары, сарысу құю ауруы, жанаспалы дерматит, анафилаксиялық шок);

• өкпе аурулары (мысалы, өкпе саркоидозы, бронх демікпесі);

• бассүйекішілік қысымды төмендету үшін (мысалы, жаңа түзілімдердің фонында мидың ісінуі);

• трансплантаттың қабылданбай ажырау реакциялары;

• кейбір дерматологиялық аурулар (мысалы, кәдімгі сулы бөртпе);

• гематологиялық аурулар (мысалы, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, аутоиммунды гемолиздік анемия);

• цитостатикалық еммен астасқан ісік аурулары (мысалы, лейкемия, қатерлі лимфома);

• бауыр аурулары (мысалы, аутоиммунды гепатит);

• неврологиялық аурулар (мысалы, жайылған склероз, миастения);

• көз аурулары (мысалы, увеит, көз жүйкесінің невриті);

• бүйрек аурулары (мысалы, гломерулонефрит);

• асқазан-ішек аурулары (мысалы, спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы).

Қарсы көрсеткіштер

- метилпреднизолонға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

- жүйелі зеңдік инфекция

- сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңірілуінің бұзылуы

Иммунодепрессивті әсер ететін дозаларда ГКС ем қабылдап жүрген пациенттерге тірі немесе тірі аттенуирленген вакциналарды енгізу ұсынылмайды.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Иммуносупрессивті әсерлер / инфекцияларға жоғары сезімталдық

Глюкокортикостероидтар инфекцияларға сезімталдықты жоғарылатуы, инфекцияның кейбір белгілерін бүркемелеуі мүмкін. Сонымен қатар, оларды қабылдау кезінде жаңа инфекциялар туындауы мүмкін. Кортикостероидтарды қолдану инфекцияға төзімділіктің төмендеуімен және оны оқшаулау мүмкінсіздігімен бірге жүруі мүмкін. Организмнің кез-келген аймағындағы бактериялар, вирустар, зеңдер, қарапайымдылар немесе гельминттер тудыратын инфекциялар тек кортикостероидтарды немесе олардың жасушалық немесе гуморальды иммунитетке, сондай-ақ нейтрофилдердің функциясына әсер ететін басқа иммунодепрессивті препараттармен біріктірілімін қолданумен байланысты болуы мүмкін. Бұл инфекциялар орташа, ауыр және кейбір жағдайларда өлімге әкеп соғуы мүмкін. Кортикостероидтардың дозасы ұлғайған сайын инфекция жұқтыру жағдайларының анағұрлым көп саны тіркеледі.

Иммунодепрессисті препараттарды қабылдаған пациенттер дені сау адамдарға қарағанда инфекцияларға көбірек бейім. Мысалы, желшешек пен қызылша иммунизациядан өтпеген балаларда немесе кортикостероидтармен емделген ересектерде анағұрлым ауыр болуы немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Қатар жүретін аурулардың өршуі немесе стронгилоидоз сияқты қоздырғыштардан туындаған жасырын өтетін аурулар белсендірілуі мүмкін. Кортикостероидтардан туындаған иммунитеттің төмендеуі аурудың таралуына (стронгилоидоз) және паразит дернәсілдерінің көшуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, ішектің және тоқ ішектің ауыр қабынуы (энтероколит) және өлімге әкелетін сепсистік жағдай ауруды нашарлатуы мүмкін.

Сепсистік шоктың дамуындағы кортикостероидтардың рөлі толық анықталмаған. Ерте жүргізілген зерттеулерде пайдалы да, зиянды әсерлер туралы да хабарламалар алынды. Соңғы кездері қосымша кортикостероидтарды қолдану бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі байқалған, анықталған сепсистік шокқа шалдыққан пациенттер үшін пайдалы деген болжам айтылған болатын. Алайда, оларды сепсистік шок кезінде күнделікті қолдану ұсынылмайды. Жоғары дозаларды қолдану арқылы кортикостероидтардың қысқа курстарына жүйелі шолу олардың қолданылуын растамады. Дегенмен, мета-талдаулар және әдеби деректерге бір шолу кортикостероидтардың төмен дозаларының ұзақ курстары (5-11 күн), әсіресе вазопрессорға тәуелді сепсистік шок бар пациенттерде өлім-жітімді төмендетуі мүмкін екенін көрсетеді.

Иммунодепрессивті әсер ететін дозаларда ГКС емін алатын пациенттерге тірі немесе тірі аттенуирленген вакциналарды енгізу ұсынылмайды. Тірі емес немесе белсенділігі жойылған биогенетикалық вакциналарды енгізуге болады, алайда иммунодепрессивті әсер ететін дозаларда ГКС емін алатын пациенттерге мұндай вакциналарды енгізуге емдік реакция төмендеуі немесе тіпті болмауы мүмкін.

Белсенді туберкулез кезінде кортикостероидтарды пайдалану бір мезгілде туберкулезге қарсы тиісті ем жүргізілетін фульминантты немесе диссеминацияланған туберкулез жағдайларымен шектелуі тиіс.

Егер кортикостероидтар латентті туберкулезге шалдыққан немесе туберкулинге реактивтілігі бар пациенттерге көрсетілсе, мұқият бақылау қажет, себебі ауру қайта басталуы мүмкін. Кортикостероидтармен ұзақ емдеу кезінде бұл пациенттер химиопрофилактика алуы тиіс.

Кортикостероидтармен ем қабылдайтын пациенттерде Капоши саркомасының дамуы туралы хабарламалар алынды. Кортикостероидтарды қолдануды тоқтату клиникалық ремиссияға әкелуі мүмкін.

Қан айналым мен лимфа жүйесінің бұзылыстары

Ацетилсалицил қышқылы мен қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді кортикостероидтармен бірге сақтықпен қолдану керек.

Иммундық жүйеге әсері

Аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін.

Кортикостероидтармен ем алатын пациенттерде тері реакциялары және анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялар туындауының сирек жағдайлары салдарынан препаратты енгізер алдында, әсіресе пациентте анамнезінде қандай да бір дәрілік препаратқа аллергия бар болса, тиісті профилактика шараларын қабылдау қажет.

Эндокриндік жүйеге әсері

Ұзақ уақыт бойы қолданылатын ГКС фармакологиялық дозалары гипоталамус-гипофизарлы-бүйрекүсті (ГГБ) жүйесінің бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін (бүйрек үсті безінің салдарлы жеткіліксіздігі). Бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің дәрежесі мен ұзақтығы пациенттер арасында ауытқиды және ГКС емінің дозасына, жиілігіне, енгізу уақытына және ұзақтығына байланысты болады. Бұл әсерді «күнара» жүргізілетін ем арқылы азайтуға болады.

Сонымен қатар, өлімге әкелетін бүйрекүсті безінің жедел жеткіліксіздігі ГКС қолдануды кенеттен тоқтатқан кезде пайда болуы мүмкін.

Бүйрекүсті безі қыртысының дәрілік қайталама жеткіліксіздігінің ықтималдығын дозаны біртіндеп төмендету арқылы азайтуға болады. Осы типтегі салыстырмалы жеткіліксіздік емді тоқтатқаннан кейін бірнеше айға созылуы мүмкін; демек, осы кезең барысында стресс туындаған кезде гормональді емді қайта бастау керек.

Бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі дамыған кезде тұздардың және/немесе минералдардың алмасуын бақылайтын гормондардың өндірісі бұзылуы мүмкін.

Қатты күйзеліс кезінде дәрігер стресс жағдайына дейін, кезінде және одан кейін кортикостероидтарды қабылдаған пациенттерге тез әсер ететін кортикостероидтардың дозасын арттыруы мүмкін.

Бүйрекүсті безі қыртысының жеткіліксіздігімен байланысты емес стероидты тоқтату синдромы ГКС қабылдауды күрт тоқтатқаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл синдромға анорексия, жүрек айнуы, құсу, сылбырлық, бас ауыруы, қызба, буындардың ауыруы, десквамация, миалгия, салмақ жоғалту және/немесе гипотензия сияқты симптомдар кіреді. Бұл әсерлер кортикостероидтардың төмен деңгейіне емес, ГКС концентрациясының күрт өзгеруіне байланысты деп саналады.

ГКС Кушинг синдромын туындатуы немесе өршітуі мүмкін болғандықтан, оларды осы синдромы бар пациенттерде қолданудан аулақ болу керек.

Кортикостероидтардың әсері гипотиреозы бар науқастарда күшейеді.

Метаболизм және тамақтану

Кортикостероидтар, оның ішінде метилпреднизолон қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатуы, бұрыннан бар қант диабетінің ағымын күшейтуі және кортикостероидтармен ұзақ ем алатын пациенттерде қант диабетінің дамуына бейімдеуі мүмкін.

Психиатриялық әсерлер

Кортикостероидтармен емдеу кезінде эйфориядан, ұйқысыздықтан, көңіл-күйдің өзгеруінен, тұлғалық өзгерістерден және ауыр депрессиядан бастап психоздық көріністерге дейін психикалық бұзылулар пайда болуы мүмкін. Қазіргі эмоционалды тұрақсыздық немесе психоздық үрдістер кортикостероидтармен де ушығуы мүмкін.

Жүйелік стероидтерді қолдану кезінде ықтимал елеулі жағымсыз психикалық реакциялар туындауы мүмкін. Симптомдар әдетте емдеу басталғаннан кейін бірнеше күн немесе апта ішінде пайда болады. Реакциялардың көпшілігі дозаны төмендеткеннен немесе препаратты тоқтатқаннан кейін өтеді, бірақ спецификалық емдеу қажет болуы мүмкін. Жиілігі белгісіз кортикостероидтарды тоқтатқаннан кейін психологиялық әсерлер туралы хабарланды. Пациенттерге/күтім жасаушыларға, егер пациентте психологиялық симптомдар дамып жатса, әсіресе депрессиялық көңіл-күйдің немесе суицидтік ойлардың болуына күдік туындаса, медициналық көмекке жүгінуге кеңес беру керек. Пациенттерге/күтім жасаушыларға жүйелік стероидтердің дозасын төмендету/тоқтату кезінде немесе одан кейін бірден туындауы мүмкін психикалық бұзылулар туралы ескертілуі тиіс.

Егер пациентте немесе оның жақын туысында ауыр психикалық бұзылыс (мысалы, депрессия, биполярлы бұзылыс немесе бұрыннан кортикостероидты психоз) болса, жүйелі кортикостероидтарды пайдалану және пациенттің жай-күйін бақылау кезінде ерекше сақ болу керек.

Кортикостероидтарды эпилепсиялық бұзылулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Кортикостероидтарды миастения Гравис бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Кортикостероидтардың үлкен дозаларын (эпидуральді липоматоз) ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін омыртқа арнасында майдың жинақталуы туралы мәліметтер бар.

Көру қабілетіне әсері

Мөлдір қабық тұтастығының бұзылу қаупіне байланысты кортикостероидтарды көздің қарапайым герпес инфекциясы кезінде қолданған кезде абай болу керек. Егер пациентте глаукома болса (оның ішінде отбасы мүшелері болса), пациентті мұқият бақылау да маңызды.

Кортикостероидтарды жүйелі немесе жергілікті қолданғанда көрудің бұзылуы орын алуы мүмкін. Егер пациент көрудің бұлыңғырлануы немесе көрудің өзге де бұзылулары сияқты симптомдарды сезінсе, жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды қолданғаннан кейін тіркелетін катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия (ОСХР) сияқты сирек аурулар болуы мүмкін себептерді бағалау үшін оны офтальмологқа жіберу керек.

Кортикостероидтарды ұзақ уақыт қолдану артқы субкапсулярлық катарактаға және нуклеарлы катарактаға (әсіресе балаларда), экзофтальмға немесе көзішілік қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл көру жүйкелеріне зақым келтіретін глаукомаға әкеп соғуы мүмкін. Глюкокортикоидтар көздің салдарлы зеңдік немесе вирустық инфекцияларының пайда болуына ықпал етуі мүмкін.

Кортикостероидтармен жүргізілетін ем орталық серозды хориоретинопатиямен байланысты болды, бұл торқабықтың ажырауына әкелуі мүмкін.

Жүрекке әсері

Дислипидемия және артериялық гипертензия сияқты глюкокортикоидтардың жүрек-қантамыр жүйесіне жағымсыз әсерлері жоғары дозалармен ұзаққа созылған емдеу жағдайында басқа да жүрек-қантамыр қауіп факторлары бар емделіп жатқан пациенттердің қосымша жүрек-қантамыр әсеріне бейімділігін арттыруы мүмкін. Осылайша, кортикостероидтарды осы пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Қауіп дәрежесіндегі өзгерістерге назар аудару керек және қажет болған жағдайда, қосымша кардиомониторинг жүргізу керек. Төмен доза және күнара қолдану асқынулардың жиілігін төмендетуі мүмкін.

Іркілісті жүрек жеткіліксіздігінде және жақында болған миокард инфарктісінен кейін (миокардтың жыртылу қаупі) жүйелік кортикостероидтар өте қажет болған жағдайда ғана қолданылады. Пациенттер мұқият бақылауда болуы керек.

Стероидтерді артериялық гипертензиясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені жоғары артериялық гипертензияның даму қаупі одан әрі артады. Дигоксин сияқты кардиоактивті препараттарды қабылдайтын пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек, өйткені кортикостероидтарды қолдану кезінде электролиттік теңгерімнің бұзылуы және гипокалиемия болуы мүмкін.

Кортикостероидтарды қолдану кезінде веноздық тромбоэмболияны қоса алғанда, тромбоз жағдайлары туралы хабарланды. Сондықтан кортикостероидтарды тромбоэмболиялық асқынуларға шалдыққан немесе бейімділігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Асқазан-ішек әсерлері

Емдеу кезінде пайда болатын асқазан жаралары кортикостероидтар екендігі туралы бірыңғай пікір жоқ. Алайда, глюкокортикостероидтармен емдеу пептидтік ойық жараның симптомдарын бүркемелеуі мүмкін, соның салдарынан тесілу немесе қан кету елеулі ауырсынусыз дамуы мүмкін. Глюкокортикостероидтармен емдеу перитониттің немесе асқазан-ішек жолдарының тесілуі, ішектің бітелуі немесе ұйқы безінің қабынуы сияқты басқа да асқазан-ішек ауруларының белгілері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) біріктірілім кезінде, асқазан-ішек ойық жарасының даму қаупі артады.

Кортикостероидтарды спецификалық емес ойық жаралы колит, плевра эффузиясы, жақында болған ішек анастомозы, белсенді немесе жасырын ойық жаралы ауруы бар пациенттерде тесілу, абсцесс немесе басқа да іріңді инфекциялар қаупі бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.

Кортикостероидтардың жоғары дозалары ұйқы безінің жедел қабынуын тудыруы мүмкін.

Гепатобилиарлық жүйеге әсері

Кортикостероидтардың жоғары дозалары бауыр мен өт жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін, олар әдетте қайтымды (емдеуді тоқтатқаннан кейін) болады. Сондықтан тиісті мониторинг жүргізу қажет. Бауыр циррозы бар пациенттерде кортикостероидтар әсерінің күшеюі байқалады.

Қаңқа-бұлшықет жүйесіне әсері

Кортикостероидтардың жоғары дозаларын пайдалану кезінде жедел миопатия жағдайлары, әдетте, жүйке-бұлшықет берілісі бұзылған пациенттерде (мысалы, миастения гравис) немесе жүйке-бұлшықет блокаторлары (мысалы, панкурония) сияқты антихолонэргиялық препараттармен бір мезгілде ем алатын пациенттерде хабарланды. Жедел миопатия жайылған сипатқа ие, көз бұлшықеттері мен тыныс алу бұлшықеттеріне әсер етіп, тетрапарезге әкеп соғуы мүмкін. Креатинкиназа деңгейлері жоғарылауы мүмкін. Кортикостероидтармен емдеуді тоқтатқаннан кейін клиникалық жақсарудың пайда болуы немесе қалпына келтіру бірнеше аптадан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.

Остеопороз глюкокортикоидтардың жоғары дозаларын ұзақ уақыт қолданумен байланысты жиі, бірақ сирек танылатын жағымсыз әсері болып табылады.

Бүйрек және несеп шығару жүйесіне әсері

Жүйелі склеродермиясы бар пациенттерде метилпреднизолонды қабылдаған кезде артериялық гипертензиясы және диурезі төмендеген склеродермиялық бүйрек кризінің (өліммен аяқталуы мүмкін) даму жағдайлары жиілігінің артуын қадағалау салдарынан сақ болу қажет. Артериялық қысымды және бүйрек функциясын (қан плазмасындағы креатинин концентрациясын) белгіленген тәртіппен бақылау керек. Бүйрек кризіне күмән туындаған кезде артериялық қысымды аса мұқият бақылау қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде кортикостероидтарды сақтықпен қолдану қажет.

Зерттеулер

Гидрокортизонның немесе кортизонның орташа және жоғары дозалары артериялық қысымның жоғарылауына, тұз бен судың іркілуіне, сондай-ақ калий экскрециясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Жоғары дозаларда пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, синтетикалық туындыларды пайдаланған кезде бұл әсерлердің ықтималдығы аз. Тұзды диеталық шектеу және калийді қосымша қабылдау қажет болуы мүмкін. Барлық кортикостероидтар кальций экскрециясын жоғарылатады.

Емшаралармен байланысты жарақаттар, уланулар және асқынулар

Метилпреднизолон бас жарақаттарын стандартты емдеу үшін көрсетілімі жоқ және қолданылмауы тиіс. Көп орталықты зерттеу нәтижелері плацебо алған пациенттермен салыстырғанда метилпреднизолон алған пациенттерде жарақаттан кейін 2 апта және 6 ай ішінде жоғары өлім-жітімді көрсетті. Метилпреднизолонмен емдеумен себептік байланысы анықталмаған.

Басқа ескертулер

Егде жастағы пациенттерде кортикостероидтармен ұзақ уақыт бойы емдеу сақтықпен жүргізілуі керек, өйткені остеопороздың даму қаупінің жоғарылауы және ықтимал гипертензиямен сұйықтықтың кідіруінің қаупі бар.

Метилпреднизолон мен фторхинолондарды бір мезгілде қабылдау, әсіресе егде жастағы пациенттерде сіңірдің үзілу қаупін арттырады.

Глюкокортикостероидтармен емдеудің асқынулары дозаға және емдеу ұзақтығына байланысты. Пайда мен қауіпті әр пациент үшін жеке бағалау керек. Бұл дозаны, емдеу ұзақтығын және емдеу сипатын таңдау үшін қажет.

Глюкокортикоидтармен емдеу кезіндегі асқынулар емнің дозасы мен ұзақтығына, қабылдау жиілігі мен ұзақтығына (күн сайын немесе күнара) байланысты болғандықтан, шешім әрбір жекелеген жағдайда пайда мен қауіпті ескере отырып қабылдануы тиіс.

Жағдайды бақылау үшін кортикостероидтардың ең аз мүмкін дозасын пайдалану керек, ал дозаны төмендету мүмкін болса, төмендеу біртіндеп болуы керек.

Жүйелі кортикостероидтарды қолданғаннан кейін өлім ықтималдығы бар феохромоцитомалық криз жағдайлары туралы хабарланды. Кортикостероидтарды болжамды немесе анықталған феохромоцитомасы бар пациенттерде пайда мен қауіп арақатынасын тиісінше бағалағаннан кейін ғана қолданған жөн.

Өзара әрекеттесуі

Метилпреднизолон P450 (CYP) цитохромының субстраты болып табылады және негізінен CYP3A4 изоферментімен метаболизденеді. CYP3A4 ересектердің бауырында ең көп таралған CYP тектес басым изоферменті болып табылады. Ол эндогендік және синтетикалық кортикостероидтар үшін I метаболизмдік фазаның маңызды кезеңі болып табылатын стероидтардың 6β-гидроксилденуін катализдейді. Көптеген басқа қосылыстар сонымен қатар CYP3A4 изоферментінің субстраттары болып табылады, олардың кейбіреулері (басқа дәрілермен бірге) глюкокортикоидтардың метаболизмін индукция (белсенділену) немесе CYP3A4 изоферментінің тежелуі есебінен өзгертетіні көрсетілген.

CYP3A4 изоферментінің тежегіштері

CYP3A4 изоферментінің белсенділігін бәсеңдететін дәрілік заттар, әдетте, бауыр клиренсін төмендетеді және метилпреднизолон сияқты CYP3A4 изоферментінің субстраттары болып табылатын дәрілік препараттардың қан плазмасындағы концентрациясын арттырады. CYP3A4 изоферментінің тежегіші болған жағдайда стероидты уыттылық құбылыстарын болдырмау үшін метилпреднизолон дозасын титрлеу керек.

Кобицистат сияқты CYP3A тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау жүйелі кортикостероидтардың жағымсыз әсерлерінің қаупін арттырады деп күтілуде. Егер пайдасы жүйелі кортикостероидтардың жағымсыз әсерлерінің қаупінен аспаса, осы біріктірілімді пайдаланудан аулақ болу керек, бұл жағдайда пациенттер жүйелі кортикостероидтардың жағымсыз әсерлерінің болуын бақылауы тиіс.

Эритромицин, кларитромицин, тролеандомицин, кетоконазол, итраконазол, изониазид, дилтиазем,мибефрадил, апрепитант, фозапрепитант, АИТВ протеаза тежегіштері (индинавир, ритонавир), циклоспорин және этинилэстрадиол/норэтистерон CYP3A4 изоферментінің тежегіштері болып табылады. Грейпфрут шырыны да CYP3A4 изоферментінің тежегіші болып табылады.

CYP3A4 изоферментінің индукторлары

CYP3A4 изоферментінің белсенділігін индукциялайтын дәрілік заттар әдетте бауыр клиренсін арттырады және CYP3A4 субстраты болып табылатын препараттардың қан плазмасындағы концентрациясын төмендетеді. Бірге қолданған кезде қажетті әсер алу үшін метилпреднизолон дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.

Бұл топқа рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал, примидон және фенотоин сияқты препараттар кіреді.

CYP3A4 изоферментінің субстраттары

CYP3A4 изоферментінің басқа субстратының қатысуымен метилпреднизолонның бауыр клиренсі өзгеруі мүмкін, бұл метилпреднизолон дозасын тиісті түзетуді талап етуі мүмкін. Препараттарды монотерапия түрінде қолданғанда пайда болатын жағымсыз әсерлер препараттарды бір мезгілде қолданғанда жиі пайда болуы мүмкін.

Глюкокортикоидтар, оның ішінде Метипред олар бірге қолданған кезде плазмадағы такролимус концентрациясын арттыруы мүмкін, кортикостероидтарды тоқтатқан кезде плазмадағы такролимус концентрациясы жоғарылайды.

Метипредті және циклоспоринді бір мезгілде қолданған кезде құрысулардың пайда болу жағдайлары байқалды. Осы препараттарды бір мезгілде енгізу метаболизмнің өзара тежелуін тудыратындықтан, құрысулар және басқа да жағымсыз әсерлер осы препараттардың әрқайсысын монотерапия ретінде қолданумен байланысты болып, оларды бірге қолданғанда жиі туындауы мүмкін.

Метипред аддитивті иммуносупрессивті әсерге ие, бұл емдік әсерлерді немесе АИТВ протеазаларымен бірге қабылдаған кезде әртүрлі жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттыруы мүмкін.

Метилпреднизолон ацетилдену жылдамдығына және изониазидтің клиренсіне әсер етуі мүмкін

CYP3A4 изоферментімен байланыссыз әсерлер

Метилпреднозолонды қолданумен байланысты басқа дәрілік өзара әрекеттесулер мен әсерлер төмендегі кестеде сипатталған.

Кестеде метилпреднизолонды қолданумен байланысты дәрілік заттардың анағұрлым кең таралған және/немесе клиникалық маңызы бар өзара әрекеттесулердің және әсерлердің тізбесі мен сипаттамасы келтірілген.

1-кесте. Метилпреднизолонды басқа дәрілік заттармен немесе заттармен бірге қолданған кездегі маңызды өзара әрекеттесулер / әсерлер

Шығарылу түрі

Кездейсоқ ашылудан қорғалған, ТЖПЭ жасалған бұралатын қақпағы бар ақ түсті тығыздығы жоғары полиэтилен (ТЖПЭ) құтыларға 30 және 100 таблеткадан салады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Орион Корпорейшн, Финляндия

Орионинтие 1, 02200 Эспоо

Тел: +358 10 4261

Электронды пошта:

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМетипред таблеткалары 16 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
5.00/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
11 бағалау
1
star
0
2
star
0
3
star
0
4
star
0
5
star
11
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
6 Сентября 2023
Комментарий: Получил за 3 часа, даже вечером, просто палочка-выручалочка. Спасибо.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
4 Сентября 2023
Комментарий: Быстро привезли, отличный сервис.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
22 Августа 2023
Комментарий: Оперативно и вежливо обслужили!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
3 Апреля 2023
Достоинства: Очень удобно можно справиться из дома. Не нужно бегать по аптекам и искать.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
24 Января 2023
Комментарий: Лекарство необходимо для постоянного применения, привезли быстро, спасибо.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
17 Декабря 2022
Достоинства: Отличное качество.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
26 Октября 2022
Достоинства: Хороший препарат.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
13 Сентября 2022
Достоинства: Отличное лекарство, справляется со своей задачей.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
4 Августа 2022
Достоинства: Гормональный препарат из группы глюкокортикостероидов, эффективен при лечении РА и многих других заболеваний.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
25 Июня 2022
Достоинства: Прекрасное лекарство.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
19 Апреля 2022
Достоинства: Обычные таблетки, кому надо берите.
6030

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 1035

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

7065

6030

1035

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube