daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Микосан Капсулалары 100 Мг №7 | Химфарм АО

Сипаттама:

Ақ түсті қатты желатинді капсулалар. Капсула өлшемі №1. Капсуланың ішінде – ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктер.

Халықаралық атауы:

Флуконазол

Өндіруші:

Химфарм АО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, картоп крахмалы, кальций стеараты, полисорбат 80 желатин капсулаларының құрамы: желатин, титанның қостотығы Е171, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ түсті қатты желатинді капсулалар. Капсула өлшемі №1. Капсуланың ішінде – ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктер.

Белсенді заттың дозасы:

100 мг

Дәрілік түрі:

Капсулалар, 100 мг

Қаптамадағы саны:

7 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат- 100.0 мг флуконазол,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза,

картоп крахмалы, кальций стеараты, полисорбат 80

желатин капсулаларының құрамы: желатин, титанның қостотығы Е171, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ түсті қатты желатинді капсулалар. Капсула өлшемі №1.

Капсуланың ішінде – ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктер.

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерді емдеу:

криптококкты менингитте

кокцидиоидомикозда

инвазивті кандидозда

шырышты қабықтардың кандидозы, оның ішінде орофарингеальді

кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты кандидозда

ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозында (тіс протездерін қолдануға байланысты), ауыз қуысының гигиенасы немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болған кезде

жергілікті емдеу мүмкін болмаған кезде жедел немесе қайталанатын

қынаптық кандидоз

кандидозды баланитте, жергілікті емдеу мүмкін болмаған кезде

дерматомикозда, оның ішінде табан дерматофитиясында (tinea pedis), тегіс тері дерматофитиясында (tinea corporis), шаптың дерматофитиясында (tinea cruris), кебек тәрізді теміреткі (tinea versicolor) жәнежүйелі ем қажет болғанда терінің кандидозды инфекцияларында

тырнақ дерматофитиясында (онихомикоз), басқа препараттармен емдеу мүмкін болмағанда

Ересектердегі профилактика:

қайталанудың жоғары қаупі бар пациенттердегі криптококктық менингит қайталануында

қайталанудың жоғары қаупі бар АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттердегі орофарингеальді кандидоздың және өңеш кандидозының қайталануында

ұзақ нейтропениясы бар пациенттердегі кандидоздық инфекция профилактикасында (химиотерапия өтіп жүрген гемобластозды пациенттерде немесе гемопоэтикалық дің жасушаларының трансплантациясын өтіп жүрген пациенттерде)

Күні жетіп туған жаңа туған нәрестелерде, сәбилерде және мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағыларда, сондай-ақ 17 жасқа дейінгі жасөспірімдердегі емдеу

шырышты қабықтардың кандидозы (орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозы)

инвазивті кандидоз

криптококкты менингит

қайталанудың жоғары қаупі бар балалардағы криптококктық менингит қайталануын болдырмау мақсатындағы демеуші емде

иммунитеті әлсіреген пациенттердегі кандидозды инфекция профилактикасында.

Ем өсірінділік және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелері алынғанға дейін басталуы мүмкін, бірақ осы нәтижелер алынғаннан кейін зеңге қарсы емді тиісті түрде түзету керек.

Зеңге қарсы препараттарды дұрыс пайдалану бойынша ресми жергілікті нұсқауларды ескеру қажет

Қарсы көрсеткіштер

флуконазолға, флуконазолға ұқсас құрылымы бар азолды заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

тәулігіне 400 мг және одан астам дозада ұзақ қолдану аясында терфенадинді бір мезгілде қабылдау

цизаприд, астемизол, эритромицин, пимозид, хинидин сияқты QT аралығын ұзартатын немесе Р450 цитохромының (CYP3A4 изоферменті) қатысуымен метаболизденетін дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау

жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Бас терісінің шашты бөлігінің дерматофитиясы

Балалардағы бас терісінің шашты бөлігінің дерматофитиясын емдеуде флуконазолды қолдану бойынша оның тиімділігі гризеофулвиннен аспайтындығын көрсетті: емдеудің жалпы жетістігі 20% - дан аз болды. Бұдан шығатыны, Микосанды® бас терісінің шашты бөлігінің дерматофитиясын емдеу үшін қолдануға болмайды.

Криптококкоз

Микосан® препаратының басқа жерлердегі криптококкозды (мысалы, өкпе мен тері криптококкозын) емдеу үшін тиімділігі туралы дәлелді деректер жеткіліксіз, сондықтан, препаратты дозалау жөнінде ұсыным беру мүмкін емес.

Терең эндемиялық микоздар

Микосан® препаратының паракокцидиоидомикоз, тері-лимфа споротрихозы және гистоплазмоз сияқты эндемиялық микоздардың басқа түрлерін емдеу үшін тиімділігі туралы дәлелді деректер шектеулі, сондықтан, бұл жағдайларда препаратты дозалау жөнінде ұсыным беру мүмкін емес.

Кандидоз

Зерттеулер C. albicans-тен өзгелерінен Candida штаммдары инфекцияларының басым түсетіндігін көрсетті. Олар көбінесе флуконазолға төзімділігін (мысалы, C. krusei және C. auris) немесе сезімталдығының төмендігін (C. glabrata) танытады. Флуконазолмен емдеу тиімсіз болған жағдайда, ондай инфекциялар зеңге қарсы баламалы емді қажет етуі мүмкін. Дәрігерлерге Candida алуан түрлерінің флуконазолға резистенттілігінің таралуын ескеру ұсынылады.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Микосанды® бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі

Кетоконазол бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігін туғызатыны белгілі, және бұл, сирек болса да, флуконазолды қолданғанда да байқалуы мүмкін. Преднизолонмен бір мезгілде емдеу кезінде бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігіне қатысты ақпаратты

Бауыр және өт шығару жолдары функциясының бұзылуы

Микосанды® бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Сирек жағдайларда, флуконазолды қолдану ауыр гепатоуыттылықпен, соның ішінде, негізінен күрделі қатарлас аурулары бар науқастарда өлімге соқтыруымен қатар жүреді. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттылық жағдайларында жалпы тәуліктік дозасымен, емдеудің ұзақтығымен, пациенттердің жынысымен және жас шамасымен қандай-да бір айқын өзара байланыстылық байқалған жоқ. Флуконазолдың гепатоуыттылығы әдетте қайтымды сипатта болды және емдеуді тоқтатқаннан кейін басылды.

Бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің ауытқулары бар пациенттер флуконазолмен емделу кезінде, бауырдың бұдан да ауыр зақымданулары дамуының алдын алу мақсатында тұрақты қадағалауда болуы тиіс.

Емдеуші дәрігер пациенттерге бауырға тән ауыр салдарлардың симптомдары (астения, анорексия, үздіксіз жүрек айнуы, құсу және сарғаю) туралы ақпарат беруі тиіс. Флуконазолды қабылдауды дереу тоқтату керек, ал пациент дәрігерге қаралуы тиіс.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Кейбір азолдарды, соның ішінде флуконазолды қолданғанда, электрокардиограммадағы QT аралығы ұзарған жағдайлар орын алды. Флуконазол калий арналарының (Ikr) ағынын ішкі түзетуді басу арқылы QT аралығының ұзаруын тудырады. Басқа дәрілік препараттардан (мысалы, амиодарон) туындаған QT аралығының ұзаруы P450 (CYP) 3A4 цитохромының тежелуі есебінен күшеюі мүмкін. Тіркеуден кейінгі қадағалау барысында Микосан® қабылдаған пациенттерде, QT аралығының ұзаруы мен полиморфты қарыншалық тахикардияның (torsades de pointes) өте сирек жағдайлары тіркелді. Бұл жағдайлардың арасында жүрек қүрылымының ауруы, электролиттік бұзылулар және жағдайға ықпалын тигізуі мүмкін препараттар сияқты көптеген қатарлас қауіп факторлары бар дерті ауыр пациенттер туралы хабарламалар болды. Гипокалиемиямен және ауыр жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын пациенттерде өмірге қауіпті қарыншалық аритмия және torsades de pointes туындау қаупі жоғары. Микосанды® ондай аритмияға ізашар жағдайлары бар пациенттерге сақ болып тағайындау керек. QT аралығын ұзартатыны және P - 450 CYP3A4 цитохромының көмегімен метаболизденетіні белгілі басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Галофантрин

Галофантрин ұсынылған емдік дозасында QT аралығын ұзартады және CYP3A4 субстраты болып табылады. Сондықтан флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Тері реакциялары

Сирек жағдайларда, флуконазолмен емдеу кезінде пациенттерде Стивенс -Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты терінің эксфолиативтік реакциялары дамыған. ЖИТС-пен науқас пациенттер, көптеген дәрілік препараттарға терінің ауыр реакцияларының дамуына бейімірек келеді. Егер беткейлік зең инфекциясынан емделіп жүрген пациентте флуконазолдың әсеріне жатқызуға болатын бөртпе пайда болса, аталған дәрілік препаратпен емдеуді тоқтату керек. Инвазивтік/жүйелі зеңдік инфекциялары бар пациенттерде бөртпе туындаған жағдайда, оларды мұқият қадағалау және буллездік зақымданулар немесе полиморфты эритема дамыған жағдайда флуконазолды тоқтату керек.

Флуконазолды қолданғанда эозинофилиямен және жүйелі көріністермен жүретін жүретін дәрілік реакция (DRESS) дамығаны туралы хабарланды.

Аса жоғары сезімталдық

Анафилаксиялық реакцияның сирек жағдайлары тіркелді.

P - 450 цитохромы

Флуконазол CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 изоферментінің орташа тежегіші, сондай-ақ, CYP2C19 изоферментінің тежегіші болып табылады. Микосанды® емдік ауқымы тар, CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттері арқылы метаболизденетін дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерді қадағалау керек.

Терфенадин

Тәулігіне 400 мг аз дозалардағы флуконазол мен терфенадинді бір мезгілде қолдануды емдеуші дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды

Цизаприд: флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде жүрек тарапынан жағымсыз құбылыстар, соның ішінде көп формалы қарыншалық пароксизмалық тахикардия жағдайлары тіркелді. Тәулігіне бір рет 200 мг флуконазолды және күніне төрт рет 20 мг цизапридті бір мезгілде қолдану цизапридтің қан плазмасындағы деңгейлерінің елеулі жоғарылауына және QTс аралығының ұзаруына алып келеді. Флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қолдануға болмайды.

Терфенадин: флуконазолды тәулігіне дозада 200 мг қолданғанда QTс аралығының ұзаруы байқалмаған. Флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан жоғары дозаларда қабылдау терфенадиннің плазмалық деңгейлерінің елеулі жоғарылауына алып келеді. 400 мг және одан көп дозалардағы флуконазол мен терфенадинді бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. Тәулігіне 400 мг аз дозалардағы флуконазол мен терфенадинді бір мезгілде қолдануды дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізу керек.

Астемизол: флуконазол мен астемизолды бір мезгілде қолдану астемизол клиренсінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Астемизолдың плазмадағы жоғары концентрациялары QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда, көп формалы қарыншалық пароксизмалық тахикардияның туындауына алып келуі мүмкін.

Флуконазол мен астемизолды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Пимозид: флуконазол мен пимозидті бір мезгілде қолдану пимозид метаболизмінің тежелуіне алып келуі мүмкін. Пимозидтің плазмадағы жоғары концентрациялары QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда, көп формалы қарыншалық пароксизмалық тахикардияның туындауына алып келуі мүмкін. Флуконазол мен пимозидті бір мезгілде қолдануға болмайды.

Хинидин: флуконазол мен хинидинді бір мезгілде қолдану хинидин метаболизмінің тежелуіне алып келуі мүмкін. Хинидинді қолданғанда QT аралығы ұзарған жағдайлар және көп формалы қарыншалық пароксизмалық тахикардияның сирек жағдайлары байқалған. Флуконазол мен хинидинді бір мезгілде қолдануға болмайды.

Эритромицин: флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылықтың ықтимал қаупін (QT аралығының ұзаруы, көп формалы қарыншалық пароксизмалық тахикардия) арттырады және, соның салдары ретінде, кенеттен жүрек аурынан болатын өлім қаупін арттырады. Флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолдануға болмайды.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

Галофантрин: CYP3A4 изоферментіне тежегіштік әсер беретіндігіне байланысты, флуконазол галофантриннің плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылықтың ықтимал қаупін (QT аралығының ұзаруы, көп формалы қарыншалық пароксизмалық тахикардия) арттырады және, соның салдары ретінде, кенеттен жүрек аурынан болатын өлім қаупін арттырады. Препараттардың осы біріктірілімінен аулақ болу керек.

Келесі дәрілік препараттарды бірге қолдану сақтықты талап етеді

Амиодарон: Флуконазолды және амиодаронды бір мезгілде қолдану QT аралығының ұзаруына алып келуі мүмкін. Флуконазол мен амиодаронды бір мезгілде қолдану қажет болған кезде, әсіресе флуконазолды жоғары дозаларда (800 мг) қолданғанда сақ болу керек.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану сақтықты және олардың дозасын түзетуді қажет етеді

Басқа дәрілік препараттардың флуконазолға әсері

Рифампицин: флуконазол мен рифампицинді бір мезгілде қолдану флуконазолдың AUC мәндерінің 25 %-ға төмендеуіне және жартылай шығарылу кезеңінің 20 %-ға қысқаруына алып келеді. Рифампицинді бірге қабылдап жүрген пациенттерге, флуконазолдың дозасын арттыру керек. Флуконазолды тамақпен, циметидинмен, антацидтермен және кейіннен, сүйек кемігін ауыстырып қондыру кезінде организмді жаппай сәулелендірумен бірге ішу арқылы қабылдау флуконазолдың сіңірілуінің клиникалық тұрғыдан елеулі нашарлауына соқтырмайды.

Гидрохлортиазид: флуконазолды гидрохлортиазидтің бірнеше дозаларымен бір мезгілде қолдану флуконазолдың қан плазмасындағы концентрациясын 40 %-ға жоғарылатты. Бұл арада, диуретиктерді бір мезгілде қабылдауда флуконазолды қабылдау режимін өзгерту қажет емес.

Флуконазолдың басқа дәрілік препараттарға әсері

Флуконазол - P – 450 цитохромының CYP2C9 және CYP3A4 изоферменттерінің орташа тежегіші болып табылады. Флуконазол CYP2C19 изоферментінің де күшті тежегіші болып табылады. Сонымен қатар, CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 ферменттері арқылы метаболизденетін және флуконазолмен бір мезгілде қолданылатын басқа құрамдастарының плазмадағы концентрациясының жоғарылау қаупі бар. Сондықтан, аталған препараттарды сақтықпен үйлестіру керек және пациенттер дәрігердің мұқият қадағалауында болуы тиіс. Флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығына байланысты, оның ферменттерге тежегіштік әсері аталған препаратпен емдеу аяқталғаннан кейін 4 - 5 күн бойына жалғасады.

Алфентанил: флуконазол (400 мг) және вена ішіне алфентанилді (20 мкг/кг) бір мезгілде қолдану барысында алфентанилдің AUC10 мәні 2 есе жоғарылайды, бұл CYP3A4 изоферментінің тежелуінен болуы мүмкін. Алфентанилдің дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Амитриптилин, нортриптилин: флуконазол амитриптилин мен нортриптилиннің әсерін күшейтеді. 5-нортриптилиннің және (немесе) S-амитриптилиннің концентрациясын қатарлас емдеудің алдында және одан кейін бір аптадан соң да өлшеуге болады. Қажет болған жағдайда, амитриптилиннің немесе нортриптилиннің дозасын түзетуге болады.

Амфотерицин В: флуконазол мен амфотерицин B бір мезгілде қолдану келесі нәтижелерді көрсетеді: C. albicans-тен туындаған жүйелі инфекциялар кезіндегі зеңге қарсы әлсіз аддитивтік әсері, Cryptococcus neoformans-тен туындаған бассүйекішілік инфекция кезінде өзара әрекетесудің болмауы, Aspergillus fumigatus-тен туындаған жүйелі инфекция кезіндегі екі препараттың антагонизмі.

Антикоагулянттар: флуконазолды варфаринмен бірге қабылдауда протромбиндік уақыттың ұзаруымен қатар жүретін қан кетулер (қанталаулар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) тіркелді. Микосан® препаратымен және варфаринмен қатарлас емдеу кезінде протромбиндік уақыт 2 есе артады, бұл варфарин метаболизмінің CYP2C9 изоферментінің қатысуымен тежелуінен болуы мүмкін. Кумариндік немесе индандионды антикоагулянттарды флуконазолмен бірге қабылдауда протромбиндік уақытты бақылауға алу керек. Антикоагулянттың дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Бензодиазепиндер (қысқа әсерлі) (мысалы, мидазолам, триазолам): мидазолам мен флуконазолды ішке қабылдағаннан кейін мидазолам концентрациясының едәуір жоғарылауы және психомоторлық әсерлердің күшеюі байқалады. Флуконазолды 200 мг дозада және мидазоламды 7,5 мг дозада бір мезгілде қолдану AUC мәнінің ұлғаюына және мидазоламның жартылай шығарылу кезеңінің 3,7 және 2,2 есе ұзаруына әкеледі. Флуконазолды 200 мг дозада және триазоламды 0,25 мг дозада бір мезгілде қолдану AUC мәнінің және триазоламның жартылай шығарылу кезеңінің 4,4 және 2,3 есе ұлғаюына әкеледі. Флуконазол мен триазоламды бір мезгілде қолданғанда триазоламның әсерінің күшеюі және ұзартылуы байқалады. Флуконазолды бензодиазепиндермен бір мезгілде қолданған жағдайда, қажет болған жағдайда бензодиазепиннің дозасын азайту керек.

Карбамазепин: Флуконазол карбамазепиннің метаболизмін тежейді және соңғысының қан сарысуындағы концентрациясын 30 %-ға жоғарылатады. Карбамазепиндік уыттылықтың даму қаупі бар. Концентрациясының көрсеткіштеріне немесе әсеріне байланысты, карбамазепиннің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кальций өзекшелерінің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденеді. Флуконазол кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелі әсерін едәуір жоғарылатуы мүмкін. Жағымсыз әсерлерін жиі мониторингтеу ұсынылады.

Целекоксиб: флуконазолмен (тәулігіне 200 мг) және целекоксибпен (200 мг) қатарлас емдеу кезінде, целекоксибтің Cmax пен AUC тиісінше 68 % және 134 %-ға артады. Флуконазолмен үйлестірілгенде целекоксибтің дозасының жартысы қажет болуы мүмкін.

Циклофосфамид: циклофосфамид пен флуконазолмен біріктіріп емдеу қан сарысуындағы билирубин мен креатинин деңгейлерінің жоғарылауына алып келеді. Осы біріктірілімді пайдаланған кезде сарысудағы билирубин мен креатинин концентрациясының ұлғаю қаупіне ерекше назар аудару керек.

Фентанил: өлімге соқтырған бір жағдай тіркелді, ол фентанил мен флуконазолдың өзара әрекеттесуінен туындаған болуы мүмкін. Флуконазол фентанилдің элиминациясын едәуір кідіртеді. Фентанилдің жоғары концентрациялары тыныс алу жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін. Пациенттерге тыныстың тарылуы қаупінің мүмкіндігіне қатысты мұқият қадағалау жүргізу керек. Фентанилдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Гидроксиметилглутарил - A - редуктаза (ГМГ - КоA - редуктаза) коферментінің тежегіштері: флуконазол CYP3A4 арқылы метаболизденетін аторвастатин және симвастатин сияқты, немесе CYP2C9 арқылы метаболизденетін флувастатин сияқты ГМГ - КоA – редуктаза тежегіштерімен бір мезгілде тағайындалған кезде миопатия мен қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозының (рабдомиолиз) даму қаупі артады. Қатарлас емдеу қажет болған жағдайда, науқас, миопатия мен рабдомиолиз симптомдарының білінуіне қатысты дәрігердің қадағалауында болуы тиіс, сондай-ақ, организмде креатинкиназа деңгейіне бақылау жүргізілуі тиіс. Егер, креатинкиназа деңгейінің елеулі жоғарылауы байқалса, немесе егер миопатия немесе рабдомиолиз диагнозы қойылса, немесе дамуына күдік болса, ГМГ - КоA - редуктазы тежегіштерін қабылдауды тоқтату керек.

Ибрутиниб: флуконазол сияқты CYP3A4 орташа тежегіштері плазмадағы ибрутиниб концентрациясын жоғарылатады және уыттылық қаупін арттыруы мүмкін. Егер біріктірілімді қолданбау мүмкін болмаса, тежегіштерді пайдалану уақытында ибрутиниб дозасын күніне бір рет 280 мг-ға дейін (екі капсула) азайту және мұқият клиникалық мониторингті қамтамасыз ету керек.

Ивакафтор: муковисцидоз кезінде жарғақшаішілік өткізгіштік реттегіші генінің стимуляторы (CFTR) ивакафтормен бір мезгілде қолдану ивакафтордың, әсер ету деңгейін 3 есе, ал гидроксиметил-ивакафтордың (M1) әсер ету деңгейін - 1,9 есе жоғарылатты. Ивакафтордың дозасын тәулігіне бір рет 150 мг дейін төмендету, флуконазол және эритромицин сияқты CYP3A орташа тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге ұсынылады.

Олапариб: флуконазол сияқты CYP3A4 орташа тежегіштері қан плазмасындағы олапариб концентрациясын арттырады; бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер осы препараттардың үйлесімін болдырмау мүмкін болмаса, олапариб дозасын тәулігіне екі рет 200 мг-ға дейін шектеу керек.

Иммуносупрессорлар (мысалы, циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус)

Циклоспорин: флуконазол циклоспориннің концентрациясы мен AUC мәнін едәуір жоғарылатады. Флуконазол (тәулігіне 200 мг дозада) мен циклоспоринді (тәулігіне 2,7 мг/кг дозада) бір мезгілде қолданғанда, циклоспориннің AUC мәнінің 1,8 есе жоғарылағаны байқалды. Препараттардың бұл біріктірілімін, циклоспориннің дозасын концентрациясына байланысты азайта отырып пайдалануға болады.

Эверолимус: Флуконазол CYP3A4 ферментінің тежелуіне байланысты қан сарысуындағы эверолимус концентрациясын арттыруы мүмкін

Сиролимус: флуконазол сиролимустың плазмадағы концентрациясын арттырады, бұл сиролимус метаболизмнің CYP3A4 пен Р-гликопротеиннің қатысуымен тежелуі арқылы жүруі мүмкін. Бұл біріктірілімін сиролимустың дозасын әсері мен концентрациясы көрсеткіштеріне байланысты түзету кезінде пайдалануға болады.

Такролимус: ішектегі CYP3A4 ферментінің тежелуі салдарынан, такролимус метаболизмінің тежелуіне байланысты, флуконазол ішу арқылы 5 ретке дейін қолданғанда такролимустың қан сарысуындағы концентрациясын арттыруы мүмкін. Такролимусты вена ішіне қолданғанда елеулі фармакокинетикалық өзгерістер байқалған жоқ. Такролимус деңгейлерінің жоғарылауы нефроуыттылықтың дамуына алып келді. Ішу арқылы қолданғанда такролимустың дозасын оның концентрациясына байланысты азайту керек.

Лозартан: флуконазол лозартанның, лозартанмен емдеу кезінде орын алатын ангиотензин II рецепторлары антагонизмінің көп бөлігіне жауапты белсенді метаболитіне (Е-3174) метаболизденуін тежейді. Пациенттерде артериялық қысымды үнемі бақылап отыру керек.

Метадон: флуконазол метадонның қан сарысуындағы концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Метадонның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): Флуконазолмен бір мезгілде тағайындағанда, флурбипрофенмен монотерапиямен салыстырғанда, флурбипрофеннің Cmax пен AUC 23 % және 81 %-ға артады. Осы сияқты, флуконазол ибупрофеннің рацемиялық қоспасымен (400 мг) бір мезгілде тағайындалғанда, соңғысының монотерапиясымен салыстырғанда, фармакологиялық белсенді изомерінің (S -(+) - ибупрофен) Cmax пен AUC сәйкесінше, 15 % және 82 %-ға артады.

Флуконазол CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелі әсерін күшейтуі мүмкін. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз әсерлері мен уыттылығына жиі мониторинг жүргізу ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Фенитоин: флуконазол фенитоиннің бауырлық метаболизмін теждейді. Флуконазолды 200 мг дозасында және фенитоинді 250 мг дозасында бір мезгілде вена ішіне бірнеше рет қолдану фенитоиннің AUC24 мәнінің 75 %-ға және Cmin мәнінің 128 %-ға жоғарылауына алып келді. Бір мезгілде қолданғанда, фенитоиннің уыттылық көрністерін болдырмау үшін, фенитоиннің қан сарысуындағы концентрациясының деңгейлері тексерілуі тиіс.

Преднизон: бауыр трансплантациясынан кейін, преднизонмен ем қабылдаған пациентте, флуконазолмен үш айлық емді тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті бездері қыртысының жедел жеткіліксіздігі дамыған жағдай анықталды. Тоқтату CYP3A4 ферменті белсенділігінің артуына алып келгені туралы болжам бар, бұл өз кезегінде преднизон метаболизмінің күшеюін туғызды. Флуконазолмен және преднизонмен ұзақ уақыт емделген пациенттерді, флуконазолды тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті бездері қыртысының жедел жеткіліксіздігінің дамуына қатысты қадағалау керек.

Рифабутин: флуконазолмен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы рифабутиннің AUC шамасының 80 %-ға дейін жоғарылауына алып келеді. Флуконазол мен рифабутин бір мезгілде тағайындалған науқастарда увеит дамыған жағдайлар туралы хабарланды, және осы препараттармен біріктірілген ем жағдайында рифабутиннің уыттылық көріністерінің симптомдарына көңіл бөлу керек.

Саквинавир: флуконазол CYP3A4 ферментінің қатысуымен жүретін бауырлық метаболизмінің тежелуіне, сондай-ақ P-гликопротеиннің тежелуіне байланысты, саквинавирдің AUC және Cmax мәндерін сәйкесінше, шамамен 50 % және 55 %-ға арттырады. Саквинавирмен/ритонавирмен өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ және айқынырақ болуы мүмкін. Саквинавирдің дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Сульфонилмочевина препараттары: флуконазол бір мезгілде қабылдағанда пероральді сульфонилмочевина препараттарының (мысалы, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) қан сарысуындағы жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Қандағы глюкоза деңгейін жиі бақылау және сульфонилмочевинаның дозасын сәйкесінше азайту ұсынылады.

Теофиллин: флуконазолды 14 күн бойы 200 мг қабылдау теофиллин клиренсінің орташа жылдамдығының 18 %-ға төмендеуіне алып келеді. Флуконазол мен жоғары дозалардағы теофиллинді қабылдап жүрген, немесе теофиллиннің уытты әсер ету қаупі жоғары науқастарды, теофиллиннің артық дозалану симптомдарын дер кезінде анықтау мақсатында мұқият қадағалау қажет; олар пайда болған жағдайда, емді тиісінше өзгерту керек.

Тофацитиниб: тофацитиниб экспозициясы CYP3A4 орташа тежелуіне және CYP2C19 күшті тежелуіне (мысалы, флуконазол) әкелетін дәрілік препараттармен бір мезгілде тағайындағанда артады. Осылайша, осы препараттармен бірге тағайындау кезінде тофацитиниб дозасын күніне бір рет 5 мг-ға дейін азайту ұсынылады.

Қабіршөп алкалоиді: флуконазол қабіршөп алкалоидының (мысалы, винкристин және винбластин) плазмалық деңгейлерін жоғарылатуы және CYP3A4-ке тежегіштік әсеріне байланысты, нейроуыттылыққа алып келуі мүмкін.

А дәрумені: транс - ретиной қышқылы (A дәруменінің қышқылдық түрі) мен флуконазолмен біріктіріп емдеуден толық өткен пациенттегі бір клиникалық жағдайдың сипаттамасында ОЖЖ тарапынан идиопатиялық бассүйекішілік гипертензия түріндегі жағымсыз әсерлердің дамығаны анықталды, ол флуконазолды тоқтатқаннан кейін жойылған. Бұл біріктірілімді пайдалануға болады, бірақ пациенттерді, ОЖЖ-мен байланысты жағымсыз әсерлерді анықтау мақсатында қадағалау керек.

Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші): пероральді вориконазол (1-ші күні әр 12 сағат сайын 400 мг, содан соң 2,5 күн бойы әр 12 сағат сайын 200 мг) мен пероральді флуконазолды (1-ші күні 400 мг, содан соң 4 күн бойы әр 24 сағат сайын 200 мг) бір мезгілде қолдану вориконазол концентрациясы мен AUC сәйкесінше, орташа алғанда 57 % (90 % CА: 20 %, 107 %) және 79 %-ға (90 % CА: 40 %, 128 %) артуын алып келді. Вориконазол мен флуконазолды кез келген дозасында бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Вориконазолды флуконазолдан кейін бірден қолданған жағдайда, вориконазолды қолданумен байланысты жағымсыз реакцияларға мониторинг жүргізу ұсынылады.

Зидовудин: флуконазол зидовудиннің Cmax пен AUC 84 % және 74 % -ға арттырады, бұл зидовудиннің ішу арқылы қабылданғандағы клиренсінің 45 %-ға жуық төмендеуімен шартталған. Зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі флуконазолмен біріктіріп емдеуден кейін шамамен 128 %-ға ұзарады. Бұл біріктірілімді қабылдап жүрген пациенттер, зидовудинді қабылдаумен байланысты жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында қадағалануы тиіс. Зидовудиннің дозасын азайту қажет болуы мүмкін.

Азитромицин: Флуконазол мен азитромицин арасында елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

Пероральді контрацептивтер: флуконазолдың 50 мг дозасының гормондар деңгейіне ешбір елеулі әсері байқалған жоқ, ал тәуліктік 200 мг дозасында, этинилэстрадиол мен левоноргестрелдің AUC (концентрация-уақыт қисығы астындағы ауданы) 40 % және 24 %-ға артқан. Осылайша, флуконазолды жоғарыда көрсетілген дозаларында бірнеше рет қолдану ұрықтануға қарсы біріктірілген пероральді препараттардың тиімділігіне әсер етпейді.

Арнайы сақтандырулар

Қосымша заттар

Бұл дәрілік препараттың құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қарсы көрсетілімді.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктіліктің бірінші триместрінде флуконазол қабылдаған әйелдерде өздігінен түсік түсіру қаупі артты.

Жаңа туған нәрестелерде (брахицефалияны, құлақ ішінің дисплазиясын, алдыңғы сәби еңбегінің шамадан тыс ұлғаюын, жамбастың қисаюын, иық-шынтақ синостозын қоса) көптеген ақаулар дамуының жағдайлары сипатталған, олардың аналары кокцидиоидомикозды емдеу үшін үш және одан да көп ай бойы флуконазолды жоғары дозада (күніне 400-800 мг) қабылдаған. Бұл жағдайлардың флуконазолды қабылдаумен себеп-салдарлық байланысы түсініксіз.

Флуконазол стандартты және жоғары дозаларда, қысқа мерзімді емдеу үшін де, ұзақ қолдану үшін де, өмірге қауіп төндіретін инфекциялар жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезінде пайдаланылмауы тиіс

Жүктіліктің бірінші триместрінде енгізілген флуконазолдың ≤ 150 мг кумулятивтік дозасын қабылдаған бірнеше мың жүкті әйелдің деректері, шарана дамуы ақауларының жалпы қаупінің артқанын көрсетпеді. Бір ірі, қадағалаушылық когорталық зерттеуде жүктіліктің бірінші триместрінде пероральді флуконазолдың әсері тірек-қимыл аппараты ақауларының даму қаупінің аздап жоғарылауымен байланысты болды, ол топикалық азолдарды қабылдаған әйелдермен салыстырғанда, ≤450 мг дозасымен кумулятивтік ем қабылдаған 1000 әйелдегі шамамен 1 қосымша жағдайға, және 450 мг асатын кумулятивтік дозаларын қабылдаған 1000 әйелдегі шамамен 4 қосымша жағдайға сәйкес келеді. Түзетілген салыстырмалы қауіп 150 мг пероральді флуконазол үшін 1,29 (95% СА 1,05 - 1,58) және флуконазолдың 450 мг асатын дозалары үшін 1,98 (95% СА 1,23-3,17) құрады.

Емшек сүтіндегі флуконазол концентрациясы оның қан плазмасындағы ұқсас концентрациясына жетеді. Емшекпен емізуді флуконазолдың 150 мг немесе одан аз стандартты дозасын бір рет қабылдағаннан кейін жалғастыруға болады.

Бірақ флуконазолды бірнеше рет қолданғаннан немесе үлкен дозасын қабылдағаннан кейін емшекпен емізу ұсынылмайды.

Флуконазолды тағайындау үшін клиникалық көрсеткіштермен бірге емшек сүтімен емізудің нәрестенің денсаулығы мен дамуы үшін артықшылықтарын және нәрестеде кез-келген ықтимал жағымсыз әсерлердің пайда болу мүмкіндігін немесе ананың қатарлас патологиясының нәресте денсаулығына әсерін ескеру қажет.

Флуконазол ұрғашы және еркек егеуқұйрықтардың фертильділігіне әсер етпейді

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Флуконазолдың көлік құралдарын басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсеріне зерттеу жүргізілген жоқ. Пациенттерді препаратты қолдану кезінде бас айналудың немесе құрысудың даму мүмкіндігі туралы хабардар ету керек. Мұндай симптомдар дамыған кезде көлік құралдарын басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу ұсынылмайды.

Сақтық шаралары

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Флуконазолдың тәуліктік дозасы зең инфекциясының сипаты мен ауырлығына байланысты. Препаратты қайта қабылдауды талап ететін инфекциялар кезінде емдеуді белсенді зеңді инфекцияның клиникалық немесе зертханалық белгілері жойылғанша жалғастыру керек. Емді мерзімінен бұрын тоқтату инфекцияның қайталануына әкелуі мүмкін.

Ересектер

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері болмаған жағдайда препарат әдеттегі дозада қолданылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бір рет қабылдаған кезде дозаны өзгерту талап етілмейді. Препаратты көп рет қолданған кезде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (балаларды қоса алғанда) осы көрсетілім үшін ұсынылатын тәуліктік дозаға байланысты 50 мг-ден 400 мг-ға дейінгі бастапқы дозаны енгізген жөн, одан соң бастапқы жүктемелік дозадан кейін қабылданатын тәуліктік дозаны (көрсетілімге байланысты) мынадай кестеге сәйкес белгілейді:

Тұрақты диализде жүрген пациенттер мыналарды алуы тиіс

Әрбір диализден кейін ұсынылатын дозаның 100%. Диализ жасалмаған күні пациентке креатинин клиренсіне байланысты түзетілген доза тағайындалады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Флуконазолды бауыр функциялары бұзылған пациенттерде сақтықпен қолданған жөн, өйткені пациенттердің осы санатында флуконазолды қолдану туралы ақпарат жеткіліксіз.

Балалар

Балалардағы ең жоғары доза тәулігіне 400 мг аспауы тиіс.

Ересектердегі ұқсас инфекциялардағыдай, емдеуді белсенді зеңдік инфекциялардың клиникалық немесе зертханалық белгілері жойылғанша жалғастыру керек.

Бүйрек функциясы бұзылған балалар жасындағы пациенттер үшін дозалар ересектерге арналғанға сәйкес келеді және жоғарыда "Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер" бөлімінде көрсетілген. Бүйрек функциясы бұзылған балалардағы флуконазол фармакокинетикасы зерттелмеген.

Сәбилер және өмірінің 28 күнінен 11 жасқа дейінгі балалар

Жасөспірімдер (12 жастан 17 жасқа дейін)

Пациенттің дене салмағына және жыныстық жетілуіне байланысты дәрігер қандай дозалау режимі (ересектер немесе балалар үшін) ең қолайлы екенін бағалауы керек. Клиникалық деректер балаларда флуконазол клиренсі ересектерге қарағанда жоғары екенін көрсетеді. Ересектердегі 100, 200 және 400 мг дозалар салыстырмалы жүйелік экспозицияны ала отырып, балалардағы 3, 6 және 12 мг/кг дозаларға сәйкес келеді.

Педиатриялық популяциядағы гениталиялық кандидозын емдеудің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Тіркелген жағымсыз реакциялардың сипаты мен жиілігі, гениталиялық кандидоз – диагнозын қоспағанда, балалардағы зертханалық көрсеткіштердің өзгеруін, ересектердегі көрсеткіштермен салыстыруға болады. Егер гениталиялық кандидозды емдеу жасөспірімдерде (12 жастан 17 жасқа дейін) өте маңызды болса, онда ем көрсеткіштері ересектердегідей болуы керек.

Күні жетіп туған жаңа туған нәрестелер (0-ден 27 күнге дейін)

Жаңа туған нәрестелерде флуконазолдың шығарылуы баяу жүреді.

Күні жетіп жаңа туған нәрестелер үшін дозалау бойынша фармакокинетикалық деректер өте аз.

Артық дозалану

Флуконазолдың артық дозалануы туралы хабарламалар алынды; бір мезгілде елестеулер және параноидтық мінез-құлық туралы хабарланды.

Артық дозаланғанда симптоматикалық демеуші ем жүргізу және қажет болған жағдайда асқазанды шаю қажет.

Флуконазол негізінен несеппен шығарылады, сондықтан қарқынды диурез препараттың шығарылуын тездетуі мүмкін. Ұзақтығы 3 сағат гемодиализ сеансы плазмадағы флуконазол деңгейін шамамен 50% - ға төмендетеді.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.

Жанама әсерлері

Жиі

бас ауруы

іштің ауыруы, құсу, диарея, жүрек айнуы

аланинаминотрансфераза деңгейі жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза деңгейі жоғарылауы, қанда сілтілік фосфатаза деңгейі жоғарылауы

бөртпе

Жиі емес

анемия

тәбет төмендеуі

ұйқышылдық, ұйқысыздық

құрысулар, бас айналуы, парестезиялар, дәм сезу бұрмалануы

бас айналуы

іш қатуы, диспепсия, метеоризм, ауыз құрғауы

холестаз, сарғаю, билирубин деңгейі жоғарылауы

дәрі-дәрмектік дерматит*, есекжем, қышыну, қатты тершеңдік

миалгия

қатты қажу, дімкәстану, астения, қызба

Сирек

агранулоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения, нейтропения

анафилаксия

гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гипокалиемия

тремор

көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия , Q–T аралығының ұзаруы

бауыр жеткіліксіздігі , гепатоцеллюлярлық некроз , гепатит, гепатоцеллюлярлық зақымдану

уытты эпидермальді некролиз , Стивенс-Джонсон синдромы , жедел жайылған экзантематозды пустулез, эксфолиативті дерматит, ангионевроздық ісіну, бет ісінуі, алопеция

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS синдромы)

Шығарылу түрі

7 капсуладан поливинилхлорид үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Бір қаптаманы медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салады.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтағы ақпараттың қорапшаға жазылуына жол беріледі.

Ішінде дәрілік препараты бар қорапшалар тұтынушы ыдысына арналған картоннан немесе гофрланған картоннан жасалған қораптарға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМикосан капсулалары 100 мг №7 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube