Қолдану көрсеткіштері
НЕЙРОТЕКС® ересектерде қолдануға арналған:
ми қанайналымының жедел бұзылуларының салдарлары кезінде, соның ішінде транзиторлық ишемиялық шабуылдардан кейін, субкомпенсация фазасында профилактикалық курстар ретінде;
жеңіл бассүйек-ми жарақатында, бассүйек-ми жарақатының салдарларында;
шығу тегі әр түрлі (дисциркуляторлық, дисметаболизмдік, жарақаттан кейінгі, аралас) энцефалопатияларда;
вегетативтік дистония синдромында;
шығу тегі атеросклероздық, жеңіл когнитивтік бұзылыстарда;
невроздық және невроз тәрізді жай-күйлер кезіндегі үрейлі бұзылыстарда;
жүректің ишемиялық ауруында кешенді ем құрамында;
невроз тәрізді және вегетативтік-қантамырлық бұзылыстардың, постабстиненттік бұзылыстардың басымдығымен жүретін маскүнемдік кезіндегі абстиненциялық синдромды басу үшін;
психозға қарсы дәрілермен жедел уыттанудан кейінгі жай-күйлерде;
астениялық жағдайларда, сондай-ақ, экстремальді факторлар мен жүктемелердің әсерінен соматикалық аурулардың дамуының профилактикасы үшін;
экстремальді (стрессорлық) факторлардың әсері кезінде.